Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 10 сәуірдегі
№ А-4/130 қаулысымен бекітілді
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және қалалық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) аудандардың және қалалық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) ;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электронды (ішінара автоматталған) және (немесе) қағаз.
3. Қағаз және электронды түрде жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою туралы хабарлама көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады (бұдан әрі-хабарлама).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдайды – 5 минут. Нәтижесі – тиісті құжаттарды қабылдағандығы туралы қолхат;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 10 минут. Нәтижесі – орындау үшін жауапты орындаушыны белгілеу;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді – 4 жұмыс күн. Нәтижесі – хабарламаны немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады– 5 минут. Нәтижесі –анықтамаға қол қою;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе Орталық қызметкеріне хабарламаны береді – 15 минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының немесе Орталық қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі журналға қол қоюы.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бұрыштама қою үшін басшылыққа құжаттарды жолдайды - 5 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қояды, құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді - 10 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды материалдарымен қоса басшылыққа жолдайды – 4 жұмыс күні;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хабарламаға қол қояды – 15 минут;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі хабарламаны береді – 15 минут.
8. Рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталымен өзара әрекет етудің тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын растайтын мәліметтерді Орталықтың қызметкері электронды-цифрлық қол қойылған электронды құжаттар нысанында орталықтардың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
Орталықтың қызметшісі құжаттардың түпнұсқаларын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтерімен салыстырып тексереді, сонан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызмет алушыға қайтарады.
10. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағандығы туралы қолхат беріледі:
төмендегілерді көрсету арқылы, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат:
өтінішті қабылдаған күні мен нөмірі;
сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
қоса ұсылынған құжаттардың саны мен атауы; құжаттың берілген мерзімі, уақыты мен орны; құжаттарды ресімдеуге қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және байланыс телефондары.
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру «терезе» арқылы жеке өзі Орталыққа өтініш білдірген кезде іске асырылады.
12. Егер де, көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды алу үшін орталыққа уақытында өтініш білдірмеген болса, онда орталық құжаттардың сақтауын 1 ай қамтамасыз етеді, одан кейін оны Орталықтың мұрағатына тапсырады. Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, Орталық қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсету арқылы қолхат береді.
13. Бас тартылған жағдайда, Орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға 1 күн ішінде хабарлайды және көрсетілетін қызметті берушінің жазбаша дәйектеме береді.
14. Орталық арқылы рәсімдеулердің (іс-әрекеттердің) кезеңділігін сипаттау осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.
15. Портал арқылы көрсетілетін қызмет берушінің және көрсетілетін қызметі алушының қадам бойынша әрекеті және шешімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ паролінің (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызмет алушылар үшін іске асырылады) көмегімен Порталда тіркеуді іске асырады;
2) 1-процесс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН және паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – Порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
4) 2-процесс – Порталмен көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген электронды түрде қажетті құжаттардың көшірмелеріне сұрау салу нысанына бекітілген құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушымен нысандарды толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды растауы (қол қою) үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін алуы;
6) 2-шарт – Порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестілігін тексеру;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалының расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама құрастыру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен сұрау салуды пысықтау үшін «электрондық үкімет» өңірлік шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) жолдау;
9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті беруші Стандартта көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының қоса ұсынған құжаттарының сәйкестілігін және қызмет көрсету үшін негіздемені тексереді;
10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтар орын алған жағдайда сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама құрастыру;
11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының Порталмен құрастырылған қызмет нәтижелерін алуы (электрондық құжат нысанындағы хабарлама). Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып құрастырылады.
16. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл етуі осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне 1-қосымша
Рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы
Мемлекеттік қызмет көрсетудің процесі (барысы, жұмыс легі)
|
ҚФБ 1-тобы
|
ҚФБ 2-тобы
|
ҚФБ 3-тобы
|
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қояды, құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді - 10 минут
|
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бұрыштама қою үшін басшылыққа құжаттарды жолдайды - 5 минут
|
|
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды материалдарымен қоса басшылыққа жолдайды – 4 жұмыс күні
|
|
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі хабарламаны береді – 15 минут
|
Қызмет берушінің басшылығы хабарламаға қол қояды– 5 минут
|
|
Ескерту: қысқартылған сөздердің толық жазылуы:
ҚҚБ – құрылымдық-функционалдық бірлік
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне 2-қосымша
Рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы
Мемлекеттік қызмет көрсетудің процесі (барысы, жұмыс легі)
|
ҚФБ 1-тобы
|
ҚФБ 2-тобы
|
ҚФБ 3-тобы
|
Жауапты орындаушы құжаттарды материалдарымен қоса басшылыққа береді –4 жұмыс күні.
|
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қояды, құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді – 10 минут
|
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдайды және тіркейді – 10 минут
|
Орталыққызметкері құжаттардың түпнұсқалығын мемлекеттік ақпараттық жүйеден ұсынылған мәліметтермен сәйкестілігін салыстырады және орындау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды
|
|
Орталық көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама береді. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі журналға қол қоюы.
|
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі хабарламаны қызмет алушыға немесе орталық қызметкеріне береді – 15 минут
|
қызмет берушінің басшылығы қол қояды-5 минут.
|
|
Орталық көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама
береді.Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі журналға қол қоюы.
|
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі орталыққа мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
жібереді.Нәтижесі –орталық қызметкердің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі журналға қол қоюы.
|
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 20 минут.Нәтижесі –хабарламаға қол қоюы.
|
|
Ескерту: қысқартылған сөздердің толық жазылуы:
ҚҚБ – құрылымдық-функционалдық бірлік
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және
есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне 3-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекет етудің диаграммасы
Достарыңызбен бөлісу: |