Әдебиеттер :
1. Глебова С.В. Детский сад – семья: аспекты взаимодействия. – Воронеж, 2005
2. Зверева О.Л. Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. – М., 2005
3. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004
4. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006
5. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005, стр. 76.
6. Микляева Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. М.,2006
7. Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А. Нетрадиционные формы работы с родителями. – М., 2005
Тақырып 7. МДҰ ата – аналармен диагностикалық әдістер
Мақсаты: Ата-аналармен жүргізілетін диагностикалық әдістермен таныстыру.
Негізгі ұғымдар: диагностикалық әдістер
Психологиялық топты зерттеу және жекелік психодиагностика патогенді және эмоционалды күйлерді (ең алдымен қобалжу және қысым), жекелік- психологиялық еркшеліктерді және бала дамуында белгілі бір қиындықтар тудыратын және психикалық денсаулық бұзылысының негізгі факторы ретіндегі көріністерді анықтайды.
Психологиялық диагностика нәтижесі психологтың алдағы коррекциялық жұмысын анықтауда «Баланың жеке басын дамыту мектебі» және «ата-аналар мектебі» тақырыптарында бала және ата-ана, топпен, тұтас отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру, кеңес беру бағытын таңдау, психологиялық ағарту, алдын-алу шараларының тиімділігін нақтылауы қажет.
Отбасын зерттеу үшін не қажет?
Жанұяны танып білуде педагог-психолог жанұяның өмірімен жақын танысуы қажет. Олардың рухани құндылығы, салт-дәстүрлері, тәрбиелеу мүмкіндіктері, өзара қарым-қатынастары, бала мен ата-ананың сыйластық, жақындық байланыстарын әбден тануы абзал. Жанұяны зерттеу – ол өте нәзік іс, педагог-психологтен әрбір отбасы мүшесіне құрметпен, сыйластықпен, шын сезіммен қарап, көмек көрсетуді қажет етеді.
Педагог-психологке мына ережені сақтау маңызды:
-
Ата-ана да, бала да өздерін зерттеу нысаны ретінде сезінбеулері тиіс;
-
Оларды зерттеу үздіксіз, мақсатты, жоспарланған болуы шарт;
-
Зерттеу әдісі тәрбие әдісімен өзара байланысты болуы тиіс;
-
Педагогикалық-психологиялық зерттеу әдісі әр түрлі, кешенді қолданылуы керек
Балабақша мен отбасының байланысы:
- ата-ананың педагогикалық белсенділігін қалыптастырудағы бағыты, көзқарасы;
- ата-ананы педагогикалық білімімен және дағдымен қаруландыру;
- бала тәрбиесіне ата-ананың белсенді қатынасуы.
Мектеп пен отбасы қызметінің байланысына жататын басты міндеттері:
- ақпарат;
- тәрбиелік-дамытушылық;
- қалыптастыру;
- сақтану-сауықтыру;
- бақылау;
- тұрмыстық.
Балабақша мен отбасы байланысын ұйымдастыруды болжау:
-
отбасын зерттеудегі мақсат үй мен мектепте баланың тәрбиелену мүмкіндігі;
-
отбасыларды топтаудағы негізгі мүмкіндік өз балаларын және топ балаларын тәрбиелеу үшін оның адамгершілік өнегесін үлгі ету;
-
бірлескен тәрбиелік іс-әрекеттің қорытынды нәтижелерін талдау;
-
отбасы мен балабақша бірлігі, отбасы тәрбиесінің ахуалын және ата-ана мен баланың жеке ерекшеліктерін зерттеуден бастау.
Отбасы тәрбиесінің маңызды бөлігі :
- отбасы тәрбиесіндегі ахуал (салт-дәстүр, жайлы жағдай жасау, қарым-қатынас);
- отбасы өмірінде орныққан тәртіп (күн тәртібі, жұмыс кестесі)
- асыраушының іс-әрекеті (әкесі, шешесі, атасы, әжесі, баласы).
Диагностика мәні диагностика нысанының жағдайын анықтау және бағалауға бағытталған, әрі олардың іс-әрекеттерін басқару мақсатында жүргізілетін педагогикалық қызмет.
ДИАГНОСТИКА - мұғалімнің жеке тұлғасы
НЫСАНДАРЫ - оқушының жеке тұлғасы
-
ұжым
-
отбасы
-
педагогикалық үрдіс т.б.
ДИАГНОСТИКА- -айқындау
НЫҢ АТҚАРА- - түсіндіру
ТЫН НЕГІЗГІ - бағалау
ҚЫЗМЕТІ - даму жолын, келешегін белгілеу, болашағын болжау.
ДИАГНОСТИКА Дәл осы кездегі диагностика нысанының жағдайын анықтау
МАҚСАТЫ және оны әрі қарай жетілдіру жолдарын белгілеу.
НЕГІЗГІ диагностика нысаны туралы мәліметтер, деректер жинау,
МІНДЕТТЕРІ зерттеу нәтижелерін талдау, нысандағы мәнді өзгеріс сипаттарын тауып, оларға ықпал еткен себептерді ашу. Диагностика нысанын жетілдіру жолын айқындайтын бағдарлама құру.
Отбасын жүйелі бағалау үш деңгейлі диагностиканы болжайды. Біріншіден, психотерапевт әрбір отбасы мүшесінің жеке ерекшеліктерін және осы ерекшеліктердің отбасы ішіндегі қарым – қатынасқа қалай ықпал ететінін бағалауы қажет. Сонымен қатар ол отбасының әр мүшесінің психологиялық құрылымының ерекшеліктерін түсінуге көмек беретін психодинамикалық, гуманистік және танымдық – мінез – құлықтық түсініктерді қолдана алады. Олардың отбасыға тұтас құрылым ретінде қандай ықпалы бар екенін түсінуі қажет. Бұл үшін психотерапевт теориялық түсініктердің жетік жүйесін меңгеруі шарт. Баланың туғаннан, өзін басқа отбасы мүшелерінен ерекшелеп тұратын, темпераменті болатынын ұмытпау қажет. Қандай да бір отбасы мүшесінің отбасындағы қарым – қатынасқа ықпал ететінін түсіну үшін, оның темпераментінің ерекшеліктеріне назар аудару қажет. Сонымен қатар, сол отбасы мүшесінің дене құрылымын, интеллектуалды қабілеттерін, отбасының өміріне ену уақытын да ескеру маңызды. Отбасылық психотерапевт барлық психиатриялық және мінез – құлықтық концепциялардың мазмұнымен жақсы таныс болуы қажет. Отбасы жүйесін бағалау үшін отбасы мүшелерінің жеке ерекшеліктерін де ескере білуі шарт.
Екіншіден, әрбір отбасы мүшесінің отбасындағы қарым – қатынасын анықтаумен қатар, отбасын жүйелік бағыттар негізінде де бағалау керек. Отбасы, әсіресе оның ересек мүшелері балаға үлкен ықпал етеді. Отбасындағы құндылықтар жүйесін бала өз өмірінің алғашқы жеті жылында ата – аналарымен қарым – қатынасының арқасында меңгереді. Оның құрбы – құрдастарымен және мұғалімдермен қарым – қатынасы белгілі бір себептермен осы құндылықтар жүйесін тарлатады, кеңейтеді немесе өзгеріске ұшырауына ықпал етеді. Отбасы мүшелерінің баланы жеке қасиеттері бар жанды нәрсе ретінде қабылдауға бейім болуы баланың өзі жайлы түсініктерінің қалыптасуына мәнді түрде ықпал етеді.
Диагностикалаудың үшінші деңгейі отбасы мен қоғамның өзара қарым – қатынасын бағалауға бағытталған. Отбасын аралық сфера ретінде қарастыруға болады,бір жағынан оның мүшелерінің жеке қажеттіліктері, екінші жағынан – қоғамның қоғамның талаптары мен мүмкіндіктері шектеп отырады. Отбасы өзінің мүшелерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, сонымен қатар, әлеумет талаптарына сәйкес мінез – құлқын реттеп отыруға ықпал ететін механизм ретінде қызмет атқарады десек те болады.Отбасылық психотерапевт қандай да бір отбасының қандай әлеуметтік ресустарға бағынатынын жеткілікті түрде түсінуі қажет. Жеке жағдайларда отбасы әлеуметке ықпал етуі қажет, әсіресе, мектеп ортасына. Көптеген отбасылар баланың мектепте мінез – құлқының өзгеруіне байланысты немесе үлгерімінің нашарлауына байланысты психотерапиялық көмек сұрап келеді. Соның барысында мұндай ниет олардың тарапынан емес, мектептің тарапынан басталатынын түсінеді. Ата-аналар мектеп балаға жеткілікті түрде қолдау көрсетпейді немесе жоғары талаптар қояды деп шағымдануы мүмкін. Сонымен қатар, олар мектепті баланы қолдайтын әлеуметтік орта ретінде емес, керісінше балаға жағымсыз орта ретінде көреді. Осындай отбасын бағалай отырып, психотерапевт ата-анасы баланы қорғаймын деп, оның мектепке деген қатынасына нұқсан келтіріп отырғанын түсінеді. Қоғамның отбасыға ықпалын жақсы білетін психотерапевт, мектеп қызметкерлерінің осы сияқты отбасыларға көңіл аудара білуіне түрткі жасауға ұмтылады. Ал мүлдем басқа көзқарастағы психотерапевт балалардың мектеп талаптарын орындауына және тек осы балаларды немесе отбасын психотерапиялық ықпалдың нысаны ретінде таңдауды ұсынар еді.
Мұндай бағалаудың маңызды жағы маманның отбасының мүшелеріне оны қоршаған әлеуметтік ортасы қалай ықпал ете алатынын саналы түрде түсіну болып табылады.Бұл отбасын қоршаған әлеуметтік ортаны отбасы мүшелеріне әртүрлі міндеттерді шешуде көмектесетін қосымша ресурс ретінде немесе шешім қабылдауда қиындық тудыратын кедергі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Төменде келтірілген суретте диагностиканың үш деңгейі және психотерапевтің сәйкесінше бағалау жүргізуіне қажетті түсініктер келтірілген. Ортадағы тіктөртбұрыш әртүрлі тұлға теорияларының негізінде мазмұндалған адамның жеке психикалық ерекшеліктерін сипаттайды. Келесі аймақта отбасының жүйелік түсініктеріне сәйкес бағаланатын отбасы жүйесінің ерекшеліктері сипатталады. Сыртқы аймақ отбасының қоғаммен қарым – қатынасын мазмұндайды. Оны әлеуметтік құрылымдық теориялар көмегімен бағалауға болады.
Тақырып 8. Ата-аналармен қарым-қатынастың дағдыларын қалыптастыру.
Мақсаты: Ата-аналармен қарым-қатынастың дағдыларын қалыптастыру
Жоспары:
-
Нәтижелі қарым-қатынас
-
Сөйлеу қарым-қатынасы
-
Бейвербалді қарым-қатынас
Отбасымен жұмыс жасау кезінде маман жұмысының маңызды түрінің бірі коммуникативті қарым-қатынас болып табылады. Маман адамдарға әсер ету қабілетіне ие болуы қажет, диалогты сөйлесуді негізге алып, адамдармен қатынасын құра білу қажет. Отбасы жұмысын жүргізу кезінде маман өзінің кәсіптік сапасын дамытуы қажет: бейімділік, адамға деген уайымшылдық қабілетінің болуы, оның мәселелерді шешуге қатысу. Өзінің жұмысында жеке қарым-қатынас әсерлерінің жинағын қолдана білуі тиіс.
Қарым-қатынас үшін көптеген кедергілері бар жағдайлар кездесетінін арнайы мамандар жиі әңгімелеседі. Сонымен қатар қарым-қатынасқа түскісі келмейтін адамдармен де жұмыс жасайды. Мұндай кезде нәтижелі жұмыс жасау үшін маманның қатынасқа түсу деңгейі жоғары болуы тиіс. Ондай жұмыс атқару кезінде бірнеше әрекеттер қажетті:[1]
-
қорқыныш, ауыртпалық және стрес күйінде отырған адамдарды тыңдау;
-
адамдарды өзі жайлы әңгімелесуге тарту;
-
күйзеліс күйінде отырған адамдарға көмек көрсету;
-
озбырлық көрсеткен және/немесе ашуланған клиенттермен жанжалды реттеу;
-
қалыптасқан әдеттерді және көзқарасты ауыстыру.
-
шатасқан және күрделі жағдайларда шешім табуда клиенттерді қолдау.
Нәтижелі қарым-қатынас:
Бейвербалды қатынасының факторлары:
-
қашықтық
-
кейіп,ым-ишара
-
жанасу
-
визуальды байланыс
-
беттің бейне көрінісі
Сөйлесу қатынасының факторлары:
-
бір жауапты берілетін сұрақтар
-
көптеген жауап берілетін сұрақтар
-
жанама сұрақтар, байқау сұрақтары, екпінді сұрақтар
Сөйлеу қарым-қатынасы:
-
рефлексис және нақтылау
-
жан ашу бейнесі
-
қорытындылау,түйіндеу
Нәтижелі қарым -қатынасқа кедергі болатын мән-жайлар:
-
қоршаған орта
-
өте үлкен жұмыс бастылық
-
негізделмеген топшалама
-
бір нәрсені қам жеу
-
стереотиптер
-
өткен тәжірибе
-
аудармашы арқылы қатынас
Бейвербалді қарым-қатынастың кейбір тұстары
Бейвербалді қарым-қатынас дегеніміз, бейвербалді деңгейде берілетін ақпараттарды айтамыз, оның көмекшілері: дене қимылы, кейіп, көзқарасы, мимика, екпін және үзіліс. Бейвербалді қатынастың бөлігіне мыналарды жатқызады: иістер, киімдер, қоршаған жағдай, күн мерзімі.
Джозев Коннердің айтуы бойынша ақпараттың 93 пайызы (55 пайызы тіл қимылдары, 38 пайызы дауыс ырғағы) бейвербалді қатынастан, 7 пайызы сөйлеу қатынасынан беріледі. Бір сөзді әр түрлі түрде айтылуы мүмкін, мағынасы жағынан бұл түрлі ақпараттарды береді, кей кезде қарама қайшы да болуы мүмкін. Сондықтан бейвербалді қатынас тілін жетік меңгеру қажет және де оны практика да қолдана білу қажет.
Бейвербалді қатынас сезім қатынасын береді. Сөйлеу қатынасына қарағанда бейвербалді қатынасы жақсы нәтиже беруі мүмкін. Сонымен қатар бейвербалді қатынасын жасауды ұмытпау қажет, бұл клиентпен қарым-қатынас құруда көмек беруі мүмкін немесе керісінше қатынасты бұзуы мүмкін.
Біз және біздің клиенттер үшін адам арасындағы қашықтықтың жақындық пен алыстық жайлылығын білуіміз қажет. Ара қашықтық қажеттілігі адамның жынысына, ұлтына, тұрмыс жағдайына байланысты.
Адамның кейіпі оның қатынасын көрсетеді. Аяқ-қолдарымызды айқастырмай, әңгімелесуге бетімізбен қарап тұрып ашық қараста біз өзіміздің жағымды қатынасымызды көрсетеміз. Мұндай кейіп біздің клиентке деген ашықтығымызды және көңіл аудару сезімімізді білдіреді.
Жанасу – бейвербалді қатынасының басқа көрінісі, ол клиентке байланысты түрлі мағынаны білдіреді. Ара қашықтық қатынасы секілді жанасу қатынасының колданылуында мәдениет айырмашылықтары бар. Отбасы жұмысында констексттік айырмашылықтар мағыналары да ерекше орынға ие. Жанасу мүмкіншілігінен айырылған адамдармен жұмыс жүргізген кезде жанасу қатынасы маңызды мағынаға ие, бұл біздің ондай адамдарға деген ашықтығымызды және қолдауымызды білдіреді.
Көзбен байланыс терең жеке ерекшелік болып табылады. Кейбір адамдарға көзбен байланыс ұнайды, басқалары оны қорқынышты және жайсыз деп есептейді. Клиентпен көз байланысына түскен кезде олардың дұрыс сезінуін анықтау қажет. Алайда көз байланысының жалпы ережелері де бар:
-
клиентпен әңгімелесу кезінде оған қарап отыруыңыз қажет – бұл сіздің ашықтығыңызды білдіреді;
-
көзқарасыңызбен, өзіңіздің тыңдау ықыласыңызды, назарыңызды білдіруіңіз қажет
-
клиентке тік қарап отыруыңыз үрей туғызады, анда-санда қысқа уақытқа назарыңызды басқа жаққа аударып тұрыңыз
-
клиенттің тек көз бен жүзіне қарап отырмай, жалпы клиентке қарап отырғаныңыз жөн, бұл клиенттің қызбалылығын туғызбайды.
Бет әлпеттің түрі әңгімелесушіге деген қатынасты білдіреді. Тұнжыраған бет әлпеттің түрі скептицизм тудыруы мүмкін. Барлық уақытта күлімсіреу достық және жағымды қатынасты білдіреді. Күлімсіреу әлеуметтік сыпайылықты немесе өзін жақсы жағынан көрсетуді білдіреді.
Ауыспайтын бірқалыпты бет әлпетінің түрі әлсіз немесе ықылассыз адамдарға сай келеді.
Өзін клиентке көрсете білу қажет. Бірінші әсер үлкен мәнге ие, киім оның маңызды бір бөлігі. Егер сіз қымбат киімде болсаңыз, клиент өзін ыңғайсыз сезінуі мүмкін. Сонымен бірге егер сіздің киіміңіз таза емес, ұқыпсыз болса, клиент сыйламағандықты сезінуі мүмкін. Бұл жерде баланс сақтау қажет, киімді дұрыс таңдау сізге жәрдем етеді.
Клиенттер үшін сенімді және дәл болуыңыздың маңызы зор. Кездесуді жою сіздің ең соңғы әрекетіңіз болуы тиіс, ондай болған жағдайда клиентке толық себептерін айқындап беру қажет. Жаңа кездесуді ең қысқа мезгілде тағайындау қажет. Кездесуге кешігіп келу клиентті сыйламағыныңызды білдіреді. Егер ондай оқиға болған жағдайда алдын ала клиентіңізге хабар беруіңіз жөн.
-
Бөлме жағдайы
-
Бөлме жайлы болуы тиіс
-
Қолайлы құралдар
Кемтар адамдармен, балалармен қарым-қатынаста болған жағдайда өзіңізге керекті материалдардың, ойыншықтардың, кітаптардың бар екендігіне көзіңізді жеткізуіңіз қажет, ол сізге нәтижелі қатынасқа жетуіңізге жәрдемін тигізеді.
Клиенттің бейвербалді жауап қайтаруы оның сізге деген қатынасының қандай дәрежеде екендігін айқындайды. Мысалы, көзқарасы, әрдайым күлімсіреуі немесе кейпін ауыстыра беруі қатынастың, әңгіменің, қарым-қатынас мақсатының немесе құрылымның оған жайсыз болып тұрғанын білдіреді.
Вербалды қатынас. Тойтару әдістері
Вербалды қатынас дгеніміз ауызша немесе тіл арқылы сөйлеу қатынасы.
Вербалды қатынастың негізгі дағдысы тойтару немесе рефлексия болып табылады. Бейнелеу дегеніміз, клиенттің айтқандарына жауап қайтару, яғни айтқанда клиенттің сізге айтқандарын айрықша кілтті сөздерді қолданып өзіне қайталап айту. Клиенттің айтқанын қайталау, оның әңгімені ары қарай жалғастыруына ықпал етеді.
Бейнелеу клиентке біздің оның сезімдері мен уайымын түсінуімізді білдіреді.
Бейнелеу клиенттің қолданған сөздері мен сөйлемдерін қайталауымызда белгіленеді. Осы кезде біз әңгімені толығырақ естуге ықпалымызды білдіреміз.
Бейнелеу қайталап айту түрінде болуы мүмкін: басқа сөздерді қолданып, клиенттің айтқанын қайталау. Бұны ұқыпты түрде жасаған жөн: клиенттің айтқанын басқа сөздерді қолданып қайталау, бірақ айтылғанның мағынасы жоғалмауы керек. Бұл жағдайда клиенттің айтқанын ғана емес, оның дауыс ырғағын, бет әлпетінің түрін және дене қимылын қайталауымыз қажет.
Бейнелеудің екі түрі бар: сезімдік және деректі бейнелеу
Деректі бейнелеу
Дерек бейнелеу сіздің ынтаңызбен және ықыласыңызбен тыңдап отырғаныңызды көрсетеді. Рефлексияның бұл түрі сізге клиентті дұрыс түсініп-түсінбегеніңізге сендіреді. Деректі рефлексиясы – бұл клиенттің айтқандарын қайталау.
Тақырып 9. Отбасылық дағдарысы
Мақсаты: Отбасылық дағдырысы жайлы түсінік беру.
Жоспары:
-
Некеге тұрудың өзі - дағдарыс
-
Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс
-
Отбасы психологиясында- өмірде кездесетін дағдарыстың кез – келген түрі қалыпты деп есептеледі.
Алғашқы некеге тұрудың өзі - дағдарыс болып табылады. Әсіресе тойға дейін жастар бір – бірін ашық түсті көзілдірікте көреді, ал неке- өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Әйел заты үшін ата-тегін өзгерту, Эриксон пікірінше «Ұқсастық дағдарысына» соқтыруы мүмкін, тұрмыс сипаты өзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа тұстары пайда болады. Бұл ерлі – зайыптылардың бір – біріне бейімделу кезеңі –алғашқы жылда жыл бойына созылады. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық дағдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі – зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі –бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты өзгереді, отбасындағы жүктемелер ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен айналысып кетсе, онда көптеген адамдар мұны өздеріне назар аударудың жоғалуы деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала күтіміне қызғанышпен қарайды, баласы әйелінің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.
Келесі дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады, әсіресе балалар арасында 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата – ананың мейіріміне, махабатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен балада кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық қылықтардан байқалады, бала кішкентай кезіне еліктеп сақауланып сөйлей бастайды, өйткені ол өзіне кішкентайға қарағандай қарап, еркелетсе деген ниеттен туындайды. Балада осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну үшін күшті төзімділік талап етіледі.
Қарым – қатынастағы дағдарыс бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке барғаннан кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл уақытта ананың жаялық жууы екінші орынға кетіп, балаға көбінде әкелік қызмет қажет болады, ал көптеген ер адамдар бұл жағдайға дайын емес некеге өзінің қызметі тек қана қаржылай қамтамасыз етумен байланысты деп тәрбиелеу ісінен шеттеле бастайды.
Келесі ол уақытпен байланысты екінші дағдарыстың қатар келуі: жеткіншек жас дағдарысы және ата – ананың 40 жастық дағдарысы болып табылады. Бұл кезеңде ата – аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал баллалар билікке ұмтылып шу шығарады. Көп жағдайда осы кезде баланың қызуғушылығын ата – ана әр түрлі ескереді және көптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде пайда болады.
Отбасы дамуының келесі дағдарыстың кезеңі бұл – ерлі – зайыптылардың бір – бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезеңде көсемдікке бейімделіп, өзін кәсіби іс - әрекетте белсенділікте ұстап, дағдыланып қалған адамдарға қиын болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып, айналыспаса, онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының іске жарамсыздығын сезінеді. Кейбір ер азаматтар бұл кезде осы шақтың қызығын жіберіп алмайын деп, өзін жаңа әлеуметтік және жыныстық қарым – қатынаста көрсетуге, әліде болса күш жігері бар екендігін дәлелдеуге ұмтылады.
Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасында іштей бөлінуге, қарама – қайшылықтарға әкеліп соғады.
Ажырасудың екінші шарықтау кезеңі 40-45 жас аралығы. Бұл бірге өмір сүрген 10-15 жыл аралығына сәйкес келеді. Осы отбасылық өмірдің екінші өтпелі дағдарыстық кезеңі болып табылады.
Одан әрі өсіп қалған балалардың кәсіп таңдауымен байланысты – дағдарыстық кезеңге жетеді. Қазіргі экономика шартында ата –ана бала болашағының қамын ойлап, оған үлкен ауқымды түрде қаржылай және моральдық тұрғыдан үлесін қосып, оның келешектегі жемісті мамандықпен қамтамасыз етуге ұмтылдырады.
Ажырасудың үшінші шарықтау шегі және өз - өзіне қол жұмсауға бару дәл осы кезеңге сәйкес келеді. Осы кезде ер жеткен балалар ата – ана қамқаорлығынан бөлек шығып, өз бетінше өмір сүруге немесе отбасын құрып кететіндіктен, ерлі – зайыптылар жалғыз өздері қалып қояды. Көптеген ерлі – зайыптылар мұндай тығыз экономикалық және физикалық қарым – қатынасқа дайын болмағандықтан осы кезде орта жастағы ажырасулар кездесіп жатады.
Қалыпты дағдарыстармен қатар отбасы басқа да құбылыстарда мысалы: соғыс, экономикалық дағдарыс, табиғи аппаттар, ерлі – зайыптылардың бірінің кенеттен ауырып қалуы, созылмалы айырылысулар, отбасы мүшелерінің өмірден кетуі, тұрмыс үй мәселесінің ушығуы сияқты жағымсыз әсер ететін жағдайларға кез болуы мүмкін. Осындай орта жолда пайда болған жүктемелерді кез – келген отбасы көтере білмейді , міне сол кезде отбасының құлдырауы – ажырасуы орын алады.
Балалар ажырасу процесіне үш түрлі типте жауап қайтарады: жеңімпаздар, жеңілгендер, аман қалғандар.
Жеңімпаздар ата –анасының ажырасуынан белгілі бір пайдаға қол жеткізеді: жексенбі күндері әкелері еркелетсе, басқа күндері анасын әкеммен бірге тұруға кетіп қаламын деп қорқытады, ажырасу оларға жақын адамдар тарапынан назар аударуды күшейтеді.
Жеңілгендер. Бұл жағдайға байланысты қайғыруы жеңілген балалар. Отбасында қалған адамның оған деген қатынасы бірден нашарлайды. Егер бала отбасының кеткен мүшесіне қатты ұқсайтын болса, онда жағдай тіптен нашарлайды.
Аман қалғандар бұл барлық ауыртпалықты белсенді түрде басынан өткен, оған қоса өз жақындарына, басқа адамдарға деген қатынаста зейінді, сезімтал бола білген балалар. Осындай соққылы тәжірибеден бала жақын эмоционалдық қатынастың қажеттілігін түсінеді.
Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс –отбасы өмірлік циклының кез-келген кезеңінде кездесетін дағдарыс, ол өмірдегі жағымсыз жағдайды қобалжу дағдарыс ретінде Р.Хилл үш факторды отбасы шығатын дағдарысты бөліп қарастырды:
1. Сыртқы қиындық ( жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы );
2. Күтпеген жағдай, стресстер (отбасы немесе оның бір мүшесі жол апаты, зорлану т.б.)
3. Ішкі отбасы жағдайын тепе-теңдікте бағалай және жеңе алмауы қақтығысты немесе стрестік сапалардың қарастырылуы (күрделі ауру, өлім, ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы)
Отбасында қалыптан тыс дағдарыс жағдайының белгі көрсеткіштері:
-
Отбасы дағдарыс жағдайы.
-
Отбасы мүшелерінің болып жатқан жағдайды түсінуі және қабылдауы.
-
Отбасы мүшелерінің болған жағдайға көз-қарасы, қабылдауы
-
Отбасы мүшелерінің өзгеруі.
-
Жекелік және отбасылық жағдайды дағдарыстан шығару мүмкіндігі
Достарыңызбен бөлісу: |