Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет1/21
Дата13.06.2016
өлшемі1.37 Mb.
#131182
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2009 жылғы 30 қарашадағы

№ 343-ө бұйрығына

қосымша

Жұмысшылардың жұмыстары мен

кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік

анықтамалығы

19-шығарылым

«Электр техника өндірісінің жалпы кәсіптері,

Электр оқшаулау материалдары өндірісі,

Электр көмір өндірісі, Кабель өндірісі,

Оқшаулау және орау-бүркеу жұмыстары,

Химиялық және басқа да ток көздері өндірісі» бөлімдері

Астана 2009
Кіріспе
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (БТБА) 19-шығарылымы «Электр техника өндірісінің жалпы кәсіптері, Электр оқшаулау материалдары өндірісі, Электр көмір өндірісі, Кабель өндірісі, Оқшаулау және орау-бүркеу жұмыстары, Химиялық және басқа да ток көздері өндірісі» бөлімдері КСРО МЕМеңбеккомитетінің және КОБОК хатшылығының 1985 жылғы 26 сәуірдегі № 113/10-32 қаулысымен бекітілген, бұрын қолданылып келген БТБА 19-шығарылымы негізінде әзірленді.

Осы шығарылым аталған өндірістер мен жұмыс түрлеріне арналған жұмысшыларға тән кәсіптерді қамтиды.

Нақты бір өндіріске немесе жұмыс түрлеріне тән емес жұмысшылардың кәсіптері БТБА-ның 1-шығарылымында орналастырылды.

Тарифтік-біліктілік сипаттамасының тәртібі, дәрежені беру және көтеру, өзгертулер мен толықтырулар енгізу БТБА анықтамалығының 1 БТБА басылымының «Жалпы ережелерінде» көрсетілген.

БТБА-да әдетте, әрбір кәсіп бір бөлімде ғана кездеседі.

Ұқсас жұмыстарды тарифтеуді жетілдіру жүзеге асырылды, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, ғылыми-техникалық прогрестің әсерімен, өнімнің сапасына, қызметкерлердің біліктілігіне, біліміне, жалпы білім беру және арнаулы даярлау сапасына қойылатын талаптардың өсуіне орай еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары нақтыланды.

Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне бойынша белгіленді.

Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар.

«Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды.

«Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.

Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.

«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстармен қатар, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.

«Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды; жеке қорғану құралларын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды; брактың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатқышты; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, бііктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі рапзряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.

Қызметкердің еңбек қызметін растаушы құжаттарды толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, ерекше ескертілген жағдайлардан басқа, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.

Электр техника өндірісінің жалпы кәсіптері
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1. Электр техникалық бұйымдарды алюминийлеуші

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектер мен бұйымдарды алюминийлеу процесін арнаулы қондырғыларда біліктілігі анағұрлым жоғары алюминийлеушінің басшылығымен жүргізу. Бөлшектер мен бұйымдарды дайындау, жуу және сүрту. Бөлшектер мен бұйымдарды бояу және кептіру.

Білуге тиіс: арнаулы қондырғылардың нысанын; бөлшектер мен бұйымдарды алюминийлеуге дайындау ережесін; майсыздандыру кезінде қолданылатын түрлі ерітінділердің қасиеттерін, олармен жұмыс істеу ережесін.


2. Электр техникалық бұйымдарды алюминийлеуші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектер мен бұйымдарды алюминийлеу процесін арнаулы қондырғыларда жүргізу. Бөлшектер мен бұйымдарды алюминийлеуге дайындау. Бөлшектерді күйдірмелеу және майсыздандыру. Алюминийлеудің дұрыс жұмыс режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қадағалау. Арнаулы қондырғыларды дайындау және баптау.

Білуге тиіс: арнаулы қондырғылардың құрылымы мен жұмыс принципін; электролитті және химиялық тәсілдермен күйдіру, майсыздандыру және тазарту процесі негіздерін; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін; алюминийленген бөлшектер мен бұйымдарға қойылатын техникалық талаптарды.


3. Электр техникалық бұйымдарды алюминийлеуші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектер мен бұйымдарды алюминийлеу процесін вакуумді қондырғыларда жүргізу. Вакуумді қондырғыларды дайындау және баптау. Алюминийді тозаңдатудың оңтайлы режимін белгілеу және оны аспаптардың көрсеткіштері бойынша реттеу. Алюминийлеу сапасын сырттай қарап анықтау. Вакуумді қондырғы жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

Білуге тиіс: вакуумді қондырғы жабдығының құрылымы мен сызбасын; алюминийді тозаңдату режимдерін; алюминийлеу тәсілдерін; электр-техника және вакуумді техника жөніндегі негізгі деректерді; вакуумді қондырғы жұмысындағы ақаулардың себептерін және оларды жою тәсілдерін; ықтимал брак түрлерін.


4. Электр оқшаулау лактарын, шайырлар мен мастикаларды пісіруші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Битумді-регенеративтік қоспаларды, эпоксидті шайырлар мен электр оқшаулау лактарды (майлы-асфальтты, сіңіруші, жабынды, желімдеуші, майлы-шайырлы), эмальді лактарды берілген рецептура бойынша пісіру процесін жүргізу. Шикізаттар мен жартылай шикізаттарды өлшеу. Компоненттерді технологиялық кезектілікпен ұнтақтау және қазандарға, фенол балқытпаларға салу. Пісіру температурасын қадағалау. Шайыр үстіндегі суды пісіріп жіберу және фенолды балқыту. Мастиканы қалыптарға, шайыр мен шайыр үсті суларын, оқшаулау композициялары мен лактарды ыдыстарға бөліп құю және оларды тасымалдау.

Білуге тиіс: электр оқшаулау лактарын, шайыр мен мастиканы пісірудің технологиялық процесі негіздерін; пісіру қазандары мен фенол балқытқыштарға қызмет көрсету ережесін; қолданылатын компоненттердің атауы мен нысанын; тиеу таразыларын пайдалану ережесін.


5. Электр оқшаулау лактарын, шайырлар мен мастикаларды пісіруші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Майлы-битумді лактар мен зығырлы және жартылай кебетін май негізіндегі жартылай шикізаттарды, эмальді лактарды, битумді және церезинді компаундтарды, фенольнді және крезольді формальдегидті спиртсіз шайырларды, сиккативтерді пісіру процесін жүргізу. Жабдықты жұмысқа дайындау. Шикізаттар мен жартылай шикізаттарды өлшеу, дозалау және пісіру қазандарына салу. Пісіру температурасын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Лактың, шайыр мен мастиканың дайын болуын анықтау. Лактарды сүзу және қабылдау ыдыстарына тұндыруға қою және сақтау. Пісіру режимін арнаулы журналға жазу.

Білуге тиіс: пісіру қазандары мен фенол балқытқыштардың, таразылардың құрылымы мен жұмыс принципін; негізгі лакты, шайыр мен мастиканы пісірудің технологиялық процесін, олардың рецептурасын; шикізаттың, лактың, шайыр мен мастиканың негізгі түрлерінің қасиеттері мен нысанын, оларға қойылатын техникалық талаптарды; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін; пісіру барысында туындайтын брак түрлерін, оларды анықтау мен алдын алу тәсілдерін; пісіру режимін жазуды жүргізу нысандарын.


6. Электр оқшаулау лактарын, шайырлар мен мастикаларды пісіруші

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Майлы мастикалар мен лактарды, тунгы майлы жартылай шикізаттарды, алкидті, модифицирлендірілмеген және модифицирлендірілген, фенольді және крезольді-формальдегидті спиртті, фенольді және крезольді-формальдегидті, эпоксидті-фенольді және термореактивті компаундовтарды пісіру процесін жүргізу. Диэлектрлік ферромагнитті массаны эпоксидті шайыр негізінде жасау. Жабдықтың жұмысы мен бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау. Пісіру барысында қажетті компоненттерді қосу. Шайырды, лактарды, сиккативтер мен жартылай шикізаттарды дайындау кезінде конденсация немесе полимеризация процесінің аяқталғанын көзбен немесе бақылау-өлшеу аспаптары бойынша анықтау. Техникалық және есеп құжаттамасын жүргізу.

Білуге тиіс: негізгі және қосалқы жабдықтың, арматура мен коммуникациялардың құрылымын, жұмыс принципі мен пайдалану ережесін; шикізаттың, көмекші материалдардың, өнімнің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін, оларға қойылатын талаптарды; мастикалардың, шайырдың, лактар мен жартылай шикізаттардың барлық түрлері мен маркаларының рецептурасы мен технологиялық процесі; шайырдың, лактар мен жартылай шикізаттардың дайындық деңгейін бақылау-өлшеу аспаптары бойынша анықтау әдістерін; сынама алу және талдау жүргізу әдістерін; брактың түрлері мен себептерін, оларды алдын алу және жою тәсілдерін.


7. Сынапты тазартушы

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жеке және вакуумді гигиена ережелерін сақтай отырып сынапты жуу, кептіру және тазалау жөніндегі жұмыстарды орындау. Жууға арналған ерітіндіні дайындау. Сынапты тазартуға және кептіруге арналған қарапайым қондырғыларды пайдалану.

Білуге тиіс: тазартушы қондырғыларға қызмет көрсету ережесін; төгілген сынапты жинау әдістерін; сынап маркалары мен оны тазарту әдістерін; өлшеу ыдысын пайдалану ережесін; сынаппен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы мен гигиена ережесін.


8. Сынапты тазартушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сынапты сүзу, жуу, электрхимиялық, химиялық және вакуумді тазалау жөніндегі жұмыстарды орындау. Жууға арналған ерітіндіні технологиялық нұсқаулыққа сәйкес дайындау. Сүзгі сызбасы жөніндегі жұмыстарды орындау. Вакуумді тазарту сызбасын реттеу. Тазарту қондырғылары жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

Білуге тиіс: тазарту қондырғылары мен сүзгі насостарының құрылымы мен жұмыс принципін; бақылау-өлшеу аспаптарының нысаны мен қолдану ережесін; электролиз, дистилляция, сүзу процестері негіздерін; сынаптың маркалары мен қасиеттерін; тазартылған сынапқа қойылатын талаптарды; концентрацияланған қышқылдармен жұмыс істеу ережесін.


9. Электр машиналарын, аппараттары мен аспаптарын сынаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі сынақтарға көмекші жұмыстарды орындау. Бұйымдарды сынау орындарына тасымалдау. Қарапайым электр, су және пневматикалық сызбаларды құрастыру. Тексеруді қажет етпейтін бұйымдарды сынау стендіне орнату. Дайын сызба бойынша қарапайым өлшеулерді жүргізу. Үлгілердің өтпе кернеулерін анықтау. Қарапайым сынау жабдығын жөндеу. Құжаттама дайындау және бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштерінің жазбасын жүргізу.

Білуге тиіс: сыналатын бұйымдардың нысанын, пайдалану ережесі мен жұмыс принципін; сынауға қажетті өлшеу құралы мен аспаптарын; көрсеткіштерді өлшеуге арналған қарапайым сызбаларды; сыналатын бұйымдарды қарапайым сызбаға қосу ережесі мен тәсілдерін; электротехника жөніндегі негізгі деректерді; сынақтарды жүргізу режимдерін; сынақ стансасы мен учаскелерінің қондырғыларына қызмет көрсету ережесін; бұйымдарды тасымалдау және орнату ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Синхронды генераторлар – синхрондау әдісімен желіге қосу.

2. Тұрақты және ауыспалы токпен істейтін электр машиналары – орамаларды сынау.

3. Қуаты шағын тұрақты және ауыспалы токпен істейтін электр машиналары - сызбаны құрастыру, машинаны қосу және жүктемелеу.

4. Орамалардың тұрақты токпен қарсылығын вольтметр және амперметр әдісімен өлшеуге арналған электр сызбалары – құрастыру.

5. Бос жүріс пен қысқа тұйықталу сипаттарын жоюға арналған электр сызбалары – құрастыру.

6. Электр плиталар мен электр үтіктер - сынау.

7.Трубкалы электрмен қыздыру элементтері – тізбені тексеру.

8. Электр машиналарының зәкірі – орамаралық тұйықталуды сынау.
10. Электр машиналарын, аппараттары мен аспаптарын сынаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым электр машиналарын, аппараттар мен аспаптарды техникалық шарттарға сәйкес, режим өзгертуді қажет етпейтін электрлі, механикалық және термиялық сынаулар. Жүктемелі электрмен қыздыру аспаптарын, тұрмыстық электр машиналары мен аспаптарын электрлі бақылап сынау. Күрделі емес сынау сызбаларын құрастыру және оларға сыналатын бұйымдарды қосу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау және қадағалау журналын жүргізу. Ваттметрлерді салыстыру әдісімен тексеруге арналған сызбаны құрастыру, тексерілетін аспаптардың қателіктерін бағалау. Қарапайым электр тораптарын юстирлеу және баптау. Аспаптарды статикалық режиммен сынау кезінде бірнеше параметрлерін бір мезгілде есептей отырып сынау режимін реттеу, динамикалық режиммен сынау, жоғары вольтті сынаулар. Сыналатын бұйымдардың ақауларын анықтау және жою. Жабдықтың және өлшеу аспаптарының дұрыстығын қадағалау. Реле қорғанысы, автоматика, дабылдату аспаптарын реттеу және ұсақ ақауларын жою. Бұйымдарды аспалы конвейерге орнату.

Білуге тиіс: сыналатын бұйымдары дайындау технологиясы негіздерін;бақылау-өлшеу аспаптары мен қондырғыларының нысаны мен қолдану ережесін; электр өлшеу аспаптарын сынау кезінде шығу қуатының, жарықтану, абсолюттік, салыстырмалы және келтірілген қателіктер мен вариациялар есебін; сыналатын бұйымдардың жұмыс принципі мен оларды пайдалану ережесін; эталондармен сынауға арналған қондырғыларды тексеру ережесін; қайта есептеу таблицаларын, графиктерін, формулаларын пайдалану ережесін; сынаулардың электр сызбаларын және бақылау-өлшеу аспаптарын сызбаға қосу ережесін; сынақ журналын жүргізу ережесін; орындалатын жұмыс көлемінде электр техника негіздерін.

Жұмыс үлгілері

1. Игнитрондар – сынау режимін реттеу.

2. Машиналарды, аппараттар мен аспаптарды оқшаулау - диэлектрлік беріктігін сынау.

3. Трансформаторлардың, электр қозғағыштардың, аспаптар мен аппараттардың катушкалары – оқшаулау қарсылығын өлшеу.

4. Күштік конденсаторлар – астараралық және корпусын қысқа уақыттық сынау, жиынтықтарды сынау.

5. Электр машиналары-түрлі жылдамдықтағы айналымдарды стропоскопиялық әдіспен анықтау.

6. Тұрақты токтағы электр машиналары мен қуаты 100 кВт дейінгі және кернеуі 500 В дейінгі асинхронды электр қозғағыштар – бақылау сынағы.

7. 2-4-6-8 полюсті екі-үш жылдамдықты электр машиналары - үшбұрыштан жұлдызшаға омдық қарсылықты өлшеумен және қайта есептеумен сынау.

8. Қалқан аспаптары - механикалық, климаттық және электрлік әсер етулерге сынау.

9. Тұрақты ток машиналары өзара жүктемесінің электр сызбалары - құрастыру.

10. Бірінші және екінші габаритті күштік трансформаторлар – орама оқшаулауының қарсылығын өлшеу.

11.Тұрақты ток жинақты құрылғысы – электр сызбасын құрастыру және қызуын сынау.

12. Электр фонарьлары – шықпа қуатын, жарық беруін өлшеу және беріктігі мен ұзақтығын сынау.

13. Ішкі және екі шектеулі шунтылар – электрлік сынаулар.

14. Электрмен қыздыру элементтері - электрлік беріктігін және орама қарсылығын сынау.

15. Қуаты 100 кВт дейінгі жылжымалы электр стансалары - аппаратурасы мен қозғағышты реттеу.

16. Электр шамдары – дірілін сынау, жарық беруін әне жылу температурасын өлшеу.
11. Электр машиналарын, аппараттары мен аспаптарын сынаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа электр машиналарын, аппараттар мен аспаптарды электрлі, механикалық және термиялық сынаулар. Күрделілігі орташа сызбаларды параметрлерін автоматты қолдау және реттеуі бар қайта құрғыштарды сынау үшін өздігінен құрастыру. Ең жақсы параметрлерді қамтамасыз ететін ең оңтайлы режимді таңдау. Өлшеу қондырғыларын баптау. Бұйымдарды импульсті режимде жоғары вольтті сынау. Электр машиналарын, аппараттарды, конденсаторларды, трансформаторлар мен аспаптарды сынаумен байланысты қажетті есептерді орындау. Электр қозғағыштардың виброакустикалық сипаттамаларын өлшеу және зерттеу, шу деңгейін, оны құрайтын құрамдар сипатын зерттей отырып өлшеу. Күштік трансформаторлардың негізгі типтері мен олардың жинақтарын сынау. Мотор-генераторларды, асинхронды машиналар мен тұрақты ток машиналарын дайындау және жүктемемен сынау. Ірі май ажыратқыштарын сынау. Сыналатын бұйымның ақауларын анықтау және оларды жою. Сынақ және өлшеу нәтижелері бойынша техникалық құжаттаманы жасау.

Білуге тиіс: сыналатын электр техникалық бұйымдардың дайындалу технологиясын, нысанын, жұмыс принципі мен пайдалану ережесін; сызбаларды сынауға дайындау және құрастыру ережесін; автоматтандырылған сынау құралдарының жұмыс принципін және басқаруды; негізгі және қосалқы қателіктерді есептеу ережесін: аспаптар мен бұйымдардың виброберіктігі мен шайқалу беріктігін сынау кезінде жылдамдату есептерін; қолданылатын материалдардың негізгі түрлері мен қасиеттерін; сыналатын бұйымдарға арналған техникалық шарттар мен нұсқаулықтарды; түпкілікті нәтижелерді ресімдеу ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Турбогенераторларға арналған диодты щеткасыз қоздырғыштар – белсенді қарсылығын жүктемемен сынау.

2. Жоғары вольтті түзеткіштер – кернеуді өлшеу.

3. Игнитрондар - жоғары вольтті сынаулар.

4. Күштік конденсаторлар – қысқа мерзімді сынаулар, диэлектрлік шығын тангенсін өлшеу.

5. Қарсылық магазиндері - сынау.

6. Ауыспалы ток электр машиналары – жанама және жартылай жанама сызба әдісімен қуатты өлшеу.

7. Қуаты 3000 кВт дейінгі тұрақты ток электр машиналары – жалынсыз коммутацияны баптау.

8. Тұрақты ток электр машиналары мен қуаты 100 кВт жоғары және кернеуі 500 В жоғары асинхронды электр қозғағыштар – бақылау сынақтары.

9. Жоғары дәлдікті тұрақты ток микроқозғағыштары – арнаулы сынаулар.

10. Қалқанды және жылжымалы аспаптар - электр, климаттық және механикалық сынаулар.

11. Басқару постылары мен блоктары, қосу стансалары мен панельдері – автоматтарды калибрлей отырып сынау.

12. Үшінші габаритті күштік трансформаторлар – операциялық сынаулар.

13. Электр щеткаларды сынауға арналған қондырғылар – сызбаны құрастыру, реттеу және баптау.

14. Жоғары дәлдік сыныпты шунтылар – электр сынаулар.

15. Электр аппараттары – аппараттардың электр, термиялық және динамикалық тұрақтылығын сынау режимдерін реттеу.

16. Қуаты 100 кВт-тан жоғары және 200 кВт дейінгі жылжымалы электр стансалары - аппаратураны және қозғағышты реттеу.
12. Электр машиналарын, аппараттары мен аспаптарын сынаушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі электр машиналарын, жоғары вольтті және төмен вольтті аппараттарды, трансформаторларды, дәлдік сыныбы жоғары электр өлшеу аспаптарды электрлі, механикалық және термиялық сынаулар. Жоғары вольтті және күштік конденсаторларды бақылау және типтік сынаулар. Щеткасыз қоздырғыш жүйелеріне арналған жартылай өткізгіш аспаптарды алдын ала тексеру және іріктеу. Күрделі сынақ жабдығы кешенін баптау және басқару. Басқару және параметрлерді автоматты реттеу жүйесі бар түрлендіргіш агрегаттарды зерттеуге және сынауға қатысу. Сынақ жүргізумен байланысты қажетті есептерді орындау. Орамалардың трансформация, омдық қарсылығы, оқшаулау сипаттамасы, диэлектр шығындары, қуатты есептеу коэффициенттерін, пайдалы әрекет және басқа да сипаттамалар коэффициенттерін өлшеу. Түрлі тораптар мен механизмдердің өзара әрекетін тексеру. Сыналатын бұйымдардың ақауларын анықтау және жою.

Білуге тиіс: сыналатын бұйымдардың құрылымын, нысанын, жұмыс принципі мен дайындау технологиясын; сынау жабдығы мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, нысанын, пайдалану ережесін және баптауды; есептерді орындау және сипаттамаларды алу әдістемесін; сыналатын бұйымдарға арналған мемлекеттік стандарттарды; электротехникалық бұйымдардың жаңа үлгілерін сынау ерекшеліктері мен сынау нәтижелері бойынша құжаттамаларды ресімдеу ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Электр аппараттары мен машиналары – түрлі жұмыс режимі кезіндегі жол берілетін жүктемелер есебі..

2. Кернеуі 35 кВ дейінгі жоғары вольтті ажыратқыштар – бақылау сынақтары.

3. Генераторлар мен жоғары жиіліктегі электр қозғағыштар –сынау және зерттеу.

4. Жоғары вольттік күшті конденсаторлар - бақылау сынақтары.

5. Қуаты 3000 кВт дейінгі тұрақты ток электр машиналары – жалынсыз коммутацияны баптау.

6. Тұрақты және ауыспалы токтағы ірі электр машиналары – жүктемемен сынау, параллельдік жұмысқа қосу.

7. Өздігінен жазатын аспаптар және өлшеу көпірлері - электр, механикалық және климаттық әсерлерге беріктігін сынау.

8. 400 және 500 Гц арналған магнитті қосқыштар – зерттеуге және сынауға режимдерді іріктеу.

9. Төртінші габаритті күштік трансформаторлар – қабылдау-тапсыру сынақтары.

10. Кабельді-конденсаторлы орамалы жоғары жиіліктегі трансформаторлар - сынау.

11. Қуаты 200 кВт-тан жоғары жылжымалы электр стансалары - сынау және ақауларын жою.

12. Қоздырғыш жүйесінің айналмалы жартылай өткізгіш элементтері – ауыспалы қарсылықтарды өлшеу.
13. Электр машиналарын, аппараттары мен аспаптарын сынаушы

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр машиналарының, жоғары вольтті аппараттардың, трансформаторлардың, конденсаторлар мен электр өлшеу аспаптарының тәжірибелік және бірегей үлгілерін электрлі, механикалық және термиялық сынаулар. Электр машиналары мен түрлендіргіштердің тәжірибелік үлгілерін басқару және параметрлерді автоматты реттеу аппаратурасымен қоса жиынтық сынаулар. Щеткасыз қоздырғыш жүйелерінің терристорлық сызбаларын баптау және реттеу. Ерекше күрделі сынақ сызбаларын, электр машиналары мен аппараттарын сынауға арналған басқару пульттерін монтаждау. Арнаулы қабылдап алуды талап ететін электр машиналары, аппараттар мен аспаптардың жаңа үлгілерін оларды берілген параметрлерге дейін реттей отырып зерттеу. Күрделі сынау жабдығы кешенін басқару. Турбогенератор роторларын сынау кезінде телеаппаратураны баптау және реттеу. Сынау кезінде анықталған ақауларды жою. Сынау мен зерттеу жүргізумен байланысты күрделі есептерді орындау. Сынау мен зерттеу материалдары бойынша графиктер, диаграммалар жасау. Үлгілерді сынау мен зерттеу нәтижелері хаттамаларын ресімдеу.

Білуге тиіс: бұйымдардың тәжірибелік және бірегей үлгілерінің құрылымын, жұмыс принципін, нысаны мен жасау технологиясын; сынау кезінде қолданылатын түрлі кешенді жабдықтың құрылымын, пайдалану және баптау ережесін; электроника элементтерін; сынау мен зерттеу әдістемесін; сынақ стансасының немесе зертханасының толық электр сызбасын; барлық күрделі электр өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін; аспаптардың электр параметрлерін тексеру сызбасын құрастыруды; потенциометрлер қателіктері есебін; сыналатын үлгілер мен материалдарға арналған техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды.

Орта арнаулы білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Кернеуі 35 кВ жоғары жоғары вольтті ажыратқыштар - сынау мен зерттеу.

2. Сандық, автоматты вольтметрлер, проценттік көпірлер – қателіктерін сынау мен зерттеу.

3. Электр машиналары мен аппараттарының бас үлгілері – оларды сынау стенділерінде жеткере және баптай отырып үлгілік сынаулар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет