Жұмысқа қажетті құрал – жабдықтар



Дата05.03.2023
өлшемі56.52 Kb.
#470426
жұмыс


Жұмыс 3. Көру аймаған аңықтау
Көзді бір нүктеде қозғалыссыз қадап қарағанда көрінетін кеңістікті көру аймағы деп атайды. Көру аймағын аңықтау – көздің торлы қабығы мен көру жолдары көрсеткіштерін анықтауға қолданылады.
Торлы қабықтың ортаңғы бөлігі айрықша көру өткірлігімен сипатталады. Мұндағы сауытшалар диаметрі кіші , әрі тығыз орналасады.
Торлы қабықтың перифеялық бөлігінің өткірлігі нашар. Оған себеп: перифериялық рецепторлардың ми қыртынсында жекеше өкілдік орталықтары болмайды. Сонымен қоса , орталықтан алыстаған сайын сауытшалар сирек орналасады және таяқшалы жасушалармен қоршалған келеді.
Торлы қабықтың шет жағы заттың бейнесін анық ажыратаалмағанымен , оның қозғалысын жақсы сезеді.
Жұмысқа қажетті құрал – жабдықтар: форстер периметрі , оған қажетті ақ және әр түсті дөңгелектер , сызғыш , қалыпты көз көру аймағына арналған стандартты қағаздар.
Форстер периметрі штативте қозғалмалы орналасқан металдан жасалған жарты шеңберден тұрады , онда бұрыштық градустары көрсететін шкала бар.
Зерттелетін көзге байланысты шеңбер әр түрллі деңгейде қойылады . Оның ортасында ақ нүкте орналасқан , оған зерттеуші көзін қадап отырады . Құралдың шативі зерттеушінің басын бір
деңгейде ұстап отыруға мүмкіндік береді.

Сурет 1. Форстер периметрі


Жұмыс барысы: Зерттеуші , периметрдің ішкі беті өте жақсы көрінетіндей қылып қойып орналастырады. Шативке иекті , оның жоғарғы шеті көздің төменгі жиегі деңгейінде сай келетіндей етіп қояды.Әрбір көздің көру аймағын жеке-жеке , зерттелмейтін көзді жауып қойып отырып ,анықтайды . Зерттеуші ашық көзін периметрдің ортасындағы ақ нүктеге қадайды.
Периметрдің жартылай шеңберлі бөлігін горизантальды күйге қояды да көзді доға орталығындағы ақ нүктеге қадайды. Эксприментатор ақырындап арнайы түсті нүктесі бар қондырғыны шеттен ортаға қарай қозғалтып , зерттелуші оны алғаш рет көрген нүктені белгілейді. Мұны екі қайтара анықтап , арнайы қағазға тіркейді. Онан соң көру аймағын басқа бағытта анықтап , онда да тіркеп алады. Енді периметрді вертикальді қойып , жоғарғы және төменгі шекараларын анықтайды. Тура осы әдіспен 15, 30, 60 , 90 градустарға доғаны бұру арқылы көру аймағының шекараларынын анықтайды . Неғұрлым анықтау нүктесі көп болса , соғұрлым анықтау нақтылы болады. Осы сияқты ақ түсті , қызыл , жасыл , көк , сары түстерге алмастырып , көру аймақтарын олар үшінде анықтайды.
Жұмыс нәтижесі және оны өңдеуге нұсқау: Алынған нүктелерді арнайы қағазға түсіріп , тиісті түсті сызықтармен қосыныздар. Стандартты көрсеткішпен алынған көру аймақтарын салыстырыныз. Неге басқа түсті заттарға қарағанда , ақ түс үшін аймақ үлкендеу?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет