«№ 5 Балалар мен жасөспірімдердің
мамандандырылған олимпиадалық
резерв спорт мектебі» МКҚК жұмыс
БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Жалпы ережелер
1.Жоғары дәрежелі спортшыларды және спорт резервін дайындау бойынша оқу-жаттығу үдерісін іске асыратын «№ 5 БЖМОРСМ» МКҚК-ның жұмыс Бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «№ 5 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» МКҚК (бұдан әрі – Мектеп) жұмысын ұйымдастыру тәртібін анықтайды.
2. Мектепте балаларды, жасөспірімдерді, юниорларды және жастарды (бұдан әрі – оқушылар) спорт түрлері бойынша дайындау үшін қосымша білім беретін бағдарламалар жүзеге асырылады.
3. Осы Бағдарламада келесі ұғымдар қолданылады:
1) нормативтік талаптар – спорт мектептер оқушыларына қойылатын және сәйкес топқа көшіру үшін негізгі талап болып табылатын, спорт түрлері бойынша белгілі спорттық жаттығулардың орындалуын есепке ала отырып, бақылау-көшіру талаптары;
2) тұрақты құрам – спорт мектеп директорының бұйрығымен мектептің оқушылар құрамына қабылданған спортшылар;
3) ауыспалы құрам – спорт мектептің штатында жұмыс істемейтін жаттықтырушылардың қол астында шұғылданатын және оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатыстырылатын спортшылар;
4) құзырлы орган – дене тәрбиесі және спорт саласында мемлекеттік реттеуді іске асыратын орталық атқару орган.
2. Мақсаттары және міндеттері
4. Мектептің негізгі мақсаттары:
1) балаларды дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту;
2) белгілі спорт түріне балалардың қабілеттілігін анықтау;
3) оқушыларды спорт түрлері бойынша оқыту және адамгершілік қасиеттері мен жігерлі мінезін тәрбиелеу.
5. Мектептің негізгі міндеттері:
1) оқушылар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты дене мүмкіндігінің жетілуіне бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелік жұмыстарды іске асыру, теориялық, әдістемелік білім беру, спорт түрі бойынша ережелерді, гигиена және физиологияны, қауіпсіздік негіздерін үйрету, спорттық деңгейін жоғарлату, оқушылардың жарыстарға қатысуын және дайындалуын қамтамасыз ету.
2) жалпы білім беру мектептерінде және басқа да білім беру мекемелеріне спорт мектебінде жүргізілетін спорт түрлері бойынша әдістемелік және спорттық-бұқаралық жұмыстарға жан-жақты көмек көрсету;
3) спорт резервін, қалалық және Республикалық құрама командаларға үміткерлер даярлауды қамтамасыз ету және Мектепте жоғары дәрежелі спортшыларды тәрбиелеу.
6. Алға қойылған міндеттерін іске асыру үшін Мектеп:
1) жыл бойы тұрақты түрде сабақтарды өткізу үшін жағдайларды жасайды;
2) қабілетті оқушыларды болашақта спорт түрлері бойынша мамандандыру үшін іріктеу жүйесін ұйымдастырады;
3) жүйелі тәрбиелік жұмыстарды, сондай-ақ оқушылардың спорттық этиканы сақтау дағдыларын, үйымшылдығын дамытуды ұйымдастырады;
4) алдыңғы қатарлы спорттық технологияларын пайдалана отырып, оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастырады;
5) спорттық жарыстарды жүйелі ұйымдастырады және оқушылардың спорттық жарыстарға белсенді қатысуын қамтамасыз етеді;
6) оқушылар қажетті теориялық білімді және тәжірибелік дағдыларды игеруін қамтамасыз етеді.
7. Білім беру үдерісінің мақсаттары:
1) жас ұрпақтың зияткерлік, психологиялық және дене дамуына жәрдем көрсету, олардың отаншылдығын, азаматшылдығын тәрбиелеу және де жасөспірімнің тұлғасын қоғамның мүддесіне қарай жүзеге асыру;
2) тұлғаның жоғары спорттық көрсеткіштерге қол жеткізу уәжін дамыту;
3) дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға саналы қажеттілігін қалыптастыру;
4) дене тәрбиесі және спорт арқылы жасөспірімнің денсаулығын нығайту;
5) рухани-өнегелі тұлғаны қалыптастыру;
6) қоғамда өмір сүруге бейімделу;
7) кәсіби білім беретін бағдарламаларды саналы таңдау және игеру үшін негіз жасау.
3. Оқушыларды қабылдау, ауыстыру және оқудан шығару тәртібі.
8. Оқушыларды қабылдау, ауыстыру, оқудан шығару және олардың оқуды бітіруі Мектеп директорының бұйрығымен рәсімделеді.
9. Мектепке келесі құжаттарын ұсынған балалар, жасөспірімдер, юноирлар, жастар – мектеп және де басқа жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары қабылданады:
1) оқушының ата-анасы немесе ресми өкілдері қол қойған қабылдау туралы өтініш;
2) тұрғылықты жеріндегі емхананың ерікті нысандағы (спорт секциясында шұғылдануға рұқсаты бар) анықтама.
10. Спорт түрлеріне қарай оқушылардың жасы «Спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 42 бұйрығымен реттеледі, Нормативтік-құқықтық актілерді мелекеттік тіркеу тізімінде № 9881 тіркелген:
№
|
Спорт түрі
|
Балалар жасы
|
Жасөспірімдер жасы
|
Юниорлар жасы
|
Жастар жасы
|
Ер бала
|
Қыз бала
|
Ер бала
|
Қыз бала
|
Ер бала
|
Қыз бала
|
Ер бала
|
Қыз бала
|
1
|
Баскетбол
|
9-12
|
9-12
|
12-16
|
12-16
|
16-18
|
16-18
|
18-23
|
18-23
|
2
|
Волейбол
|
9-14
|
9-14
|
15-18
|
15-17
|
18-20
|
17-19
|
21-23
|
20-21
|
3
|
Қол добы
|
7-14
|
7-14
|
14-16
|
14-16
|
17-19
|
17-19
|
20-23
|
20-23
|
4
|
Регби
|
9-15
|
9-15
|
16-18
|
16-18
|
-
|
-
|
18-21
|
18-21
|
5
|
Көгалдағы хоккей – индор хоккей
|
9-14
|
9-14
|
14-16
|
14-16
|
-
|
-
|
18-21
|
18-21
|
11. Оқушыларды келесі оқу жылына және келесі оқу кезеңі топтарына ауыстыру:
1) тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйым берген денсаулығы туралы медициналық анықтамасы бар болғанда;
2) осы топтарға арналған және Мектеп директорымен бекітілген нормативтік талаптары орындалған жағдайда.
12. Нормативтік талаптарды орындамағн оқушылар келесі топтарға ауыстырылмайды. Осы оқушылар Мектептің педагогикалық кеңесі шешімінің негізінде осы даярлау кезеңінде бір реттен артық емес оқуды жалғастырады, немесе бір реттен кем емес спорттық-сауықтыру тобына ауыстырылады.
Осыдан кейін нормтаивтік тесттерді орындаған оқушылар Мектеп директорының бұйрығына сәйкес спорттық-сауықтыру кезеңіне көшірілген топқа қайта ауыстырылады.
13. Тиісті оқу жылының нормативтік талаптарын орындаған, бірақ келесі оқу жылындағы топқа ауысу үшін белгіленген жасқа жетпеген оқушылар, бапкерлердің педагогикалық кеңесінің шешімімен мерзімінен бұрын ауыстырылады.
14. Оқушылар келесі жағдайларда оқудан шығарылады:
1) медициналық жарамау;
2) жеке дайындық жоспарларының талаптарын орындамағанда, спорттық дайындық тәртібін бұзғанда;
3) спорттық нәтижелері төмендегенде;
4) Мектептің ішкі тәртіп ережелерін бұзғанда;
5) спортта тыйым салынған субстанциялар және (немесе) әдістерді қолданғанда;
6) денсаулығына байланысты медициналық тұжырым негізінде;
7) өз еркімен.
15. Оқушылар топтан шыққан жағдайда, жаттықтырушы-оқытушы топты бір ай мерзім ішінде толықтырып жасақтайды.
Оқу жылы аяқталған кезде Мектептегі топтардың сандық құрамы алғашқы құрамынан кемінде 50%-ды құрауы тиіс.
4. Оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру
16. Спорт мектебінде оқу барысында оқушылар келесі дайындық кезеңдерінен өтеді:
1) спорттық-сауықтыру даярлығы кезеңінде (оқудың барлық кезеңі) – сабақтар денсаулығын нығайту және қозғалудың табиғи қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданғысы келетін 6 жастан 15 жасқа дейінгі оқушылармен өткізіледі;
2) алғашқы даярлау кезеңі (1-3 жыл) – сабақтар оқу-жаттығу топтарына дарынды оқушыларды іріктеу мақсатында осы спорт түріне белгіленген жасқа сәйкес спортпен шұғылданғысы келетін оқушылармен өткізіледі;
3) оқу-жаттығу даярлығы кезеңі (4-5 жыл) – топтар спорт түрі бойынша мамандану мақсатында алғашқы спорттық даярлау курсын табысты игерген оқушылардан жасақталады;
4) спорттық жетілдіру кезеңі (3-4 жыл) – топтар жастар құрама командаларын толықтыру мақсатында оқу-жаттығу топтарында даярлану кезеңінен өткен және бақылау нормативтерін орындаған оқушылардан жасақталады.
5) жоғары спорт шеберлігі кезеңі (3 жыл және одан жоғары) – топтар спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын толықтыру мақсатында спорттық жетілдіру кезеңінен өткен оқушылардан жасақталады.
17. Әр оқушыға осы Қағидалардың 1-ші қосымшасына сәйкес спортшының жеке карточкасы ашылады.
18. Мектеп жұмысының негізгі нысандары:
1) оқу-жаттығу сабақтары (жеке және топтық)
2) оқу-жаттығу жиындарындағы оқу-жаттығу сабақтары;
3) спорттық жарыстарға қатысу;
4) спорттық-сауықтыру лагерлердегі оқу-жаттығу үдерісі;
5) медициналық қалпына келтіретін іс-шаралар;
6) теориялық сабақтар;
7) оқушылардың нұсқаушылық және төрешілік іс-тәжірибелері;
8) спорттық жарыстарды көру және талдау.
19. Мектепте оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Спорт түрлері бойынша бөлімшелердегі оқу-жаттығу сабақтары оқу-жаттығу сабақтарының 52 аптаға есептелген оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары бойынша тікелей спорт мектебінің жағдайында, оқу-жаттығу жиындарына, жарыстарға, спорттық-сауықтыру лагерлерінде қатысуды қоса алғанда және спорт мектептерінің демалысы кезіндегі жеке жоспары бойынша жүргізіледі.
Алғашқы даярлық топтары жыл сайын қыркүйек айының 25-не дейін жасақталады.
20. Осы қағиданың негізінде Мектеп өзі таңдаған жұмысты, спорт түрлерінің ерекшелігін, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді есепке алып, қызмет бағдарламасын әзірлейді. Қызмет бағдарламасын Мектеп директоры бекітеді.
21. Мектептің спорттық жетістіктері осы қағиданың 2-қосымшасына сәйкес спорт мектептің картасында және 3-қосымшасына сәйкес спорт түрі бойынша бөлімшенің картасында көрсетіледі.
22. Оқушылар және оқу топтарының Мектепте білім алған кезінде спорттық жарыстарда қол жеткізген нәтижелері жарыстарды өткізу циклінің ішінде (бір, екі, төрт жылда) Мектеп қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу бойынша үстемақыны айқындау кезінде ескеріледі.
23. Түрлі деңгейдегі облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға жіберілген Мектеп командалары мен оқушыларды дайындау үшін қаржыландыру шеңберінде ұзақтығы он сегіз күнтізбелік күнге дейін облыстық, ұзақтығы жиырма бір күнтізбелік күнге дейін республикалық және ұзақтығы жиырма төрт күнтізбелік күнге дейін халықаралық жарыстарға оқу-жаттығу жиындарын өткізеді, олардың жалпы саны жылына жүз елу күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
24. Спорттық-сауықтыру топтары мен алғашқы даярлау топтарындағы сабақтар жалпы білім беретін мектептердің ғимаратында және басқа да оқу мекемелерінің оқу жылы бойы қолда бар спорт ғимараттарын пайдалану арқылы өткізілуі мүмкін. Топтар үшін белгіленген көлемде оқушылар контингенті болған жағдайда, олармен сабақтар демалыс кезінде де жалғаса береді.
Оқушылардың жыл бойы оқу-жаттығу сабақтар мен белсенді демалысын қамтамасыз ету үшін демалыс кезінде спорттық-сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады.
25. Спорттық-сауықтыру және алғашқы даярлау топтарындағы бір сабақтың ұзақтығы екі-үш академиялық сағаттан, оқу-жаттығу топтарында – үш-төрт академиялық сағаттан кемінде аптасына төрт рет сабақ өту кезінде аспауы тиіс; аптасына жиырма сағат және одан да көп жүктемесі бар топтарда - төрт академиялық сағатқа дейін, ал күніне екі рет жаттығу сабағы кезінде – үш академиялық сағатқа дейін болуы тиіс. Спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында – төрт академиялық сағатқа дейін.
26. Оқу-жаттығу, спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында сабақ өткізу үшін осы топтарға арналған оқу-жаттығу тәртібімен бекітілген оқу бағдарламасындағы сағат сандарының шегінде барлық спорт түрлерінен негізгі жаттықтырушы-оқытушыдан басқа қосымша екінші жаттықтырушы-оқытушы жұмысқа тартылады.
5. Топтарды жинақтау, толымдыру және оқу-жаттығу жұмысының тәртібі
27. Спорт мектептерінің құрылымында тұрақты және ауыспалы құрамы бар.
28. Мектептің оқушылар контингентін, оқу топтарының құрамын және оқу сағаттарының жылдық есебін жыл сайын 1 қыркүйектен кешіктірмей дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша директор бекітеді.
29. Топтағы оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және толымдырылуы (ең аз саны):
Топтардың оқу кезеңдері
|
Оқу кезеңі
|
Аптасына сағат саны
|
Топтағы оқушылар саны
|
Жоғары спорт шеберлігі
|
Барлық кезеңде
|
32 сағат (топтың құрамында ҚР құрама командасының мүшесі болса – 36 сағат)
|
5 адам
|
Спорттық жетілдіру
|
1 оқу жылы
|
24 сағат
|
6 адам
|
2 оқу жылы
|
26 сағат
|
6 адам
|
3 оқу жылы
|
28 сағат
|
6 адам
|
Оқу-жаттығу
|
1 оқу жылы
|
12 сағат
|
10 адам
|
2 оқу жылы
|
14 сағат
|
10 адам
|
3 оқу жылы
|
18 сағат
|
10 адам
|
3 жылдан астам
|
20 сағат
|
10 адам
|
Алғашқы даярлау
|
1 оқу жылы
|
8 сағат
|
12 адам
|
1 жылдан астам
|
10 сағат
|
12 адам
|
Спорттық-сауықтыру
|
Барлық кезеңде
|
6 сағат
|
16 адам
|
30. Мектепте оқушылардың шеберлік деңгейіне келесі талаптар қойлады:
1) жоғары спорт шеберлігі топтарына ойын спорт түрлерінен «Спорт шеберіне үміткер» атағын алған оқушылар ауыстырылады;
2) спорттық жетілдіру топтарына ойын спорт түрлерінен бірінші спорттық разрядын алған оқушылар ауыстырылады;
3) оқу-жаттығу топтарына алғашқы даярлау кезеңінде бір оқу жылынан кем емес мерзімде білім алған оқушылар қабылданады.
31. Оқу кезеңдері бойынша спорттық дайындықтың мақсаттары:
1) Спорттық-сауықтыру кезеңі:
* денсаулықты нығайту және шынықтыру;
* дене дамуының ахауларын жою;
* дене қасиеттерін дамыту (шыдамдылық, шапшандық, жылдамдық, икемділік, күш және координация мүмкіндіктері);
* спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтына тұрақты қызығушылық пен уәждемені қалыптастыру;
* моральдік-ерікті қасиеттерін тәрбиелеу.
2) Алғашқы даярлау кезеңі:
* денсаулық күйін жақсарту және шынықтыру;
* дене дамуының ақауларын жою;
* мүмкін болғанша көбірек балаларды спортпен шұғылдануға тарту, олардың спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтына қызығушылықтарын және уәждемесін қалыптастыру;
* балалардың жан-жақты дене дайындығын, аэробтық шыдамдылығының, жылдамдығының, күш және үйлестік мүмкіндіктерінің дамуын қамтамасыз ету;
* моральдік-этикалық және ерікті қасиеттерін тәрбиелеу, спорттық мінезін қалыптастыру;
* морфологиялық өлшем және қозғалу дарындылығы негізінде спортта дарынды балаларды іздеу.
3) Оқу-жаттығу кезеңі:
* денсаулықты нығайту, шынықтыру;
* дене дайындығы деңгейіндегі ақауларды жою;
* жалпы және арнайы дене дайындығы деңгейін жоспарлы жоғарлату, қажетті қабілеттіліктерге ерекше мән беріп, негізгі дене қасиеттерін үйлесімді жетілдіру;
* көп жылды спорттық дайындығына қызығушылықты қалыптастыру, зиялылық, психологиялық және тактикалық дайындығына кірісу;
* моральдік-этикалық , ерікті және дене қасиеттерін тәрбиелеу, зиянды әдеттерін және құқық бұзушылықтың алдын алу.
4) Спорттық жетілдіру кезеңі:
* жалпы функционалды деңгейін жоғарлату (кезең соңына қарай қажетті қабілеттіктерін ең жоғары деңгейде дамыту);
* жас споршылардың бойын спорттық жетілдіру кезеңіне тән ең ауыр жүктемелерге біртіндеп дайындау;
* техникалық және тактикалық дайындығын одан әрі жетілдіру;
* жаттығулардың ең ауыр жүктемелеріне төзуге уәждемесін қалыптастыру, спорттық жетілдіруді арнайы мақсат ету.
5) Жоғары спорттық жетілдіру кезеңі:
* спорттық техникасын жетілдіру;
* арнайы дене қасиеттерін дамыту;
* жаттығулардың ең көп жүктемелерін меңгеру;
* бірінші үлкен табыстарға тән спорттық нәтижелерге қол жеткізу;
* жарысу тәжірибесін одан әрі жетілдіру.
32. Мектептің спорт түрлері бойынша бөлімшелері алғашқы даярлау топтарынан, оқу-жаттығу топтарынан, спорттық жетілдіру топтарынан және жоғары спорттық шеберлігі топтарынан құрылады.
Спорттық жетілдіру топтары жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша Мектеп директорының шешімімен ашылады.
33. Мектептің жаттықтырушы-оқытушылар құрамының жұмысы келесі тәсіл бойынша бағаланады:
1) алғашқы даярлау топтарында – оқу топтары құрамының тұрақтылығы жалпы дене дайындығы бойынша талаптарды қоса алғанда, оқушылардың мектеп бағдарламаларын игеру деңгейі, оқу-жаттығу топтарына ауыстырылған шұғылданушылардың саны есептелінеді;
2) оқу-жаттығу топтарында – топ құрамының тұрақтылығы, жалпы және арнайы дене дайындығының нормативтік көрсеткіштерін орындауы, спорттық жарыстарда қол жеткізген нәтижелері, түлектер арасынан спорт жөніндегі төрешілерді дайындауы есептелінеді;
3) спорттық жетілдіру топтарында – шұғылданушылардың бағдарлама, соның ішінде спорттық даярлау талаптарын орындауларын, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларына (негізгі, жастар және жасөспірімдер құрамы) даярланған үміткерлер саны, олардың республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу нәтижелері есептелінеді;
4) жоғары спорт шеберлігі топтарында – спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларына (негізгі, жастар және жасөспірімдер құрамы) даярланған үміткерлер саны, олардың республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу нәтижелері есептелінеді.
34. Әр жаттықтырушы-оқытушыға осы Ережелердің № 4 қосымшасына сәйкес жаттықтырушы-оқытушының жеке карточкасы ашылады.
35. Мектепте педагогикалық кеңес құрылады, оның ережелері мен құрамын Мектеп директоры бекітеді.
Педагогикалық кеңес тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі. Педагогикалық кеңес отырысында оқу-жаттығу , тәрбие, әдістемелік, спорттық-бұқаралық жұмыстар, дәрігерлік бақылау тыңдалады, талқыланады және сол мәселелер бойынша шешімдер қабылданады.
36. Спорт түрлері бойынша бөлімшелерде кемінде үш жаттықтырушы-оқытушы толық жүктемемен жұмыс істесе, Мектеп директорының бұйрығымен жетекші жаттықтырушы-оқытушы арасынан аға жаттықтырушы-оқытушылар тағайындалады. Сонымен бірге қосымша жұмыс істейтін екі жаттықтырушы-оқытушы бір штаттық жаттықтырушы-оқытушы деп саналады. Аға жаттықтырушы-оқытушылар жалпы бөлімшені басқаруға, сондай-ақ оқу кезеңіне, ер балалар мен қыз балалар құрамына тағайындалады.
37. Спорт түрлерінен бөлімшелерде жаттықтырушылар кеңесі құрылады және оның ережелері мен құрамы Мектеп директорымен бекітіледі.
Бөлімшенің жаттықтырушылар кеңесі айына кемінде бір рет өткізіледі. Жаттықтырушылар кеңесінде аға жаттықтырушы-оқытушылардың басшылығымен оқу-жаттығу, тәрбие, оқушыларды дайындау жөніндегі жеке жоспар, жарыстарға қатысу мәселелері талқыланады, спорт түрлерінен жаттықтырушы-оқытушылардың жаттықтыру әдісін жетілдіру, ашық сабақтарды өткізу, тәжірибе алмасу жөніндегі баяндамалар тыңдалады және талқыланады.
38. Мектеп жұмысшыларының штаты, спорт мектебінде таралған спорт түрлерін және спорт ғимараттарын есепке ала отырып, уәкілетті органның келісіміне сәйкес, Мектеп директорымен бекітіледі.
Мектеп директоры және қызметкерлерінің қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек заңына сәйкес, еңбек шарты негізінде жүзеге асырылады.
39. Мектеп спортшыларды және жаттықтырушы-оқытушылар құрамын заңнамада белгінеген тәртіпте спорттық киіммен, аяқ-киіммен және құрал-жабдықпен қамтамасыз етеді.
40. Мектеп бірыңғай спорттық форманы, таңбасын, төс белгісін және оқушылар билетін белгілей алады.
Достарыңызбен бөлісу: |