Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары.
Жұмыспен қамту 2020 бағдарлама бойынша келесі жұмыспен қамтудың белсенді шаралары ұсынылады:
-
бірінші бағыт «Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар мен табысы аз адамдарды оқытуды және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу»;
-
екінші бағыт «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу».
Бағдарламаның бірінші бағыты - азаматтардың еңбек әлеуметін дамыту, тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу арқылы олардың жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Жастарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру мақсатында қаланың кәсіпорындарында жастар іс – тәжірибесі ұйымдастырылды. Осы мақсатта республикалық 2 млн. 144 мың теңге қаражат бөлінді, 12 жас мамандарды бағыттау жоспарланып отыр, қала кәсіпорындары мен ұйымдардан 6 тапсырыс келіп түсті.Кәсіптік даярлау ұйымдастыру үшін 3 млн. 686 мың теңге бөлінді. 2013 жылда 35 жұмыссыз адамды келесі мамандықтарға оқытуға жоспарланып отыр: аспасшы, ЭЕМ оператор, электромонтер, тас қалаушы, балташы, В,С,Д категория жүргізуші, авто жөндеуші.
Жұмыссыздық деңгейін көтеру мақсатында жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындар ұсынылады. 2013 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын құраған 4 млн. 533 мың теңге 18 жұмыссыз азаматтарға бөлінді, қала кәсіпорындары мен ұйымдардан 9 тапсырыс келіп түсті.
Нысаналық трансферттерді ай сайын бөлінуіне қарай 2013 жылдың басынан бастап ӘЖО 3 адам, ЖТ 10 адам жолданды: оның ішінде 3 адам ЖТ біткеннен соң тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Бағдарламаның екінші бағыты - жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған. Бағдарламаның бұл бағытына жеке ісін ұйымдастыруды қалайтын және оған мүмкіндігі бар адамдар қатыса алады. Ауылда кәсіпкерлікті қолдау механизмінің негізі микрокредит беру болады.
«Курчатов қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту орталығы»
КММ маманы
И.Э. Есенгельдинова
Достарыңызбен бөлісу: |