Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2015 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша атқарылған жұмысы туралы ақпарат



Дата23.02.2016
өлшемі65 Kb.
#5276
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің

2015 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша атқарылған жұмысы туралы ақпарат
Ауданда халықтың өмір сүру деңгейін көтеру және халықтың әлеуметтік осал таптарына материалдық көмек көрсету бойынша белгілі жұмыс атқарылуда.

Әлеуметтік төлемдерге 2014 жылы 75218,0 мың теңге бөлінді, соның ішінде келесі бағдарламалар бойынша:

- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» - 490,0 мың теңге;

- «18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар» - 4762,0 мың теңге;

- «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер» - 48540,0 мың теңге;

- «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» - 1227,0 мың теңге;

- «Мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес қолмен көрсететін тіл маманының, жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну» - 9940,0 мың теңге;

- «Ауылдық жерде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету» - 10259,0 мың теңге.

Бөлім жұмысындағы басым мәселелерінің бірі аз қамтамасыз етілген азаматтарды, мүгедектерді, соғыс, еңбек ардагерлерін, ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдарды, зейнеткерлерді қолдау болып табылады.

2015 жылғы 1 қаңтар бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 2 отбасы алды, оларда 10 адам, соның ішінде еңбекке жарамды жаста – 3 адам, еңбекке қабілетті тұрғындардың үлесі – 30%. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 489,2 мың теңгеге көрсетілді.

18 жасқа толмаған балалар үшін мемлекеттік жәрдемақы 130 отбасына тағайындалып төленді, яғни 356 балаға 4724 мың теңгеге.

2015 жылғы 1 қаңтар бойынша атаулы көмек және жәрдемақылар алушылар ішінен тұрақты жұмыстарға 5 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 4 адам тартылды, кәсіптік оқуға 2 адам жіберілді.

«Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер» 007 бағдарламасы бойынша 48540,0 мың теңгеге 2875 адамға түрлі көмек көрсетілді, соның ішінде емделуге 38 адам 683,3 мың теңгеге, жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға 9 адам 1166,8 мың теңгеге бір жолғы материалдық көмек алды.

Осы бағдарлама бойынша 2002 жылдан бастап аз қамтамасыз етілген отбасылардан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне облыстың жоғары оқу мекемелеріндегі оқуын өтеу үшін көмек көрсетіледі.

Қазіргі кезде оқитын студенттер саны 25 адам, соның ішінде оқу мекемелері бойынша:

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – 12 студент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты - 12 студент, Семей қаласындағы мемлекеттік медициналық институт - 1 студент. Түлектер оқуын аяқтағаннан соң үшжақты келісім-шарттарға және жоғары оқу орындарының жолдамаларына сәйкес жұмысқа орналастырылады.

Барлығы (2007 жылдан 2014 жылға дейін) облыс әкімінің гранты бойынша 62 студент оқуын бітіріп, қазіргі кезде жұмыспен қамтылды.

Оқу үшін төлем жылына екі рет фактілік құны бойынша жүзеге асырылады. Осыдан басқа, ай сайын студенттер жатақхана, тамақтану және жол жүру үшін 15235 теңге әлеуметтік көмек (шәкіртақы) алады. Осындай көмек 13053,0 мың теңге сомасына тағайындалды.



«Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» 010 бағдарламасы бойынша 1225,2 мың теңге сомасына 37 мүгедек балаға 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

Павлодар ауданында 2015 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша 1589 мүгедек тұрады, олардан 680 адам Мичурин ауылындағы психохрониктерге арналған үйде тұрады.



топтар бойынша

аудан бойынша мүгедектердің барлығы

соның ішінде

психохрониктер үйінде

ауылдық округтерде

1-топтағы мүгедектер

136

53

83

2-топтағы мүгедектер

1014

627

387

3-топтағы мүгедектер

347




347

мүгедек балалар

92




92

Барлығы

1589

680

909

2015 жылдың 1 қаңтары бойынша міндетті гигиеналық құралдармен 138 мүгедек қамтамасыз етілді, қолмен көрсететін тіл маманының қызметтері 6 мүгедекке, жеке көмекшінің қызметтері 28 мүгедекке көрсетілді.

2015 жылдың 1 қаңтары бойынша мүгедектерді әлеуметтік оңалту бойынша 471 жеке оңалту бағдарламасы әзірленді, олардың 364 бағдарламасы орындалып, атқарылуы 77,3 %-ды құрады.

Есту қабілеті бойынша 14 мүгедек 27 сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді (5 ұялы телефон, 3 телефакс, есту бойынша 3 сағат, 5 есту аппараты, сигналдық система 5, бейнекомпьютер 6).

Көз көру қабілеті бойынша 21 мүгедек 39 тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді (тифломагнитола 19, көру қабілеті нашар адамдарға 7 сағат, жіңішке таяқ 11, диктофон 2).

49 мүгедекке протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін «Ортопрот» ЖШС жолдама берілді, соның ішінде 34 мүгедекке протездік-ортопедиялық көмек көрсетілді (ортопедиялық аяқ-киім, жетек арбалар, жіңішке таяқтар, балдақтар).

2014 жылы 37 мүгедек 49 кресло-арбалармен қамтамасыз етілді.

Мүмкіншіліктері шектеулі адамдардың арасынан 14 адам жұмыспен қамту органдарына жүгінді, 8 адам жұмысқа орналастырылды, 2 адам кәсіби оқуға жіберілді, қоғамдық жұмысқа 7 адам жіберілді. Қазіргі уақытта тіркеуде 2 адам тұр.

64 мүгедек және егде адам «Ардагерлер үйі» Павлодар облыстық мүгедектер мен егде адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-да өз денсаулығын жақсартты, оның ішінде 28 адам 1 және 2 топтағы мүгедектер.

40 мүгедекке жолдама берілді, оның ішінде 15 адам Алматы қаласындағы «Спутник» шипажайында демалып, өз денсаулығын жақсартты, Ақмола облысы «Щучинск» шипажайында 13 адам, «Бора» шипажайында 4 адам, Мойылды шипажайында 8 адам.

Облыстық ардагерлер кеңесіне берілген спонсорлық көмек бойынша ЖШС «Сказочный отдых» - 6 зейнеткер, ЖШС «Черноярская жемчужина» - 5 зейнеткер, ЖШС «Энергетик» шипажайында - 24 зейнеткер, Ақмола облысының «Щучинск» шипажайында - 6 зейнеткер, барлығы 41 зейнеткер демалып және денсаулықтарын жақсартты.

Ауданда 39 әлеуметтік қызметкер психоневрологиялық ауруымен ауратын 8 мүгедекке, 80 жалғызбасты және жалғыз тұратын егде зейнеткерлерге қызмет көрсетеді.

Жұмыссыз адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша халықтың деңгейін үлкейту белсенді тұлғасына жәрдемдесу.

2014 жылғы 01 қаңтар бойынша жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде 83 адам тіркелді, жыл басынан жұмысқа жәрдемсу бойынша 463 адам шағымданды, 249 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінен 30 адам әлеуметтік жұмыс орындар.

Жұмыссыз деңгейі:






2011

жыл

2012

жыл

2013

жыл

2014

жыл

Жұмыссыз деңгейі:


3,3

3,3

2,5

2,5


2014 жылда жұмыспен қамту бағдарламары бойынша 11 млн 680 мың теңге бөлінді, оның ішінен бағдарламалар бойынша:

«Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы 8 млн 299 мың теңге бөлінді.

193 жұмыссыз адамдар қоғамдық жұмыстарға жіберілді. 2015 ж.01.01. қоғамдық жұмыстарға 193 адам жіберілді, 8,299 мың тенге меңгерілді.



«Кәсіби оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру» бағдарламасы бойынша 986 мың теңге бөлінді.

Облыстық бюджеттен жоспар бойынша 15 адам келесі мамандықтарына жіберілді : газоэлектрлік пісіруші - 5 адам, хатшы-референт-10 адам, жергілікті бюджеттен -10 адам есепші мамандығы бойынша жіберіледі.



«Әлеуметтік жұмыс орындар» бағдарламасы бойынша 2 млн. 395 мың теңге бөлінді.

Бұл бағдарлама бойынша 30 адамжұмысқа орналастырылады. 2015 ж 01.01. 2395,0 мың.тенге меңгерілді.

Аудан 3 кәсіпорындарымен келісім құрылды: ШҚ «Арина», ШҚ «Витковская», ЖШС «Дәнекер».

2014 жылда жаңа жұмыс орындар құрылады және жұмысқа орналастырылды- 720 адам, соның ішінен жаңа үнемі жұмыс орындар 98 адам, маусымдық-уақытша жұмыс орындарға 622 адам.

2015.01.01 жаңа жұмыс орындары жасаланды да оған 785 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде жаңа тұрақты жұмыс орындарына – 150 адам, уақытша-мерзімді жұмыс орындарына –635 адам.

Жылдың ағымдағы қазан айында ауданда өз бетінше қамтылған, жұмыссыз және табысы аз халыққа кәсіптік бағыты бойынша жобасы жүргізіп тұр.

Бұл мақсатқа республика бюджеттен 2760,0 мың тенге қаралған. 150 адам қамтылады.

Қазіргі уақытта «Центр развития и прогнозирования» Қоғамдық қорымен 12 ауылдық округтарда кәсіптік бағыты өткізілді.155 адам қамтылды.



Республикалық бюджеттен 5 мүгедекті жұмысқа орналастыру үшін 140,0 мың тенге қаралды. Қазіргі уақытта «Rezonans» Қоғамдық қорымен 5 мүгедек жұмысқа орналастырылды.

Жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің басшысы Б.Файзулин

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет