Жұмыс барысы: теорияны пайдаланып сызбаны толтырыңыз: А. мүше атауы, асқорыту жүйесінің құрлысы мен қызметі В. Асқорыту процесі С. Асқорыту ферменттері. Теориялық материал


Ішек қабырғасындағы сөл ферменттері



бет2/2
Дата28.09.2024
өлшемі1.12 Mb.
#504086
1   2
4 Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар 1 (копия)

Ішек қабырғасындағы сөл ферменттері (ішек сөлі)

  • Қарын асты безінің ферменттері (қарын асты безі немесе панкреатин сөлі);

  • өт (бауырда жасалатын ).

    Аш ішекте астың қарапайым жай заттарға дейін ыдырауы жүреді. (ақуыздар—аминқышқылына дейін, майлар — глицерин мен май қышқылдары, көмірсулар-глюкозаға дейін) және қан мен лимфаға сіңірілуі жүреді. Абсорбция (сіңірілу) – адам ағзасының ұлпасы арқылы сұйық заттар мен басқа да қоректік заттардың сорылуы мен сіңірілуі. Аш ішектің ішкі жағын бүрлер астарлап жатады, олардың саны 1см2 2500. Бүрлер жалпы сорылу бетін ұлғайтады. Бүрлер қабырғасы бір қабатты эпителийден тұрады, бүр ортасында лимфа және қантамырларының капиллярлары орналасқан. Лимфаға май қалдықтарының өнімдері енеді, ал қантамырына аминқышқылдары мен жай көмірсулары кіреді.

    Ішектегі асқорытудың ерекшелігі әлсіз сілтілік орта. Аш ішек - қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті мүше. Оның ұзындығы ересек адамдарда 5,5-6 метрдей. Аш ішектің қарыннан басталған 25—30 сантиметрдей бөлімі - ұлтабар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін өт қабының өзегі және ұйқыбездің де өзегі ашылады. Аш ішек ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі қабырғасында көптеген сақина пішінді қатпарлар бар. Сонымен бірге ашішектің сілемейлі қабықшасында бүрлер өте көп. Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән. Бұл бүрлер ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтады. Аш ішектің бұлшықет қабықшасындағы ішкі бұлшықет талшықтары сақина тәрізді, сырты ұзына бойы орналасқан. Аш ішек қабырғасындағы бұлшықет талшықтары, толқын тәрізді жиырылып тұрады. Осының нәтижесінде жеген тамақ ішектің ішімен алға қарай жылжып отырады


    Ақпаратты сәйкестендіріңіз: мүше- құрылысының ерекшелігі- қызметі



    1. ауыз қуысы

    1.сілемейлі қабат бүрлер түзеді, онда қантамырлар жүйесі мен лимфа капиллярлары бар.

    1.қоректік заттардың сіңірілуі

    2. аш ішек

    2. түтік 25 см. түтіктің жоғары жағы көлденең жолақты бұлшықет ал төменгі жағы бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жалпақ эпителиймен қапталған.

    2.ас механикалық үгітіледі, сілекей ферменті птиалин крахмалды қантқа дейін ыдыратады.

    3. қарын

    3.воронка тәрізді пішінде болады, ауыз қуысы мен өңешті қосады.

    3.Астың қорытылуы.

    4. өңеш

    4.өңеш қабырғасы тегіс бұлшықеттен тұрады, безді эпителиимен қапталған. Бездер қарын сөлін бөледі.

    4.астың жұтылуына көмектеседі, ол рефлекторлы түрде жүреді.

     5. жұтқыншақ

    5.тіс, тіл, сілекей бездері.

    5.астың қарын ішіне тасымалдануы.

    6.бауыр

    6. ұзындығы 1,5 м, сөл бөледі, бактериялар бар.

    6.жасунықтың ыдырауы, судың сіңірілуі.

    7.қарын асты безі

    7. өттің пайда болып, асқорыту кезінде ішекке өтеді.

    7. ақуыздың, көмірсудың, майлардың ыдырауы, инсулин гормонын бөледі.



    8.тоқ ішек

    8. фермент бөледі

    8.майлар эмульгациясы










    1__________ 2________ 3_______ 4______ 5_______ 6______ 7_______8__________

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет