ЖҰмыс бағдарламасы пән: Эпидемиология мен жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі Мамандығы: 0302000 "Медбикелік іс"



Дата14.06.2016
өлшемі375.09 Kb.
#134609
түріЖұмыс бағдарламасы


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы


БЕКІТЕМІН

ТжКББФ деканы

__________ М.Ә.Отыншиев

«___» __________ 2014ж.


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: Эпидемиология мен жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі
Мамандығы: 0302000 - "Медбикелік іс"
Біліктілігі: 0302033 – «Жалпы практикадағы медбике»
Курс: 3
Семестр: 5
Сағат саны: 90 сағат

Шымкент – 2014 ж.


Жұмыс бағдарлама 0302000-« Медбикелік іс »мамандығының 2013 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, біліктілігі 0302033 «Жалпы практикадағы медбике » және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің “____”_________ 2014 ж . №___ бұйрығына сәйкес бекітілген үлгілік оқу бағдарлама негізінде құрастырылды.


Кафедра мәжілісінде қаралды


“____”_________ 20___ ж. №___ хаттама
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. _______________ Абуова Г.Н.

Әдiстемелiк кеңес мәжілісінде бекітілді


“____”_________ 20___ ж. №___ хаттама
Әдістемелік кеңес төрағасы (төрайымы) ________________________

Дайындаған оқытушы: Калдарбекова Г.М.




Бағдарлама:
1. Алғы сөз.

Студенттерді даярлау кезіндегі жұқпалы аурулардың рөлі мен маңызы жұқпалы аурулардың кең таралуымен, қоздырғыштардың эволюциясына байланысты жұқпалы аурулардың жаңа нозологиялық түрлерінің пайда болуымен, олардың түрлі вирулентті және антигенді штаммдармен көрінуімен, сондай-ақ иесінің резистенттілігі мен иммундық жауабының әртүрлі болуымен сипатталады. Пәннің актуальдылығы – қоғамдық-экономикалық жағдайдың эпидемиялық процесстің дамуына әсер етуіне, сондай-ақ белгілі тарихи және әлеуметтік жағдайларға байланысты жұқпалы аурулармен күресуге арналған іс-шараларды қалыптастыру қажеттілігімен байланысты.

Қазіргі кезде жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың даму заңдылықтарына негізделген, сонымен қатар жұқпалы аурулармен ауруды төмендету және аурулардың кейбір түрлерін толық жоюға арналған іс-шараларды жетілдіру бағытында дамып келе жатқан дисциплина.
2. Тақырыптық жоспар




Тараулар мен тақырыптардың аттары

Сағат саны

Оның ішінде

Теориялық сабақ

Тәжірибелік сабақ

1.


Мамандыққа кіріспе. Инфекцияның жалпы патологиясы туралы ілім. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және оларды емдеу принциптері. Инфекциялық қызметтің құрылымы. Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы және режимі.

Жұқпалы аурулардың алдын алу негіздері және принциптері. Жұқпалы аурулар кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.



5

2


3

3

3

2.1

Іш сүзегі, А және Б паратифтері. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

5

2


3

2.2

Шигеллез. Эшерихиоздар. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

3

3

2.3

Сальмонеллез.Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

5

2


3

2.4

Тырысқақ. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.


3

3

2.5

Тағамдық уытты инфекциялар. Иерсиниоздар. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

5

2


3

2.6

Амебиаз.Ботулизм.Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

3

3

2.4

Вирусты гепатиттер «А»,«Е». Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

5

2


3

2.5

Вирусты гепатиттер «В», «С», «Д». Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

3

3

2.6

Бруцеллез. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

4

2



2

2.7

Лептоспироз. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

3

3

3.1

Тұмау және басқа да ЖРВИ. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

2

2




Парагрипп.Аденовирусты инфекция. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

3

3

3.2

Менингококты инфекция. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

4

2


2




Дифтерия. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

3

3

3.3

Бүйрек синдромымен сипатталатын геморрагиялық қызба(БСГҚ).Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

4

2

2




Диагностикасы.Салыстырмалы диагностикасы.Емі.Алдын-алуы.

3

3

4.1

Індеттік бөртпе сүзек. Брилл-Цинссер ауруы. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

3

3

4.2

Оба. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

4

2



2




Туляремия. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

3

3

5

АИТВ-инфекциясы және сыртқы жамылғы инфекциялары

2

2

5.1

ЖИТС алдын-алу. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

3

3

5.2

Тілме. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

4

2

2




Сіреспе. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

3

3

5.3

Сібір жарасы. Құтыру. Листериоз. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

2

2




Барлығы:

90

20

70


3. Пәннің мазмұны.

Кіріспе

Жұқпалы ауруларды оқытудың негізгі мақсаты әрбір нозологиялық түрлерге байланысты инфекциялық процесстің әртүрлі көріністері және ерекшеліктерін үйрету болып табылады. Сонымен қатар кең тараған жұқпалы аурулардың, карантинді инфекциялардың этиологиясын, эпидемиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, емін және профилактикасын меңгеруге бағытталады. Тәжірибелік сабақтар кезінде жұқпалы аурулармен этикалық деонтологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, сұхбаттасу сияқты өте маңызды жағдайға көңіл аударылады.


1 Бөлім. Жалпы бөлім

Тақырып 1.1 Мамандыққа кіріспе. Инфекцияның жалпы патологиясы туралы ілім. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және оларды емдеу принциптері. Инфекциялық қызметтің құрылымы. Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы және режимі.

Жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы эпид.процесстің объективті заңдылықтары туралы және адамдар арасында инфекциялық және паразитарлық аурулардың таралуы, алдын алуы туралы ғылым.

Эпид.процессті инфекциялық аурудың таралуы, белгілі бір механизм арқылы берілуі деп түсінеміз. Эпид.процесс даму үшін 3 сатыдан өтеді: 1. инфекция көзі; 2. берілу механизмі; 3. микроорганизм қабылдаушы. Жалпы және жеке эпидемиологияны бөледі. Жалпы эпидемиология теориялық дисциплина, эпид.процесстің жалпы заңдылықтарын және қарсы күресу жолдарын, инфекциялық және паразитарлық аурулардың алдын алуын зерттейді. Жеке эпидемиология осы сұрақтарды бөлек нозологиялық формалы ауруларды зерттейді. Инфекциялық аурумен ауырған науқасты амбулаториялық поликлиникалық мекемеде жұқпалы ауруханада және бөлімшелерде арнайы шамандындырылған медициналық көмек көрсетіледі. Амбулатория поликлиникалық бөлімшелердің құрамына жұқпалы аурухана кабинетті, дәрігерлер және учаткелік дәрігерлердің қатысумен науқастарды қабылдайтн бөлме, қосымша тексеру жұмыстарын жүргізу, диагнозды анықтау, госпитализациялауды қаағалау, амбулаториялық нақастарға ем жүргізу, ауырып жазылған науқастарды қадағалау.

Тақырып 1.2 Жұқпалы аурулардың алдын алу негіздері және принциптері. Жұқпалы аурулар кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Инфекциялық науқастардың тағамдарына, эпидемиологиялық және клиникалық көрсетіп еміне қарай госпитализациялау. Эпидемиологиялық көрсеткіштеріне қара инфекциялық науқастың қауіп қатер тобын анықтауға мүмкіндік береді. Мүмкіәндік болған жағдайда қорғауға алу (жатаққанада болса, балалар үйінде және т.б.). Науқаспен үй адамдары және тағамдық өндірістегі жұмысшылармен, балабақшада қатым-қатынаста болған жағдайда. Үйлеріне халық көрсеткіштеріне қарай аурудың ағыныманықтауға болады. Тез арада тексеру жұмысын және ем жүргізу керек. Стационарда меемесін табу, асқуын және қауіп қатер тобын дамуын анықтау. Амбулаториялық жағдайда жүргізілген еленің эффектілігін сатысы, сонымен қатар диагнозды анықтау


2 Бөлім . Ішек инфекциялары

Тақырып 2.1 Іш сүзегі, А және Б паратифтері. Шигеллез. Эшерихиоздар. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Іш сүзегі – интоксикация, бактериемиямен, бауыр және көкбауырдың ұлғаюымен, ащы ішектің лимфа аппаратының зақымдалуымен жүретін жедел жұқпалы ауру. Іш сүзегінің қоздырғышы Sallmonella tyрhi.Іш сүзегі қоздырғышы екі негізгі антигендік кешеннен: соматикалық О-антиген, талшықтық Н-антиген және О-антигенге қосымша Vi- антигеннен тұрады. Инфекция көзі адам және бактерия тасымалдаушы. Берілу механизмі фекалды-оралды, таралу жолы тағам, су және тұрмыстық қарым- қатынас арқылы. Берілу жолын құрайтын факторлар: су, жеміс-жидектер, көкөніс, сүт және сүт тағамдары, ет пен еттен жасалған тағамдар, ыдыс-аяқ, шыбын, тұрмыс құралдары. Маусымдылығы жаз-күз айлары. Аурудың даму механизмі кезектесіп келетін кезеңдерден құралады: 1) қоздырғыштың ену қақпасы ауыз қуысы, одан ащы ішектің лимфа фолликулаларында қабыну туғызып мезентериалды лимфа түйіндерінде көбейіп 1-2 аптаға созылатын біріншілік аймақтық инфекция; 2) бактериемия мен токсинемия, паренхиматозды ағзалардың дистрофиялық өзгеріске ұшырауы (аурудың 1-ші аптасы); 3) ОЖЖ, ішкі ағзалардың, қоздырғыш диссеминациясынан зақымдалуы, сүзектік гранулеманың дамуы, тері тамырларының зақымдануы, экзантеманың пайда болуы (өршу кезеңі, 2-3 апта); 4) иммундық – аллергиялық процестердің дамуы,олардың ұсақ тамырлар эндотелиін зақымдауы, тромбтар түзілуі, ішек қабырғасының некрозы, ішек жарасының пайда болуы (өршу, 2-3 апта); 5) процестің кері дамуы.

Дизентерия жедел жұқпалы ауру, фекальдi-оралдi берiлу механизмi, шигелла тұқымдарының бактериясымен шақырылады, интоксикация симптомы және тоқ iшектiң дистомды бөлiктерiнiң зақымдалуымен көрiнедi. Шигеллдердiң 4 түрi бар: Shigella disenterial, Sh Hexneri, Sh boydi, Sh sonnei.

Эшерихиоздар (син. коли-инфекция) эшерихия тұқымдастығына жататын бактериялармен қоздырылатын, гастроэнтерит немесе энтероколит түрінде көрініс беретін, және ішектен тыс инфекциялар түрінде өтетін үлкен жұқпалы ауру.



Тақырып 2.2 Сальмонеллез. Тырысқақ. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Сальмонеллез – антропозоонозды, қоздырғыштары нәжіс-ауыз механизмімен берілетін, интоксикациямен, асқазан-ішек трактісінің зақымдануымен, диареямен, су-электролит алмасуының бұзылуымен сипатталатын жедел ішек инфекциясы. Сальмонеллездардың қоздырғыштары salmonella тұқымдастығына жататын, грам теріс боялатын, эшерихияларға ұқсас, факультативті аэробты, қозғалғыш перитрихты таяқшалар. Қоршаған орта факторларына төзімді. Әртүрлі орталарда ( сүт, ет тағамдарында және құс өнімдерінде) бірнеше аптадан 1,5 жылға дейін сақталады. Сальмонеллез қоздырғыштары экзотоксиндер, эндотоксиндер және цитотоксиндер бөледі. Әдеттегі физикалық, химиялық факторларға сезімтал.

Тырысқақ – организмнiң тез сусыздануымен жүретiн инфекциялық диареялық ауру. Қазақстанда 14.08.1993ж ОҚО-ның Келес районында тырысқақ бiрiншi рет тiркелдi. Инфекция көзіне ауру адам және сау вибриотасымалдаушы жатады. Залалдану механизмі фекальды-оральды, ол су, тамақ және тұрмыстық қатынас жолдарымен тарайды. Залалдану ауыз арқылы залалданған су немес тамақ қабылдаған кезде жүреді. Тырысқақтың токсиннің адам организміне әсер ету нәтижесінде құсу, іш өту, іштің кебуі, организмнің сусыздану мен тұзсыздану болады. Тырысқақты аса қауіпті инфекциялар қатарына жатқызады.

Тақырып 2.3 Тағамдық уытты инфекциялар. Иерсиниоздар. Амебиаз.Ботулизм. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Тағамдық токсикалық улану – бұл ағзадан тыс энтеротоксин өндіруге қабілетті, шартты- патогенді немесе патогенді бактериалар мен экзогенді немесе эндогенді зақымдалған азық-түліктерді тамақ ретінде пайдалану нәтижесінде пайда болатын жедел ішек инфекциялар тобы. Тағамдық токсикалық уланудың этиологиясының факторларына мына бактериалар жатады: Bacillus, Citrobacter, Clostridium, Enterobacter, Escherichia coli, Kliebsiella, Promius, Shigella, Salmonella, Serratia, Streptococcus және басқалары. Қазіргі кезде тағамдық токсикалық улануды шақыратын бактерияның 30 түрі анықталған, олардың кейбіреулері адамның ішегінде өмір сүреді. Тағамдық токсикалық уланудың қоздырғыштары әртүрлі әулетке жатқанымен, олардың энтеротоксин бөлу қабілеттілігі бірдей. Бұл бактериалар сыртқы ортаға төзімді, бүкіл жерге таралуға ие. Олар тағамдық өнімдердің қолдану және сақтау ережелері бұзылған кезде, тез көбейіп және жиналып қалатын энтеротоксиндер бөлуге қабілетті. Тағамдық токсикалық улану қоздырғыштарының табиғи қоры адам сияқты жануарларда да болуы мүмкін.

Иерсиниоз – интоксикация симтомымен, асқазан-ішек жолдарының, бауырдың, буындардың, басқа да ағзалар мен жүйелердің зақымдауымен сипатталатын, иерсиния энтероклитикамен залалдаумен байланысты жедел инфекциялық ауру. Ішек иерсиниоздары барлық жерде тіркеледі, ауру ары қарай өсу тенденциясына ие, яғни оның спорадиялық сияқты жайылу сипатына ие. Дамыған елдерде аурудың өсуі табиғаттағы экономикалық тепе-теңдіктің бұзылуымен, кеміргіштерің санының жоғарылауымен, урбанизацияның жылдамдауымен, тағамдық азық-түліктерді санитарлық-гигиеналық сақтау ережелерінің бұзылуымен, қалаларда қоғамдық тамақтану бөліктерінің өсуімен байланысты.

Амебиаз – протозойлық ауру. Қоздырғышы E.histolytica. Аурудың негiзгi сипаты тоқ iшектiң ойықжара некроздық зақымдалуы, кейде терi мен генитамиялар зақым жүредi. Клиникалық белгiлерi полиморфты. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мекемелердің алдына қойған мақсаты – балалардың өлімін азайту. Ол балалардың жұқпалы ауруларымен күрестің шаралар системасымен тығыз байланысты. Балалардағы жұқпалы аурулар бойынша өлімі жоғары болып тұр. Солардың ішінде жедел ішек инфекциялары бірінші орындардың біреуін алып тұр. Жыл сайын осы инфекциялардың 5 пайызы летальды болып аяқталады, әсіресе ерте жастағы балаларда. Сондықтан студенттердің балалардағы жұқпалы аурулар бойынша дайындықтың педиатрлардың профессионалдық деңгейінің көтерілуінің маңызды болып саналады.

Ботулизм - өте ауыр инфекциялық ауру. Ол Cl. Botulinumнің токсиндері жайылған және қоздырғыш микробтың өзі бар тамақты қолдану салдарынан пайда болады. Ботулизм организмді уыттандырып, көбінесе орталық және вегетативтік жүйке жүйесінің басым зақымдалуымен сипатталады. Ботулизм клостридиясы - анаэробты, жақсы қимылдайтын, спора түзетін таяқша. Оның ерекшелігі - ғылыми белгілі токсиндердің ішінде ең күшті нейротоксин түзетін қасиеті бар. Қоздырғыштың бірнеше түрлері бар: А,В,С,Д,Е,F,G. Адамдар үшін ең күшті патогенді токсиндер болып А,В,С түрлері саналады. Токсиннің әр түрге бөлінуі жасушада түзілетін токсиндердің антигендік құрылымының ерекшелігімен байланысты. Ботулизмнің қоздырғышы табиғатта кең тараған.оның тұрақты өсуі жерде (топырақта) болады, су, көкөніс, жеміс, тамақ арқылы адам мен жануарлардың, құстар мен балықтардың ішегіне түседі. Аталған объектілерде қоздырғыш химиялық және физикалық факторлардың әсеріне тұрақты спор түзеді. Ботулизм қоздырғышының вегетативтік түрі суға қайнатқанда 2-5 минуттың ішінде өледі. Кейбір штаммалардың спора түзетін түрлері, әсіресе А,В,С,F ыстыққа төзімділігі өте жоғары. Олар 1,5 сағат қайнатқанда өлмей, тек автоклавта ғана өледі. Ботулин токсині 70-80С-та жартылай ыдырайды. Ал қайнатқанда 5-15 минуттың ішінде толық ыдырайды.
Тақырып 2.4. Вирусты гепатиттер: «А», «Е», «В», «С», «Д». Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Гепатит А (ГА) –бауырдың зақымдалуымен жүретін және қатерсіз ағыммен сипатталып, толық айығып кететін, РНК-құрамды вируспен шақырылатын жедел инфекциялық ауру. ВГА (НАV) - бұл көлемі 26-28 нм болып келетін майда қабығы жоқ бөлік, электронды микроскоппен зерттегенде “бос” немесе “толық “ болып келеді. РНК-геном- бұл сызықтық, біреулік дөңгеленген молекула.

Гепатит Е (ГЕ) – РНҚ - құрамдас вируспен шақырылатын, фекальді –оральді механизммен берілетін (инфицирленген су арқылы) және клиникалық көрінісімен, ГА сәйкес сипатталатын жедел инфекциялық ауру. Вирусты гепатит Е (HEV) – вирус тәрізді бөлік, салыстырмалы түрде үлкен емес, диаметрі 26-34 нм сфералық формалы бір спиральді РНҚ құрайды, HАV – пен антигенді байланысы жоқ. Қазіргі кезде вирус Е калицинтәрізді вирустар қатарына жатқызылады.

Гепатит В, С, Д –бауырдың зақымдалуымен жүретін және қатерсіз ағыммен сипатталып, толық айығып кететін, РНК-құрамды вируспен шақырылатын жедел инфекциялық ауру. ВГ (НАV) - бұл көлемі 26-28 нм болып келетін майда қабығы жоқ бөлік, электронды микроскоппен зерттегенде “бос” немесе “толық “ болып келеді. РНК-геном- бұл сызықтық, біреулік дөңгеленген молекула.


Тақырып 2.5 Бруцеллез. Лептоспироз. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Сарып – адаммен малдарда кездесетін, жедел немесе созылмалы түрде өтетін жұқпалы ауру. Ауруды туыстығына жататын микробтар тудырады, ауру толқын тәрізді, рецидивті түрде өтеді, жалпы улану симптомы, көбінесе тірек-қимыл аппаратын зақымдалуымен сипатталады. Сарып инфекциясы – ауыл шаруашылығында үлкен социалдық-экономикалық шығын алып келедi және адамдарда үлкен асқынуларға алып келедi. Сарып мәселесі бойынша ҚР эпидемиологиялық жағдайы, 100 мың тұрғынның 12,3 құрайды. Аурудың тез дамуына мал-шаруашылығы бар аймақтар есептеледі, көбінесе балалар ауырады. 40 пайыз жағдайда ауру созылмалы ағымда өтеді, 10-15 пайыз инвалидизация болады. Қазіргі тексеру, емі, эпилемиологиялық қорғану, алдын-алу ұйымы, алғашқы 2 топқа бөлінген, ол аурудың төмендеуіне көмектеседі.

Лептоспироз – табиғи ошақты зооноздарға жатады, әр түрлi серотиптерiмен шақырылатын дене қызуының жоғарлауымен жалпы улану симптомдарымен, бүйрек, бауыр, зақымдауымен, типтi жағдайларда сарғаюымен, гемморрагилық ИТШ синдромымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Ауру адам сыртқы ортаға лептоспираларды бөлгеніменен инфекцияның таралуына оның ешқандайқатысы жоқ. Негізгі инфекция көзі болып кеміргіштер, үй жануарлары саналады. Лептоспироздың табиғи және антропургиялық ошақтарын ажыратады. Лептоспироз табиғи ошақты зооноздарға жатады. Өлім нәтижесі мен аяқталу жағынан 1-ші орындарда тұрады. Лептоспиралардың әртүрлі серотиптері мен шақырылатын дене қызуының жоғарылауы мен жалпы улану симптомдары мен бүйрек, бауыр жүйке жүйесінің зақымдалуымен геморрагиялық ИТШ синдромымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.

3 Бөлім. Ауа-тамшы жолдары арқылы жұғатын инфекциялар

Тақырып 3.1 Тұмау және басқа да ЖРВИ. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Тұмауқоздырғышы ауа-тамшы механизммен берілетін, эпидемия және пандемия тудыруға бейім, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен көрініс беретін, жедел респираторлы инфекция. Қоздырғышы – ортомиксовирустар туыстығына жататын РНҚ-ы бар вирус, Вирустың А,В және С серотиптері белгілі. Вирустар жоғары температураға төзімсіз, төменгі температураға өте төзімді. Әдеттегі физикалық және химиялық дезерітінділерге жылдам жойылады. Бөлме температурасында бірнеше сағатта, 50-60С-та бірнеше минуттың ішінде жойылады. Инфекция көзі ауру адам. Берілу механизмі аэрогенді, таралу жолдары ауа-тамшылы. Ауру адамнан ауаға бөлінген аэрозоль 1-3,5 метрге дейінгі қашықтыққа тарала алады.

Аденовирусты инфекция – жоғарғы тыныс жолдарының, көздің, ішектің кілегей қабаттарын және лимфоидты тіндердің зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру.

Тақырып 3.2 Менингококты инфекция.Дифтерия. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Менингококты инфекция – жедел респираторлы, бактериалды қоздырғышы ауа-тамшы жолмен берілетін, мұрын-жұтқыншақ кілегей қабатын зақымдаумен сипатталатын және инфекцияның жайылмалы түріне өтуге бейім болып келетін жұқпалы ауру. Қоздырғышы Neisseria meningitidіs, қозғалмайтын, грамм теріс, спора және капсула түзбейтін, морфологиялық тұрғыда «кофе дәндеріне» ұқсас микроорганизм. Беткейлік антигендеріне байланысты А, В, С, D, N, X, Y, Z және басқа да серотоптарын ажыратады, адам ағзасына А және В серотоптары аса уытты болып табылады. Менингококк жойылғанда эндотоксин бөледі, сыртқы ортаға төзімсіз, көптеген антибиотиктерге және дезинфекциялық ерітінділерге аса сезімтал. Менигококты инфекция – антропонозды жұқпалы ауру. Инфекция көзі болып ауру адам немесе бактериатасымалдаушы табылады. Аурудың берілу механизмі – аэрогенді, таралу жолы ауа-тамшылы, түшкіргенде, жөтелгенде және сөйлескенде сөл тамшыларымен сыртқы ортаға бөліну арқылы жұғады. Маусымдылығы күз- көктем айлары.



3.3 тақырып Бүйрек синдромымен сипатталатын геморрагиялық қызба (БСГҚ). Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Этиологиясы. Табиғи – ошақты аурулардың қазіргі уақыттағы қоздырғыш сипаттары. Жұғу механизмі. Ауру көзі. Клиникалық белгілері. Асқынулар және олардың алдын алуы. Диагностика және салыстырмалы диагностикасы. Емі. Алдын алу.

Практикалық сабақтар: жұқпалы аурулар бөлімшесінде жұмыс істеу.

4 Бөлім. Трансмиссивті инфекциялар

Тақырып 4.1 Індеттік бөртпе сүзек. Брилл-Цинссер ауруы. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Бөртпе сүзегі – жедел инфекциялық ауру, провацека рекетциялары шақыратын, биттер арқылы берілетін және қызбаның циклдық ағымымен тифозды жағдай мен өзіндік экзотемамен, сонымен қатар нерв және жүрек-тамыр жүйесінің жедел зақымдануымен сипатталады. Бөртпе сүзегі – трансмиссивті инфекция. Инфекция көзі тек қана адам, яғни эпидемиологиялық бөртпе сүзегі ауруы не Брилл ауруы. Қоздырғыш ауру адамнан биттер арқылы таралады. Биттің шағуынан зақымдану болмайды, негізінен бит безінің сілекейінен бөртпе қоздырғышы пайда болады.

Бөртпе сүзегі қоздырғышы (провацека рикециясы) ұзындығы 30-40 мкм. Майда микроорганизмдер, полиморфозды, Рамановский болуына – көкшіл, ядросы ашық-қызыл түске боялады. Тек қана тканьды культурада және тауық эмбрионында өседі.

Провацека рекетсиялары адам организміне түсіп, тамыр эндотелий клеткаларына еніп, интенсивті түрде көбейіп, одан қанға өтеді. Рекетсиялардан эндотоксин бөлініп, арнайы интоксикация дамиды. Рекетсиозды токсин тамыр кеңейткіш әсер көрсетіп, диффузды капилярлы стаз шақырады. Тамыр тромваскулит түрінде байқалады. Микроскопта тамыр зақымдануы, әсіресе капилярлар, прекапилярлар, артериолла және макрофагтардың арнайы бөртпе сүзекті гранулемасы немесе Павпова-Давыдовский түйіндері көрінеді. әсіресе бұлар бас миында, теріде, бүйрек үстінде, миокардта болады. Мұның бәрі бірден нерв жүйесінің функционалды жағдайы және қан айналысының бұзылуынан дамиды. Рекетсиялар органдар мен тканьдерде инкубациялық кезеңнің соңғы күндерінде, не операцияға дейінгі 3-6 күнде болады, кейбір рекетсия түрі сауығудан кейін, бірнеше жылдардан кейін, бөртпе сүзегінің қайталауынан кейін болуы мүмкін (Брилл ауруы).

Профилактикалық мероприятия халықтар арасына бағытталған. Дезинфекционды және ошақты дезинфекционды мероприятия, науқасты 25 күн бақылауы керек. Бөртпе сүзегіне қарсы вакцина: эпидемиологиялық көрсеткіштеріне қарай егу жасау.

Тақырып 4.2 Оба. Туляремия. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Оба – антропозооноз, дене қызуының көтерілуімен, өте айқын улану белгілерімен, терінің, лимфа түйіндерінің өкпе және басқа да ағзалар мен жүйелердің зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру.



Туляремия жеке дара нозология болып, 1912 жылы бөлініп шықты. Жобалау бойынша, 1887 жылы Астрахань облысында обаның, жеңіл түрінің пайда болуы белгіленген, бірақ анығына келгенде, ол туляремия болып шықты. Туляремия-убиквитарлы инфекция. Аурудың ошақтары Америкада (барлық штаттарында). Еуропада, Азия да кездеседі. Ресей мен Қазақстанда аурудың ошақтары диффузды орналасып үлкен территорияларда кездеседі. Қазақстан республикасында сырқаттанушылдық ,06-0,95 аралығында ресми түрде тіркеледі. 2002ж. аурудың 17 жағдайы (шығыс -қазақстан облысында-13), 2003ж.-15 (Шығыс-Қазақстан облысында-7, Солтүстік қазақстан облысында -4, Ақтөбе облысында-3 , 2004ж. -7 (шығыс-қазақстан облысында-5, Алматы облысында -2, 2005ж. -9 (Шығыс-қазақстан облысында -8, Ақмола облысында-1) ресми түрде тіркелген. Тулермияның қоздырғышын биологиялық қару ретінде қолдану мүмкін. Аэрозоль түрінде қолданғанда қоздырғыштың 10-50 микробы жетеді.

5 Бөлім. АИТВ-инфекциясы және сыртқы жамылғы инфекциялары

Тақырып 5.1 АИТВ-инфекциясы. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

АИТВ–инфекция - перкутантты зақымдалу механизммен жүретін, оппортунистік инфекция, қатерлі ісік және аутоиммунды эффектінің дамуымен болатын иммунды жүйені зақымдайтын өршімелі антропонозды ауру. Қоздырғышы – ретровирус әулетіне жататын (Retrovirus), баяу вирустар (Lentivirus) болып табылатын бірінші және екінші реттегі адамның иммунтапшылық вирусы (АИЖ-1,АИЖ-2) HIV-1, HIV-2, Human Immunodeufi ciency viruces, tupes I, II). Вириондар сфера тәрізді бөлікшелер диаме,трі 100-140 нм. Құрамында нуклеокапсид және суперкапсид болады. Нуклеокапсидте вирус геномы, ол қос тізбекті РНК және қайтымды транскриптазадан, екі қабатты ақ уызды футлярлы ревертазадан тұрады. Қабықша фосфолипид және гликопротеиннен тұрады. Глюкопротеин құрылымы қожайынын әртүрлі клеткаларын вирус троптылығын анықтайды HIV-CD4 –антигендердің ерекше ақуызды құрылымдарды мембранада тасымалдаушы клеткаларға тропты болады. Салмағы 120 кДж мембраналы вирусты гликопротеиндер нысана клеткалардың СД4 антигендерімен әсерлесіп, трансмембраналы gp 41 босап шығады, ол эндоцитоз арқылы вирусты геном және ревертазаның клетка ішіне енуін қамтамасыз етеді. Ауру жұқтырған адамдардың ағзасында HIV әртүрлі орталарда болып, көбіне көп мөлшерде қан, сперма, қынап бөліндісінде, ана сүтінде, жұлын сұйықтығында және ішкі мүшелерде аз мөлшерде көз жасында, сілекейде, тері бездерінің сөлінде болады. HIV сыртқа ортаға тұрақсыз. Ол 56С-та қыздырғанда 30 мин. қайнатқанда 1-5 мин. ішінде активтілігі төмендейді. Орта рН өзгергенде (1-ден төмен және 13-тен жоғары) әртүрлі дезинфектанттардың қалыпты концентрациясына (3% -ті сутек асқын тотығы ерітіндісі, 5%-ті лизол ерітіндісі, 0,2% натрий гипохлорид ерітіндісі, 20% этанол, эфир, ацетон және т.б) инактивацияланады. Бірақ ультракүлгін сәулеге және йондаушы радиацияға тұрақты.



Тақырып 5.2 Тілме. Сіреспе. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Тілме сыртқы тері жабындылар инфекциясына жатады. Инфекция көзіне қандайда болмасын стрептококкты ауруы бар адамдар, сондай-ақ бактерия тасымалдаушылар жатады. Тілме – терінің зақымдануымен, интоксикация белгілерімен, қайталамалы ағымымен сипатталатын инфекциялық-аллергиялық ауру. Бұл аурудың дамуында жұқпалы агентке қарағанда, жеке бейімділіктің ролі жоғары. Тілме науқастарының көбісі үйінде емдеуге қалдырылады. Ауру белгілерін уақытында анықтап, дұрыс емдеу оның қайталануларын болдырмауға септігін тигізеді, сондай-ақ басқа да терінің зақымдануларымен өтетін жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан ажырату диагнозын жүргізу үшін аталған тақырыпты оқып-үйрену қажет.

Сіреспе – қатерлі дерт, бұл аурудың қоздырғышы жарақаттанған тері және кілегей арқылы жұғады. Соңғы кездегі жарақаттанушылықтың жоғарылығына және оның түрлі мамандық дәрігерлерді практикасында кездесетіндігіне байланысты аталған аурудың тән клиникалық белгілерін, емін және жарақаттанған кездегі көрсетілген аурудың алдын алатын медициналық іс-шараларды жүргізуді меңгеруі тиіс.

Тақырып 5.3 Сібір жарасы. Құтыру. Листериоз. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Сібір күйдіргісі – жалпы уыттану белгілерімен, терінің серозды-геморрагиялық және некрозды зақымдануымен, лимфа түйідерінің және жайылмалы түрде ішкі ағзаларды зкақымдайтын, жедел бактериалды зоонозды инфекция. Сібір күйдіргісінің қоздырғышы – Bacillaceae туысына, Bacillus тұқымдастығына жататын, ірі спора түзетін, грам оң таяқша. Олар капсулалы және асоматикалық антигендерден тұрады, экзотоксин бөлуге қабілетті, белокты жиынтықтан тұратын және ісікті шақыратын протективті және леталды компоненттерден тұрады. Сібір күйдіргісінің қоздырғышының вегетативті формалары қайнатқанда және дезерітінділерге сезімтал. Көбінесе споралары шыдамды болып келеді. Олар топырақта бірнеше жылдар бойына сақталына алады. Спорацидті әсер ететін активті ерітінділерге мыналар жатады: хлорамин, ыстық формальдегид және сутегі тотығы.

Құтыру – адам өліміне әкелетін орталық жүйе жүйкесінің зақымдалуымен сипатталатын жануарлар мен адамдардың жедел зоонозды, вирусты жұқпалы ауру. Қоздырғышы – Rabdoviridae тұқымдастығына, Lyssavirus әулетіне жататын нейротропты вирус. Ол оқ тәрізді формаға ие. Өлшемі 80-180 нм, нуклеокапсиді бір жіпшелі РНҚ-нан тұрады. Вирустың 2 нұсқасы бар: көшелік (немесе «жабайы») – табиғи жағдайда жануарлар арасында өрбуші; фиксирленген – антирабиалық егулерді дайындау үшін қолданылады;сонымен қатар, табиғи биоварлар. Құтыру вирусының нейрондарында көбеюі БабешНегри денешіктерінің қатысуымен жүреді, қышқыл бояумен рубинді түске боялады. Қоршаған ортада тұрақсыз. Қайнатқанда 2 мин., 2-3 % лизол және хлорамин, 0,1% сулема ерітінділерінде тез өледі. Төмен температураға тұрақты.
4. Оқу-әдістемелік жабдықталуы
4.1. Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі:

1. Инфекционные болезни. Учебник для медучилищ. Антонов ТВ. - СПб.,

Специ­алист, 2000.

2. Сестринское дело при инфекционных болезнях с курсом ВИЧ-инфекции и эпидемиологии. Антонов ТВ., Антонов М.М., Барановская В.Б., Лиознов Д.А. -М., 2011.-300 с.

3. Инфекционные болезни с сестринским уходом. Муратбекова С.К., Лученко Н.В., Юрашик Л.Н. - Кокшетау, 2010.

Қосымша:

1. Атлас инфекционных заболеваний. Эмонд Р.Т.Д., Уэлсби Ф.Д., Роулэнд

Х.А.К. / пер. с англ. под ред. В.В.Малеева, Д.В.Усенко. - М., 2010. - 480с.

2. Муратбекова С.К., Сергалиева Н.С. «Жұқпалы аурулардағы мейірбикелік күтім». – Көкшетау, 2009.

3. Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии»

Рубашкина Л.А. - Ростов-на-Дону, Феникс, 2002.


4.2. Көрнекілік құралдар және ОТҚ:

1. Плакаттар

2. Стендтер

3. Проекторлар

4. Компьютерлер – 3

5. Ноутбук – 1


4.3. Тест тапсырмалары (158 тест тапсырмалары қосымша беріледі):

1) Мамандыққа кіріспе. Инфекцияның жалпы патологиясы туралы ілім. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және оларды емдеу принциптері. Инфекциялық қызметтің құрылымы. Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы және режимі. Жұқпалы аурулардың алдын алу негіздері және принциптері. Жұқпалы аурулар кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру – (13 тест).

2) Ішек инфекциялары (іш сүзегі, А және Б паратифтері. Шигеллез. Эшерихиоздар. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру, сальмонеллез, тырысқақ, тағамдық уытты инфекциялар, иерсиниоздар, амебиаз, ботулизм, А және Е вирусты гепатиттер, В, С, Д вирусты гепатиттер, бруцеллез, лептоспироз) – (70 тест).

3) Ауа-тамшы жолдары арқылы жұғатын инфекциялар (Тұмау және басқа да ЖРВИ, менингококты инфекция, дифтерия) – (20 тест).

4. Трансмиссивті инфекциялар (індеттік бөртпе сүзек, Брилл-Цинссер ауруы, оба, туляремия) – (30 тест).

5) Сыртқы жамылғы инфекциялары (АИТВ-инфекциясы, тілме, сіреспе, сібір жарасы, құтыру, листериоз) – (25 тест).

1 бөлім. Жұқпалы аурулар

1.1 тақырып

Мамандыққа кіріспе. Инфекцияның жалпы патологиясы туралы ілім. Жққпалы аурулардың диагностикасы мен емдеу принциптері. Инфекциялық қызметтің құрылымы. Жүқпалы аурулар ауруханасының құрылымы және режімі

Жұқпалы аурулардың таралуы туралы қысқаша тарихи мәліметтер. Жұқпалы аурулар танымының негізгі кезеңдері. «Инфекция», «инфекциялық үрдіс», «жұқпалы ауру» туралы анықтама. Жұқпалы ауруларымен сырқаттанатын науқас анамнезінің ерекшеліктері. Адам патологиясындағы жұқпалы аурулардың алатын орны. Инфекциялық үрдістің дамуы мен ағымының заңдылықтары. Оның циклі. Жұқпалы аурулардың жіті және созылмалы түрлері. Л.В. Громашевский бойынша жұқпалы аурулардың жіктелуі. Жұқпалы аурулар ағымының кезеңдері. Жұқпалы аурулармен күрес жүргізуде денсаулық сақтау жүйесінің жетістіктері. Ауру ағымы кезінде жеке симптомдарды анықтау. Жұқпалы ауруларды ерте диагностикалау принциптері. Зерттеудің зертханалық әдістері: вирусологиялық, бактериологиялық, серологиялық, паразитологиялық. Науқастарға кешенді этиотропты және патогенездік негізделген емдеу жүргізу принциптері. Ауруханаға жатқызу тәртібі. Жұқпалы аурулар кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.



Практикалық сабақтар: инфекциялық қызметтің құрылымы. Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы және режімі. Жұқпалы ауруларды ерте диагностикалау принциптері. Зерттеудің зертханалық әдістері: вирусологиялық, бактериологиялық, серологиялық, паразитологиялық. Науқастарға кешенді этиотропты және патогенездік негізделген емдеу жүргізу принциптері. Ауруханаға жатқызу тәртібі. Жұқпалы аурулар кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

1.2 тақырып Жұқпалы аурулардың алдын алу принциптері мен негіздері. Жұқпалы аурулар кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру

Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі принциптері, инфекция көзіне, таралу жолдарына, организмнің қабылдағыштығына қатысты жүргізілетін іс-шаралар. Дезинфекция, дезинсекция және дератизация түрлері және қолдану тәсілдері. Вакцинопрофилактика және серопрофилактика. Вакцина түрлері. Анатоксиндер. Сарысулар. Иммуноглобулиндер. Егу ісін ұйымдастыру. Эпидемиялық корсетімдері бойынша егу және жоспарлы түрде егу. Жұқпалы аурулардың алдын алудағы отандық денсаулық сақтау жүйесінің жетістіктері.



Практикалық сабақтар: науқасты жалпы қарап тексеру. Ауру ағымындағы басты симптомдар жиынтығын анықтау. Анамнезді (өмір, ауру және эпидемиологиялық анамнезі) дұрыс және мұқият жинау. Жұқпалы аурулармен сырқаттанатын науқастың жалпы жағдайын бағалау, мейірбикелік диагноз қою. Жұқпалы аурулар кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру. Жұқпалы аурулар бөлімшесінде (қабылдау бөлімшесінде, палаталық және бокстік типтегі бөлімшеде, емшара кабинетінде, ректоромоноскопия кабинетінде, палатада немесе қарқынды терапия бөлімшесінде) мейірбикенің атқаратын міндеті мен жұмыс істеу тәртібі. Жұқпалы аурулармен сырқаттанған науқастың жалпы жағдайын, медицина-санитариялық қажеттілігін анықгау, мейірбикелік диагнозды тұжырымдау, тәуелді жэне тәуелсіз іс-шаралардың көлемі, әріптестік.

2 бөлім. Ішек инфекциялары

2.1 тақырып Іш сүзегі, «А» және «Б» паратифтері. Шигеллез. Эширихиоздар. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру

Іш сүзегінің этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенсзі. Аурудың бастапқы кезеңінің негізгі клиникалық белгілері. Қызу қисық сызығының түрлері. Қазіргі жағдайда іш сүзегі ағымының ерекшеліктері. Асқынулары және олардың клиникалық белгілері. Ішектен қан кету жэне ішек ойықжарасы тесілуінің клиникалық белгілері, осындай жағдайларда мейірбикенің атқаратын міндеттері. Диагностикалау әдістері. Іш сүзегімен сырқаттанатын науқастарға күтім жасау ерекшеліктері. Іш сүзегінің қазіргі ағымы. Іш сүзегін диагностикалау эдістері. Зерттеудің гемокультурасына және серологиялық әдістеріне қан алу.

А жэне В паратифтерінің этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі. Науқастарға күтім жасау және оларды емдеу. Тамақтандыру тәртібі. Асқынулар кезінде науқастарға күтім жасау. Паратифтердің алдын алу. Ауруынан айыққан науқастарды ауруханадан шығару тәртібі.

Шигеллез. Анықтамасы, қазіргі уақытта науқастан бөлінетін қоздырғыштардың негізгі түрлері. Эпидемиологиясы. Аурушаңдылықтың маусымдылығы. Патогенезі. Шигеллез ағымының ерекшеліктері. Ағымының клиникалық формалары. Зертханалық диагностика. Нәжісті бактериологиялық зерттеу, копрологиялық талдау, зерттеудің серологиялық әдістері. Емдеу. Спецификалық емі. Бейспецификалық емі. Ауруынан айыққан науқастарды ауруханадан шығару тәртібі. Диспансерлік бақылау. Алдын алу.

Эшерихиоздар. Қоздырғыштардың негізгі түрлері. Эпидемиологиясы. Эшерихиоз ағымының ерекшеліктері. Ересектер мен балалардағы ағымының ерекшеліктері. Зертханалық диагностика. Нәжісті бактериологиялық зерттеу, копрологиялық талдау, зерттеудің серологиялық эдістері. Емі. Спецификалық емі. Бейспецификалық емі. Ауруынан айыққан науқастарды ауруханадан шығару тәртібі. Диспансерлік бақылау. Алдын алу.

Практикалық сабақтар: жұқпалы аурулар бөлімшесінде жұмыс істеу. Науқастарға курация жасау, іш сүзегімен, шигеллезбен, эшерихиозбен сырқаттанған науқастарға тәуелді және тәуелсіз іс-шаралар жүргізу көлемі, науқастардың жағдайын бағалау. Диагностикалау ерекшеліктері: гемокультураға алынған қанды бактериологиялық зерттеу, серологиялық зерттеуге қан алу. Емшара кабинетінде, кезекшілік орында жұмыс істеу. Науқастарға күтім жасау ерекшеліктері. Асқынулардың алдын алу, ішектен қан кету, тесілу кезіндегі мейірбике тәсілі.

2.2 тақырып Сальмонеллез. Тырысқақ. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру

Сальмонеллездің этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы. Жіктемесі. Туындайтын асқынулары (инфекциялық-уытты шоқ, бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі, инфекциялық-уытты миокардит). Шок кезінде жасалынатын реанимациялық іс-шаралар негізі.

Тырысқақ. Аса қауіпті жұқпалы ауруы ретіндегі ерекшеліктері. Қысқаша тарихи мәліметтері. Этиологиясы. Эль-Тор тырысқақ вибрионы, оның қасиеттері. Эпидемиологиясы. Тырысқақтың әр түрінің клиникалық ағымы. Материалды алу және зертханаға тексеруге жіберу тәртібі. Зертханалық диагностикасы. Емі. Тұзды ерітінділерді енгізу, регидратация принциптері. Венаға көп мөлшерде ерітінді жіберу кезінде медицина қызметкерінің көрсететін тәсілінің ерекшеліктері. Регидрациялық ем жүргізу кезінде науқасты бақылау. Антибиотиктерді қолдану. Симптоматикалық емі. Науқастарға күтім жасау ерекшеліктері. Тырысқақпен сырқаттанатын ауруханадағы науқаспен медицина қызметкерінің жұмыс істеу тәртібі. Карантин. Науқасты ауруханадан шығару тәртібі. Шет елдерден келетін инфекциялармен күрес жүргізу және олардың алдын алу шаралары. Науқасты оңашалау ережелері.

Практикалық сабақтар: науқасқа курация жасау. Басты синдромдарды анықтау. Білім алушыларды аурудың негізгі клиникалық белгілерімен таныстыру. Нэжісін қарау. Копрологиялық, бактериологиялық зерттеулерге нәжіс алу. Науқастарды рекгороманоскопияға дайындау әдістемесі. Қажетті дәрі-дәрмектер тізбесімен және тырысқақ ауруы пайда болған жағдайда медицина қызметкерінің арнаулы киімімен және науқасқа киілетін киіммен білім алушыларды таныстыру. Кезекшілік орында жұмыс істеу, дәрілерді тарату, науқастарды тамақтандыру.

2.3 тақырып Тағамдық уытты инфекциялар. Иерсиниоздар. Амебиаз.Ботулизм Мейірбикелік үрдісті үйымдастыру

Осы топ ауруларының жалпы сипаттамасы. Даму себептері: уытты инфекцияның дамуындағы әртүрлі тағамдардың алатын орны. Жеке ауру және топ болып ауру. Қоздырғыштары: стрептококктар, стафилакокктар, шартты патогенді микробтар. Инкубациялық кезең. Клиникасы. Диагностикалау үшін эпидемиологиялық анамнездің, клиникалық белгілердің, серологиялық реакция мен бактериалық талдаулардың (құсық қалдықтарын, асқазанды жуған суларды егу) маңызы. Патогенездік және симптоматикалық емдер. Интоксикациямен, токсикозбен күрес жүргізу. Науқасқа күтім жасау және оны тамақтандыру. Алдын алу шаралары.

Иерсиниоздар. Иерсиниоздардыңтабиғи ошақтары. Аурудыңтаралу ерекшелікгері және оның мәні. Клиникалық жіктемесі. Зертханалық диагностикалау- өсірінділерін бөлу және науқас қанының сарысуында арнайы антиденелерді табу. Саралау диагностикасы. Емі. Болжамы. Алдын алу.

Амебиаз. Этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі. Клиникалық жікгемесі. Негізгі клиникалық белгілері, шұғыл көмек көрсету. Тексеру және емдеу принциптері.

Ботулизм. Этиологиясы. Қоздырғыштарының түрлері. Микробтар мен токсиннің сыртқы ортаға төзімділігі. Эпидемиологиясы. Инфекция көзі және ботулизмнің берілу факторлары. Үй жағдайында консервіленген тағамдарды қолдану кезінде ауру қауіптілігінің өсуі. Қабылдағыштық. Иммунитет. Кездейсоқ және топ болып аурулар. Патогенезі, патологиялық анатомиясы. Ауру дамуында ботулин токсинінің мәні. Клиникасы. Инкубациялық кезеңі. Бастапқы кезеңінің белгілері. Сал болушылық, диспепсиялық синдромдары. Жалпы уыттылық. Ауырлық критерийлері. Қоздырғышты немесе ботулин токсинін анықтау үшін тағам өнімдеріне, құсық қоймалжыңына, асқазанды жуған суға, нәжіске, қан мен зәрге зертханалық зерттеу жүргізу. Биологиялық сынамалар. Емі. Ботулизмге қарсы спецификалық сарысумен емдеу, оның әдістемесі.

Практикалық сабақтар: науқастарға курация жасау. Клиникадағы басты симптомдар мен синдромдар. Инфекциялық-уытты шок белгілері. Шүғыл көмек көрсету. Бактериологиялық және серологиялық зерттеулерге материал жинау. Асқазанды жуу алгоритмі. Науқастарды және аспаптарды ректороманоскопияға дайындау. Ауызбен регидратация жүргізу. Кезекшілік орында, емшара кабинетінде, қабылдау кабинетінде жұмыс істеу.Ботулизмге қарсы сарысу енгізу алгоритмі. Емдік сарысуды енгізу кезінде асқынулардың туындауы және олардың алдын алу. Өкпені жасанды желдетуде жатқан науқасқа, тыныс алу жеткіліксіздігі бар науқасқа күтім жасау. Бауыр функциясының жіті жеткіліксіздігі бар науқастарға күтім жасау ерекшеліктері. Кезекшілік орнында, емшара кабинетінде, қабылдау бөлмесінде жұмыс істеу.

2.4 тақырып «А» және «Е», «В», «С», «Д» вирусты гепатиттер

Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру

Вирусты гепатиттер. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Негізгі клиникалық симптомдары мен синдромдары. Ағымының ерекшеліктері. Асқынулары.Диспансерлік бақылау. Алдын алу. Алғашқы көмек көрсету. Шұғыл көмек көрсету. Тексерудің негізгі принциптері. Саралау диагностикасы. Зертханалық диагностикасы. Емдәммен емдеу, күтім жасау. Кезекшілік орнында, емшара кабинетінде, қабылдау бөлмесінде жұмыс істеу.



Практикалық сабақтар: науқастарға курация жасау. Науқастарға күтім жасау. Ботулизмге қарсы сарысу енгізу алгоритмі. Емдік сарысуды енгізу кезінде асқынулардың туындауы және олардың алдын алу. Өкпені жасанды желдетуде жатқан науқасқа, тыныс алу жеткіліксіздігі бар науқасқа күтім жасау. Бауыр функциясының жіті жеткіліксіздігі бар науқастарға күтім жасау ерекшеліктері. Кезекшілік орнында, емшара кабинетінде, қабылдау бөлмесінде жұмыс істеу.

2.5 тақырып Бруцеллез. Лептоспироз. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру Қазақстандағы бруцеллезбен және лептоспирозбен аурушаңдылық. Аурушаңдылық себептері. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Негізгі клиникалық белгілері. Туындайтын асқынулар. Емдеу принциптері. Алдын алу.

Практикалық сабақтар: жұқпалы аурулар бөлімшесінде жұмыс істеу. Науқастарға курация жасау, зерттеудің клиникалық, диагностикалық критерийлері. Асқынудың алдын алу. Науқастарға күтім жасау. Кезекшілік орнында, емшара кабинетінде, қабылдау бөлмесінде жұмыс істеу.

3 бөлім. Ауа-тамшы жолдары арқылы берілетін инфекциялар

3.1 тақырып Тұмау және басқа да ЖРВИ. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру Диагностикалаудың және емдеудің негізгі принциптері. Тұмаудың этиологиясы.

Қоздырғышы туралы қазіргі түсініктер. «А» вирусының серотипі, эпидемиологиясы. Инфекция көзі. Жұғу механизмдері. Тұмаудың клиникалық жіктемесі. Туындайтын асқынулары және олардың алдынәалу. Диагностикасы, емі. Парагрипп. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Емі. Аденовирусты инфекция. Этиологиясы. Қоздырғыштары туралы қазіргі түсініктер. Эпидемиологиясы. Инфекция көзі. Жұғу механизмдері. Туындайтын асқынулары және олардың алдын алу. Диагностикасы. Емі. Алдын алу.



Практикалық сабақтар: науқастарға курация жасау. Шұғыл көмек көрсету, науқастарға күтім жасау. Кезекшілік орнында, емшара кабинетінде, қабылдау бөлмесінде жұмыс істеу.

3.2 тақырып Менингококты инфекция. Мейірбикелік үрдісгі ұйымдастыру Этиологиясы. Қоздырғышы. Оның негізгі қасиеттері. Эпидемиологиясы. Инфекция көзі. Аурудың таралуында менингококк тасушыларының алатын орны. Індеттің басталу кезеңі. Менингококты инфекциялардың жіктелу түрлері. Клиникалық синдромдары: инфекциялық-уытты шок, бүйрекбез функциясының жеткіліксіздігі, бас миының ісінуі. Нәтижесі. Диагностикасы. Емі. Алдын алу.

Дифтерия. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Ағымының клиникалық формалары. Диагностикасы. Емі және алдын алу. Дифтерияның спецификалық алдын алу.

Практикалық сабақтар: жұқпалы аурулар бөлімшесінде жұмыс істеу. Науқастарға курация жасау. Симптомдары мен синдромдарын бағалау. Бактериологиялық диагностика. Дифтерия ағымының түрлерін және жағдайының ауырлығын бағалау. Дифтерияға қарсы сарысу енгізу алгоритмі. Емшара кабинетінде, кезекшілік орнында жұмыс істеу. Дәрігерлік тағайындауларды орындау. Науқастарға күтім жасау. Стандарт бойынша емдік шараларды орнындау.

3.3 тақырып Бүйрек синдромымен сипатталатын геморрагиялық қызба (БСГҚ). Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Этиологиясы. Табиғи – ошақты аурулардың қазіргі уақыттағы қоздырғыш сипаттары. Жұғу механизмі. Ауру көзі. Клиникалық белгілері. Асқынулар және олардың алдын алуы. Диагностика және салыстырмалы диагностикасы. Емі. Алдын алу.

Практикалық сабақтар: жұқпалы аурулар бөлімшесінде жұмыс істеу. Науқастарға курация және күтім жасау. Кезекшілік орнында, емшара кабинетінде, қабылдау бөлмесінде жұмыс істеу.

4 бөлім. Трансмиссивті иифекциялар

4.1 тақырып Індеттік бөртпе сүзегі және Брилл-Цинссер ауруы. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру

Этиологиясы. Провачека риккетсиясының басты қасиеттері. Эпидемиологиясы. Індеттік бөртпе сүзегінің жұғу механизмдері. Қабылдағыштық. Иммунитет. Маусымдық. Аурушаңдылық. Патогенезі. Клиникасы. Асқынулары. Болжамы. Диагностикасы. Саралау диагностикасы. Емі. Алдын алу.



Практикалық сабақтар: жұқпалы аурулар бөлімшеде жұмыс істеу. Науқастарға курация жасау. Індеттік бөртпе сүзегі кезінде алғашқы көмек көрсету. Жауыржаралардың алдын алу. Қабылдау бөлмесінде, кезекшілік орнында, емшара кабинетінде жұмыс істеу.

4.2 тақрыып Оба. Туляремия. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру

Оба. Аса қауіпті, карантиндік инфекция. Этиопатогенезі. Негізгі клиникалық көріністері. Диагностикасы мен күтім жасау ерекшеліктері. Оба микробының табиғи резервуары. Обаның табиғи ошақтары. Патогенезі. Клиникасы. Клиникалық жіктемесі. Диагностикасы, емі. Айыққан науқастарды ауруханадан шығару тәртібі. Алдын алу.

Туляремия- табиғи-ошақтық ауру. Этиопатогенезі. Негізгі клиникалық көріністері. Тексеру, емдеу жэне күтім жасау принциптері. Алдын алу.

Практикалық сабақтар: жұқпалы аурулар бөлімшесінде жұмыс істеу. Сырқатнаманы талқылау. Обаға қарсы киетін костюмді кию және шешу ережелерімен таныстыру. Емшара кабинетінде, кезекшілік орнында жұмыс істеу. Дәрігерлік тағайындауларды орындау.

5 бөлім. АИТВ-инфекциясы. Сыртқы жамылғы инфекциялары

5.1 тақырып АИТВ-инфекциясы. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру

АИТВ инфекциясы. Эпидемиологиясы. Пандемия туралы түсінік. Диагностикалаудың, емдеудің және алдын алудың негізгі принциптері. Науқастарға күтім жасау ерекшеліктері. ЖИТС алдын алу.



Практикалық сабақтар: жұқпалы аурулар бөлімшесінде жұмыс істеу. Науқастарға курация жасау. Шұғыл жағдайлар кезінде көмек көрсету. Науқасты зерттеудің қосымша әдістеріне дайындау. Науқастарға күтім жасау ерекшеліктері.

Емшара кабинетінде, кезекшілік орында жұмыс істеу.



5.2 тақырып Тілме. Сіреспе. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру

Тілме. Этиологиясы, жіктемесі. Инфекция көзі. Клиникалық жіктемесі. Ағымының түрлері. Тексеру, емдеу және күтім жасаудың негізгі принциптері.

Сіреспе. Қоздырғышының басты қасиеті. Инфекция көзі. Жұғу механизмдері. Тексеру, емдеу және күтім жасаудың негізгі ерекшеліктері.

5.3 тақырып Сібір ойықжарасы. Құтырма. Листериоз. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру

Сібір жарасы. Инфекция көзі. Этиологиясы, эпидемиологиясы. Жұғу жолдары. Негізгі клиникалық көріністері. Диагностикалаудың және емдеудің негізгі принциптері. Сібір жарасы ағымының клиникалық түрлері. Зертханалық диагностикасы. Емдеу. Оңалту. Алдын алу.

Құтырма. Қоздырғышы. Жұқпалар көзі. Жұғу механизмдері. Негізгі клиникалық белгілері. Құтырманың алдын алуға арналған вакцинаны жасауда Луи Пастердің сіңірген еңбегі. Емдеу және күту қағидалары.

Листериоз. Қоздырғышы. Инфекция көзі. Жұғу механизмдері. Листериоз түрлерінің жіктелуі. Листериоздың созылмалы түрлері. Асқынулары. Болжамы. Диагностикасы. Зертханалық диагностикасы.

Ликворды зерттеу. Емі. Дұрыс емдеу және емдәммен емдеудің мәні. Листериоз кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру. Стандартқа сәйкес дәрігерлік тағайындауларды орындау.

Практикалық сабақгар: науқастарға курация жасау. Басты симптомдарды анықтау. Асқынулардың алдын алу. «Өкпені жасанды желдету» аппаргындағы науқасты қадағалау. Сіреспеге қарсы сарысу енгізу алгоритмі. Терішілік сынаманы жүргізу алгоритмі. Сібір жарасына қарсы гамма-глобулинді егу техникасы және әдістемесі. Науқастарға күтім жасау. Емшара кабинетінде, кезекшіпік орнында жұмыс істеу.

4. Білім беру үрдісін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қойылатын талаптар

Білім беру технологиясын таңдау «Эпидемиология мен жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі» пәні мазмұнының ерекшеліктеріне байланысты болып, мейірбике құзерттілігі аясында науқастарға күтім жасау бойынша білім алушылардың білімін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

МЖМБС сәйкес білім алушылар базалық, кәсіптік және арнайы біліктерді қалыптастыруға бейімделген модулді оқыту құрылымы енгізілді. Практикалық сабақтарды өткізу кезінде топты кемінде 8 адамнан тұратын топшаларға бөлу көзделген.

Оқыту кезінде қазіргі заманғы оқу-әдістемелік әдебиеттерді, жаңа оқулықтар мен анықтамалық құралдарды, электронды оқулықтар, мультимедиялық оқу бағдарламаларын қолдану ұсынылады.



5 Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау

Білімді бақылау үшін бастапқы, ағымды, аралық және қорытынды бақылау түрлері кіреді. Білім алушылардың бағдарламадағы материалдар мазмүнын меңғеру деңғейін тексеру үшін бақылаудың қазіргі кезеңдегі әдістері мен құралдары: тестілік тапсырмалар, жазбаша тапсыру жэне ауызша сұрау, жағдаяттық есептер және т.б. қолданылады. «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша қорытынды бақылау түрі эмтихан болып табылады.


6. Әдебиеттер және оқу құралдары

6.1 Негізгі әдебиеттер:

1.Инфекционные болезни. Учебник для медучилищ. Антонов Т.В. - СПб., Специалист, 2000.

2.Сестринское дело при инфекционных болезнях с курсом ВИЧ-инфекции и эпидемиологии. Антонов Т.В., Антонов М.М., Барановская В.Б., Лиознов Д.А. - М., 2011. -300 с.

3.Инфекционные болезни с сестринским уходом. Муратбекова С.К., Лученко Н.В., Юрашик Л.Н. - Кокшетау, 2010.

4. Жұқпалы аурулар. Маемер Ұ. А.- Алматы, 2008.

6.2.Қосымша әдебиеттер:

1.Атлас инфекционных заболеваний. Эмонд Р.Т.Д., Уэлсби Ф.Д., Роулэнд Х.А.К. / пер. с англ. под ред. В.В.Малеева, Д.В. Усенко. - М., 2010. - 480 с.

2.Муратбекова С.К., Сергалиева Н.С. «Жұқпалы аурулардагы мейірбикелік күтім». — Кокшетау, 2009.

3.Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии» Рубашкина Л.А. — Ростов-на-Дону, Феникс, 2002.

4. Жұқпалы аурулар. Дүйсенова А.Қ.- Алматы, 2009.

6.3.Оқыту құралдары:

1.Дидактикалық және көрнекі құралдар;

2.Диапозитивтер, оқулық фильмдер;

3.Қагаз жэне электронды түрде тасымалданган тестілер;

4.Қагаз жэне электронды түрде тасымалданган оқу-эдістемелік құралдар;

5.Тақырыптық плакаттар жиынтыгы.


Авторлар:

1.Л. А Умаргалиева - «Батыс Қазақстан медициналық колледжі» МКҚК жұқпалы аурулар пәнінің оқытушысы;

2. А. Х. Танкиманова - «Батыс Қазақстан медициналық колледжі» МКҚК жұқпалы аурулар пәнінің оқытушысы.
Сарапшылар:

1. Г. С. Нажимова – Орал қ. «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» ММ жоғары санатты дәрігер – инфекционист;



2. Е. А. Щеткина – Орал қ. «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» ММ жоғары санатты дәрігер – инфекционист.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет