Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы



бет1/3
Дата24.02.2016
өлшемі348.5 Kb.
#17944
  1   2   3


Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы «29» желтоқсандағы

№ 1772 қаулысына

1-қосымша
Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2011 жылғы 31 наурыздағы

№ 316 қаулысымен

бекiтiлген
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы


  1. Бағдарламаның паспорты




Бағдарламаның атауы


Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы

Әзiрлеу үшiн негiздеме

Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама




Әзiрлеуге және iске асыруға жауапты мемлекеттiк орган

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi


Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, мiндеттерге, нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге жауапты мемлекеттiк және өзге де органдар

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Бағдарламаның мақсаты


Жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуға жәрдемдесу

Бағдарламаның мiндеттерi

Өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және халықтың нысаналы топтары арасынан адамдарды жұмыспен нәтижелi қамтылуға тарту; Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн кадр әлеуетiн дамыту; Әлеуметтiк көмек көрсету жүйесiн жетiлдiру.


Бағдарламаны iске асыру мерзiмi және кезеңдерi 


1-кезең - 2011 (пилоттық)

2-кезең - 2012 – 2015 жылдар

3-кезең - 2016 – 2020 жылдар


Нысаналы индикаторлар 

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасында көзделген мiндеттердi iске асыру барысында 2020 жылға қарай мынадай нәтижелерге қол жеткiзу жоспарланып отыр:

Бағдарламамен 1,5 млн. дейiн адам қамтылатын болады;

2016 жылға қарай:

кедейлiк деңгейi 8,2 %-дан 6 %-ға төмендейдi;

жұмыссыздық деңгейi 5,5 % аспайтын болады;

өз бетiнше жұмыспен айналысатын халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың саны 2015 жылға қарай 56 %-ға дейін, 2020 жылға қарай – 75 %-ға дейін ұлғаяды.



Қаржыландыру көздерi мен көлемi

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын iске асыруға республикалық бюджетте:
2011 жылға – 37,4 млрд. теңге;
2012 жылға – 57,6 млрд. теңге;
2013 жылға – 94,7 млрд. теңге (оның ішінде 20 млрд. теңге шартты-қаржыландырылатын шығыстар);

2014 жылға – 100,6 млрд. теңге;

2015 жылға – 98,7 млрд. теңге көзделген.

Келесi жылдары Бағдарламаны қаржыландыру көлемi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттi тиiстi жоспарлы кезеңге қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.




2. Кiрiспе
Мемлекет басшысы өзiнiң 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында еңбек нарығының тиiмдiлiгiн арттыру, аз қамтылған, жұмыссыз мен өз бетiнше жұмыспен айналысушы халықты жұмыспен нәтижелi қамтуға жәрдемдесудiң белсендi бағдарламаларына тарту мiндеттерiн қойды.

Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы.

Әлеуметтiк-экономикалық өзгеру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсендiлiгi мен жұмыспен қамтылу деңгейi тұрақты өсуде. Соңғы 10 жылда жұмыспен қамтылған халық саны 6698,8 мыңнан 8141,4 мың адамға артты, ал жұмыссыздық деңгейi 2001 жылғы 12,8 %-дан 2010 жылдың соңында 5,5 %-ға дейін төмендедi. 

Жол картасы шеңберiнде жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң арнайы шараларын әзiрлеу және iске асыру әлемдiк қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерiне байланысты уақытша экономикалық қиындық жылдары да (2008 – 2010 жылдар) жұмыспен қамтудың жоғары деңгейiн сақтауға мүмкiндiк бердi.

Қазiргi уақытта жүзеге асырылып жатқан үдемелi индустриялық-инновациялық дамуға көшу, бiр жағынан, жұмыспен қамтудың одан әрi өсу мүмкiндiктерiн кеңейтедi, екiншi жағынан - еңбек нарығына жұмыс күшiнiң iшкi резервiн тартудың, еңбек ресурстарының сапасы мен экономикалық белсендiлiгiн арттырудың жаңа тәсiлдерiн әзiрлеудi және iске асыруды талап етедi.
3. Ағымдағы жағдайды талдау
Қазақстан Республикасында еңбек нарығын және жұмыспен қамту саласын реттеу 1991 жылдан бастап негiзiнен халықты жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламалары форматында жүзеге асырылды: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 маусымдағы № 833 қаулысымен бекiтiлген Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегi 2000 – 2002 жылдарға арналған бағдарлама, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 наурыздағы № 296 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003 – 2005 жылдарға арналған бағдарлама және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасы. 2008 – 2010 жылдарға жұмыссыздықтың өсуiнiң алдын алуға, жұмыспен нәтижелi қамтудың өсуіне жәрдемдесуге, жұмыс күшiнiң сапасын арттыруға және ұлттық еңбек нарығын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi iс-шаралар жоспары әзiрленiп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 20 қарашадағы
№ 1114 қаулысымен бекiтiлген болатын.

Алайда әлемдiк қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерiмен 2008 жылғы күзден бастап Қазақстан Республикасында өндiрiс қарқыны төмендей бастады, инфляцияның өсуi байқалды, жұмыспен қамтудың төмендеуi және тиiсiнше халық табысының азаюы белең алды. 264 кәсiпорын өндiрiсiн толық немесе iшiнара тоқтатты. Қырық мыңнан астам қызметкер iшiнара жұмыспен қамту режимiне ауыстырылды не ақысы төленбейтiн демалыстарға жiберiлдi. Жұмыссыз халық саны 559,3 мың адам болды (немесе экономикалық белсендi халықтың 6,6%).

Жұмыссыздықтың өсуi, қызметкерлердiң одан әрi босатылуы, әсiресе өндiрiстiң экспортқа бағытталған салаларында болжанды. Құрылыс, сауда, көлiк және байланыс салаларында да жұмыс орындарының қысқару қаупi күтілді.
Осындай жағдайда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi жұмыспен қамтуға, жұмыссыздықтың айтарлықтай өсуiне жол бермеуге, жұмыс орындарын сақтауға және жаңаларын құруға бағытталған арнайы Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын (Жол картасын) әзiрледi. 

Жол картасы шеңберiнде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарын (әлеуметтiк жұмыс орындары, жастар практикасы, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру) кеңiнен қолдану халықтың нысаналы топтары құрамындағы азаматтардың белсендiлiгiне ықпал еттi, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейi (4,7 %) алғаш рет елдегi жұмыссыздықтың жалпы деңгейiнен төмен көрсеткiште белгiлендi.

Жол картасының негiзгi нәтижелерi: шамамен 9 мың жоба iске асырылды; 392 мың жұмыс орны құрылды; шамамен 150 мың адам даярлауға және қайта даярлауға жiберiлдi, олардың жартысына жуығы жұмысқа орналастырылды; 192 мыңнан астам адам әлеуметтiк жұмыс орындарына және жастар практикасы шеңберiндегi жұмыс орындарына орналастырылды.

Дағдарыс жағдайында iске асырылған халықты жұмыспен қамтудың қысқа мерзiмдi стратегиясы – Жол картасы жұмыссыздық деңгейiнiң өсуiне жол бермеумен катар, оның деңгейiнiң 2009 жылғы екiншi тоқсандағы 6,9 %-дан 2010 жылғы желтоқсанда 5,5 %-ға дейін төмендеуiне қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi.

Жұмыспен қамтудың өсуi халық табысының артуы мен кедейлiк деңгейiнiң төмендеуiне негiз болды. Табысы ең төмен күнкөрiс деңгейiнен аз халық үлесi 2001 жылғы 46,7 %-дан 2006 жылғы 18,2 %-ға және 2010 жылғы 6,9 %-ға дейін азайды.

Алайда оң өзгерiстерге қарамастан, ұлттық еңбек нарығы теңгерiмді емес. Жұмыссыздар бар болғанына қарамастан бос жұмыс орындарының толықтырылмауы сақталып отыр, экономика салаларының мамандарға деген қажеттiлiгiнiң объективтi болжамы жоқ. Еңбек ресурстары сапасының төмендiгiне және өндiрiс пен оқудың арасында нақты байланыстың болмауына байланысты жұмыс күшiнiң, бiрiншi кезекте бiлiктi кадрлардың, техникалық және қызмет көрсету еңбегi қызметкерлерiнiң тапшылығы байқалып отыр. Жұмыспен қамтылған халықтың шамамен үштен бiрiнiң кәсiптiк бiлiмi жоқ.

Жұмыспен қамтылған халық құрылымында өз бетiнше жұмыспен айналысатындардың үлесi – 33,3 % немесе 2,7 млн. астам адамды құрайды. Өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың негiзгi бөлiгi ауылдық жерлерде тұрады және жеке шаруашылығын жүргiзумен айналысады, одан түсетiн табыс тiршiлiк етуге жеткiлiктi деңгейде ғана болады. Өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың басым бөлiгi әлеуметтiк қорғау және қолдау жүйесiмен қамтылмаған.

Ауыл жастарының жағдайы ерекше алаңдаушылық тудырып отыр, кәсiптiк бiлiм алуға қолжетiмдiлiгi шектеулi болғандықтан, олар ресми еңбек нарығында iс жүзiнде бәсекеге қабiлетсiз болып табылады.

Еңбек нарығында қалыптасқан мұндай ахуалдың тiкелей салдары кедейлiктiң сақталуы болып табылады, 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1,1 млн. астам адамның табысы ең төмен күнкөрiс деңгейiнен аз.

Аз қамтылған халықты әлеуметтiк қолдауда жұмыспен қамтуға және еңбектен табыс табуға жәрдемдесудiң белсендi шаралары жеткiлiктi қолданылмайды.


Өткен ғасырдың 90 жылдарының соңында жұмыспен қамту қызметтерiне жүргiзiлген институционалдық қайта құрулар еңбек нарығын реттеу тиiмдiлiгiн төмендеттi.
Осылайша қалыптасқан жағдай кедейлiктi төмендету қарқынын баяулатып қана қоймайды, сонымен қатар экономикалық өсудің жаңа кезеңiне өту жағдайында жұмыс күшiне деген сұраныстың артқанына қарамастан, елде бар еңбек ресурстарының толық пайдаланылмайтынын білдіреді.

Әлемдiк практикада осы тектес проблемаларды шешу үшiн еңбек нарығындағы белсендi бағдарламалар (бұдан әрi – ЕНББ) қолданылады. ЕНББ еңбек ресурстарын дамыту (кәсiптiк даярлау және қайта даярлау), жұмыс күшiне деген сұранысты арттыру (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, қоғамдық жұмыстар), еңбек нарығын реттеудi жетiлдiру (жұмыспен қамту қызметтерiн құру, ақпараттық қолдау), еңбек күш-жiгерiн жандандыруды мемлекет жүзеге асыратын әлеуметтiк қолдау жүйесiмен үйлестiру («құқықтар мен мiндеттер» немесе «өзара мiндеттемелер» стратегиялары, бұл жағдайда мемлекет жұмыспен қамту және оқыту бойынша жоғары сапалы қызметтер көрсетуге мiндеттенедi, ал ЕНББ-ға қатысушы жұмысты қарқынды iздеудi жүзеге асыруға мiндеттенедi) арқылы жүзеге асырылады.

ЕНББ экономикалық тұрғыдан – жұмыспен нәтижелi қамту ықтималдығының артуын, еңбек өнiмдiлiгi мен жалақының өсуiн, әлеуметтiк тұрғыдан - жұмыссыздықтың төмендеуiн, еңбек белсендiлiгiнiң артуы мен адам әлеуетiнiң дамуын болжайды.

Бастапқыда мұндай бағдарламалар экономикалық күйзелiс кезінде және жұмыссыздық деңгейi жоғары кезде қолданылған, ал қазiргi уақытта –экономикасы өтпелі елдердегi өнеркәсiптiк қайта құрылымдаудың керi әсерiн жұмсарту және еңбек нарығынан барынша шалғай халықтың осал топтарын кiрiктiру үшiн қолданылады.

Осының негiзiнде қол жеткiзiлетiн оң нәтижелер ЕНББ әзiрлеудiң және қазақстандық еңбек нарығында да қолданудың өзектiлiгiн арттырып отыр. Жол картасын iске асыру барысында жинақталған еңбек нарығында туындайтын тәуекелдерді басқару тәжiрибесi бiздiң бұл тұрғыдағы мүмкiндiктерiмiздi арттыра түседi.

4. Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi және

нысаналы индикаторлары
4.1 Бағдарламаның мақсаты
Жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуға жәрдемдесу.

4.2 Бағдарламаның нысаналы индикаторлары
2020 жылға қарай:

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасымен (бұдан әрi – Бағдарлама) 1,5 млн. дейiн адам қамтылатын болады.

2016 жылға қарай:

Жұмыссыздық деңгейi 5,5 %-дан аспайтын болады, оның iшiнде:

2012 жылы – 5,8 %, 2013 жылы – 5,7 % және 2014 жылы – 5,6 % және 2015 жылы – 5,5 %.

Кедейлiк деңгейi 8,2 %-дан 6 %-ға төмендейдi, оның iшiнде:

2012 жылы – 6,3 %, 2013 жылы – 6,2 % және 2014 жылы – 6,1 % және 2015 жылы 6,0 % құрайды.

Өз бетiнше жұмыспен айналысатын халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 2015 жылға қарай 56 %-ға, 2020 жылға қарай – 75 %-ға дейін ұлғаяды.

(Ескертпе: 2011 жылдың қорытындысы бойынша 50,6 % немесе 1,38 млн. адам, 2015 жылы – 56 % немесе 1,52 млн. адам, 146 мың адамға көбейеді, 2020 жылы – 75 % немесе 2,1 млн. адам, 2011 жылмен салыстырғанда 700 мың адамға ұлғаяды).

Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде қамтылғандардың үлес салмағы:

өз бетiнше жұмыспен айналысушылар (өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың жалпы санында) 2012 жылы – 0,9 %, 2013 жылы – 1,2 %, 2014 жылы – 1,5 % және 2015 жылы – 1,8 % болады;

жұмыссыздар (жұмыссыздардың жалпы санында) 2012 жылы – 15,1 %, 2013 жылы – 20,0 %, 2014 жылы – 22,0 % және 2015 жылы – 25,0 % болады;

күнкөрісі төмен отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерi (тартылған) 2012 жылы – 17,0 %, 2013 жылы – 18,0 %, 2014 жылы – 19,0 % және 2015 жылы – 20,0 % болады.

4.3. Бағдарламаның мiндеттерi
1. Өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдарды жұмыспен қамтудың белсендi бағдарламаларына тарту.

2. Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны (бұдан әрi – ҮИИДМБ) iске асыру үшiн кадр әлеуетiн дамыту.

3. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жүйесiн жетiлдiру.

Бағдарламаны iске асыру бiрiншi кезекте, оқытуға, жұмысқа орналастыруға, өзiнiң жеке iсiн ашуға және кеңейтуге жәрдемдесуге, ал мұндай мүмкiндiктер болмаған жағдайда, жұмыспен нәтижелi қамтудың қолжетiмдiлiгiн кеңейту мақсатында өз еркiмен көшуiне жәрдемдесуге бағытталған.

Осыған орай, Бағдарламаны iске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1. Оқыту және жұмысқа орналасуда жәрдемдесу.

2. Кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу.

3. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

4. Ауылдық елдi мекендердi дамыту.

Бағдарламаны iске асыру үшiн:

1) нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiндегi шаралар қабылданатын болады;

2) жекелеген мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос жұмыс орындары және болжамды жұмыс орындарының жалпыұлттық дерекқоры (бұдан әрi - Дерекқор), кәсіптік білім беретін оқу орындарының дерекқоры қалыптастырылады және «Жастардың еңбек биржасы» бірыңғай веб-порталы құрылатын болады.

Дерекқор мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектордың бастамалары шеңберінде қалыптастырылатын болады.

Жергiлiктi мемлекеттiк органдар мен мемлекеттік, салалық бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске асыруға жауапты ұйымдар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органына мерзімді негізде белгіленген нысан бойынша өңiрлер мен жекелеген мамандықтар бөлiнiсiнде қызметкерлерге бар және болжамды қажеттілік жөнінде мәлімет жібереді.

Дерекқор қалыптастыру тәртібі мен жергiлiктi мемлекеттiк органдар мен мемлекеттік, салалық бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске асыруға жауапты ұйымдар ұсынатын кадрларға қажеттілік туралы ақпаратты ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Бағдарлама операторы) бекітеді.

Орталық мемлекеттік органдар жыл сайын, 15 ақпаннан кешіктірмей белгіленген нысан бойынша Бағдарлама операторына мемлекеттік және салалық бағдарламада көрсетілген жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспарларға сәйкес үшжылдық кезеңге жетекшілік ететін салалардағы болжамды қажеттілік және өңірлер бөлінісінде өткен жылы нақты құрылған жұмыс орындары туралы мәліметтерді жібереді.

Орталық мемлекеттік органдардың кадрларға қажеттілік туралы ақпарат беру тәртібі мен нысанын Бағдарлама операторы олармен келісу арқылы бекітеді.      

Бағдарламада көзделген iс-шараларды қаржылай қамтамасыз ету мақсатында мәлiмделген қажеттiлiкке сәйкес және республикалық бюджеттiң қаржылай мүмкiндiктерiн ескере отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әрқайсысы үшiн қаржыландыру лимитi айқындалады.

Лимит бойынша берiлген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету және Бағдарламада көзделген нәтижелерге (нысаналы индикаторларға) қол жеткiзу үшін республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен жергiлiктi атқарушы органдар арасында мынадай негiзгi параметрлер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдер жасалады:
жұмыссыздық деңгейі:

өз бетінше жұмыспен айналысатын халықтың жалпы санында жұмыспен нәтижелі қамтылғандардың санын ұлғайту;

халықтың құрылымында ең төмен күнкөрiс деңгейiнен төмен деңгейде өмiр сүрiп жатқан еңбекке қабілетті адамдар үлесін қысқарту;

мемлекеттік қолдау шараларымен, оның ішінде кәсіптік оқумен, кәсіпкерліктің негіздеріне оқытумен қамтылған Бағдарламаға қатысушылардың, көшкендердің және жұмысқа орналастырылғандардың саны;

тұрақты жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына жұмысқа орналастырылған, оның ішінде кәсіптік оқудан өткен Бағдарламаға қатысушылар саны;

басқа да көрсеткiштер.

Бағдарламаның iске асырылуын басқаруды:

республика деңгейiнде:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын iске асыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi – ВАК).

Бағдарлама операторы;

облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде – Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi өңiрлiк комиссия (бұдан әрi – өңiрлiк комиссиялар) және жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар;

аудандық (қалалық) деңгейде – Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi аудандық (қалалық) комиссия (бұдан әрi – аудандық (қалалық) комиссиялар), жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар және халықты жұмыспен қамту орталықтары;

селолар мен ауылдар деңгейiнде – (селолар мен кенттердiң және селолық округтердiң әкiмдерi) осы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiнiң аппараттары жүзеге асыратын болады.

Тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын әлеуметтiк келiсiмшарттар Бағдарламаның орындалуын ұйымдастырудың аса маңызды құралдары болып табылады.

Өңірлік, аудандық (қалалық) комиссиялардың үлгi ережелерiн, әлеуметтiк келiсiмшарттың, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы өтініштерінің (хабарламаларының) нысандарын Бағдарлама операторы бекітеді.

Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Бағдарлама операторы, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтары жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады:

бос жұмыс орындары мен Бағдарламаға қатысушылардың дерекқорына қолжетімділік беру;

Бағдарламаға қатысуға үміткерлерге Бағдарлама шеңберінде ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы консультация беру;

Бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуда жәрдемдесу.

4.3.1. Бiрiншi бағыт:

оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
Бiрiншi бағыт еңбек әлеуетін дамыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу арқылы халықтың жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының мынадай азаматтары мен оралмандар осы бағыттың қатысушылары бола алады: ішінара жұмыспен қамтылғандар; жұмыссыздар; өз бетінше жұмыспен айналысушылар; табысы аз адамдар; ағымдағы күнтізбелік жылы жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын бітіргендер; еңбекке қабілеттілігін сақтаған мүгедектер; жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; белгіленген жасқа дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер; ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушы болып табылатын адамдар. Бағдарламаға қатысудың басым мүмкiндiктерi ауылдық жердегi жастар мен әйелдерге берiледi.

Осы бағыт шеңберiнде Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттiк қолдаудың мынадай түрлерi көрсетiледi:

кәсіптік оқу, жұмысқа орналасу мәселелерi бойынша консультациялар, сондай-ақ психологиялық бейiмдеу;

тегiн бiлiктiлiктi арттыру, кәсiптiк даярлау және қайта даярлау курстарына (бұдан әрi – кәсiптiк оқыту) жіберу;

кәсіптік оқуға материалдық көмек беру;

лайықты бос жұмыс орындарын iздеу және жұмысқа, оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орындарына және жастар практикасына орналасуға жәрдемдесу;

жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын жеке тұлғалардың жалақысын iшiнара субсидиялау;

жастар практикасына жiберiлген жеке тұлғаларға еңбекақы төлеу.
Жастар практикасына қатысушылардың жалақысын субсидиялау 6 ай бойы жүзеге асырылады. Жастар практикасына жiберiлген Бағдарламаға қатысушылардың еңбекақысын субсидиялау мөлшерi айына 17,2 айлық есептiк көрсеткiштi (салықтарды, мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны және банк қызметтерiн ескере отырып) құрайды. Азаматтардың жастар практикасына қатысу және оларға мемлекеттiк қолдау көрсету шарттары Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында көзделген.      Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың жалақысын мемлекеттiң iшiнара субсидиялауы 12 ай бойы жүзеге асырылады.

Бiр айдағы жалақыға берiлетiн субсидия мөлшерi салықтарды, мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып, мынаны құрайды:

1) алғашқы 6 айда жалақының 50 %-на дейiн, бiрақ 26 мың теңгеден аспайды;

2) келесi 3 айда жалақының 30 %-на дейiн, бiрақ 15,6 мың теңгеден аспайды;

3) соңғы 3 айда жалақының 15 %-на дейiн, бiрақ 7,8 мың теңгеден аспайды.

Азаматтардың Бағдарламаға қатысу және оларға мемлекеттiк қолдау көрсету шарттары Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында көзделген.

Жалдамалы қызметкерлерді өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру Бағдарламаға қатысушының жұмыс орнының сақталу шартымен жұмыс берушілердің өтінімі бойынша жүзеге асырылады.

  Iске асыру тетiгi:

1) Бағдарламаға қатысуға үміткерлер тұрақты тұратын жерiнiң аудан, қала бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысуға өтiнiшпен жүгiнедi және Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына сәйкес құжаттарды тапсырады;

2) Халықты жұмыспен қамту орталықтары тапсырылған құжаттарды қарайды және тапсырылған құжаттардың Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін салыстырып тексеру негізінде Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы (не бұдан бас тарту туралы) шешім қабылдайды;

3) Бағдарламаға қатысушыларға халықты жұмыспен қамту орталықтары қолданыстағы Дерекқордағы бос жұмыс орындарына не жұмыс берушілердің өздері немесе жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы мәлімдеген жұмыс орындарына, жалақысын ішінара субсидиялай отырып, әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді;

4) Қажетті кәсіптік даярлығы болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмай жүрген Бағдарламаға қатысушылар Дерекқорға енгізілген кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқуға, сондай-ақ жұмыс берушілердің өздері немесе жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы мәлімдеген тиісті жұмыс орындарына жіберіледі;

5) Дерекқордағы бар жұмыс орындарына, жеке жұмыспен қамту агенттіктері және жұмыс берушілер ұсынған жұмыс орындарына кәсіптік оқудан өтпестен жұмысқа орналасу жағдайларын қоспағанда, Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтiк келiсiмшарт жасалады;

6) Кәсiптiк оқуды аяқтағаннан кейiн Бағдарламаға қатысушыларға алған мамандығы (кәсібі) бойынша жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетіледі;      7) Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын Бағдарламаға қатысушылар тарапынан халықты жұмыспен қамту орталықтары, халықты жұмыспен қамту орталықтары тарапынан – ауданның (қаланың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органы бақылайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет