Дәріс № 4. Еуропа елдерімен байланыс
Қазақстанның қазіргі тәуелсіздік тұрпатындағы көпвекторлы сыртқы саясаты халықаралық қатынас тарихындағы әлемдік жетекші елдер ұстанымының басым болған бағыттарын жете саралай білуді қажет етеді. Осындай әлемдік саясатта белсенді елдердің бірі Ұлыбританияның 1979 жылы билікке келген консерваторлық үкіметінің халықаралық қатынастардағы саяси ұстанымын, жалпы осы кездегі мемлекеттің сыртқы саяси бағыттарының даму ұстанымдарын зерттеу мәселенің өзектілігі болып отыр.
Ұлыбритания капиталистік қатынастар дәуірінің орнауы кезеңінен бері Еуропа елдерінің ішінен бір қадам алда болып келгені белгілі. Тарих тағылымында бұл елдің ішкі, сыртқы саясатын У.Черчилл, Г.Вилсон, Э.Хит секілді өзге де саяси басшылары белсенді құрып, жүргізіп келді. Ұлыбританияның әлемдегі беделінің үстем, салмағының ауыр болуы осы басшылардың қызметімен, жүргізген саясатымен тікелей байланысты. Бітіру жұмысын зерттеу мәселесінде, 1979-1989 жылдардағы Ұлыбритания сыртқы саясатын қалыптастыруда 10 жылдан астам Ұлыбритания премьер-министрі қызметін атқарған, кеңес баспасөзі «Темір ханым» деп атаған – Маргарет Хильда Тэтчердің рөлі ерекше.
Британдық империяны құруда дипломатия өзіндік рөл атқарып, елдің билеуші топтарының жердің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адамдарды тәуелдігінде ұстау үшін еркінің жүзеге асуына қызмет жасады. Тіпті осыған орайластырылған арнаулы мемлекеттік кеңселер жабдықталып, олардың жүйелі жұмыс істеуі парламент қарарларының бір қатар күн тәртібіне арқау болды. Ал, өткен ғасырлардағы ағылшын дипломаттары Ұлыбританияның неоколониалдық саясатын орындауға аз күш жұмсап отырған жоқ.
Кезінде сыртқы саясатта 1830 жылдан Генри Джон Пальмерстонның жетекшілік етуімен қалыптасқан дәстүрлі британдық дипломатиядағы еуропалық тепе-теңдік ұстанымы, ағылшындарға “біздің мәңгілік одақтастарымызбен, тұрақты достарымыз жоқ, бірақ біздің мүдделеріміз тұрақты және мәңгілік, сондықтанда оларды қорғау біздің-борышымыз” делінетін қашанда халықаралық қатынас мәселесінде ұтқыр болып келген принципте әрекет ету бағытын әкелді. Осы түсіндірме арқылы тақырып жаңалығының жалпы сипаттамасын бағамдауға болады.
Ұлыбритания әлі де халықаралық қатынастардағы өз ықпалын кеңейту үшін дипломатияны басты қару етіп қолдануда. Ұлыбританияның сыртқы саясаты, соның ішінде М.Тэтчер үкіметі тұсындағы сыртқы саясатын талдау тарихшылар үшін аз қызығушылық туғызбайды. Ұлыбритания сыртқы саясатын зерттеуде бұл кезең кездейсоқ таңдалып отырған жоқ. Себебі, бұл кезеңде британ билеуші тобы сыртқы саясатының негізгі бағыттарын өзгертіп, Ұлыбританияны әлемдік держава ретінде қайта танытуға ұмтылысымен, халықаралық қатынастар жүйесіндегі реакциялық ұстанымдарымен ерекшеленеді.
Дәріс № 5. Азия елдерімен байланыс
1988 жылы Сеулдегі (Оңтүстік Кореяның астанасы) жазғы Олимпиададан Жапонияға спутниктік байланыс арқылы жоғары айқындық телевидениесімен күн сайын 4 сағат хабарлар берілген. Мұндай жаңа жүйе Жапонияда қазір тұрақгы жұмыс істеуде.
«Жоғары айқындық» жүйесімен телевидение құру қазір АҚШ-та да жүргізіліп жатыр. Олар мұның бірнеше нұсқасын жасады. Жапония сияқты АҚШ- та жүздеген миллион доллар жұмсаған. Ал осы жаңа жүйені жасауда Еуропа аздап артта қалып келеді. Сондықтан олар Жапония мен АҚШ-қа жету үшін бар күштерін салуда. Айталық ФРГ, Ұлыбритания, Швейцария, Бельгия, Франция, Нидерланды, Дания, Италия сияқты елдердің 30-дан астам өндіріс корпорациясы осы жүйені жасау үшін жұмыс істеуде. Сондықтан бұл жүйе енді Еуропада да қолданылуда. Осыған байланысты ТМД елдері де аталған жүйеге көшуді ойластыруда. Қазір бұл ретте мамандар жұмыс істеуде. Демек, алдағы уақытта Қазақстан да бұл жүйені қолға алатын болады.
Жалпы бүгінгі журналистикаға қатысы бар тағы бір мәселе — «столдық» баспа жүйесінің пайда болуы екенін бөліп айту жөн. Яғни, бұл баспа жұмысындағы компьютерге қатысы бар жаңа эра деуге болады. Баспа мен типографияға жаңалық ретінде келген осы техникалық жетістік мерзімді баспасөз бен кітап басу ісінде адам еңбегіне көптеген жеңілдіктер әкелді. Компьютерде жаңа арнаулы тіддерді жасап шығару мен лазерлік принтерлердің пайда болуы — типографияға өте жақын сапалы бейнелерді қолдануды қамтамасыз етті. Бұл полиграфиялық баспа жұмыстарына да қатысты еді. Баспа жуйесіне арналған верстка жасау жөнінде (беттерді қаттау) екі негізгі программа түрі бар. Оның бірі — иллюстрация, графикаларды қолдана отырып, шағын материалдар дайындауға арналса, екіншісі -үлкен көлемдегі текстер дайындауға, яғни кітаптар басуға арналған. Бұл орайда процессордың көмегімен және версткаға арналған программалар арқылы басылатын нәрсенің макеті жасалып, басуға беріледі немесе фототерімге жіберіледі.
Столдық баспа жүйесін қолданатындарды үш категорияға бөлуге болады. Оның біріншісі — бір-екі беттік ондаған, жүздеген дана документтер дайындаушылар болса, екінші категорияға — мыңдаған тиражбен басылатын мақалалар жинақтары, авторефераттар, брошюралар шығаратын үкімет мекемелері, жарнама агенттіктері ұйымдарының жұмыстары жатады. Ал үшінші категорияға — осы алдыңғы айтылғандардан күрделі әрі көлемді түрде жұмыстар орындайтын газет-журналдар редакциялары жатады. Олар мыңдаған тіпті, миллиондаған тиражбен баспасөздерді шығарып отырады. Сөйтіп, компьютердің қазіргі замандағы аса зор мүмкіндігі журналистика өмірінде кеңінен пайдаланылу үстінде.
Дәріс № 6. ТМД елдерімен байланыс
«MediaNet» халықаралық журналистика орталығы– 2004 жылы бір топ қазақстандық журналистер құрған коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйым.
Миссиясы – тәуелсіз және объективті БАҚ потенциалын нығайту және қоғамдық ұйымдарды, адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерді қолдау арқылы Қазақстандағы және Орталық Азиядағы азаматтық қоғамның дамуына атсалысу.
Мақсаттары:
– Қазақстандағы медиалық білімді дамыту және қазақстандық һәм халықаралық медиа-сала үшін кадрлар әзірлеу.
– Объективті, әлеуметтік тұрғыдан белсенді, кәсіби және тәуелсіз қазақстандық журналистердің жаңа генерациясын қалыптастыру.
– БАҚ қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға қолдау білдіру.
– Қазақстан, Орталық Азия және ТМД елдері журналистерінің интеграциясы.
– БАҚ пен қоғам арасындағы тиімді қарым-қатынасты дамыту.
– Медиамен әріптестікті дамыту арқылы азаматтық қоғамның өркендеуіне атсалысу.
Орталық журналистиканың дамуы үшін, журналистердің құқығы мен еркіндігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейтін қазақстандық және халықаралық ұйымдармен әріптестік қарым-қатынас орнатқан.
Осы уақытқа дейін «MediaNet» журналистика саласында 110-нан астам түрлі жобаларды жүзеге асырды.
Ұйым келесі бағыттарда жұмыс жүргізеді:
– Журналистика саласындағы білім.
– Журналистика бойынша оқулықтар шығару.
– Үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара қарым-қатынасын нығайтуға атсалысу.
– Құқықтық бағыт.
Дәріс № 7. Ресей журналистикасы тәжірибесі
Жаңа жүйе әрине, қай елдің телевидениесі болса да тиімді болатынына сөз жоқ. Себебі, біріншіден, халықаралық қатынаста «жоғары айқындық» жүйесін қолдануда бірлесу жағдайы туады. Және әртүрлі телевизиялык жүйелерден гөрі, бірыңғай бейнекөріністердің сапасы артып, бұрынғыдан да анық бола түседі. Қазір Москвада кабельдік сеттің пайда болуына байланысты көптеген программа беруге мүмкіндік туып отыр. 20-дан астам каналда хабар берілуде. Ал Еуропаның көптеген аймақтарында спутниктік байланыс арқылы 40-50 аралығында программа қабылдауға болады. Батыс Еуропада «Астра» деп аталатын жаңа жер серігі ұшырылған. Сол жер серігінен жердегі дыбыс қабылдау аймағында 50 сантиметрлік қана антенна қолдану жетіп жатыр. Ал Шығыс Еуропада оны қабылдау 1-2 метрлік антеннаны қажет етеді.
Скандинавия елдері ұшырған жер серігі арқылы ТМД-ның Батыс аймағындағы елдер хабарларды әлгіндей жарты метрлік антенналар арқылы қабылдай алады. Міне, бұл да телевидение саласындағы жетістік болып табылады. Спутниктік телевидение жүйе.сі қалай жұмыс істейді дегенге келсек, үшбұрышты схема бойынша жүргізіледі. Хабар беруші (жерден) — спутник орбитада — антенна (жердегі телеқабылдағыш).
Америкада спутниктік телевидениенің басталуы 1962 жылмен есептеледі. Сол жылы «Телестар» жөне «Релей» деген жер серігі үшырылды. Сөйтіп алғашқы хабарлар да берілді. Мысалы, Сиетл қаласындағы халықаралық көрме туралы, Джон Кеннедидің (президент) пресс-конференциясы, Канаверал мүйісінен космосқа ұшу репортажы, Біріккен Ұлтгар Ұйымынан репортаж, т.б. Ал Еуропадан Париж, Лондон, Рим қалаларынан хабарлар таратылды. Міне, бұл алғашқы екі континент аралығындағы космос спутнигін пайдалану арқылы берілген хабарлар еді. Екі спутник ретранслятор ролін атқарып, елдердің телехабарларын беруте мүмкіндік туғызды.
Ал Москвада бірінші рет 1967 жылы «Орбита» спутниктік жүйесі бойынша телехабарлар бере бастады. Қазір жер жүзі космостағы ондаған спутниктің күшімен телехабарлар беріп жүр. Сөйтіп, бұл орайда үлкен дамуға жол ашылды.
Сонымен бірге кабельдік телевидение де Америкада 1940 жылдардың аяғында қолданыла бастап, кейін 1975-ші жылдары оның екінші кезеңі өріс алды. Телевидениедегі бұл екі сала қазіргі кезде онан сайын даму үстінде. Мысалы, Францияда жаңа техника жетістігі кеңінен пайдаланылуда. Спутниктік байланыс, кабельді телевидениемен бірге, бейнежазу мен телеин-форматика, яғни, компьютерлер қолданылу үстінде. Бұл елде әсіресе, екінші программа А-2 аудиторияны көп қамту мен программаның ұзақтығы жағынан ең бірінші орынға шықы. Бұл — оның зор табысы деуге болады.
Франциядағы дәстүр бойынша қоғамдық телевидение пайдаланылатын. Соңғы_кезде бұл дәстүр өзгеріп, коммерциялық каналдар ене бастады. Бұған басында жұртшылық қарсы болған еді. Алайда Президент Ф.Миттеран жеке коммерциялық ұлттық программалар құру жөнінде үндеу жасады. Соған байланысты екі коммерциялық канал дүниеге келді. Оның біріншісі — көпшілікке арналған жалпы хабарлар береді де, екіншісі — жастарға арналған музыкалық хабар беретін программаға айналды. Міне, осылайша жер жүзі телевидениесінде жаңа хабар беру тәсілдері жүзеге асырылды. Бүгінде жер жүзінде баспасөз текстерін өндеудің жүздеген программалары жасалған. Ондай программалар текст «редакторлары» деп аталады. Ал олардың көптігіне байланысты іріктеп ала білу және қажеттісін тандай білу керек. Өйткені текст өндеу программалары да әртүрлі операцияларды орындауға арналған. Мысалы, сыйымдылығы 40 мегабайттық қатты дискіге 100 есе көп информацияны жазып, оның кез-келген үзіндісін оңай табуға және қайта қарауға, өңдеуге болады. Текст өңдеу программалары адамның уақытын алатын жұмыс процестерін айталық, тексті жөндеу, жазудың көлемін өзгерту, жөнделген тексті қайта басу т.б. автоматты түрде орындауға мүмкіндік береді. Бүл әсіресе, ұзақ текстерді жазғанда және оны қағазға басуда уақытты өте аз жұмсауға пайдасын тигізеді. Сондай-ақ кітап шығару баспаларындағы жұмыстарды жеңілдетеді. Мәселен қолмен басатын механикалық жазу машинкаларымен журналистер жұмыс істегенде әрбір грамматикалық, орфографиялық немесе стилистикалық жөндеулер жүргізу үшін біраз уақыт кетіреді. Ал осындай жұмыстарды компьютер арқылы жедел әрі оңай істеуге болатыны белгілі. Әдетте текст өңдеудің принципті түрде екі типі қолданылады. Біріншісі — экрандағы текст бірыңғай көріністе ғана беріліп, оның негізгі бейнесі қағазға түсірілгеннен кейін ғана белгілі болады, ал екіншісінде — экрандағы текст қандай көріністе болса, нәтижесінде де сондай көріністегі текст қағазға басып алынады. Яғни, бұл «нені көрсең, соны аласың» дегенді білдіреді. Тексті өңдеу программаларының негізгі қызметі мынадай жүйеде орындалады. 1. Тексті жадыға жіберу; 2. Редакциялау; 3. Форматқа келтіру; 4. Тексті басу жұмысы.
Редакциялау жүмысында «мышка» арқылы курсорды жылжыта отырып, командаларды орындауға болатыны түсінікті. Кейбір программалар арқылы текстің жалпы көрінісін, тіпті, типографиялық сапаға дейін көтеруге болатынын өмір көрсетіп отыр. Мұндай жағдайда әртүрлі шрифтілерді қолдануға болады. Машинаның басу құрылысна қажетті арнаулы командалар беріледі. Мәселен, басуды тоқтату, тексті бірнеше дана етіп шығару т.б. Компьютердің жадына информацияны, тексті енгізгеннен кейін, оны автоматты түрде өңдеуге қол жетеді. Бұл ретте автоматтандырылған анықтамалықтарды және автоматтандырылған корректорларды қолдануға болады. Автоматты анықтамалықтар сөздерді дұрыс таңдауға, ауыстыруға мүмкіндік берсе (мысалы, синоним, антонимдерді т.б. табуға), ал автоматты корректор грамматика, орфографияны, тіпті, стилистика элементтерін бақылауға мүмкіндік береді. Компьютер жадындағы сөздіктен әрбір сөздің дұрыс жазылуын салыстырып қарау қиын емес. Редакциялауды автоматтандырғанда текстегі орташа келемдегі сөйлемдерге анализ жасауға да мүмкіндік туады. Бұл орайда программа бойынша текст құрылысының индексі анықталып, кейбір окуға дұрыс келмейтін сөздер мен фрагменттерді бөліп шығару керек және түзету қажет.
Дәріс № 8, 9. Журналист қызметіндегі халықаралық қатынас заңдары
Халықаралық қатынастар теориясы — ортақ заңдылықтарға негізделген құрылымдары бар халықаралық қатынастар жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын зерттейді.
Халықаралық қатынастар әлемдік кеңістіктегі әлеуметтік қауымдастықтардың арасындағы қатынастар ретінде қалыптасады, өмір сүреді және жұмыс істейді. Халықаралық қатынастар алуан түрлі: мемлекеттік, әскери, экономикалық, саяси, қоғамдық және зияткерлік, т.б. күштер әртүрлі деңгейде (жаһандық, өңірлік, көп жақты және екіжақты) түйісетін және өзара әрекет ететін кеңістік болып табылады.
Халықаралық деңгейдегі саяси іс-әрекет бүтіңдей бір мемлекет пен халықтың тағдырын айқындайды. Демек, қазіргі әлем бір-бірімен өзара байланысқан көптеген халықтар мен мемлекеттердің күрделі жүйесі болып саналады. Олардың арасында түрі мен мазмұны әртүрлі қатынастар болады. Әлемдік саяси процестің негізгі субъектісі — халықтар. Халықаралық қатынастардың субъектілері — мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, ұлтаралық корпорациялар, солтүстік құрылымдар, саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар, жеке адамдар.
Аумақ ұғымының халықаралық кұқықтағы кең мағынасы жер шарының құрлық және су айдынын, жер асты қойнауы мен әуе кеңістігін, сондай-ақ ғарыштық кеңістік пен ондағы аспан денелерін білдіреді.
Негізгі түрлеріне қарай барлық аумақ (территория) мынадай үш типке бөлінеді:
• мемлекеттік аумақ;
• халықаралық аумақ;
• аралас режимді (конвенциялык) аумақ.
Аумақтық проблемалар тұтастай алғанда кең ұғым, оған аумақтық шектеулер мен аумақтык режимдер мәселелері кіреді. Аумақтық шектеулерге: аумақтық даулар, халықтар мен ұлттардың өз тағдырын өзі шешуі; мемлекеттік аумақтың қол сұғылмаушылығы мен тұтастығы шекаралас мемлекеттердің арасындағы келісім бойынша және халықаралық құқыққа сәйкес континенттік қайраң мен экономикалық аймақтардың шекараларын бекіту жатқызылады. Аумақтық режимдерге: аумақтық тәуелсіздік және аумақтық юрисдикция, шетел аумағынан транзиттік өту, мемлекеттер келісімімен құрылған арнайы аумақтық режимдер және басқа да мәселелерді жатқызуға болады.
Мемлекеттік шекаралар мемлекеттік аумақтардың шегін белгілейді және олардың негізгі мәнінің өзі сол болып табылады. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы дегеніміз Қазақстан аумағының шегін құрлығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңістігін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тігінен өтетін үстіңгі қабаты» бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы 1993 ж. 13 қаңтарындағы заңының 1 -бабының 1 тармағында берілген анықтама, ол көпшілік таныған халықаралық стандартқа сәйкес келеді.
Мемлекет аумағын құрлық, су және әуе кеңістігі шекаралары деп бөледі. Құрлыктағы шекаралар, әдетте, жергілікті жердің жер бедерінің ерекшеліктерін ескере отырып белгіленеді (таулар, өзендер және өзге де сипаттық белгілері) және орографиялық шекаралар деп аталады. Кейде олар екі нақты нүкте арасындағы түзу сызықтар бойынша (астрономиялық шекаралар) белгіленеді.
Тақырыптың зерттеу мақсаты: Осы заманғы қатынастардағы аумақтық мәселелердің қандай маңызы барын білу, халықаралық қатынастағы аумақты өзгерту әдістерімен танысу, аумақтық дауларды шешудің әдістерімен, халықаралық қатынастың проблемаларымен жақынырақ танысу.
Тақырыптың зерттеу міндеттер:
- халықаралық қатынастар ұғымына түсінік беру;
- халықаралық қатынастағы аумаққа, оның түрлеріне тоқталу;
- халықаралық қатынастағы шекараларға қатысты қағидалармен таныстыру;
- халықаралық қатынастағы шекаралар мәселелерін көтеру;
- аумақтық дауларды шешу жолдарын қарастыру;
- қазіргі халықаралық қатынастағы проблемаларға тоқталу.
Тақырыптың зерттеу кезеңдері:
- жұмыстың тақырыбына байланысты әдебиеттер жинақтау;
- әдебиеттерді негізге ала отырып, тақырыптық жоспар жасау;
- құрылған жоспар бойынша теориялық бөлімді жазу;
- жұмыстың өзекті мәселелерін жетілдіру жолдарымен анықтау.
Жұмыс барысында халықаралық қатынастардағы аумаққа қатысты проблемаларды шешуде отандық және шетелдік авторлардың педагогикалық еңбектері, мерзімді басылымдар қолданылған. Отандық авторлар ішінде Ж.Құлжабаева, С.Абдулпаттаевтың редакциясы бойынша жазылған оқулықтар қолданылды.
Курстық жұмысымыз үш тарауды қамтиды. Бірінші тарауда халықаралық қатынастағы аумақтың түрлеріне, халықаралық қатынас теориясына, шекаралар жөнінде қағидаларға жауап аламыз. Екінші тарауда халықаралық қатынастарда шекара, шекара мәселелері, Антарктика мен Арктиканың халықаралық құқықтық режимі, халықаралалық өзендер мен бұғаздардың аумақтық қатынастарына байланысты мәліметтер алатын боламыз. Ал, үшінші тарауда халықаралық қатынастағы аумақтық даулардың шешу әдістерімен, халықаралық қатынастың қазіргі проблемалары жайында кеңінен айтатын боламыз.
Дәріс № 10. Халықаралық қатынастар:20 ғасырдың екінші жартысы
Екінші дүниежүзілік соғыстың саяси қорытындылары. БҰҰ-ның құрылуы. Екінші дүниежүзілік соғыс бүкіл адамзат қауымына орасан қиын соққы болды. Орны толмас шығындар, оның ішіндегі КСРО-ның шығыны 55 млн адам болды. Соғыстың саяси зардаптары — Еуропа мен Азияда фашистік режімдердің талқандалып, мемлекеттердін қоғамдық-саяси өзгерістері мен демократиялық дамуы үшін жағдайлар туғандығында. Кеңес Одағының Орталық және Шығыс Еуропа елдерін азат еткені континенттегі саяси күштердің арақатынасын өзгертті.
Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін қалпына келтірген Шығыс Еуропа елдерінде солшыл күштердің ықпалы күшейгені байқалды, олар КСРО-ға бағыт ұстады. Антигитлерлік коалиция әлеуметтік-саяси құрылысы бір-бірінен өзгеше мемлекеттердің арасындағы қатынастарды дамытудың шынайы мүмкіндіғі бар екендігін көрсетіп берді.
Екінші дүниежүзілік соғыс әскери-техникалық ақыл-ойдың қарыштап дамып, қаруланудың жетілдірілуіне және ядролык қарудың жасалуына алып келді. Мұның өзі АҚШ тарапынан «ядролық өктемдік» жүргізуге, КСРО-ның ядролық қару-жарақ саласында Құрама Штаттармен тең түсуге ұмтылушылықты туғызды. Екінші дүниежүзілік соғыстың маңызды қорытындысы — КСРО-ның халықаралық беделінің артып, оның АҚШ-тан кейінгі екінші алпауыт державаға айналуы болды.
1945 жылғы 25 сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы Екінші дүниежүзілік соғыстың басты саяси қорытындыларының бірі болды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда БҰҰ бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік жолындағы күрестің манызды мінберіне айналды. БҰҰ Жарғысының бірінші бабында оның мынадай мақсаттары тұжырымдалды: жалпыға бірдей бейбітшілікті нығайту үшін ұлттар арасында достык қарым-қатынастарды дамыту, экономикалық-әлеуметтік және мәдени салаларда халықаралық қатынастарды жүзеге асырып отыру, нәсілі, жынысы, тілі және дініне қарамастан, адам құқықтарын және негізгі бостандыктарын тұжырымдау. БҰҰ-ның басты органдары қатарына: БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы, Қауіпсіздік кеңесі, экономикалық және әлеуметтік кеңесі, қамқорлық жөніндегі кеңес, халықаралық сот және секретариат жатады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде атом энергиясын бақылайтын комиссия құрылды. 1946 жылы Бас Ассамблея қарулану мен қарулы күштерді шектеу жөніндегі қарарды бірауыздан мақұлдады. Ал 1947 жылы соғысты насихаттауды айыптайтын қарар қабылданды.
Ынтымақтастықтан қарсы тұрушылыққа бет алу. Дүние жүзінде бір-біріне қарсы тұрған жүйенің орнауы. КСРО мен АҚШ-тың бір-біріне қарсы шығуының бастамасына «Герман мәселесін» реттеу амалдары себеп болды. Батыс осы мәселені реттеуде өзінің көзқарасын қорғады, ондай көзқарас Кеңес Одағына ұнамады. Герман мәселесі таза еуропалық шеңберден шығып, еуропалық елдердің мемлекетаралық қатынастарындағы негізгі мәселеге айналды. Кеңес үкіметінің жетекшісі сөз сөйлеп, оны Батыс «Екі дүниенің Кремлъдік доктринасы» деп атады.
И.В.Сталин былай деп мәлімдеді: «Өткен соғыстың себептері капиталистік-империалистік монополиялардың мүдделерінен туған. Бұл күштер әлі күнге дейін капиталистік елдерде ойына келгендерін істеуде. Сондықтан олармен дүниежүзілік қатынастарда болу мүмкін емес. Кеңес Одағы оқиғалардың дамуының қандайына болса да әзір тұруға тиіс». Сталиннің сезінде бағдарлык түжырымдардың болма-ғанын атап айтқан жөн. Ал 1946 жылғы 5 наурызда Черчилльдің Америкадағы Фултон қаласында АҚШ Президенті Г.Трумэн қатысып отырғанда сөйлеген сөзі мүлдем басқаша еді. Черчилльдің Фултондағы сөзінің түпкі мәні Батыс немістік тоталитаризмнің бір түріне карсы күрескенде, оның екінші түріне — кеңестік еркіндік беру үшін күрескен жоқ дегенге саяды. Англияның экс-премьері бұрынғы одақтастар арасында «темір перде» орнатылғаны туралы айтты. У.Черчилль өзінің сөзін былай деп аяқтады: «Орыстар... күштен басқа ешнәрсені де қадірлемейді, әскери осалдықты құрметтеуді бәрінен де нашар деп санайды». Черчилльдің сөзі дүние жүзінде Батысты Шығысқа қарсы тұруға шақырған сөз деп қабыл алынды. КСРО-да Черчилльдің Фултондағы сөзі тікелей жаңа дүниежүзілік соғысты бастауға шақырған сөз деп қабылданды. И.В.Сталин 1946 жылғы 14 наурызда «Правда» газетінде жарияланған сұхбатында мұны айқын көрсетті. Ол былай деді: «Іс жүзінде Черчилль мырза қазір соғыс өртін тұтандырушы позицияда болып отыр». «Қырғи қабақ соғыс» 1946 жылдан 1991 жылға дейінгі уакытты қамтиды.
Трумэннің доктринасы мен Маршалл жоспарын қабылдау батыс елдері саясатының ажырамастай бір бөлігіне айналды. Трумэн доктринасы 1947 жылғы 12 наурызда қабылданды. Дәлірек оның мәні Грекия мен Түркияда коммунистердің өкімет басына келуіне жол бермеу үшін бұл елдердің батысшыл режімдеріне 400 млн доллар мөлшерінде несие берілетін болғандығында еді. Британиядағы қаржы саласындағы киыншылықтардың орын алуы себепті ағылшын әкімшлігінің хабарынан кейін Вашингтонда осындай шешім қабылданды. АҚШ егер Англия Шығыс Жерорта теңіз аймағынан кететін болса, бос қалған бұл саяси аймақты Кеңес Одағы алып қояды деп ұйғарды. Грекиядағы саяси ахуал Вашингтонды алаңдатты. Онда ағылшын өкімет орындары күш қолдану әдістерін қолданып әрекет еткеніне қарамастан, халық ел ішіндегі коммунистерге үлкен қолдау көрсетіп тұрған еді. Ал Грекияда солшыл күштердің жеңісі, Вашингтонның ойынша, коммунистік партия зор ықпалын сақтап отырған Франция мен Италияға үлкен әсер ететін еді. Оқиғалардың осылайша бет алуыла жол бермеу үшін шұғыл шаралар қолдану ұйғарылды. Конгрестен қаржылык көмек сұрай отырып, Трумэн мұны «дүниежүзілік коммунизмді» тежеу қажеттігімен түсіндірді. Таратып айтар болсак, бұл доктрина іс жүзінде «коммунизмге қарсы крест жорығын» жариялады. «Қырғи қабақ соғыстың» екінші бір құрамдас бөлімі АҚШ-тың мемлекеттік секретары Джордж Маршаллдың 1947 жылғы 5 маусымда сөйлеген сөзі болды. Кеңес Одағы Мәлімдеме жасап, онда экономикалық көмек көрсетілу қағидаларына қарсы болмаса да, мұндай көмектің «Маршалл жоспары» бойынша қаржы салымын алған мемлекеттердің ішкі істеріне пайдаланылатынынан қауіптенеміз делінді. КСРО «Маршалл жоспарынан» бас тартты. Шығыс Еуропа елдері КСРО-дан үлгі алды. «Жоспар» Батыс Еуропаның 16 елін қамтып. 1948 жылы оған Батыс Германия қосылды. «Маршалл жоспары» 1948 жылдан 1951 жылға дейін жүргізілумен болды. Батыс елдері оның көмегімен Екінші дүниежүзілік соғыстың дағдарысты зардаптарын едәуір азайтқанмен, екінші жағынан, олардың барлығы АҚШ ықпалы аясына қамтылды.
1948—1949 жылдардағы Берлин дағдарысы іс жүзінде «қырғи қабақ соғыстың» көрінісі болды. 1947 жылғы қазан айынан бастап АҚШ-та жаңа неміс маркалары басылып шығарылып жатты. Батыс аймақтардағы құпия ақша реформасы және оның 1948 жылғы 23 маусымда Берлиннің батыс секторларын қамтығаны Германиядағы жағдайды ушықтырды. Құнсызданған қыруар көп валюта кеңестік басып алу аймағына құйылуы және экономиканың берекесін кетіруі ықтимал еді. Шығыс Германияның кеңестік әскери әкімшілігі бұған жауап шара ретінде Батыс Германияның ескі маркаларын да, жана маркаларын да кеңестік аймаққа алып келуге тыйым салды. Германияның шығысында шұғыл түрде өзінің маркасы енгізілді. 1948 жылғы 23 маусымнан 24 маусымға қараған түні кеңес әскерлері Батыс Берлинді қоршауға алып, Батыс Германиямен байланыстыратын темір жол және автомобиль жолдарын үзіп тастады. Қаланы электрмен, азық-түлікпен жабдықтау тоқтады. Батыс елдері Батыс Берлиннің тұрғындарын қажетті жабдықтармен жабдықтау үшін оларды тік ұшақпен тасып, әуе көпірін енгізді. Қоршау 1949 жылғы 12 мамырда аяқталды.
Жеңімпаз екі ірі державаның арасында басталған қарама-қарсылық 1949 жылы Германия аумағында егеменді екі мемлекеттің —Германия Федеративтік Республикасы (ГФР) мен Герман Демократиялық Республикасының (ГДР) құрылуына алып келді. Бұл амал Еуропаның жіктелуіне ғана емес, сонымен қатар бүкіл дүние жүзінінжіктелуіне әкеліп соқтырды.
Халықтық демократия елдерінің пайда болуы және Шығыс Еуропада Кеңес Одағының ықпалындағы аймақтың кеңейгені олардың алдында бір-бірімен өзара қатынас жасаудың белгілі бір жүйесін жасау қажеттігін туғызды. 1949 жылғы қаңтарда экономикалық өзара көмек кеңесінің (ЭӨКК) құрылғаны осы жолдағы алғашқы қадам болды. Оны құрғандар — КСРО, Болгария, Венгрия, Польша, Румыния, Чехославакия. Бұл ұйымның мақсаты — өзіне енген елдер арасында жоспарлы, тең құқылы және өзара тиімді ынтымақтастық пен халықаралық еңбек бөлінісін ұйымдастыру еді. Кейіннен мұндай міндеттердің саны арттырылды.
Әскери-саяси блоктардың құрылуы. Осы кезде АҚШ бастаған Батыс елдері КСРО-мен ашықтан-ашық текетіресте болу бағытын таңдап алып, «күш көрсету тұрғысынан» саясат жүргізу жолына түсті. АҚШ 1948 жылы Америка Құрама Штаттары, Канада және Батыс Еуропа елдері қатысатын кең әскери одақ құруды ұсынды. 1949 жылғы 4 сәуірде 12 мемлекет Солтүстік-атлантикалық әскери-саяси одақ (НАТО-ны) құру туралы шартқа қол қойды. НАТО елдерінің ортақ әскери күштері құрылды. Американ әскерлеріне Еуропадан базалар берілді. Канада мен Батыс Еуропа елдері, ГФР 1955 жылы НАТО-ға кіргеннен кейін социалистік ынтымақтастык елдері НАТО-ның әскери қаупіне жол бермеу және өздерінің қорғанысын нығайту үшін өз ұйымын құруды ұйғарды. 1955 жылғы 14 мамырда Варшавада сегіз елдің: КСРО-ның, Польшаның, Чехославакияның, Румынияның, Болгарияның, ГДР-дің және Албанияның достық, ынтымактастык және өзара кемек туралы шартына қол қойылды. Құрылған социалистік елдердің әскери-саяси одағы ВаршаваШарты Одагы (ВШО) деп аталды. Бұл одақ халықаралық аренада саяси теңдік орнатуда маңызды рөл атқарды.
Ал осы кезеңде АҚПІ пен оның Батыстағы одақтастары блоктық жүйені Азия-Африка аймағына таратуға ұмтылды. 1951 жылы Аустралия, Жаңа Зеландия және АҚШ АНЗЮС деген атпен Тынық мұхит аймағына арналған әскери-саяси блок құру туралы шартқа қол қойды. 1954 жылы қыркүйекте Құрама Штаттар Филиппиннің Манила қаласында Англия, Франция, Аустралия, Жаңа Зеландия, Филиппины, Тайланд және Пәкстан елдері екілдерінің кеңесін шақырды. Бүл кездесудің нәтижесінде «Оңтүстік-Шығыс Азияның қорғаныс туралы шартына» (СЕАТО) қол қойылды. Дүние жүзінің жұртшылығы бұл блоктың құрылуын АҚШ-тың Оңтүстік-Шығыс Азияда бақылау орнатуға тырысқан ұмтылысы деп бағалады. Батыс елдері «блоктық стратегияны» Таяу және Орта Шығыста да қолдана бастады. Өзін өлі де осы аймақтағы жетекші деп санап келген Англия, 1952 жылғы
Египеттегі революцияға және оның ықпалы көрші елдерге тарауына байланысты, 1955 жылы Бағдат шартына қол қою жөнінде бастама жасады. Ол шартқа Англия, Түркия, Иран, Ирак және Пәкстан енді. АҚПІ оған «бақылаушы» болып кірді. 1959 жылы осы шарттан Ирак шыққан соң бұл шарт «Орталық шарт ұйымы» — СЕНТО деп аталды. АҚПІ блоктар жүйесін құрғанда дүниежүзілік үстемдік орнатуды көздеді. Дәл осы кезеңде американдық дүниежүзілік тәртіп орнату идеясы — Рах Amerikana туды. Алайда АҚІП бұған қаншама күш салып бақса да, өзі жеке-дара жетекші бола алмады. Екінші алпауыт держава Кеңес Одағының болғаны оған жол бермеді. Сөйтіп, дүние бір-біріне қарсы тұрған екі лагерьге бөлінді.
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Африка-Азия аймағы. Екінші дүниежүзілік соғыс Азия мен Африка елдеріне белгілі бір өзгерістер алып келді. Олардың аумактарында тәуелсіз мемлекеттер орнады. Жапон басқыншылығынан құтылған тәуелсіз Корея өмірге келді. Бірақ корей жерінде екі мемлекет — Оңтүстік Корея және Корей Халық Демократиялық Республикасы (КХДР) пайда болды. Оңтүстік Корея мен КХД арасында соғыс жанжалы туындап, АҚШ өзінің оңтүстік кореялык одақтасына әскери көмек көрсетті. Қытай Халық Республикасында Корей Халық Демократиялық Республикасына өзінің еріктілерін жіберетінін мәлімдеді. Соғыс 1953 жылдың жазына дейін созылды. 27 шілдеде уақытша Бітім туралы келісімге кол қойылып, үш жылға созылған екі социалистік жүйе арасындағы қару күшімен қарсыласу аяқталды. Корея болса бұрынғысынша екі мемлекетке бөлінген күйінде калды.
Арада бір жыл өткенде Азиядағы тағы да бір соғыс ошағы жойылды. Францияның билеушілері сегіз жылдай уақыт ішінде Үндіқытайдағы үстемдігін сақтап қалуға тырысып бақты. Жеңіліске ұшыраған Франция 1954 жылғы шілдеде Женевада уақытша бітім және саяси принциптер туралы келісімге амалсыздан қол койды. Женева келісіміне қатысушылар Вьетнамның, Лаостың жөне Камбоджаның бірлігі мен аумақтык тұтастығын құрметтеуге және олардың ішкі істеріне араласпауға міндеттенді.
1952 жылы Египетте ұлттык-демократиялық революция жеңді. Өкімет басына Г.А.Насердің өкіметі келді. 1956 жылғы шілдеде ол ағылшын-француз компаниясы Суэц каналын мемлекет қарамағына алды. Батыс елдері Египет өкіметінің істерін заңсыз деп тауып, экономикалық қысымдар жасауға кірісті. Англия мен Франция Израилъмен өзара сөз байласып, 1956 жыл 30 қазанға қараған түні Израиль әскерлері Египетке шабуыл жасады. Арада бір күн өткеннен кейін ағылшын-француз десанттары Суэц каналы аймағына түсірілді. 1956 жылғы қазанның 31-інде осы әрекетке жауап ретінде КСРО басқыншылықты айыптап, интервенттердің әскери әрекеттерін тоқтатуды және әскерді алып кетуді талап еткен мәлімдемені жасады. Кеңес өкілдері БҰҰ-ны осы талаптарды қолдауға шақырды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы тиісті қарар қабылдағаннан кейін интервенттердің әскері Египет аумағынан әкетілді. Бұл оқиғалар Суэц күйзелісі деп алатын тарихи атауға ие болды.
Тәуелсіздік алушы афроазиялык мемлекеттер халықаралық аренада өздері жайлы барған сайын батылырақ мәлімдеуде. 1955 жылғы сәуірде Бандунгте (Индонезия) Азия мен Африканың 29 елінің конференциясы шақырылды. Ол коғамдык құрылысы әр түрлі мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүру қағидаларын мақұлдады. Конференцияда Үндістан, Индонезия және КХР маңызды рөл атқарды. Конференция бейбіт қатар өмір сүрудің 10 қағидасын жариялады. Олардың ішінен адам құқығы, нәсілдер теңдігі, басқа елдердің ішкі істеріне араласудан бас тарту, барльқ халықаралық жанжалдарды бейбіт жолмен реттеу, БҰҰ-ның мақсаттары мен қағидаларын орындау ең маңыздылары қатарына жатады. Конференция әскери блоктарды айыптады, ядролык қару-жараққа тыйым салуды талап етті. Дүние жүзінің 100-ден астам елі дербес тәуелсіздік бағытын ұстай отырып, әр түрлі әскери-саяси блоктарға қосылмау саясатын жариялады. Блоктарға қосылмау қозғалысы Белград конференциясында ресми түрде 1961 жылы дербес қозғалыс ретінде бекіді.
1962 жылғы Кариб дағдарысы және оның реттелуі. Куба революциясының 1959 жылғы 1 қаңтардағы жеңісі Кариб теңізі бассейніндегі шиеленісті ушықтырды. АҚШ-та Кубаның саяси режіміне мейлінше жауластық көзқарас туды. Екі жақ бір-бірін өте қатал сынайтын болды. 1961 жылғы қаңтардағы оқиғалар: Гаванадан американ дипломаттары қуып шығарылып, АҚШ-тың бұған жауап ретінде Кубамен арадағы дипломатиялық қатынастардың үзілуі екі ел арасындағы қайшылықтық ең жоғарғы шегі болды.
АҚПІ Куба аумағына басып кірудің жоспарларын жасаумен болды. Соның бірі АҚШ-тың арнаулы қызметтерінің ұйымдастыруымен 1961 жылғы 17 сәуірде АҚШ арнайы тобы ұйымдастырған Куба жағалауындағы (Качинос шығанағының жағалауы) Плая-Хиронда Куба эмигранттарының жүргізген бұзақы әрекеттері еді. Бірақ басып кіру әрекеті іске аспады. Бұдан кейін Кубаның басшылары КСРО-дан көмек сұрады. Кеңес Одағы «өнеркәсіп жабдығы» деген сылтаумен Кубаның аумағына орташа қашықтыққа қолданатын ядролық зарядтары бар 42 зымыранды жасырын жеткізді. Оларды монтаждап құрастыру басталған кезде АҚШ-тың ғарыштағы Жер серіктері оларды көріп, үлкен жанжал туды. 22 казанда АҚПІ президенті Дж. Кеннеди ұлттық телеарналардан сөз сөйлеп, АҚІП Кубаны теңізден қоршауға алатын шара қолданатынын мәлімдеді. Флот, армия және авиация құрамалары толық соғыс даярлырына келтірілді. БҰҰ-ның бас хатшысының міндетін атқарушы У. Тан жанжалға қатысушы барлық жақтармен дамылсыз келіссөз жүргізгенмен, жағдай шиеленіскен күйінде қала берді. 23 қазанда Дж. Кеннедидін ағасы және оның кабинетінде Әділет министрінің қызметін атқарушы Роберт Кеннеди Кеңес елшісі А.Ф.Добрынинге бейресми жағдайда келіп сөйлесті. Кеңес елшісі Кеңес өкіметінің позициясын баяндап, кеңес зымырандарының Кубада АҚШ-тың Кастроға қарсы төндіріп отырған қатеріне және Америка зымырандарының Түркияға орналастырылуы әрекетіне қарсы жауап шаралар ретінде орналастырылғанын түсіндірді. Ақыр соңында ымыраға келген шешім табылды. Кеңес өкіметі Кубадан зымырандарды әкетуге міндеттенді, ал АҚШ үкіметі тарапынан Кубаға қарсы бұдан былай еш уақытта да басқыншылық әрекет жасамауға уәде берілді, 20 қарашада Құрама Штаттардың үкіметі Кубаға енгізілген «карантинді», яғни қоршауды тоқтатты. Кариб дағдарысы бейбіт жолмен шешілді.
60-жылдардағы қарусыздану және ядролық қаруға тыйым салу. Бір-біріне қарсы тұрған дүниелердің болуы және екі астам держава қатынастарының шиеленісуі ядролық және басқа қару-жарақтарды бұрын-соңды болмаған көлемде көбейтуге әкеліп соқтырды. Адамзаттың мезгілі жеткен әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге жұмсауға болатын қаржы-қаражат қарулануға жұмсалатын болды. Сондықтан бейбітшіл күштердің баршаның жаппай қарусыздануы жолындағы күресі 60-жылдардағы халықаралық саясаттың басты бағыттарының біріне айналды.
1959 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы XIV сессиясында КСРО барлық мемлекеттердің жаппай және толық қарусыздануы туралы Декларация ұсынды. Бірақ нақты жоспар қолданбастан, жаппай және толық карусыздану идеясын мақұлдаған жалпы қарар ғана қабылданды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1960 жылғы сессиясының талқысына КСРО «Жаппай және толық қарусыздану туралы» қатаң халықаралық бақылау жағдайында болуын ұсынған негізгі Ережелер құжатын енгізді. Бірақ Батыс елдері бұл бастаманы қолдаған жоқ.
Белгісіз күштердің белсенді көзқарасы АҚІП пен Ұлыбританияны Кеңес Одағымен бірге 1963 жылғы тамызда атмосферада, ғарыш кеңістігінде және су астындағы ядролық сынақтарға тыйым салу туралы Шартына кол қоюға мәжбүр етті. Бұл шарт ядролық қауіпке қарсы толассыз күрес жүргізген барлық бейбітшіл күштердің елеулі табысы болды.
Кеңес-қытай қатынастары. 60-жылдардың шегінде Кеңес Одағы мен Кытай Хальщ Республикасының катынасы күрт нашарлады. Оған Н.С.Хрущевтің И.В.Сталинге табынушылықты сынағаны формалды түрде себеп болды. ҚКП басшылары онымен принцшггі түрде келіспеді. КОКП XXII съезінен кейін екі ел арасындағы қатынастар тағы да шиеленісті. Қытайдың басшылары ол келісімді «ревизионистік» деп сииаттады, Қытай бүкаралык акпарат күралдарында ашыктан-ашык антикоцестік насихат басталды.
Екі ел арасындағы шиеленістің үлғаюы сонымен катар аз үлттар-дың проблемасына байланысты болды. Бүл, ең алдымен, Шыңжаң тургындарыиа қатысты еді. Шыңжаң-үйғыр автономияльщ ауданы-ның аумағында казақтардың, үйғырлардың, өзбектердің едәуір үлкен диаспоралары түрып келген еді. 60-жылдардың басында осы аймактан халық КСРО-ға жаппай көше бастады. 1962 жылғы 22 сәуірден маусымның басына дейін 6 7 мың адам шекараны жасырын түрде кесіп өтті. Мүндай көші-қонды Қытай басшылығы «Кеңес ревизионис-терінің» «бүлдіру» әрекеті деп түсіндірді.
1960 жылдың ортасында екі елдің арасында аумактык мәселе жөніндегі шиеленіс те болып жатты. Қытай Халык Республикасы азаматтарының кеңес-қытай шекарасын үдайы бүзу өрекеттері жиі қайталанып түрды.
КСРО-ның бастамасымен 1963 жылғы шілдеде ҚКП мен КОКП өкілдерінің кездесуі өтті. Бірак ол нәтижесіз болып шығып, екі жак бір-бірін марксизм-ленинизмнен шегініп кеттіңдер деп айыптады. Ал, шындығында, мүның өзі екі елдің дүниежүзілік коммунистік қозғалыс-тағы үстемдігі үшін күресуі еді.
Пекин Кеңес Одағына аумактық талаптар коюын жалғастыра берді. ҢКП Орталык Комитетінің төрағасы Мао Цзэдун 1964 жылғы 10 шілдеде аумақтьщ жағынан Қытайдың КСРО-ға елеулі талаптар коятынын білдіріп, «біз өлі бүл тізім бойьшша есеп айырысатын талаптар қойған жокпыз» деп корытындылады. Екі ел аумақтық қайшылықтар акырында қарулы жанжалға өкеп соқты. Қытай армия-сының 300 адамға жуық бөлімшесі 1969 жылғы 2 наурызда түнде Уссури өзеніндегі кеңес-кытай шекарасын бүзып, Даман аралына басып кірді. Кеңес шекарашылары наразылык білдіріп, Кеңес аумағынан алыс кетуді талап ету ниетімен шекара бүзушылапға келгенде олар кеңес шекарашыларына ок жаудырып, кеңес әскерлерін шығынға үшыратты. Кеңес шекара өскерлерінің келіп жеткен резерві шекара бүзушылармен шайкаска кірісіп, оларды кеңес аймағынан қуып шыкты. Бүл жанжалдың салдарынан 31 кеңестік шекарашы каза тауып, 14-і жараланды.
14 наурызда Қытай отрядтары Даман аралына басып кіруге тырысқан, жаңа өрекеті тағы да күйреумен аякталды. Кеңес басшылары Қытай Халық Республикасы өкіметіне мүндай арандату-шылықтарды дереу токтатуды талап еткен наразылык нотасын жолдады.
КСРО-ның бастамасымен 1969 жылғы 11 кыркүйекте Пекинде КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы А.Н.Косыгин Қытай Хальщ Республикасы Мемлекеттік кеңесінің премьері Чжоу Эньлаймен кездесті. Шекарадағы жағдайды жақсарту, сауда жөне экономикалык байланыстарды одан әрі дамыту мөселелері талкыланды. 1969 жылғы қазанда Пекинде шекара мәселелері жөніндегі келіссоз кайтадам басталды. 1970 жылы КСРО мен ҚХР елшілерімен алмасып, сауда хаттамасына кол койды. Алайда екі ел арасындағы катынастар блі де шиеленіскен күйінде калып отырды.
Халықаралық шиеленісті бәсеңдету үшін жасалған бетбұрыс. 70-жылдардың басынан бастап халыкаралык катынастар өзініц дамуында жаңа кезеңге — екі дуниенің бірбіріне қарсы тцруынан шиеленісті бәсеңдетуге көшу кезеңіне кірді. Оған 1970 жылыКСРО мен ГФР арасындағы Еуропаның шекараларын кайта карау жөніндегі талаптарынан Батыс Герман жағының бас тартуына негізделген шарт бастама болды.
Батыс Берлинге катысты мәселелер жөніндегі төрт жакты келісімнің Еуропада бейбітшілікті нығайтып, халықаралык шиеленісті одан әрі бәсеңдету үшін зор маңызы болды. Ол ГДР мен ГФР арасындағы, Поляк Халык Республикасы мен ГФР арасындағы жөно Чехословакия мен ГФР арасындағы шарттардан түрды.
Бұл кезеңде халықаралык кауіпсіздік жолындағы күрес халықаралық катынастардағы маңызды факторға айналды. Варшава шартына катысушы елдердің саяси консультативтік комитетіне катысушылар 1972 жылы Еуропалық қауіпсіздік жүйесін күру жайында көпшілік елдердің қолдауына ие болған бастама көтерді. 1975 жылғы 30 шілде — 1 тамызда Хельсинкиде Еуропадагы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөнінде кеңес басталды. Еуропалык 33 мемлекеттің, сондай-ак АҚІП пен Канаданың басшылары цорытыпдыактіге кол койып, онда кеңеске катысушы елдердің өзара катынастарыньщ келісілген принциптері тіркелді, карулы жанжалддр туу каупін азайту шаралары, Еуропалык мемлекеттер арасындагы ынтымактастьщтың маңызы мен формалары белгіленді.
Кеңеске катысушылар мынадай кағидаларды басшылыкка алуға міндеттенді:
1)егемендік теңдік, егемендікке тән күкыктарды күрметтеу;
2)күш колданбау немесе күшпен қорқытпау;
3)шекаралардың бүзылмайтындығы;
4)мемлекеттердің аумактық түтастығы;
5)дау-жанжалдарды бейбіт жолмен реттеу;
6)ішкі істерге араласпау;
7)адам құқықтары мен негізгі бостандыктарды оның ішінде ұждан,
акыл-ой, дін жөне сенім еркіндіктерін қүрметтеу;
8)халықтардың өз тағдырын өзі билеуінің теңдігі мен күкығы;
9)мемлекеттер арасындағы ынтымактастық;
10) халықаралық құқық жөніндегі міндеттемелерді адал орындау.
Кеңестің қорытындылары дүние жүзі хальщтарының қарусыздануға, ынтымақтастыкты дамытуға мүдделі екенін танытты Хельсинкиде басталған үдеріс барлық халықтарға пайдалы болатын адал, өзара тиімді келісімдерге жетудің накты мүмкіндігін ашып бергендей еді.
60—70-жылдардағы кеңес-американ қатынастары. 60-жылдардың басында кеңес-американ катынастарының жаксарғаны байкалды. Н.С.Хрущевтің 1959 жылғы АҚШ-ка барған сапарынан кейін президент Д.Эйзенхауэрдің КСРО-ға жауап сапары белгіленді. Алайда 1960 жылғы мамырда Свердловск түбінде атып түсірілген американ барлаушы үшағының оқиғасы жоспарланған сапарды үзіп, окі ел арасындағы катынастарды нашарлатты.
1960 жылғы карашада АҚШ-та өкімет басына демократиялык окімшіліктің келіп, сыртқы саяси доктринаның өзгертілгені екі ел арасындағы катынастарды жаксарту үшін жағдайлар туғызды. Ядро-лық согыс каупін сейілтуге көмектескен кеңес-американ күжаттары-п ыц түгелдей бір тобына осы президент Дж. Кеннедидің түсында кол қойылды.
60-жылдардың екінші жартысы кеңес-американ катынастарын-дағы дағдарыстың күшейе түскенімен ерекшеленеді. Бүл бөрінен бүрын АҚШ-тың Вьетнамдағы әскери баскыншылығының күшейгендігінен туды. АҚШ-тағы өкімет басына Р.Никсон бастаған республикалык өкіметтің келуі екі ел арасындағы қатынастардың жүмсара түсетініне үміт туғызды. 1972 жылы АҚШ президенті Мөскеуге сапармен келді. Сол бағытта маңызды күжаттарға кол қойылып, қазіргі жағдайда бейбіт катар өмір сүруден басқа балама жоқтығы баяндалды. Зымыранға карсы корғаныс (ЗҚҢ) жүйесін шектеу туралы шартка кол қоюға зор маңыз берілді және стратегиялык шабуыл каруларын шектеу (СШҚ-1) саласындағы кейбір шаралар туралы уақытша келісім, сондай-ақ ядролык соғысқа жол бермеу туралы кеңес-американ келісіміне де кол койылды. Үзақ келіссөздерден кейін 1979 жылы ЕСРО менАДПІ екі жацтың теңдігімен бірдей қауіпсіздігі жөніндегі б^дан бурын қол қойылган қужаттарсияқты (ОСВ 2) стратегиялыц шабуыл қаруларын шектеу туралы шарт жасасты. Бүл шарттық-қүкыктык актілер қоғамдық қүрылысы өр түрлі мемлекеттердің бейбіт катар өмір сүруі кағидаларына сай ұзақ мерзімді негізде екі жақты ынтымактастықты дамытуға арналған алғышарттар туғызды. Бірақ ОСВ-2 шартынАҚШ бекітпей қойды. Себебі кеңес-американ катынастары бүл кезеңде киындап кеткен еді.
Достарыңызбен бөлісу: |