№
Апта
|
Дәрістердің, практикалық, зертханалық және студиялық сабақтардың саны мен тақырыбы
|
Сағат саны
|
Дәстүрлі технологиямен
|
Лекция
|
прак.,лабор., студ. сабақтар
|
ОБӨЖ
|
1-апта
|
№1 лекция. Тақырып: Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философия пәні мен әдісі.
1.Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия. Философия даналыққа деген құштарлық ретінде.
2. Философияның сұхбаттық сипаты және оның эвристикалық мүмкіндіктері.
3. Философия пәні және әдістері.
|
1 сағ.
|
|
|
№1 семинар. Тақырып: Философияның пәні, функциялары мен міндеттері
1. Философияның анықтамасы және қарастыратын мәселелері.
2. Философияның атқаратын қызметтері(функциялары).
|
|
1 сағ.
|
|
№2 семинар. Тақырып: Философия және дүниетаным.
1. Дүниетаным, оның деңгейлері.
2. Дүниетанымның түрлері (формалары).
3. Дүниетанымның тарихи типтері: мифология, дін, философия және олардың өзара байланысы.
|
|
1 сағ.
|
|
№1 ОБӨЖ
Пәннің ұйымдастырушылық мәселелері мен силлабус мазмұны, сабақ тапсырмалары, бағалау саясаты бойынша кеңес беру
|
|
|
1 сағ.
|
2-апта
|
№2 лекция. Тақырып: Философия білім мен рухани қызметтің ерекше түрі ретінде.
1. Философия шындықты түсінудің ерекше формасы ретінде.
2. Философиялық ойлау түрі - сын және күмәндану.
3. Философиядағы негізгі мәселелер, бөлімдер мен бағыттар.
|
1 сағ.
|
|
|
№3 семинар. Тақырып: Философиялық білімнің ерекшелігі, оның құрылымы.
1.Философияның негізгі бөлімдері:онтология, гносеология, логика, аксиология, философиялық антропология, этика, эстетика, әлеуметтік және саяси философия.
2.Философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі.
|
|
1 сағ.
|
|
№4 семинар. Тақырып: Философияның негізгі бағыттары мен мәселелері.
Философияның негізгі мәселесі және оның екі жағы.
2. Материализм (оның формалары), идеализм (оның формалары), деизм, пантеизм, агностицизм, скептицизм – философияның негізгі бағыттары ретінде.
|
|
1 сағ.
|
|
№2 ОБӨЖ
1. Студенттің өзіндік жұмысты жоспарлау және орындау бойынша негізгі және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауға кеңес беру
|
|
|
1 сағ.
|
3-апта
|
№3 лекция. Тақырып: Сана, рух және тіл.
1. Жан, ақыл, парасат, рух.
2. Сана онтологиялық мәселе ретінде.
3. Философиядағы бейсаналықтың негізгі тұжырымдамалары (З. Фрейд, К. Г. Юнг).
4. Тіл және ұлт. Мемлекеттік тіл және ұлттық сана.
|
1 сағ.
|
|
|
№5 семинар. Тақырып: Сана философиялық мәселе ретінде.
Философиядағы сана мәселесі. Сананың мәні мен табиғаты.
2. Сананың құрылымы.
3. Сана мен ми. Ойлау және тіл.
4. Сана және өзіндік сана.
|
|
1 сағ.
|
|
№6 семинар. Тақырыбы: сана және бейсаналық: философиялықконцепцияларды салыстырмалы талдау
1. Философиядағы сана мәселесі.
2. Сана, бейсаналық. Бейсаналықтың философиядағы негізгі концепциялары (З. Фрейд, К.Г. Юнг).
3. Постмодерндік философиядағы сана және қазіргі заманғы мәдениет.
4. Жасанды интелект мәселесі, виртуальды шындық.
|
|
1 сағ.
|
|
№3 ОБӨЖ
1. Философияны оқытудағы негізгі түсініктер, негізгі бөлімдері бойынша кеңес беру
|
|
|
1 сағ.
|
4-апта
|
№4 лекция. Тақырып: Болмыс. Онтология және метафизика.
1. Философия тарихындағы болмыс ұғымы (Антикалық, Орта ғасыр, Жаңа заман, ХІХ ғ.)
2. Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Болмыс пен тіршілік. Мән мен болмыс.
3. Болмыс пен ойлаудың арақатынасы. Виртуалды шындықты философиялық зерделеу пәні ретінде талдау.
|
1 сағ.
|
|
|
№7 семинар. Тақырып: Болмыс мәселелері және онтологияның негізгі категорияларын талдау.
1. Философия тарихындағы болмыс ұғымы. Болмыс және бейболмыс. Болмыстың негізгі формалары және олардың өзара байланысы.
2. Онтологияның негізгі ұғымдары: мән, құбылыс, мазмұн, форма, жеке, жалпы, бүтін, бөлік, сан, сапа, өлшем, терістеу, себеп, салдар; қажеттілік, кездейсоқтық, мүмкіндік, шындық.
|
|
1 сағ.
|
|
№8 семинар. Тақырып: Философиядағы материя мәселесі.
Философия тарихындағы материя мен субстанция ұғымы.
Материяның философиялық және ғылыми-жаратылыстанулық түсінігі.
Қозғалыс материяның өмір сүру тәсілі ретінде. Кеңістік пен уақыт материяның өмір сүру формалары ретінде
|
|
1 сағ.
|
|
№4 ОБӨЖ
1. Философияның негізгі бөлімдері бойынша кеңес беру
|
|
|
1 сағ.
|
5-апта
|
№5 лекция. Тақырып: Таным және шығармашылық.
1. Таным философиялық мәселе ретінде.
2. Танымның мүмкіндіктері мен шекаралары: танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм.
3. Таным және шығармашылық. Шығармашылық және түйсік.
|
1 сағ.
|
|
|
№9 семинар. Тақырып: Таным философиялық мәселе ретінде.
1. Дүниенің түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм.
2. Таным адамның әлемге деген көзқарасының негізгі тәсілі ретінде.Танымның объектісі мен субъектісі.
3. Сезімдік және рационалдық таным, олардың түрлері.
4. Философиядағы ақиқат мәселесі.
5. Практика – ақиқаттың өлшемі.
|
|
1 сағ.
|
|
№10 семинар. Тақырып: Таным және шығармашылық.
1. Таным түрлері (қарапайым, көркем, философиялық, ғылыми)
2.Шығармашылық таным принципі ретінде.
3. Таным процесінде қиял мен түйсіктің рөлі.
|
|
1 сағ.
|
|
№5 ОБӨЖ
Эссе жазу бойынша кеңес
|
|
|
1 сағ.
|
6-апта
|
№6 лекция. Тақырып: Білім, ғылым, техника және технологиялар.
1. Қазіргі ғылымның жетістіктері және олардың себептері.
2. Ғылым құндылықтары.
3. Ғылыми-техникалық прогресс мәселелері және қазіргі ғылымның даму перспективалары.
4. Қазіргі ғылым және этика.
|
1 сағ.
|
|
|
№11 семинар. Тақырып: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника.
1.Ғылыми танымның ерекшелігі. Әдіс мәселесі. Ғылыми таным әдістері.
2.Эмпирикалық таным және теориялық таным әдістері.
3.Қазіргі қоғамдағы ғылымның рөлі. Сциентизм және антисциентизм
4.Қазіргі әлемдегі ғылым мен технология.
|
|
1 сағ.
|
|
№12 семинар. Тақырып: Ғылым мен білімнің философиялық аспектілері
1. Ғылымдардың жіктелуі: Аристотель, әл-Фараби, Ибн-Сина, Ф. Бэкон, Г. Гегель, О. Конт.
2. Қазақ ағартушылық философиясындағы білім және ғылым мәселесі (Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин)
3. Қоғам өміріндегі ғылымның рөлін бағалаудағы қайшылықтар.
3. Ғылымды білім, қызмет және әлеуметтік институт ретінде талдау.
4.Қазіргі білім берудің даму тенденциялары
|
|
1 сағ.
|
|
№6 ОБӨЖ
1. Аралық бакылауға дайындалуға кеңес беру
|
|
|
1 сағ.
|
7-апта
|
№7 лекция. Тақырыбы: Адам.
1.Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі.
2. Ежелгі Үнді діни-философиялық ілімдеріндегі адам мәселесі.
3. Конфуцийшылдық және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел (инь/ян) бастамалары.
4. Антикалық философия тарихындағы адам бейнелері (Пифагор, Протагор, Сократ, Платон, Аристотель және т.б).
5. Христиан антропологиясы: адам – Құдайдың бейнесі ретінде (А. Августин, Ф. Аквинский).
6. Қайта өрлеу дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігі (Пико делла Мирандола). Жаңа заманның механикалық антропологиясы: адам – «дене» және адам – «машина» (Ж. Ламетри). Б. Паскаль: адам – «ойлаушы қамыс».
|
1 сағ.
|
|
|
№13 семинар. Тақырып: Қазіргі философиядағы адам мәселесін салыстырмалы талдау тәжірибесі.
1. Адамның мәнін маркстік тұрғыдан түсіну.
2. Ф. Ницше философиясындағы «аса күшті адам». Адам және оның әлемдегі болмысы: экзистенциализм. Іскер адам: прагматизм.
3. ХХ ғасыр философиясындағы адам мәселесі. (Э.Кассирер, И.Хейзенга, Г.Маркузе, М. Шелер, Х. Плеснер, А. Гелен).
4. Қазақ философиясындағы адам мәселесі. Адам мәселесінің Абай даналығында бейнеленуі. Шәкәрімнің адамның өмірмәндік бағдары туралы экзистенциалдық рефлексиясы.
|
|
1 сағ.
|
|
№14 семинар. Тақырып: Адамның шығу тегі мен мәні.
1. Антропосоциогенез: адамның қалыптасу процесі. Антропогенез факторлары (практикалық қызмет, әлеуметтік және адамгершілік нормалар, сөйлеу және т.б.).
2. Адамның мәні мен табиғаты. Адамдағы биологиялық және әлеуметтік бірлік. Адамның тұтастығы.
3. Адам, индивид, индивидуалдылық, тұлға. Тұлғаның генезисі. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлғаның дербестігі мен тұтастығы.
4. Қазіргі жаһандық әлемдегі және ақпараттық мәдениеттегі адам мәселесі.
|
|
1 сағ.
|
|
№7 ОБӨЖ
1. «Абай философиясындағы адам мәселесі» тақырыбына эссе дайындап тапсыру (500-600 сөз).
|
|
|
1 сағ.
|
8-апта
|
№8 лекция. Тақырып: Өмір мен өлім. Өмірдің мәні.
1. Адам болмысының категориялары: бақыт, сенім, өмір және өлім.
2. Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы. Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну. Уақыт, мәңгілік және мақсат.
3. Қорқыт дүниетанымындағы мәңгілік өмір мәселесі және Қожа Ахмет Йассауидың мистикалық дүниетанымы.
4. Махаббат – адамның өмір сүру мәні. Абай философиясындағы махаббат мән-мағына туғызатын бастама ретінде.
|
1 сағ.
|
|
|
№15 семинар. Тақырып: Күнделікті тәжірибеде өмір мәнін іздеудің маңызды қырлары: философиялық талдау
1. Философиялық ой тарихындағы өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм.
2. Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну. Уақыт, мәңгілік және мақсат.
3. Қорқыттың дүниетанымындағы өлместік мәселесі.
2. Қожа Ахмет Яссауидің фалсаф дәстүріндегі мистикалық дүниетанымы
|
|
1 сағ.
|
|
№16 семинар. Тақырып: Адам өмірінің мәні мен мақсаты.
1. Адам өмірінің мәні мен құндылығы.
2. Өлім мен өлместік философиялық және жеке мәселе ретінде. «Өлім құқығы» туралы пікірталас. Эвтаназия мәселесі.
3.Өмірдің мәні қазақ философиясының негізгі категориясы ретінде
|
|
1 сағ.
|
|
№8 ОБӨЖ
АБ 1 сұрақтарына жауаптар 1 (ауызша)
|
|
|
1 сағ.
|
9-апта
|
№9 лекция. Тақырып: Этика. Құндылықтар философиясы.
1. Аксиология және адамгершілік. Құндылықтар теориясының негіздері.
2. Этикалық нормалар мен құқық нормалары. Этикалық категориялар (парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік).
3. Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және бұлжымас императив теориясы (И. Кант).
4. Жүсіп Баласағұн философиясындағы әділеттілік мәселесі.
5. Қазақ халқының озық ұлттық этикалық құндылықтарын сақтап, дамыту – рухани жаңғырудың алғышарты және негізі.
|
1 сағ.
|
|
|
№17 семинар. Тақырып: Этика мораль мен адамгершілік туралы ілім ретінде.
1. Этиканың негізгі мәселелері: жақсылық пен жамандық, борыш, бақыт, өмірдің мәні.
2. Негізгі этикалық ілімдер: ізгілік этикасы, борыш этикасы, құндылықтар этикасы, утилитаризм. Л.Толстойдың зорлық-зомбылықсыз этикасы, М.Ганди; Альберт Швейцердің өміріне деген құрмет принципі.
3. Қолданбалы этика: саяси этика, адам құқығы, кәсіби этика, бизнестегі этика.
|
|
1 сағ.
|
|
№18 семинар. Тақырып: Құндылықтар философиясы.
1. Құндылықтар ұғымы. Құндылықтарды жіктеу.
2. Құндылықтардың түрлері: материалдық және рухани құндылықтар.
3. Қазіргі аксиологиялық теориялар (М.Шелер, Г.Риккерт, Р.Ингарден, Э.Фромм).
3. Қазіргі қоғамдағы рухани құндылықтардың дағдарысы. Батыс және шығыс құндылықтарының қайшылықтары.
|
|
1 сағ.
|
|
№9 ОБӨЖ
Презентацияны дайындау бойынша кеңес беру.
|
|
|
1 сағ.
|
10-апта
|
№10 лекция. Тақырып: Еркіндік философиясы.
1. Философия тарихындағы еркіндік ұғымы. Адам және оның еркіндігі (Б. Спиноза).
2. М.Хайдеггердің шығармаларындағы еркіндік пен шындықтың байланысы.
3. Бостандық пен жауапкершілік (Ж. П. Сартр). Еркіндік және абсурд (Альбер Камю).
4. Еркіндік тұжырымдамалары (Н.А. Бердяев),
5. Абайдың «толық адам» тұжырымдамасы. Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік пен тәуелсіздік идеялары.
|
1 сағ.
|
|
|
№19 семинар. Тақырып: Философиядағы еркіндік мәселесі.
1. Еркіндік түсінігі. Филоосфиядағы еркіндік мәселесі.
2. Бостандық пен қажеттілік. Еркіндік пен жауапкершілік. Еркіндік, әділдік, адамның өмірі мен қадір-қасиеті адамгершілік-құқықтық құндылықтар ретінде. Ерік бостандығы. Оң және теріс еркіндік
3. Еркіндік қазіргі демократиялық мемлекеттердің негізгі идеясы ретінде. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары. Саяси еркіндік. Ұлттық еркіндік.
|
|
1 сағ.
|
|
№20 семинар. Тақырып: Ерік бостандығы мәселесін түсіну және түсіндіру.
1.Жеке тұлғаны қалыптастыру шарттары, оның бостандығы, өмірді, табиғат пен мәдениетті сақтау үшін жауапкершілік.
2. Сөз және көзқарас еркіндігі.
3. Еркіндік пен шығармашылық – адамның мәдениетте шын мәнінде өмір сүруінің тәсілі.
|
|
1 сағ.
|
|
№10 ОБӨЖ
«Қазіргі Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары» тақырыбына презентация дайындап тапсыру (8-10 слайд)
|
|
|
1 сағ.
|
11-апта
|
№11 лекция. Тақырып: Өнер философиясы.
1. Философия мен өнердің өзара байланысы.
2. Эстетика философиялық білім саласы ретінде.
2. Антикалық эстетикалық ойлардың тарихы (софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б).
3. Ортағасырлық христиандықтың көркемдік-эстетикалық әлемі (А. Августин, И. Дамаскин).
4. Араб-мұсылмандық эстетика (Омар Хайям, әл-Фараби, Ибн Рушд, Ибн Араби, Руми).
5. Қайта өрлеу дәуірінің эстетикасы (Л. Б. Альберти, Леонардо да Винчи, А. Дюрер, М. Монтень, Эразм Роттердамский).
6. XVII-XVIII ғасырлардағы Жаңа заман эстетикасы және көркемдік практикасы (Дж. Локк, Р. Декарт, Вольтер, Д. Дидро, Ж. Руссо).
7. Классикалық эстетиканың негіздері (И. Кант, Г. Гегель, Ф. Шеллинг). XIX-XX ғасырдың екінші жартысындағы классикалық емес эстетика (Ф. Дьюи, Ж. П.Сартр, М. Хайдеггер).
|
1 сағ.
|
|
|
№21 семинар. Тақырып: Негізгі эстетикалық категориялар. Өнердің әлеуметтік рөлі мен функциялары.
1. Мәдениет пен өнердің өзара байланысы. Өнер ұғымы.
2. Өнер түрлері мен қызметтері.
3. Өнердің негізгі категориялары.
4. Адам өмірінің эстетикалық өлшемі. Эстетикалық тәрбие.
5.Қазақ халқының өнер философиясы. Қобыз ұлттық аспаптары, домбыра көшпенділердің рухани мәдениетінің көрінісі ретінде. Қазақтардың дәстүрлі музыкасының ерекшеліктері. Күй-қазақ өнерінің феномені.
|
|
1 сағ.
|
|
№22 семинар. Тақырып: Философия және өнер.
1. Қазіргі заманғы өнер кезеңдері: авангард, модернизм, постмодернизм
2. Философия және өнер. Өнер – мәдениет феномені ретінде.
3. Қазіргі көркем мәдениеттің құрылымы. Элиталық өнер. Бұқаралық өнер. Халық шығармашылығы.
4. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдың тенденциялары мен қайшылықтары. Цифрлық дәуірдегі өнер.
|
|
1 сағ.
|
|
№11 ОБӨЖ
Реферат жазу бойынша кеңес беру.
|
|
|
1 сағ.
|
12-апта
|
№12 лекция. Тақырып: Қоғам және мәдениет.
1.Қоғам философиялық ұғым ретінде.
2.Антикалық, орта ғасырлар мен жаңа заманның әлеуметтік ойлары.
3. К.Маркс: таптық қоғам. К. Поппер «Ашық қоғам» идеясы.
4. Мәдениет, оның табиғаты мен мәні.
5. Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар (З. Фрейд, Н. Данилевский, О. Шпенглер, К. Леви-Строс).
|
1 сағ.
|
|
|
№23 семинар. Тақырып: Қоғам. Мәдениет.
1. Қоғам ұғымы.
2. Қоғам өмірінің негізгі салалары.
3. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
4. Қоғам түрлері. Индустриалды қоғам теориясы (Р.Арона, у Ростов, о. Тоффлер және т. б.). Дэниел Беллдің постиндустриалды қоғам тұжырымдамасы. Ақпараттық қоғам. Ашық қоғам. Мануэль Кастельс желілік қоғамының тұжырымдамасы. Модернизация. Урбанизация. Мәдениет және коммуникация.
4. Мәдениет ұғымы. Материалдық және рухани мәдениет.
|
|
1 сағ.
|
|
№24 семинар. Тақырып: «Қоғамдық сана» феномені: формалары, құрылымы, мәні.
1. Қоғамдық сана ұғымы.
2. Қоғамдық және жеке сана, олардың өзара әрекеті.
3. Қоғамдық сана деңгейлері: әлеуметтік психология және идеология.
4.Қоғамдық сана: деңгейлер, формалар, мәні.
|
|
1 сағ.
|
|
№12 ОБӨЖ
«Қазақстанның қазіргі дамуының басымдықтары аясындағы прагматизм философиясы» тақырыбында реферат дайындау
|
|
|
1 сағ.
|
13-апта
|
№13 лекция. Тақырып: Тарих философиясы.
1. Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау.
2. Антикалық кезеңде тарих түсінігі мен уақыт туралы түсініктердің байланысы.
3. Орта ғасырлардағы және Қайта өрлеу дәуіріндегі тарих философиясы (эсхатология, Августиннің тарихнамасы, Д. Виконың тарихи цикл теориясы).
4. Тарихты десакрализациялау: білім беру тұжырымдамалары. Г. Гегельдің тарих философиясы. Тарих және оның қозғаушы күштері жайлы маркстік түсінік.
5. Тарихтың «сыни» философиясы: Дильтей, Риккерт, Ясперс және белдеулік уақыт ұғымы. О. Шпенглер мен А. Тойнбидің тарихнамасы.
6.Қазіргі заман философиясындағы «тарихтың мағынасы», «тарихтың соңы» мәселелері.
|
1 сағ.
|
|
|
№25 семинар. Тақырып: Тарихтың мәні, бағыты мен мақсаты.
1. Тарихи процестегі заңдылық пен кездейсоқтық. Қоғам дамуының революциялық және эволюциялық жолы.
2. Тарихи процестің субъектілері мен қозғаушы күштері.
3. Тарихтағы халық бұқарасы мен тұлғаның рөлі.
4. Әлеуметтік прогресс және оның өлшемдері.
5. Қазақ философиясындағы тарихи даму мәселелерін талдау. Асан Қайғы: Жерұйық философиясы. Қазақстан тәуелсіздігі тарихының философиясы. Қазақстанның эволюциялық дамуы – елдің гүлдену мүмкіндігі.
|
|
1 сағ.
|
|
№26 семинар. Тақырып: Қазіргі өркениеттің даму ерекшеліктері.
1. Қазіргі өркениет, оның даму ерекшеліктері мен қарама-қайшылықтары.
2. Қазіргі заманның жаһандық мәселелері: пайда болу себептері, негізгі белгілері, жіктелуі, шешу жолдары.
3. Жаһандану идеялары және адамзат қоғамының болашағы жайлы мәселе.
|
|
1 сағ.
|
|
№13 ОБӨЖ
1. Аралық бақылау сұрақтарын қарастыру. Аралық бақылау сұрақтарын тапсыру бойынша кеңес беру
|
|
|
1 сағ.
|
14-апта
|
№14 лекция. Тақырып: Дін философиясы.
1. Дін философиясының пәні мен мәртебесі. Діннің анықтамасы.
2. Діннің пайда болу тұжырымдамалары: эволюционизм (Э.Тейлор), діннің тұжырымдамасы (З. Фрейд), структурализм (К. Леви-Строс), Л.Фейербах, Ф. Шлейермахердің дін философиясы, С. Кьеркегордың діни философиясы.
3.Ұлттық діндердің философиялық және дүниетанымдық негіздері (индуизм, даосизм, синтоизм, конфуцийшылдық діні).
|
1 сағ.
|
|
|
№27 семинар. Тақырып: Діннің мәні, құрылымы және функциялары.
1.Діннің қоғамдық сананың формасы ретіндегі ерекшелігі.
2. Дін және өнер. Дін және философия. Ғылым және дін.
3. Діннің негізгі құрылымдық компоненттері: діни ілім (догматика), ғибадат (салттық әрекеттер жүйесі).
4. Зайырлылық және ар-ождан бостандығы.
|
|
1 сағ.
|
|
№28 семинар. Тақырыбы: Әлемдік діндер феномені.
1.Буддизм, оның негізгі бағыттары.
2.Христиандық, оның пайда болу тарихы және негізгі формалары.
3. Ислам. Исламның қалыптасу тарихы, оның догматикасы және тіршіліктің тарихи формалары. Сопылық (әл-Ғазали, Қожа Ахмед Яссауи).
4.Дін дамуының қазіргі тенденциялары. Дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен культтер
|
|
1 сағ.
|
|
№14 ОБӨЖ
Емтихан сұрақтарын талқылау
|
|
|
1 сағ.
|
15-апта
|
№15 лекция. Тақырып: «Мәңгілік Ел» идеясы және «Рухани жаңғыру» – жаңа Қазақстан философиясы.
1."Мәңгілік Ел" және "Ұлы Дала" идеясы.
2. Қазіргі Қазақстандағы жаңғырту үдерістері: әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени аспектілер.
3.Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. ХХІ ғасырдағы ұлттық сананы қалыптастыру мәселелері.
|
1 сағ.
|
|
|
№29 семинар. Тақырып: «Мәңгілік Ел» идеясы.
1. «Қазақстан – 2050» стратегиясы және ондағы басты мақсаттар мен негізгі міндеттер.
2. «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы: бастауы, мазмұны және Қазақстанның болашағы үшін тарихи маңызы.
|
|
1 сағ.
|
|
№30 семинар. Тақырып: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы – Тәуелсіз Қазақстан философиясының рухани бағдарлары.
1. Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы басты бағыттар мен құндылықтар.
2. Рухани жаңғыру бағдарламасында белгіленген негізгі жобалар және оларда белгіленген міндеттердің Қазақстанның дамуында алатын орны.
|
|
1 сағ.
|
|
№15 ОБӨЖ
АБ 2 сұрақтарына жауаптар 2 (ауызша)
|
|
|
1 сағ.
|
|
Барлық сағат :
|
15
|
30
|
15
|