Жұмыс бағдарламасы (силлабус) н 3



бет1/11
Дата27.09.2023
өлшемі285.37 Kb.
#478769
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ТАРИХ




Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус)





Н 3-1.1.37-2022
1 баспа 02.02.2022





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ



ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (СИЛЛАБУС)
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
Білім беру бағдарламасы: Барлық мамандықтар үшін
Кредит саны (ECTS): 5
Семестр: 1,2
Пререквизиттер: «Мәдениеттану», «Этнология», «Археология»
Постреквизиттер: «Әлеуметтану», «Философия»

Оқытушының аты-жөні: Байболов Ерлан Туйтебаевич e-mail: yerlan_bai@inbox.ru


Оқу форматы: аралас


Жұмыс оқу бағдарламасын (силлабусты) дайындауға жауапты кафедра – «Тарих және география» кафедрасы




*Ескерту: Құрметті студент! Пәнді оқу аяқталғаннан кейін, пәннің мазмұны және оқыту сапасы
жөнінде пікір жазуыңызды өтінемін. Ол үшін емтихан сессиясы кезінде толық қол жетімді
www.portal.tarsu.kz сайтында орналасқан «Пәнді студенттердің бағалауы» атты on-line
анкетаны толтыру керек.
Пәннің мазмұнының, бақылау сұрақтарының сапасы жөнінде және тағы басқа да
ұсыныстарыңызды еркін түрде баяндауыңызға болады.
Сіздің пікіріңіз пәннің сапасын жоғарылата түсу үшін маңызды екенін есіңізге саламыз.
Университет силлабуста көрсетілмеген талаптардың заңдық күші жоқ екендігі туралы ескертеді


Тараз 2022
Жұмыстық оқу бағдарламасы (силлабус) Ғылыми кеңесте бекітілген оқу бағдарламасы негізінде жасалған (Хаттама№11 «29» 06. 2022ж.)

Курс саясаты. Академиялық кезеңде «Қазақстан тарихы» пәні аралас оқытылады. Пән бойынша 55,5 сабақ өткізу қарастырылған, соның ішінде: 22,5 лекция, 33 практикалық және 15 оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОБӨЖ).




Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімдіжәне ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің жүріс-тұрысы университеттің ішкі ережелеріне сәйкес келуі керек.
Студент оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып,әрбір лекциялық және практикалық сабаққа дайындалуы қерек.
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі.4, 6, 8, 10, 12 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл - 10 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100% шамасымен бағаланады.
Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (РК 1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (РК 2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8 апталарының қосынды балы бірінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. 10, 12және 14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) юолады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды.
Лекция, практикалық сабақтар кезінде үй тапсырмалары беріледі. Пән бойынша 2 студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ) қарастырылған. СӨЖ бойынша тапсырмалар академиялық кезеңнің 3-ші аптасында беріледі.
Тапсырмалар мен материалдарды жүктеу үшін міндетті түрде университеттің ресми LMS– Сириус қолданылуы қажет. Оған кіру студенттің порталы арқылы орындалады.
Аталған курс бойынша академиялық кезеңнің 1-7 апталарында қосымша лекциялық және практикалық сабақтар GoogleClassroom веб-сервисінде өткізіледі. Пәннің коды бойынша (сабақ кестесінде көрсетілген) студент курсқа қосылуы керек. Пәнді оқу теориялық материалдан басталады: әрбір лекцияның оқу материалы «Лекция №_» тарауында орналасқан. Содан кейін студент практикалық сабаққа кіріседі. Оның материалы «Практикалық сабақ №_» тарауында орналасқан. Теориялық немесе практикалық сабақтарды игерубойынша қиындықтар және сұрақтар туындағанда, студент оқытушыға жүгініп, ОБӨЖ сабақтары кезінде талқылауға болады. ОБӨЖ сабағы (ОБӨЖ сабақ кестесі бойынша) аптасына бір рет Zoom платформасында өткізіледі. Пән бойынша тапсырмаларды студент міндетті түрде «№ Тапсырманы орындау» тарауында мерзімі көрсетілгенуақытта университеттің ресми LMS – Сириусқа (GoogleClassroom-ға қайталап) жүктеуі қажет.



1

Пәннің мақсаты мен міндеті

Қоғам, саясат жайлы ғылыми негізделген, дәйекті теориялық білім беру, студенттер санасында саяси ұғымдық ақпаратты қалыптастыру арқылы студенттердің саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін жетілдіру. Әлемдегі саяси жағдайлар мен Қазақстандағы саяси процестерді ұғынып, бағдарлай алуға, қоғам мен саясат жайлы өзінің дәйекті азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал ету.

2

Сағат саны

Лекция - 22,5 сағат
Практикалық сабақтар- 33 сағат
ОСӨЖ - 15 сағат
СӨЖ – 79,5
Барлығы – 150 сағат

3

Оқыту нәтижесі



-Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру;
-Қазақстанда Тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау;
-Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу; тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
-Болашақ тарихшы мамандар бойында деректерді іздеп табу, таңдау, жүйелеу және сыни талдай білу қабілетін қалыптастыру;
-Қазақстан тарихының ерекшеліктерімен студенттерді таныстыру және деректанулықұғымдық-терминологиялық аппаратын меңгеруге көмектесу;
-Деректерді талдау барысындағы білім жүйесін қалыптастыру және оны іс жүзінде пайдалана білу жолдарын көрсету.

4

Баға қою саясаты

1)Лекция материалдары бойынша тапсырмалар:
6 тапсырма *2 балл=12 балл
2) Практикалық жұмыс қорғау белсенділігі:
(4 зерт *1,5 балл)+(2 зерт*3 балл) +(9 зерт*2балл)+
(5 зерт*1,2балл)=36 балл
3)Студенттің өзіндік жұмысы(СӨЖ) :
6 тапсырма *2 балл=12 балл
1рубеж 30балл+2 рубеж 30балл = 60 балл

5

Қорытынды бақылау

экзамен (тест)

6

Техника талаптар

Zoom платформасы, университеттің ресми LMS - Сириус бағдарламасы



7

Негізгі және қосымша әдебиеттер



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет