ЖҰмыс бағдарламасы геология пәні бойынша 5В060900-География мамандығының студенттері үшін Павлодар Жұмыс оқу бағдарламасын



Дата26.06.2016
өлшемі79.73 Kb.
#158900
түріЖұмыс бағдарламасы
Жұмыс бағдарламасы ПМУ ҰС Н 7.18.4/16

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химиялық технология және жаратылыстану факультеті
География және туризм кафедрасы
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Геология пәні бойынша
5В060900-География мамандығының студенттері үшін

Павлодар



Жұмыс оқу бағдарламасын

бекіту парағы ПМУ ҰС Н 7.18.4/17







БЕКІТЕМІН

ОЖ жөніндегі проректор

__________ Н.Э.Пфейфер

«___»_____________20 ж.

Құрастырушы: ______________________ Б. А. Чашина
География және туризм кафедрасы
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Геология пәні бойынша
5В060900-География мамандығының студенттері үшін
Оқу жұмыс бағдарламасы жұмыстың оқу жоспары және мамандықтың элективті пәндер каталогы негізінде әзірленген 5В060900 «География» мамандығы бойынша, С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми кеңесінің отырысында бекітілген 20 _ж. «____» _________, №_____хаттама
«____» ___________201__ ж. кафедра мәжілісінде ұсынылды

Хаттама №_______

Кафедра меңгерушісі____________________ Д.Д. Есімова

Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған


201__ж. «___»_____________хаттама № ____
ОӘҚ төрайымы__________________Ю.М. Каниболоцкая

ОӘҚ бастығы__________________ Е.Н. Жуманкулова «____»_______201__ж.

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

201__ж. «___»_____________ хаттама № ____



1. Оқу пәнінің паспорты
Геология
Пән таңдау бойынша компонент

Кредиттер саны мен оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 1

Семестр: 2



Аудиториялық сабақтар, барлығы – 45 сағат

Дәріс – 22,5 сағат

Тәжірибелік /семинар сабақтары – 22,5 сағат

СӨЖ – 90 сағат

Соның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылығы – 135 сағат


Бақылау формасы

Емтихан – 2 семестр


Пререквизиттер: экология және тұрақты даму, жалпы жертану
Постреквизиттер: ландшафттану, геоморфология, құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы
2. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәнді оқытудың мақсаты – студенттерге Жер планетасының және оның беткі қатты қабаттарының, яғни литосфера қабатының және жер қыртысының құрамы, құрылысы, жаралу тегі және уақыт пен кеңістіктегі дамуы жайлы терең және жэүйелі білім бере отырып, оларға жер бетінде кеңінен тараған минералдар мен таужыныстарды дұрыс анықтай білуді үйрету, планета келбетін дәйім өзгертіп жататын табиғи геологиялық процестердің себеп-салдарын түсіндіру, алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана білуге машықтандыру болып табылады.

Пәнді оқытудың міндеттері:

  • Жердің ішкі қабаттарының құрылысы мен құрамын жайлы түсінік қалыптастыру;

  • Жердің ішкі қабаттарында болып жатқан геологиялық үрдістердің жүру барысы мен себеп-салдарын айқындап көрсету;

  • Жердің құрамына кіретін минералдар мен тау жыныстарын анықтай білуге үйрету;

  • Жердің даму тарихы, ондағы өзгерістері мен геохронологиялық кестенің кезеңдері жайлы ақпарат беру

  • палеонтология және палеоэкология негіздерімен таныстыру.

3. Біліктілік, дағды, икемділік және құзыреттіліктерге арналған талаптар

Студент білу керек:

  • Жер планетасының, оның ядросының және басты-басты қабықтарының заттық құрамы мен ішкі құрылыс ерекшеліктерін, олардың физикалық сипаттары мен параметрлерін;

  • Жердің және оның литосферасының (Жер қыртысының) көнелігін, таужыныстардың геологиялық көнелігін анықтаудың басты-басты әдістерін;

  • табиғи минералдық түзілімдерді және оларды жүйелеу принциптерін;

  • минералдарды дұрыс анықтау негізі болып табылатын олардың басты-басты физикалық қасиеттерін;

  • Жердің геологиялық дамуы нәтижесінде қалыптасқан, сондықтан да геологияның негізгі зерттеу объектісі болып табылатын таужыныстардың басты-басты типтерін, оларды жүйелеу және анықтау принциптерін;

  • Жер бетінде тіршілктің пайда болуын және даму барысын, таужыныстардың геологиялық көнелігін анықтауға керекті жәндіктер мен өсімдіктердің басты-басты типтерін (палеонтология негіздерін);

  • стратиграфия ғылымының негізі болып табылатын таужынысы қабаттарының қат-қабатталу заңдылығын;

  • бірегей стратиграфиялық (жержылнамалық) шкаланы және оның бөлімшелерін.

Студент істей білу керек:

  • мейлінше жиі кездесетін рудалық және жыныс құрушы минералдардың басты-басты физикалық қасиеттерін қолда бар мүмкіндіктер көмегімен салыстыра саралау нәтижесінде оларды дұрыс анықтай білуі, яғни жазбай тануы;

  • таужыныстарының басты-басты типтерінің (магмалық, шөгінді, метаморфтық таужыныстардың) минералдық құрамын және құрылымдық-бітімдік ерекшеліктерін саралау нәтижесінде оларды бір-бірінен дұрыс ажырата білуі;

  • тау-кен компасы көмегімен топографиялық карта бетінен өз орнын таба білуі және нақтылы геологиялық ашылымдағы тау жыныс қабаттарының бір-бірімен астасу элементтерін анықтай білуі.


4. Пәннің тақырыптық жоспары
Сабақ түрлерінің академиялық сағаттарға бөлінуі

р/с

Тақырыптың атауы


Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны

СӨЖ

Дәріс

Тәж.

Жалпы


соның ішінде СОӨЖ

1

Геология пәніне кіріспе. Геологияның зерттеу мақсаты, міндеттері, әдістері. Геология ғылымының құрылымы

2

2

8

2

2

Эндогенді және экзогенді геологиялық үрдістер

3

3

11

3

3

Кристаллография және минералогия негіздері

2

2

8

2

4

Петрография негіздері

2

2

12

2

5

Пайдалы қазбалар туралы ілім

2

2

8

2

6

Геотектоника негіздері

3

3

10

3

7

Жердің геологиялық жылнамасы (геохронологиялық кесте)

3

3

12

3

8

Палеогеография негіздері

3

3

11

3

9

Литосфера қабатының антропогенді өзгерістері

2,5

2,5

10

2,5




БАРЛЫҒЫ:

22,5

22,5

90

22,5




Пән бойынша барлығы

135



Әдебиеттер тізімі
Негізгі:

1. Аманниязов Қ. Геология. – Астана: Фолиант, 2010. – 152 б.

2. Құрылымдық геология. – Алматы: Дәуір, 2011. – 224 б.

3. Нұрмағамбетов Ә. Жер физикасы. Алматы: ҚазҰТУ, 2006. – 209 б.

4. Жер сілкінісі болған кезде болуы мүмкін жағдайларға баға беру әдістемесі. – Алматы, 2004. – 40 б.

5. Геофизикалық барлау әдістерінің негіздері. – Алматы: Эверо, 2005. – 279 б.

6. Әбілмәжінова С. Палеогеография. - Алматы: Экономика, 2011. – 360б.

7. Палеонтология және тарихи геология. – Алматы: Оқулық, 2011. – 496б.


Қосымша:

8. Құралұлы А. Жер, табиғат, аспан әлеміне байланысты терминдер мен сөз тіркестерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Өнер, 2007. – 64 б.



9. Жердің сілкінуі. Алып, күшті жанартау: ғылыми танымдық бийнефильм. – 2012 (351 МБ)

10. Жер сілкінісіне қалай дайын болу керек: оқу бейнефильмі. – 2012 (210 МБ)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет