Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
«Тіл біліміне кіріспе және қазіргі қазақ тілі» пәнінен 5В020700 «Аударма ісі» мамандығының студенттеріне арналған
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Павлодар
М
Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной
амандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленген пәннің жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы
|
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/34
|
|
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор
___________Н.Э.Пфейфер
20__ж. ___»________
|
Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Қадырова Б.М.
Қазақ филологиясы кафедрасы
Тіл біліміне кіріспе және қазіргі қазақ тілі» пәні бойынша 5В020700 «Аударма ісі» мамандығының студенттеріне арналған
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы жұмыс оқу жоспарларының және ____________бекітілген мамандықтың элективті пәндер каталогы негізінде әзірленген.
2012ж. «30»__қазан____кафедра отырысында ұсынылған №5 хаттама.
Кафедра меңгерушісі ________ Жүсіпов Н.Қ. 2012ж. «30» қазан
Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған
20 ж. « »____№__ хаттама
ОӘК төрағасы ______ 20 ж. «_» Темиров К.У.
(қолы) (аты-жөні) КЕЛІСІЛДІ
Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің деканы_____ СарбалаевЖ.Т.
МАҚҰЛДАНДЫ:
ОҮЖжӘҚБ бастығы ________ Жұманқұлова Е.Н. 20_ ж. «_____»_______
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған
20__ж. «___»______________ №____ Хаттама
1 Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәннің мақсаты: «Тіл біліміне кіріспе және қазіргі қазақ тілі» курсы студенттерді тіл туралы ғылым мен қазіргі қазақ тілінің негізімен таныстырады. Тіл туралы ғылымның алғашқы кіріспесі, бастамасы болып табылатын тіл біліміне кіріспеде тіл теориясын, атап айтқанда, тілдің ішкі құрылымы, оның ойлаумен, қоғаммен, қоғам дамуының тарихымен, тілдің функционалдық және құрылымдық баламаларымен байланысы туралы мәселелер қарастырылады. Сонымен қатар қазіргі қазақ тілінің фонетика, лексикология, морфология, сөзжасам, синтаксис салалары бойынша теориялық білімді меңгереді. Студенттердің кәсіби дайындығының алғашқы кірпішін қалайды.
Пәннің міндеттері:
Студенттер аталмыш курста лингвистикалық терминдермен танысып, оларды ғылыми тұрғыдан пайдалануға үйренуі қажет. Тіл білімінің негізгі нысаны тіл болғандықтан, оның табиғаты, қоғамдық мәні, тілдің пайда болу теориялары, оның құрылымдық және жүйелік сипаттары, құрылымдық элементтің бір-бірімен байланысы, арақатынастары, тілдер дамуындағы ортақ қасиеттер мен ерекшеліктер, жалпы халықтық тіл мен оның өмір сүру формалары, тілдердің типологиялық және генеологиялық классификациясы, жазудың пайда болуы мен даму үрдістері, тіл білімінің зерттеу әдістері мен методологиясы, басқа ғылымдар жүйесімен байланысы және қазіргі қазақ тілінің теориялық негізі жөнінде студенттердің өзіндік ойы мен тұжырымдары болуы қажет.
2 Пререквизиттер
«Орыс тілі», «Ағылшын тілі» т.б.
3 Постреквизиттер
«Жалпы тіл білімі»
4 Пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары
Пәннің тақырыптық жоспары
|
№
|
Тақырып
|
Сағат саны
|
Күндізгі бөлім
|
Дәріс
|
Тәжір.
|
СӨЖО
СӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Тіл және тіл туралы ғылым. Тілдің қоғамдық табиғаты.
|
1
|
2
|
6
|
2
|
Тілдің тарихи дамуы. Әлем тілдерінің топтастырылуы. Тіл-жүйе және құрылым.
|
1
|
2
|
6
|
3
|
Фонетика және фонология
|
1
|
2
|
6
|
4
|
Лексикология
|
1
|
2
|
6
|
5
|
Cөз мағынасының дамуы
|
1
|
2
|
6
|
6
|
Лексикография және фразеология
|
1
|
2
|
6
|
7
|
Паремиалогия
|
1
|
2
|
6
|
8
|
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі
|
1
|
2
|
6
|
9
|
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
|
1
|
2
|
6
|
10
|
Сөз таптары
|
1
|
2
|
6
|
11
|
Синтаксис. Сөз тіркесі синтаксисі
|
1
|
2
|
6
|
12
|
Жай сөйлем синтаксисі
|
1
|
2
|
6
|
13
|
Құрмалас сөйлем синтаксисі
|
1
|
2
|
6
|
14
|
Тілдердің классификациясы(жіктелуі)
|
1
|
2
|
6
|
15
|
Жазу теориясы және тарихы
|
1
|
2
|
6
|
Барлығы: сағат
|
15
|
30
|
90
|
4.2 Пән тақырыптарының мазмұны
Дәріс мазмұны. 1- тақырып. Тіл және тіл туралы ғылым. Тілдің қоғамдық табиғаты.
Тіл – адамзат қоғамында ғана өмір сүретін, адамдардың бір-бірімен қатынас жасайтын құралы. Лингвистика ғылымының негізгі нысаны да осы адамзат тілі болып табылады. Тіл барлық адамзат қоғамына ортақ құрал болғандықтан, лингвистиканың негізгі қағидалары мен ғылыми тұжырымдары да бәріне ортақ болуы да заңды құбылыс.
Дүние жүзіндегі тілдер саны мен олардың қолданылу аясын дәл айту мүмкін емес. Қолда бар мағлұматтар дүние жүзіндегі тілдер санын 3000-нан 10000 –ға дейін жеткізеді. «The Intrenational Encicilopedia of Linguistics» («Халықаралық лингвистикалық энциклопедия», 1992) мағлұматы бойынша жер шарындағы тілдер саны - 6 604 (300 өлі тілді қосқанда) болса, «Atlas of the World’s Lahguages»(«Әлем тілдер атласы», 1994( мәлімет бойынша -6796.
Тілдер санының арасындағы айтарлықтай айырмашылықтар тек лингвистикалық тұрғыдан емес, әрі тарихи, мәдени, саяси, діни, әдеби және т.б. себептермен тікелей байланысты. Мәселен, қазақ тілінің әлем тілдеріндегі орнын Евразия көлемінде де, жалпы әлемдік тұрғыдан да, Республиканың мемлекеттік тілі болып табылатын Қазақстан шеңберінде де қарастыруға болды. Қазақ тілі Азия континентінде орналасқан тілдердің бірі ретінде Орталық, батыс және Орта Азияның, сонымен қатар Шығыс Европаның ұлан-ғайыр территориясында қолданылады. Қазақстанда (жергілікті, байырғы халық), Ресей Федерациясында, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Түрікменстанда, Монғолияда, Иранда, Ауғанстанда, Тәжікстанда, Түркияда, Қытайда, Украинада және т.б. мемлекеттерде қазақ тілінде сөйлейтін қазақ халқы өмір сүреді.
Қазақ тілі 1999 жылғы санақ бойынша әлем тілдерінің 4 %-не кіреді, яғни миллион тілдер қатарына жатады. Дүние жүзі тілдерінің ішінде 93 орынға ие.
«Тіл біліміне кіріспе» пәнінде әлем тілдері, олардың сөйлеу тілі, генеологиялық және типологиялық сипаты, тіл мен ойлаудың, тіл мен қоғамның байланысы, тілдің адамзат өркениетінің дамуына тікелей әсері, ұлттық мәденитеттің әрі істеуіне тілдің ықпалы, маңыздылығы және т.б. лингвистикалық мәселелер қарастырылады.
Тіл теориясының жаңа бағыттары мен концепциялары қамтылған – «Тіл біліміндегі жаңашылдық» («Новое в лингвистике»), «Шетел лингвистикасындағы жаңашылдық» («Новое в зарубежной лингвистике»), «Әлем тілшілері» («Языковеды мира), «Әлем филологтары» («Филологи мира) айдарымен шығатын кітаптар серияларын қолдануға болады.
Тіл және тіл туралы ғылым. Тілдің қоғамдық табиғаты. Тіл білімінің нысаны және пәні. Тіл туралы ғылымының міндеттері. Жалпы және жеке тіл білімі: тілдік универсалиялар және тілдік ерекшеліктер. Теориялық және қолданбалы тіл білімі. Тіл білімінің негзгі салалары. Синхрондық және диахрондық тіл білімі.
Тіл білімі және шектес ғылымдар: тіл мен әдебиеттің, философияның, логиканың, коммуникация теориясының, психологияның, социологияның және т.б. ғылымдармен байланысы. Тіл біліміндегі дифференциация және интеграция үрдістері: лингвистикалық семиотика, әлеуметтік тіл білімі, психолингвистика, паралингвистика, когнитивтік лингвистика, компьютерлік лингвистика, интерлингвистика, менталингвистика және т.б. Тіл - ерекше қоғамдық құбылыс. Тіл - адамзат қоғамының негізгі құралы. Тіл - ойды жарыққа шығару. Тіл және қоғамдық сана. Тіл функциялары (қызметтері). Әлеуметтік тіл білімі. Тіл және қоғам. Тіл-әлеуметтік феномен. Тілдік жағдай және оның типтері. Тіл саясаты, тілдік жоспарлау және тілдік құрылыс. Тіл туралы заң және тіл мәртебесі. Мемлекеттік тіл, ресми тіл, жергілікті тіл. әлемдік тіл, дәнекер-тіл, аймақтық тіл.
Тілдердің қарым-қатынасы. Қостілділік (билингвизм) және мультилингвизм туралы түсінік. Қостілділіктің түрлі типтері. Тілдік қарым-қатынастың нәтижелері: кірме сөздер, интерференция, «тілдік одақтардың» құрылуы, креоль тілдер, пиджин және т.б. Тілдің өміршеңдігі туралы түсінік. Тірі, өлі және құритын тілдер.
Бұқаралық ақпарат құралдары және ғаламдастыру (глобализация) үрдісі: тілді сақтап қалу мәселесі. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы тілдің қызметі: апелятивтік, информациялық, гнесеологиялық, эстетикалық, идеологиялық, прагматикалы және олардың арақатысы.
Тілдік дифференциация мәселелері тілдік вариаттар: әлеуметтік, территориялық, функционалдық және тарихи аспектілер. Тілдің өмір сүру формалары. (функционалдық типтері). Диглоссия туралы түсінік. Қазіргі қоғамдағы тіл және кәсіби «аралық тілдер». Жаргон және арго. Әлеуметтік рөлі және оның тілдегі көрінісі. Гендерлік лингвистика.
Ұлттық тіл және жергілікті (территориялық) диалектілер. Әдеби тіл және әдеби тілдің белгілері. Әдеби тіл, стандартты тіл, кодификацияланған тіл. Ұлттық әдеби тілдер. Тілдің стилистикалық тарамдалуы.
Диалектология. Лингвистикалық атлас және изоглоссалар. Лингвистикалық география. Табиғи тіл және оның жасанды аналогтары: халықаралық көмекші (қосалқы) жасанды тілдер, информациялық тілдер.
2- тақырып. Тілдің тарихи дамуы. Әлем тілдерінің топтастырылуы. Тіл-жүйе және құрылым.
Тілдің тарихи дамуы. Тілдердің дамуы: дивергенция және конвергенция үрдістері. Тіл дамуына әсер ететін лингвистикалық, экстралингвистикалық факторлар. Әртүрлі тарихи кезеңдердегі тілдің даму ерекшеліктері. Тілдегі тарихи өзгерістер және тарихи фонетика мен фонологияның, тарихи лексикология мен тарихи грамматиканың пәні.
Тілдердің туыстығын айқындайтын салыстырмалы-тарихи әдістің қалыптасуы. Тілдердің материалдық және құрылымдық ұқсастықтары. Үндіевропа тілдеріндегі тұрақты тілдік сәйкестіктер және салыстырмалы-тарихи әдістің басқа тілдер деректеріне қолданылуы. Ішкі және сыртқы реконструкцияның тәсілдері. Абсолюттік және болжалдық хранология.
Тіл - ерекше жүйелермен салыстыру: ұқсастықтары мен ерекшеліктері. Жалпы таңба және тілдік таңба. Тілдік бірліктердің таңбалылығы. Тілдік таңбалар арасындағы синтагматикалық және парадигматикалық қатынастар.
Әлем тілдерінің топтастырылуы. Тіл - жүйе және құрылым. Әлем тілдерінің топтастырылуы: генетикалық, типологиялық және ареалдық принцип. Тілдердің генеологиялық топтастырылуы. Генетикалық ұқсастық (үйлесімділік) – тілдерді топтастырудың негізі. Туыс және туыс емес тілдер. Тілдік семья және «макросемья». Негізгі тілдік семьялар және олардың құрамы. Тілдердің үндіевропалық семьялары, алтай тілдерінің макросемьялары, тілдердің орал семьясы, семит-хамит тілдері. Тілдердің ареалдық шекаралары мен мемлекеттік-әкімшілік шекаралары. Қазақстан территорясындағы тілдік семьялар: миграция (көш-қон) тілдердің қазіргі орналасуы. Тілдердің лингвистикалық картасы.
Тілдердің типологиялық топтастырылуы. Тілдердің типологиялық (құрылымдық ұқсастығы, изоморфизм) ұқсастығы. Тілдердің типологиялық топтастыруларының сан жағынан көптігі. Тіл типі – топтастырылуы категориясы. Тілдердің морфологиялық топтастырылуы. Тілдің лективтік (қопармалы), аглютинативтік (жалғамалы), даралаушы және полисинтетикалық типтері. Тілдің аналитикалық және синтетикалық типі. Тіл типтері және тілдегі типтер. Квантативтік типология. Дж. Гринбрг бойынша типологиялық индекстерді санау әдісі.
Тілдердің аналитикалық және синтеикалық құрылысы туралы түсінік. Тілдердің ареалдық топтастырылуы. Тілдердің «туыстасуы» және тілдік одақтар. Негізгі тілдік одақтар.
Тілдік ұқсастықтар және тілдік универсиялар. Лингвистикалық типология түрлері. Тілдік универсалиялар мен тілдік фреквенталиялар.
Тілдегі жүйе және құрылым (структура) түсінігі. Вариант және инвариант. Тілдердің синтагматикалық, парадигматикалық және иерархиялық қатынастары. Тілдік бірліктер және тілдің жүйелік қабаттары. Тілдің негізгі қабаттары және олардың арақатысы (байланысы).
3- тақырып. Фонетика және фонология.
Фонетика жүйесі туралы түсінік. Фонетика пәні және оның міндеттері. Антропофонетика және фонология. Теориялық, практикалық және эксперименталдық фонетика. Контрастивтік фонетика. Тарихи фонетика. Дыбыстық тілді танудың компьютерлік программасы және синтез.
Сөйлеу дыбыстар (дыбыстық тіл) – тілдік табиғи материясы. Сөйлеу дыбыстарын зерттеудің аспектілері: акустикалық (физикалық) аспект, анатомиялық-физиологиялық аспект, лингвистикалық-функционалдық аспект.
Сөйлеу дыбыстарының акустикалық сипаты: дыбыстардың жоғарылығы, күші және созылыңқылығы. Тон және шу. Резонанс. Дыбыс форманттары. Тембр – акустиканың негізі және оның компоненттері.
Сөйлеу дыбыстарының артикуляциялық сипаты. Сөйлеу аппаратының құрылысы. Сөйлеу органдарының актив және пассив қызметтері. Тілдің артикуляциялық базасы. Артикуляцияның үш базасы. Сөйлеу дыбыстарын топтастыру принциптері. Дауысты және дауыссыз дыбыстар, олардың артикуляциялық, акустикалық ерекшеліктері. Дауысты дыбыстардың жасалу орнына қарай, еріннің қатысына қарай, мұрын жолына қарай топтастырылуы. Дифтонгтар – күрделі артикуляция арқылы жасалатын дауысты дыбыстар. Дифтоног түрлері. Қазақ және орыс тілдеріндегі вокализм жүйесі.
Дауыссыз дыбыстардың ауыздың, шудың, кедергілер ме оларды игеру орнына қарай, жасалу орны, актив және пассив органдарына, палатализацияның болу/болмауына қарай топтастырылуы. Қырылдақ (аспираттар), шұғыл (абруптив) дауыссыздар. Аффрикаттар – күрделі артикуляция арқылы жасалатын дауыссыз дыбыстар.
Интонация және оның элементтері; қазақ және орыс тілдеріндегі интонациялық конструкциялардың типтері; түрлі тілдердегі интонациялық көріністің ерекшеліктері. Сөйлеудің фонетикалық мүшеленуі: фразалар, такттар, буындар, дыбыстар. Буын-артикуляциялық, акустикалық бірлік. Буынның негізгі теориялары: акустикалық және артикуляциялық. Буын түрлері, буын жасайтын/жасамайтын дыбыстар. Түрлі тілдердегі сөздердің буындық құрылымы.
Сөйлеу ағынындағы дыбыстардың арақатысы. Дыбыстардың позициялық және комбинаторлық өзгерістері. Негізгі фонетикалық процестер және олардың қазақ, орыс тілдеріндегі көріну ерекшеліктері. Позициялық өзгерістер: сөз соңында дыбыстардың айтылмауы, сөз басындағы протетикалық дыбыстар, редукция. Протетикалық дауыстылар –түркі тілдеріне тән құбылыс. Редукция және оның түрлері: аккомодация, ассимиляция, дауыстылар гармониясы, диссимиляция, диэреза, гаплология, эпентеза, метатеза, олардың қазақ, орыс және басқа тілдердегі ерекшеліктері.
Фонетикалық және тарихи алмасулар. Дыбыс заңдары туралы түсінік. Тілдік бірлік болып табылатын фонема туралы түсінік. Дыбыс және фонема. Фонеманың перцептивті және сигнификативті қызметі. Фонеманың дифференциалды және интегралды белгілері. Фонема түрлері (аллофондар), фонема позициялары. Фонемалардың бейтараптануы. Фонема жүйесі туралы түсінік. Фонологиялық мектептер.
Транскрипция. Транскрипцияның түрлері. Халықаралық фонетикалық алфавит (ХФА). Орфоэпия туралы түсінік. Норма және әдеби норманың варианттары.
4-тақырып. Лексикология.
Лексикология пәні. Тілдегі сөз типтері: мәнді сөздер, есімдіктер, сан есімдер, көмекші сөздер, одағай сөздер. Сөз және морфема. Лексикология салалары: семасиология, ономасиология, этимология, лексикография.
Табу және эвфемизм. Десфемизм. Инвективтік лексика.
Арнаулы лексика. Термин және терминология. Тілдің сөздік құрамының стилистикалық қабаттары. Стилистикалық бейтарап лексика. Кітаби лексика. Сөйлеу және қарапайым лексика. Әдеби тіл лексикасы және диалектілік лексика. Күнделікті қолданыстағы сөздер –лексика-семантиикалық жүйенің негізгі бірлігі. Түрлі әлеуметтік топтар лексикасының ерекшеліктері. Жаргон және арго. Сөздің эксперрессивтік-эмоционалдық бояуы. Актив және пассив лексика. Архаизмдер мен историзмдер, олардың айырым белгілері. Архаизм типтері. Жалпы тілдік және жеке авторлық қолданыстағы неологизмдер, окказионализмдер. Кірме сөздер, олардың кірігу жолдары мен түрлері. Кірме сөздердің негізгі белгілері. Сөздік қорды байытудың негізгі жолдары.
Этимология, этимология зерттеудің принциптері мен тәсілдері. Өтірік («халықтық») этимология құбылысы.
Ономастика: топонимика және антропология.
5- тақырып. Семасиология. Сөз мағынасының дамуы.
Сөз және зат. Сөз және ұғым. Сөз және түсінік, сөздің жалпылауыштық мағынасы. Лексикология жүйесіндегі сөз және лингвистикалық байланыс. Сөздің уәжділігі («ішкі форма»). Уәжделентін және уәжделмейтін сөздер. Сөздің семантикалық құрылымы. Сөздің көпмағыналылығы (полисемия). Сөздің лексикалық мағыналарының типтері: біріншілік және екіншілік мағына, тура, номинативтік, еркін және фразеологиялық байлаулы мағына, синтаксистік байлаулы мағына, конструктивті байлаулы мағына. Сөздің тура және ауыс мағыналары. Ауыс мағынаның жасалу тәсілдері: метафора, функциялық ауысу, метонимия, синекдоха. Сөз мағыналарының кеңеюі мен тарылуы. Конверсия туралы түсінік. Көпмағыналы сөздер мен омонимдер. Омоним типтері және олардың жасалу жолдары. Синонимдердің жасалу көздері, синоним типтері. Синонимия және сөздің синонимдік қатары. Паронимдер. Антонимдер, олардың типтері, антонимдердің стилистикалық қызметі.
6- тақырып. Лексикография және фразеология
Лексикография. Сөздік түрлері. Сөздік құрастыру типтері: алфавиттік, кері, жиілік. Лексикографиялық еңбектерді компьютерлендіру. Лингвистикалық сөздіктердің негізгі типтері. Ерекше түсіндірме сөздіктер. Сөздіктердің негізгі аспектілері (тарихи, фразеологиялық, этимологиялық, орфографиялық, синонимдік, антонимдік, неологизм сөздіктер, шетел сөздер сөздігі және т.б.). Көптілді және екітілді сөздіктерде сөздік мақалалардың түзілу тәсілдері. Лингвистикалық, энциклопедиялық сөздік.
Фразеология. Сөздердің еркін және фразеологиялық тіркестер. Семантикалық және құрылымдық тұрғыдан фразеологиялық бірліктердің топтастырылуы.
7-тақырып. Паремиалогия.
Мақал-мәтелдердің зерттелуі. Мақал-мәтелдердің фразеологизмдерден айырмашылығы мен ұқсастығы. Қос тағанды мақал-мәтелдер.
8 - тақырып. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі
Cөзжасам тіл білімінің жеке саласы. Сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Сөзжасамдық тәсілдер. Сөзжасам және оның грамматика мен лексикологияға қатысы. Сөзжасамдық қалыптар (моделдер). Сөз таптарының сөзжасамы. Сөзжасам (сөзтудырушы) және формажасам (форма тудырушы (аффикстер). Өнімді және өнімсіз аффикстер. Сөзжасам қалыптары (моделдері), типтері және сөз ұясы.
9-тақырып. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.
Морфология – тілдің ең кішкентай бірлігі және сөздің құрамдас бөлігі. Мофрема және морфтар; алломорфтар және морфема варианттары. Нөлдік және бос морфема туралы түсінік. Морфемалардың топтастырулары: мағына беру сипатына қарай; сөздегі орнына қарай; сөздігі рөліне қарай. Морфема –мағынаның үш типін айқындаушы: заттық, деривациялық, реляциялық. Түбір және аффикстер. Префикстер, постфикстер (суффикстер және флексия), инфикстер, конфикстер, трасфикстер. Интерфиксация. Сөз формасы – түбір мен форма тудырушы аффикстердің бірлігі. Сөздің грамматикалық формасы туралы түсінік – грамматикалық мағына мен оны білдіру тәсілдерінің бірлігі. Сөздің синтетикалық және аналитикалық формалары. Грамматикалық мағынаны берудің тәсілдері мен амалдары. Грамматикалық мағына білдірудің синтетикалық тәсілі. Аффиксация және оның негізгі типтері: фузия (флективтік) және агглютинация. Қазақ және орыс тілдері мысалдары негізінде агглютинация мен фузия құбылыстарының айырмашылықтарын айқындау. Араб тіліндегі ішкі флексия және транфикстер. Қайталаулар (редупликация), қайталаудың түрлері. Суплетивизм. Екпін – грамматикалық мағына білдірудің негізгі тәсілі. Грамматикалық мағына білдірудің аналитикалық тәсілі. Көмекші сөздер. Интонация – грамматикалық мағына білдірудің негізгі тәсілі. Сөздердің орналасу тәртібі – грамматиканың мағына білдірудің негізгі тәсілі. Түрлі тілдердегі грамматикалық мағына білдірудің ерекшеліктері. Грамматикаллық мағына білдіру тәсілдері мен амалдарының тарихи өзгерістері.
Грамматикалық және танымдық категориялар, олардың арақатыстары.
Морфологиялық және синтаксистік грамматикалық категориялар: сөз түрлендіруші және классификациялық типтердің морфологиялық типтері. Септік категориясы – есімнің негзгі категориясы. Шақ категориясы – етістіктің негізгі категориясы. Түрлі тілдердегі грамматикалық категориялардың берілу ерекшеліктері. Лексика-грамматикалық категория.
Сөз таптары – сөздің лексика-грамматикалық тобы. Флективтік құрылымдағы сөз таптарының таптастыру принциптері. Есім және етістік –негізгі сөз таптары. Сөздің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуы. Сөз таптары мен олардың грамматикалық категорияларындағы тарихи өзгерістер. Түрлі типтегі тілдердегі сөз таптарының ерекшеліктері.
10- тақырып. Сөз таптары.
Сөздің үш топқа бөлінуі: 1) атауыш сөздер, 2)көмекші сөздер, 3)одағай сөздер. Атауыш сөздердің негізгі белгілері (мағынасы, түрлену мүмкіндігі, сөйлемдегі қызметі, дербестігі). Көмекші сөздердің грамматикалық дамудың нәтижесінде қазіргі қалыпқа жеткен, лексикалық мағынасынан айрылғаны, грамматикалық мағынаға көшкені, соның арқасында дербес сөзге тіркесіп, оған үстеме мағына қосатын нұсқа қызметінде қолданылуы, дербес сөздер сияқты сөйлемде өзінше қызмет атқармауы. Көмекші сөздердің түрлері.
11- тақырып. Сөз тіркесінің синтаксисі.
Сөз тіркесінің синтаксисі сөздердің тіркесімділік қасиетін, олардың тіркесу қасиеті мен түрлері, сөз тіркесінің құрамын, түрлерін қарастыратындығы. Сөз тіркесі. Есімді тіркестер. Етістікті тіркестер. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесінің зерттелу жайы. Сөз тіркесінің өзіне тән ерекшеліктері.
Синтаксис. Сөйлем және сөз тіркесі. Сөз тіркесі туралы түсінік және оларды топтастырудың принциптері. Сөздің синтаксистік байланыстары: қиысу, кординация, қабысу, меңгеру, инкорпоривтену, изафет. Изафет типтері.
12- тақырып. Жай сөйлем синтаксисі.
Сөйлем – тілдің негізгі коммуникативтік және құрылымдық синтаксистік бірлігі. Сөйлем және байымдау, сөйлем және аталым. Сөйлемдердің актуалды мүшеленуі туралы түсінік. Сөйлем типтері. Сөйлем мүшелері. Түрлі тілдердегі сөйлем құрылымдары. Сөйлем типтері мен сөз тіркесі формаларындағы тарихи өзгерістер. Жай сөйлемнің күрделену жолдары. Жай сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Сөйлемнің түрлері.
13- тақырып. Құрмалас сөйлем синтаксисі
Құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы. Қалыптасу, даму жолдары. Құрмалас сөйлемнің өзіндік айырым белгілері, жай сөйлемдерден басты айырмашылығы. Салалас құрмалас сөйлемдер. Сабақтас құрмалас сөйлемдер.
Бөгде сөз, оның түрлері.
14-тақырып. Тілдердің классификациясы(жіктелуі)
Дүниежүзі тілдерінің әртүрлілігі. Тілдік туыстық. Материалдық, құрылымдық және типологиялық ұқсастық. Салыстырмалы-тарихи әдіс жайлы түсінік.
Тілдердің генеологиялық классификациясы. Тілдік семьялар.
Тілдердің морфологиялық типтері жайлы ұғым. Тілдердің типтерін айқындайтын белгілер. Тілдердің морфологиялық(типтік) классификациясы. Тілдердің даралаушы(түбір), жалғамалы(агглютинативті) және фузиялы(флективті) типтері.
Қазақ тілі – синтетикалық құрылысты, жалғамалы тіл екендігі. Қазақ тіліндегі даралаушы және фузиялы тілдік элементтердің көрінісі, аналитикалық тәсілдің қолданылуы.
15- тақырып. Жазу теориясы және тарихы
Дыбыстау тілі және жазу. Жазудың рөлі. Жазудың шығуы мен даму кезеңдері. Жазу таңбалары және олардың типтері. Пиктография. Идеография. Буын және әріп жазуы. Жазу және әліпби. Грек, латын және араб әліпбиі. Кириллица. Қазіргі әлемдегі алфавиттік жазу түрлері. Алфавит және графика. Графема туралы түсінік. Графема және дыбыс. Транскрипция және транслитерация. Орфография. Орфографиялық принциптер және түрлі тілдердегі орфографиялық ерекшеліктері.
ТӘЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
-
тақырып. Тіл және тіл туралы ғылым. Тілдің қоғамдық табиғаты.
Тіл - ерекше қоғамдық құбылыс. Тіл - адамзат қоғамының негізгі құралы. Тіл - ойды жарыққа шығару. Тіл және қоғамдық сана. Тіл функциялары (қызметтері). Тіл туралы заң және тіл мәртебесі. Мемлекеттік тіл, ресми тіл, жергілікті тіл. әлемдік тіл, дәнекер-тіл, аймақтық тіл.
Тілдердің қарым-қатынасы. Қостілділік (билингвизм) және мультилингвизм туралы түсінік. Қостілділіктің түрлі типтері. Тілдік қарым-қатынастың нәтижелері: кірме сөздер, интерференция, «тілдік одақтардың» құрылуы, креоль тілдер, пиджин және т.б. Тілдің өміршеңдігі туралы түсінік. Тірі, өлі және құритын тілдер.
2- тақырып. Тілдің тарихи дамуы. Әлем тілдерінің топтастырылуы. Тіл-жүйе және құрылым.
Тілдердің дамуы: дивергенция және конвергенция үрдістері. Тіл дамуына әсер ететін лингвистикалық, экстралингвистикалық факторлар. Тілдердің туыстығын айқындайтын салыстырмалы-тарихи әдістің қалыптасуы. Тілдердің материалдық және құрылымдық ұқсастықтары.
Тілдегі жүйе және құрылым (структура) түсінігі. Вариант және инвариант. Тілдердің синтагматикалық, парадигматикалық және иерархиялық қатынастары. Тілдік бірліктер және тілдің жүйелік қабаттары. Тілдің негізгі қабаттары және олардың арақатысы (байланысы).
3- тақырып. Фонетика және фонология.
Фонетика жүйесі туралы түсінік. Фонетика пәні және оның міндеттері.
Дауысты және дауыссыз дыбыстар, олардың артикуляциялық, акустикалық ерекшеліктері. Дауысты дыбыстардың жасалу орнына қарай, еріннің қатысына қарай, мұрын жолына қарай топтастырылуы. Дифтонгтар – күрделі артикуляция арқылы жасалатын дауысты дыбыстар. Дифтоног түрлері. Қазақ және орыс тілдеріндегі вокализм жүйесі.
Сөйлеу ағынындағы дыбыстардың арақатысы. Дыбыстардың позициялық және комбинаторлық өзгерістері. Негізгі фонетикалық процестер және олардың қазақ, орыс тілдеріндегі көріну ерекшеліктері. Позициялық өзгерістер: сөз соңында дыбыстардың айтылмауы, сөз басындағы протетикалық дыбыстар, редукция. Протетикалық дауыстылар –түркі тілдеріне тән құбылыс. Редукция және оның түрлері: аккомодация, ассимиляция, дауыстылар гармониясы, диссимиляция, диэреза, гаплология, эпентеза, метатеза, олардың қазақ, орыс және басқа тілдердегі ерекшеліктері.
Фонетикалық және тарихи алмасулар. Дыбыс заңдары туралы түсінік. Тілдік бірлік болып табылатын фонема туралы түсінік. Дыбыс және фонема.
4-тақырып. Лексикология.
Лексикология салалары: семасиология, ономасиология, этимология, лексикография.
Табу және эвфемизм. Десфемизм. Инвективтік лексика.
Арнаулы лексика. Термин және терминология. Сөздің эксперрессивтік-эмоционалдық бояуы. Актив және пассив лексика. Архаизмдер мен историзмдер, олардың айырым белгілері. Архаизм типтері. Жалпы тілдік және жеке авторлық қолданыстағы неологизмдер, окказионализмдер. Кірме сөздер, олардың кірігу жолдары мен түрлері. Кірме сөздердің негізгі белгілері. Сөздік қорды байытудың негізгі жолдары.
Этимология, этимология зерттеудің принциптері мен тәсілдері. Өтірік («халықтық») этимология құбылысы.
Ономастика: топонимика және антропология.
5- тақырып. Семасиология. Сөз мағынасының дамуы.
Сөз және зат. Сөз және ұғым. Сөз және түсінік, сөздің жалпылауыштық мағынасы. Лексикология жүйесіндегі сөз және лингвистикалық байланыс. Сөздің семантикалық құрылымы. Сөздің көпмағыналылығы (полисемия). Сөздің лексикалық мағыналарының типтері: біріншілік және екіншілік мағына, тура, номинативтік, еркін және фразеологиялық байлаулы мағына, синтаксистік байлаулы мағына, конструктивті байлаулы мағына. Сөздің тура және ауыс мағыналары. Ауыс мағынаның жасалу тәсілдері: метафора, функциялық ауысу, метонимия, синекдоха. Сөз мағыналарының кеңеюі мен тарылуы. Көпмағыналы сөздер мен омонимдер. Омоним типтері және олардың жасалу жолдары. Синонимдердің жасалу көздері, синоним типтері. Синонимия және сөздің синонимдік қатары. Паронимдер. Антонимдер, олардың типтері, антонимдердің стилистикалық қызметі.
6- тақырып. Лексикография және фразеология
Лексикография. Сөздік түрлері. Сөздік құрастыру типтері: алфавиттік, кері, жиілік. Лексикографиялық еңбектерді компьютерлендіру.
Фразеология. Сөздердің еркін және фразеологиялық тіркестер. Семантикалық және құрылымдық тұрғыдан фразеологиялық бірліктердің топтастырылуы.
7-тақырып. Паремиалогия.
Мақал-мәтелдердің зерттелуі. Мақал-мәтелдердің фразеологизмдерден айырмашылығы мен ұқсастығы. Қос тағанды мақал-мәтелдер.
8 - тақырып. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Сөзжасамдық тәсілдер. Сөзжасам және оның грамматика мен лексикологияға қатысы. Сөзжасамдық қалыптар (моделдер). Сөз таптарының сөзжасамы.
9-тақырып. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.
Морфология – тілдің ең кішкентай бірлігі және сөздің құрамдас бөлігі. Морфема –мағынаның үш типін айқындаушы: заттық, деривациялық, реляциялық. Түбір және аффикстер. Сөз формасы – түбір мен форма тудырушы аффикстердің бірлігі.
Септік категориясы – есімнің негізгі категориясы. Шақ категориясы – етістіктің негізгі категориясы. Түрлі тілдердегі грамматикалық категориялардың берілу ерекшеліктері. Лексика-грамматикалық категория.
10- тақырып. Сөз таптары.
Сөздің үш топқа бөлінуі: 1) атауыш сөздер, 2)көмекші сөздер, 3)одағай сөздер. Атауыш сөздердің негізгі белгілері (мағынасы, түрлену мүмкіндігі, сөйлемдегі қызметі, дербестігі). Көмекші сөздердің грамматикалық дамудың нәтижесінде қазіргі қалыпқа жеткен, лексикалық мағынасынан айрылғаны, грамматикалық мағынаға көшкені, соның арқасында дербес сөзге тіркесіп, оған үстеме мағына қосатын нұсқа қызметінде қолданылуы, дербес сөздер сияқты сөйлемде өзінше қызмет атқармауы. Көмекші сөздердің түрлері.
11- тақырып. Сөз тіркесінің синтаксисі.
Сөз тіркесі. Есімді тіркестер. Етістікті тіркестер. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесінің зерттелу жайы. Сөз тіркесінің өзіне тән ерекшеліктері.
Сөздің синтаксистік байланыстары: қиысу, кординация, қабысу, меңгеру, инкорпоривтену, изафет. Изафет типтері.
12- тақырып. Жай сөйлем синтаксисі.
Сөйлем типтері. Сөйлем мүшелері. Түрлі тілдердегі сөйлем құрылымдары. Сөйлем типтері мен сөз тіркесі формаларындағы тарихи өзгерістер. Жай сөйлемнің күрделену жолдары. Жай сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Сөйлемнің түрлері.
13- тақырып. Құрмалас сөйлем синтаксисі
Құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы. Қалыптасу, даму жолдары. Құрмалас сөйлемнің өзіндік айырым белгілері, жай сөйлемдерден басты айырмашылығы. Салалас құрмалас сөйлемдер. Сабақтас құрмалас сөйлемдер.
Бөгде сөз, оның түрлері.
14-тақырып. Тілдердің классификациясы(жіктелуі)
Дүниежүзі тілдерінің әртүрлілігі. Тілдік туыстық. Материалдық, құрылымдық және типологиялық ұқсастық. Салыстырмалы-тарихи әдіс жайлы түсінік.
Тілдердің генеологиялық классификациясы. Тілдік семьялар.
Тілдердің морфологиялық типтері жайлы ұғым. Тілдердің типтерін айқындайтын белгілер. Тілдердің морфологиялық(типтік) классификациясы. Тілдердің даралаушы(түбір), жалғамалы(агглютинативті) және фузиялы(флективті) типтері.
15- тақырып. Жазу теориясы және тарихы
Дыбыстау тілі және жазу. Жазудың рөлі. Жазудың шығуы мен даму кезеңдері. Жазу таңбалары және олардың типтері. Пиктография. Идеография. Буын және әріп жазуы. Жазу және әліпби. Грек, латын және араб әліпбиі. Кириллица. Қазіргі әлемдегі алфавиттік жазу түрлері. Алфавит және графика. Транскрипция және транслитерация. Орфография. Орфографиялық принциптер және түрлі тілдердегі орфографиялық ерекшеліктері.
4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі
№
|
ОӨЖ түрі
|
Есеп беру формасы
|
Бақылау түрі
|
Сағат көлемі
|
1
|
Дәріс сабақтарын өңдеу
|
|
Сабаққа қатысу
|
15 (1х15)
|
2
|
Үй тапсырмасын орындау
|
Жұмыс дәптері
|
Сабаққа қатысу
|
30 (1х30)
|
3
|
Қосымша материалдарға дайындық
|
Конспект
|
Коллоквиум
|
25
|
4
|
Семестрлік тапсырманы орындау
|
Конспект
|
Семестрлік тапсырманы қорғау
|
10
|
6
|
Бақылау шараларына дайындық
|
|
|
10
|
|
Барлығы
|
|
|
90
|
4.4.2 Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар
1. Математика мен тіл білімінің байланысы жайлы ғылыми әдебиеттермен танысу
Ұсынылатын әдебиет: [1], 5-10 бет, [4], [2] 3-6 беттер.
2. Халықаралық жасанды тілдер жайлы материалдар жинақтау. Экспоронто тілі, идо тілі т.б. Экспоронто тілі жүйесімен танысу.
Ұсынылатын әдебиет: [5], 15-21 беттер.
3. Қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен даму кезеңдері жайлы материалдармен танысу.
Ұсынылатын әдебиет: [7], 89-103 беттер.
4 Жазу. Жазудың түрлері. Жазба тіл. Алфавит.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 72-75 беттер, [2], 49-55 беттер.
5. Дүниежүзі тілдерінің қазіргі жай-күйі. Өлген тілдер жайлы.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 68-73 беттер.
5 Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1.
2.
Қосымша әдебиеттер:
3.Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. Алматы 1991 ж.
4.Бибеков Қ. Қазақ тілінің семантикасы. Семей, 2006 ж
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2003ж.
6.Барлыбаев Р. Қазақ тілінде сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы. Алматы, 1968ж.
7.Барлыбаев Р. Қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексика. Алматы, 1978ж.
8.Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. Алматы, 1970ж.
9.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988ж.
10.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы, 1997ж.
11.Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Алматы, 1972ж.
12. Новиков Л.А. Семантика русского языка. М.,1982
13.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.
14.Балақаев М. және басқалар. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974ж.
Мамандық(тардың) жұмыс оқу жоспарынан көшірме
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/32
|
5В020700 «Аударма ісі» мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме
Тіл біліміне кіріспе және қазіргі қазақ тілі
Оқу түрі
|
Бақылау формасы
|
Студент жұмысының көлемі
|
Сағаттың курс және семестр бойынша бөлінуі
|
Емт.
|
сынақ
|
К.ж
|
К.жұм.
|
ЕГЖ
|
бақ.жұм
|
Барлығы
|
Дәріс
|
Тәжірибе
|
ОСӨЖ
|
СӨЖ
|
Дәріс
|
Тәжірибе
|
ОС¤Ж
|
СӨЖ
|
жалпы
|
Аудитор.
|
СӨЖ
|
Күндізгі ЖОБ негізінде
|
2
|
|
|
|
|
|
135
|
45
|
90
|
1-семестр
|
2- семестр
|
15
|
15
|
6
|
|
|
15
|
3,50
|
80,10
|
Сырттай
ҚАІ -101(қ)
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1-семестр
|
2-семестр
|
|
12
|
0,40
|
|
|
|
|
|
Сырттай
ҚАІ-101(2ж)
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1-семестр
|
2- семестр
|
|
18
|
0,60
|
|
|
|
|
|
Кафедра меңгерушісі ______ __________ 2012 ж. «___»________
(қолы) (аты-жөні)
Достарыңызбен бөлісу: |