Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы



Дата22.02.2016
өлшемі228.45 Kb.
#1709


Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30





Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Тарих, археология және этнология кафедрасы


«Ежелгі әлем мәдениеті» пәнінен


050114 – Тарих мамандығы үшін

Жұмыс оқу Бағдарламасы

Павлодар




Элективті пәндер каталогы негізінде әзірленген пәннің жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы





Форма

ПМУ ҰС Н 7.18.1/34


БЕКІТЕМІН
ОЖ проректор

___________ Н.Э.Пфейфер

«____»________2010 ж.


Құрастырушы ___________ аға оқытушы Е.К. Рахимов

Тарих, археология және этнология кафедрасы


«Ежелгі әлем мәдениеті» пәні бойынша


050114 – Тарих мамандығының студенттеріне арналған
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс оқу бағдарламасы 050114 – «Тарих» мамандығының элективті пәндер каталогы негізінде әзірленген


2010 ж. «___»__________ кафедра отырысында ұсынылған, №____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі __________ С.Н. Мамытова. 2010 ж. «___» _______
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

2010 ж. «_____»________, №____ хаттама

ОӘК төрағасы ____________ Қ.Қ. Батталов

КЕЛІСІЛГЕН

Тарих және құқық факультетінің деканы _____________ А.А. Ақышев

2010 ж. «____» ________


МАҚҰЛДАНДЫ

ОҮЖжӘҚБ бастығы ___________ А.А. Варакута. 2010 ж. «___»_______


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

2010 ж. «___»___________ №____ хаттама


1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

«Ежелгі әлем мәдениеті» пәні - мемлекеттің өркениет жолымен дамуының анықтаушы факторларының бірі өткен уақыт мәдениеттері дамуының деңгейі болатыны сөзсіз. Сондықтан болашақ тарихшы мамандардың әлемдік мәдениет жетістіктерімен танысуының маңызы зор. Ежелгі әлем елдері дамуының бастауы болған рухани, материалдық құндылықтар жетістіктерінен деректер беретін әдебиеттер білімі пәнді түсінуге мүмкіндік береді. Ежелгі әлем мәдениеті пәні алғашқы мәдениеттер дамуының өзекті мәселелерінен студенттерді хабардар етіп, шығармашылық ой өрісін жетілдіреді.

1.1 Пәннің мақсаты - Жоғарғы оқу орындарында тарихшы мамандарды дайындау әлемдік өркениет дамуының сатысын көрсететін ұғымдардың игерілуінсіз мүмкін емес. Сондықтан студенттер үшін Ежелгі әлем мәдениеті пәнін игеру міндетті. Осы пәннің меңгерілуі:

- ежелгі өркениеттердің мәдени жетістіктері туралы түсініктер мен білімді,

- өткен уақыт пен қазіргі заманның байланысын түсініп, болашаққа ой жіберу мүмкіндіктерін,

- тоқтаусыз өзіндік білімін жетілдіруді, тұлғалық жеке дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастырады.



1.2 Пәннің міндеттері:

  • Ежелгі әлем елдері мәдениетінің қалыптасуын және дамуы сатыларын білу;

  • ең үлкен танымдық қызығушылық туындататын пән құрлымымен, оның гуманитарлық білім жүйесіндегі орнымен танысу;

  • шығармашылық қызметке қызығушылық қабілетін дамытып, өз білімін жетілдіру сұраныстарын қанағаттандыру.

-Ежелгі әлем мәдениеті пәнінің негіздік құрылымын, әлемдік мәдениет пен өркениеттің тарихи дамуын бейнелейтін нұсқа мен өзекті мәселелерді;

- ежелгі мәдениеттердің қалыптасу ерекшеліктерін, оның тұрғындарының аңыздық, діни, ғылыми білімдерінің бастауларын; Материалдық құндылықтары, бейнелеу өнері жетістіктері, сәулет өнері туындылары туралы; әдет – ғұрпы, тұрмыс – салты, наным – сенімдері туралы білетін боласыз.

- ежелгі әлем елдеріне деген пікіріңізді шыңдап, оған деген көзқарасыңызды жетілдіріп, өзіндік жеке ой қалыптастыруды жүзеге асырасыз;

- ежелгі әлем мәдениетін зерттеуге атсалысып, оның мәдени жетістіктерін әлемге паш еткен ғалымдардың көзқарастарымен, пікір, пайымдауларымен танысасыз;

- сол тарихи дәуір адамдарының бағытты білім бастаулары, олардың ғаламдық діни түсінігі, адам өмірінің мәні, оның материалдық – рухани құндылықтары туралы пікір қалыптастыратын мүмкіндікті жүзеге асыра аласыз;

- ежелгі әлем мәдениетін зерттеуші ғалымдардың еңбектерімен, негізгі идеяларымен танысып, түпдеректік мәтіндермен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие боласыз;



- адамзат қауымдастығының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұраларының алғашқы үлгілерімен танысу сізге өз ортаңызда басқалармен сұхбаттың жаңа үлгілерін көрсетуге мүмкіндік береді.

2 Пререквизиттер. Бұл пән тарих мамандығының екінші курс студенттеріне міндетті түрде жүргізілуі керек, себебі бұл пән – «Мәдениеттану», «Ежелгі Қазақстан тарихы», «Ежелгі дүние тарихы» және т.б. пәндермен тығыз байланысты.

3 Постреквизиттер. Осы пән сонымен «Философия», «Әлеуметтану», «Саясаттану» пәндерімен жалғасып кетеді.
4 пәннің мазмұны
4.1 ПӘннің тақырыптық жоспары




Тақырыптың атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

дәр

тәж

зерт

студ.

жеке

СӨЖ

1

Кіріспе

1

-










2,5

2

Ежелгі Египет мәдениеті

-

1










2,5

3

Қос өзен мәдениеті

1

-










2,5

4

Ежелгі Үнді мәдениеті дамуының негізгі кезеңдері

-

1










2,5

5

Ежелгі Қытай мәдениеті дамуының негізгі бағыттары

-

1










2,5

6

Ежелгі Иран мәдениеті

1

-










2,5

7

Ежелгі еврей халқының мәдениеті

1

-










2,5

8

Антика мәдениетіне кіріспе

1

0,5










2,5

9

Архаика мәдениеті

1

1










2,5

10

Грек классикасы және эллинизм мәдениеті

-

1










2,5

11

Ежелгі Рим мәдениеті

1

1










2,5

12

Ежелгі әлем мәдениетінің жалпы адамзаттық маңызы

0,5

1










2,5

Барлығы:

7,5

7,5










30



4.2 ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ МАЗМҰНЫ

Дәріс І. Кіріспе

Ежелгі Шығыстағы мәдениет пен өркениет дамуының белгілері. Әлемдік өрекниет тарихындағы ежелгі Шығыстың алатын орны және оны оқып зерттеудің ғылыми алғы шарттары. Ежелгі әлем мәдениетін түсінудің негіздік мәселелері. Ежелгі мәдениеттердің өзіндік ерекшеліктері мен бірлігі үдерісінің О.Шпенглер мен К.Ясперс концепцияларындағы түсіндірмесі. Ежелгі Шығыс мәдениетін талдауға жасалған ғылыми талпыныстар. /В.Г.Гегель, С.Н.Крамер, т.б./. Ежелгі Шығыстың белдеулік уақытқа дейінгі мәдениеті. К.Ясперстің әлемдік мәдениеттердің алғашқыларының бірі ретінде Қос өзен мәдениетін ерекшелеуі. Қала, егін шаруашылығы, жазу өнері, дін және ғылым жетістіктері. Ежелгі Египет мәдениеті жетістіктері туралы. Практикалық білім ретіндегі математика, астрономия, медицина салаларының жетістіктері. Ғимараттар мен пирамидалар тұрғызудағы жетістіктер, дін жіне діни рәсімдер ерекшеліктері, иероглифтік жазудың дамуы. Ежелгі Шығыстың белдеулік уақыттағы мәдениеті. Ежелгі Индия мәдениетінің өзіндік ерекшелігі. Вед жазба деректерінің мәліметтері, діни философияның қалыптасуы және материалдық мәдениет жетістіктері. Ежелгі қытай мәдениеті. Конфуцилік әлеуметтік саяси этика және дао философиясы. Ежелгі Иран. Палестина.


Дәріс III. Қос өзен мәдениеті

Қос өзен аймағында Шумер және Аккад, Вавилон, Ассирия мәдениеттерінің қалыптасуы. Б.д.д. 5000 жыл бұрын Тигр мен Евфрат өзендері аңғарларын қоныстану, егін шаруашылығының дамуы, қала мәдениетін жасау, мемлекеттің пайда болуы. Шумерлерде: Ур, Урук, Киш, Лагаш, Адап қала мемлекеттерінің гүлденуі. Б.д.д. 24000 жылы Саргонның (Шаррукен) шумерлерді жаулап алып, Аккадқа бағындыруы. Шумер – Аккад мемлекетінің гүлденуі. Б д.д. 2000 жылдан 539 жылға дейінгі Вавилон мәдениеті. Хаммурапидің (б.д.д. 1800 ж.) патшалық құруы. Б.д.д. 14000 жылдан 600 жылдар аралығындағы құл иеленуші Ассирия мемлекеті. Б.д.д. 800 – 700 жылдар аралығындағы Ассирия мәдениетінің гүлденуі. Б.д.д. 1230 жыл шамасында Ассирия патшалығының Вавилонды жаулап алуы. Ассархаддон (681 – 669 ж.ж.) кезінде Вавилонның қалпына келуі. Ашшурбанипал (669 – 631 ж.ж.) билігі. Мидиялықтар мен Вавилондардың Ассирия астанасы Ниневияны қиратуы. Б.д.д. ҮІІ – ҮІ ғасырларда Навуходоносор – ІІ кезінде Вавилонның қайта өрлеуі. Б.д.д. 587 жылы Вавилонның Иерусалимді жаулап алуы.

Ежелгі қос өзендіктердің жазу өнері, діні. Шумер тілі пайда болуының құпиялылығы. Шумер тілінің Кавказ, этрус және түрік тілдерімен жақындығын түсіндіруге ұмтылған ғалымдар әрекеті. Аккад және ассириялық семит тілдерінің таралуы. Б.д.д. ҮІІІ – ҮІІ ғасырларда Қос өзен аңғарында арамей тілінің таралуы. Аккадтық сына жазуының діни мазмұнда және мемлекеттік мақсатқа қолданылуы. Жазу өнерінің гүлденуі.

Қос өзен аңыздары: Абзу бейнесіндегі тұщы су тұңғиығы, саздан жасалған Гора Кур, Иннан мен Дузума (Шумерлерде), Иштар мен Таммуз (Вавилонда), Гильгамеш ерліктері туралы айтылғандар. Қос өзендіктердің діни түсініктері «Илу»; (Ил, Эл, Илим, Элим, Элоах, Элохим, Аллах) сөздерімен белгіленген көптеген құдайлар туралы идеяларға негізделуі. Бұл атаулар «күшті», «күш» деген мағына береді. Бір қаланың басқа қалаларға әсеріне байланысты жоғарғы құдай деңгейіне әр түрлі құдайлардың ие болуы – Ан, Энки, Мардук т.б.



Дәріс VI. Ежелгі Иран мәдениеті

Ежелгі Иран мәдениетінің тарихи дамуы. Элам мемлекеті. Суздағы биліктің иерархиялық жүйесі. Эламның мәдени дамуының Қос өзен мәдениетімен байланысы. Б.д.д. ҮІІ ғ. Эламның Вавилонмен одағы. ІІ-Кир патша (б.д.д.); Парсы мемлекетінің астанасы Пасаргад; Кирдің Мидия патшасы Астиагты жеңуі (550 ж.), Вавлонды өзіне қаратуы (539 ж.). Кирдің массагеттерден жеңілісі (530 ж.). І-Дарийдің сақ тайпаларына жорығы. Тарихта бірінші әлемдік Ахеменидтер державасының құрылуы. А.Македонскийдің Шығысқа жорығы. Ахеменидтер державасының құлауы.

Б.д.д. ІІІ-мыңжылдықта ежелгі эламдық пиктографиялық сурет түріндегі жазудың жасалуы. Сосын сызықтық, буындық жазу өнерінің өмірге келуі. Саны 80-ге жеткен буындық белгілер тек шаруашылық мақсатында ғана емес, саяси және діни мәтіндерді жазуға да пайдаланылған. Ахеменидтер державасының ресми – арамейлік тілі. Ежелгі парсылық тастағы жазулар. Эламның пұтқа табынуы. Жоғарғы құдайлар - әйел құдай Пинекир мен күн құдайы Наххунта.

Зороастризм діні қайрымдылық пен жауыздық күштерінің күресі. Заратуштраның пайғамбарлық аңыздық бейнесі (б.д.д. Х-ҮІІ ғ.ғ.). Қасиетті кітап Авеста. Тарихшылардың Зороастра дінінің Қазақстан аймағында пайда болғаны туралы гипотезасы. Ахурамазда құдай. Әлемдік әділеттілік заңдары – Арта, Зервана, әлемдік себептілік заңы туралы түсініктер.


Дәріс VII. Ежелгі еврей халқының мәдениеті

Ежелгі Палестина, оның географиялық орны. Б.д.д. 1850 жылдарда Ыбраим жетекшілігімен семит тайпаларының Ханаан жеріне келуі. Израилдің Египет қол астына көшуі. Еврей халқының Египет қарамағынан шығуы. Мұса мен Иса. Өсиеттер (Мұса заңдары) еврейлер заңдарының негізі ретінде. Тайпалық және “аймақтық патшалықтардан” өзгеше қоғамның пайда болуы. Ханаанның жаугершілікке ұшырауы (б.д.д. 1200 ж. шамасы.). Жаңа мәдениет негізінің қалыптасуы.Інжіл әлемдік мәдениет ескерткіші ретінде. Оның мазмұны мен мәні. Ескі наным әлемдік әдеби мұра.

Израилдің алтын ғасыры (б.д.д. 1040 – 932 ж.ж.). иудейлер патшасы Сүлеймен тұлғасы (963 - 925). Сүлеймен храмының салынуы (961 ж.). Храмды 587 жылы халдейлердің қиратып, еврейлердің Вавилон құлдығына түсуі. Б.д.д 539 жылғы Вавилон құлдығынан құтылу және 515 жылы храмның қайта жаңғыруы. Б.д.д. 70 жылғы римдіктердің храмды қиратуы. Қираудан аман қалған храм бөлігінің иуда дінін тұтынушылар үшін қасиетті орынға айналуы.
Дәріс VIII. Антика мәдениетіне кіріспе

Антикалық мәдениет грек-шығыстық синтез салдары ретінде. Грек мәдениетінің пайда болуы мен қалыптауының ерекшеліктері: (порт, кома, төменгі қала, агора, экклезия). Полистің қалыптасуы: полистің ерекшелігі және оның номды мемлекеттен айырмашылығы. Космос туралы антикалық түсініктің қалыптасуы. Грек мәдениетіндегі «Дионисийлік басы» – космос қалыптасуының алғашқы этапы ретінде. Космос туралы мифтер. Грек космосы абсолют ретінде; Космос денелі-тірі организм ретінде. Гомердің космосы. Космостың сипаттамалары. Гесиодтың космосы. Пифагордың космосы, Платонның космосы. Адам – микрокосм және космос. Космос және болмыс. Антикалық космизмнің моделі. Кеңістік туралы антикалық түсінік. Кеңістіктің негізгі сипаттамалары. Уақыт туралы антикалық түсінік. Антикалық мәдениет еуропалық мәдениеттің матрицасы ретінде.

Антикалық мәдениет және оның өзгеше ерекшеліктері: космологизм, сұлулық, шама, үйлесімділік. Сұлулық пен үйлесімділіктің қағидалары. Антикалық мәдениеттің антропоцентризмі. Адам денесіне табыну. Сайыскершілік антика мәдениетінің принципі ретінде. Олимпиялық ойындар – антикалық агон ретінде. Пифийлік, Истмийлік, Немейлік ойындар. Антика мәдениетінің мейрамдылығы.
Дәріс ІХ. Архаика мәдениеті

Гесиодтың «Теогониясы» – ежелгі грек мифтерінің жүйеге келтірілуі. Құндылықтар шкаласы: байлық, рахымшылдық, еңбек, эргон, дике. Әлемнің мифологиялық және космологиялық өлшемі. Антикалық қоғамдағы тағдыр туралы түсінік. Архаикалық мәдениеттің архитектурасы. Архаикалық ордерлердің жүйесі: дорийлік және ионийлік. Коринфілік ордер.


Дәріс ХІ. Ежелгі Рим мәдениеті

Этрус мәдениеті. Этрус мифологиясы және өнері. Архитектура. Мифология және дін. Рим республикасының мәдениеті. Рим архитектурасының монументалдығы. Рим жолдарының салынуы. Аппиев жолдары. Рим қалалары және инженерлік құрылыстар: көпірлер, экведуктар, су құбырлары. Рим мүсіншілігіндегі портретті жанр.

Рим империясы. Рим мәдениетінің эллинделінуі. Рим амфитеатрлары: Коллизей, Пантеон. Триумфалды аркалар. Қалалық өмірді ұйымдастыру ерекшеліктері. Рим империясының мүсіншілігі. Рим философиясы және ғылым. Рим құқығы. Өнердегі «Августовтық классицизм».
Дәріс ХІІ. Ежелгі әлем мәдениетінің жалпы адамзаттық маңызы

Ежелгі грек мәдениетінің түстік рәміздері. Антикалық мүсіншілік. Антика мүсіншілігінің канондары. Антикалық театр: ежелгі грек театры, Ежелгі Рим театры. Антика әлеміндегі костюм. Антика әлеміндегі музыкалық мәдениет. Антикалық әдебиет.


4.3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ТІЗІМІ МЕН МАЗМҰНЫ
Тақырып 2. Ежелгі Египет мәдениеті

1 Ежелгі Египет өнері. Джосердің сатылы пирамидасы. Гизадағы пирамидалар кешені: б.д.д. Хеопстің, Хефреннің, Микериннің (ХХҮІІІ – ХХІІІ ғ.ғ.). Архитектор, астроном, дәрігер Имхотеп (Асклепий). Мүсіндеу өнерінің гүлденуі. Күн шіркеулері. Нахта, Мена, Рамос және басқалардың қабірлеріндегі жазбалар (б.д.д. 1408-1370 ж.ж.).

Нефертити бейнесі. Тутанхамон қабірі (б.д.д. ХІҮ ғ.).

2 Ежелгі Египеттегі ғылым бастауы, философиялық ойлар көрінісі. Сәулетті пирамидалар салу ғылым жетістігінің көрінісі ретінде. Қолданбалы математиканың дамуы, теңдесі жоқ 36 математикалық мәтін. Египет күнтізбесі, Ніл өзенінің тасуы мен қайтуы мезгілдерінің анықталуы.

3 Ежелгі діни мәтіндер (“Пирамидалар мәтіндері”). “Гераклеопольдық патшаның өз ұлы Мерикараға өсиеттері”.

4 Философия бастаулары: “Әміршінің өз құлымен әңгімесі”, “Арфистің өлеңі”, “Көңілі қалғанның өз жанымен айтысы”, күдік, скептиктік, болашаққа сенімсіздік.

5 Күн сағаттарын және су сағаттарын жасау. Құдайлар дәріптелген гимндер, лирикалық поэзия. Эдфу храмындағы кітапхана.

Тақырып 4. Ежелгі Үнді мәдениеті дамуының негізгі кезеңдері

1 Ежелгі Үнді өнері. Уақыт бойынша алғанда Инд өзені аймағында пайда болған хараптық өркениет дәуіріне жататын алғашқы сәулет және бейнелеу өнері ескерткіштері.

2 Қыш жазулар. Тік бұрышты жоспарлы салынған қалалар. Жан-жануарлар кескінделген мөрлер.

3 Ганга өзені аймағындағы алғашқы қалалар (б.д.д. 1500 – 1000 ж.ж.). Қала бекіністері. Терракоталар, бедерленген ақшалар.

4 Тас сәулет өнері (б.д.д. Ү ғ.).

5 Ежелгі Үндінің мүсіншілер мектептері.

6 Батыс Гатадағы алғашқы үңгірлік монастырлар. Маурийлік терракота, әйел бейнесін көрсететін мүсіндер.

7 Шунга стилінің дамуы (б.д.д.ІІІ ғ.). Матхурлық мектеп.

8 Аджантадағы қабырғалық ежелгі бейнелеу.
Тақырып 5. Ежелгі Қытай мәдениеті дамуының негізгі бағыттары

1 Қытайдың алғашқы қауымдық сенімдері. Ата-баба, Аспанға ғибадат, табыну. Қытай аңыздары.

2 Табиғаттың алғашқы бес элементі (ағаш, жер, су, от және металл) туралы ілім және қарама- қарсы күштер инь – ян. Конфуцилік, даолық, легистік, моистік философиялық ағымдардың қалыптасып, дамуы.

3 Иероглифтердің пайда болып, олардың санының көбеюі. Жазу өнерін жетілдіру. Математикалық білім мен техникалық өнертапқыштықтың жоғарғы деңгейі, кітап шығару, шойын балқыту. Жұлдыздар каталогінің жасалуы. Жыл ұзақтығының 365, 25 тәулікке дейін нақтылануы.

4 Цинь дәуірінде Қытайға будда дінінің енуі. Қытай білімінің негізі – “у цзин”(бес кітапша) және “сы шу” (төрт кітапша). Конфуций және даостық этикалық идеал. Отбасы және тәрбие.

Тақырып 8. Антика мәдениетіне кіріспе

Антика мәдениеті және оның кезеңге бөліну мәселелері. Антика мәдениетінің негізгі кезеңдері: грек колонизациясы кезеңі ( б.э.д. VІІІ-VІ ғғ.), эллинизм кезеңі (б.э.д. ІV-ІІІ ғғ.), римдіктердің жаулап алу кезеңі (б.э.д. ІІ-І ғғ.). Ежелгі Грек және Ежелгі Рим мәдениетінің динамикасының негізгі этаптары.

Крит-микен және гомерлік мәдениет антика мәдениетінің қалыптасуының басы ретінде Крит-микен мәдениеті ахейлік тайпалардың шығармашылық әрекеті ретінде. Криттің архитектурасы, мүсіншілігі. Ахей қалалары – Микен, Тиринф, Пилос. Микендік басилевсылар мен лавагеттер. Әскери-бюрократиялық құрама. Крит өркениеті. Микен мәдениетінің қалыптасуы. Жоғарғы қала. Микен өнері.

Гомер мәдениеті – Ежелгі Грек тарихындағы жаңа кезең. Гомер кезеңінің материалды мәдениеті. Гомер кезеңінің архитектурасы және өнері. «Илиада» және «Одиссея» – ежелгі гректердің ұлы эпикалық поэмалары. Көркем кәсібінің гүлденуі. Керамика. Грек мифологиясы. Грек мифологиясының демонизмы, зооморфизмы, антропоморфизмы. Гомер мәдениетінің түстік рәміздері.


Тақырып 9. Архаика мәдениеті

Грек мүсіншілігі. Құдайлардың, кейіпкерлердің және жауынгерлердің (куросов), корлардың бейнелері. Музыка, құмыра жазуының дамуы. Грек жазуының пайда болуы. Медицина және астрономия. Тарих және жағрафия. Натурфилософияның пайда болуы. Архаикалық кезеңнің лирикалық поэзиясы және театры.


Тақырып 10. Грек классикасы және эллинизм мәдениеті

Афиндік демократия және оның өзгешелігі. Афин азаматы туралы ұғымы. Афиндық экклесия (азаматтардың халықтық жиналысы). Ареопаг. Афиндық гелиэя (суд присяжных). Перикл (б.э.д. 444-429 жж.) және афиндық интеллектуалды элита.

Классика кезеңіндегі архитектура: Парфенон, Пропилен. Мүсіншілік. Фидий, Пракситель, Мирон, Поликлет, Скопастың шығармашылығы. Классика кезеңінің трагедиясы. Ежелгі грек трагедиясының катарсистік мінезі. Ежелгі грек трагедиясының ұлы жаратушылары: Эсхил, Софокл, Еврипид. Лисипптің шығармашылығының гүлденуі. Тарихтың дамуы. Философияның гүлденуі. Махаббат феномены. Өлім және оған қатынас.

Гректердің дүниетанымдық кеңістігінің кеңуі. Эллинизм кезнінің архитектурасы. Мозаика, сәндік мүсіншілік, әшекейленген керамика. Мүсіншілік. «Лаокоон». Эллинизм кезеңінің ғылымы. Эллинистік әдебиетінің жанрлары: мінез-құлықтар комедиясы, эпиграмма, элегия. Парк өнері және ойын-сауық ғимараттары. Қалалардың дамуы. Александрийлік кітапхана. Пайдея. Антикалық білім.


Тақырып 11. Ежелгі Рим мәдениеті

Антикалық көркем мәдениет. Антикалық мәдениет антика әлемінің өзгеше өнері ретінде: геометрика, архитектуралық форманың көлемі мен салмағы, фактура және түс, тектоника. Архитектуралық композицияның құралдары: ритм, пропорция, масштабтылық, симметрия. Архитектуралық ордердің мағынасы. Витрувийдің «Архитектура туралы он кітап» трактаты. Ежелгі Рим архитектурасы. Керамика өнері. Антикалық керамика. Құмыра жазу стилі.


Тақырып 12. Ежелгі әлем мәдениетінің жалпы адамзаттық маңызы

Ежелгі әлем мәдениеті – бүкіл адамзаттық мәдениеттің іргетасы. Көне өркениеттердегі мәдени және техникалық жетістіктер, олардың адами қоғамның дамуына ықпалы. Демократия – антик дәуірінің перзенті. Рим құқығы – қазіргі құқық жүйесін қалыптастырудағы ролі.



4.4 СТУДЕНТТердІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСтарЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі



СӨЖ түрі

Есеп беру нысаны

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындық

Конспект

Сабаққа қатысу

6

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындық

Жұмыс дәптері

Тәжірибелік сабақтарға қатысу

12

3

Қосымша тақырыптармен өздік жұмыс

Реферат

Баяндама

9

4

Межелік бақылауға дайындық

Бақылау жұмысы

МБ 1,2


3

БАРЛЫҒЫ

30


4.4.2 Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптарының тізімі

1. Әлемдік мәдениет тарихындағы ежелгі Шығыс. Ежелгі өркениеттер бастаулары. Ежелгі Египетің материалдық мәдениеті мәдениеті жетістіктері.

Ежелгі Египеттің рухани мәдениеті: діні, ғылымы, өнері салалары.

[4- 12-15бб.; 8- 15-18бб.; 12- 16-20бб. ]

2. Ежелгі өркениеттер бастаулары.

[8- 49-50бб.; 9- 80-99бб.; 12 - 26-35бб.]

3. Ежелгі қосөзендік Шумер - Аккад мәдениетінің жетістіктері.

[3- 52-59бб.; 4- 45-49бб.; 13- 26-29бб.; 15- 30-35бб.]

4. Үнді жеріндегі ежелгі мәдениет орталықтары. Ежелгі үнділіктердің рухани мәдениеті жетістіктері. [5- 47-49бб.; 6- 88-90бб.; 8- 25-28бб.]

5. Ежелгі Қытай мәдениетінің қалыптасуы. Материалдық мәдениет жетістіктері. Ежелгі Қытай философиясы және білі беру және тәрбие жүйесі.

[11- 66-38бб.; 7- 13-25бб.]

6. Ежелгі Иран мәдениеті. [ 17- 48-52бб.; 5- 35-38бб.]

7. Ежелгі Израиль мәдениеті. [18- 56-58бб.; 1- 35-38бб.]

8. Ежелгі Орта Азия мәдениеті (Соғды, Бактрия, Хорезм)

9. Ежелгі Корея мәдениеті

10. Ежелгі Жапония мәдениеті

11. Малай архипелагының ежелгі мәдениеті

12. Ежелгі кельт мәдениеті

13. Ежелгі Колумбке дейінгі Америка мәдениеті: майя,ацтектер

14. Ежелгі Перу мәдениеті: инктер



5 Ұсынылатын әдебиет
Негізгі:

  1. Багдасарьян Н.Г. Мәдениеттану. А.: Қазақ университеті, 2006

  2. Наурызбаева Ә. Мәдениет және ориентализм. А.: Жазушы, 2006

  3. Вигасин А.А. История Древнего Востока. Учебное пособие. М.: Дрофа, 2006

  4. Маркова А.Н. Культурология. История мировой культуры. М.: Юнити, 2006

  5. Петкова С.М. Справочник по мировой культуре и искусству. Ростов-на-Дону: Феникс, 2006


Қосымша:

  1. Ғабитов Т. Мәдениеттану. 3-басылым. А.: Раритет, 2004

  2. Ғабитов Т. Мәдениеттану. А.: Раритет, 2000

  3. Мәдениеттану негіздері. Оқу құралы. А.: Дәнекер, 2001

  4. Өмірбекова М.Ш. Сақ (скиф) тарихы мен мәдениеті. А.: Зият Пресс, 2004

  5. Нысанбаев Ә. Түркістан: Халықаралық энциклопедия. А.: Қазақ энциклопедиясы, 2000

  6. Арын Е.М. Шығыс және Батыс мәдениеттерінің тарихи, ғылыми, пәлсапалық мәні, олардың сабақтастығы. Павлодар: С.Торайғыров ат. ПМУ, 2007

  7. Ежелгі дүние тарихы пәнінің бағдарламасы. А.: Мектеп, 1991

  8. Веркутте Ж. В поисках потерянного Египта. Пер. С франц. М.: Астрель АСТ, 2005

  9. Вигасин А.А. Хрестоматия по истории Древнего Востока. М.: Восточная литература, 1997

  10. Кузищин В.И. История Древнего Востока. М.: Высшая школа, 2003

  11. История Древнего мира [электронный ресурс]. Загадки Сфинкса: МедиаХауз, 2000 – 1СD.

  12. Египет: тайны фараонов [Видеозапись]. Пирамида. Хоум Видео. – 2000.

1 ВК.


Мамандық(тардың) жұмыс оқу жоспарынан көшірме




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/32





050114 - Тарих мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме

«Ежелгі әлем мәдениеті» пәні


Оқу нысаны

Пәннің көп еңбекті қажет етуі

Семестр бойынша бақылау нысандары

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыс көлемі

кре-дит-тер

академиялық сағат

кре

дит


тер

Аудиториялық сабақ

(ак. сағат)



СӨЖ

(ак. сағат)



Бар-лығы

ауд

СӨЖ

емт

сын

КЖ-а

КЖ-с

бар-

лығы


дәр

пр.

зерт

бар

лығы


СӨЖМ

ЖОБ база-сындағы іштей

1

3

1

2

4

емт































4

1

15

7,5

7,5

-

30

15








































































ТАжЭ кафедрасының меңгерушісі



__________ С.Н. Мамытова. 2010 ж. «____» _________

(қолы)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет