4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Басқа механизмдермен бір кешенде жұмыс істейтін шымтезек шығаратын механизмдерді; шығарылған шымтезекті қалыптастыру және төсеу кезінде сыйымдылығы 9 м3 дейін кузовы бар төсеу машиналарын; кесекті шымтезекті тасымалдайтын және кептіретін машиналарды басқару. Машиналар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсету, олардың жекелеген тораптарын, агрегаттарын реттеу және оларды жұмысқа дайындау. Қызмет көрсететін машиналардың, механизмдердің жұмыс режимін қадағалау, олардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, жоспарлы-ескерту жөндеу жұмыстарына қатысу.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін машиналар мен механизмдердің құрылғысын, техникалық сипаттамасын және пайдалану ережесін; кесекті шымтезекті шығару және қайта өңдеу, оны кептіру алаңына төсеу, жинау, тасымалдау технологиясын; кесекті шымтезекті шығару және қайта өңдеу жөніндегі машиналар мен механизмдерді күту және техникалық қызмет көрсету ережесін, олардың жұмысындағы бұзушылықтарды жою; олардың жұмыстарына берілген режимдерде жекелеген тораптар мен агрегаттарды реттеу ережесін.
§ 7. кесекті шымтезекті шығару және қайта өндіру жөніндегі машиналардың машинисі
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қатпарлы-қабатты тәсілмен кесекті шымтезекті шығару жөніндегі машиналарды; сыйымдылығы 9 м3 және одан да артық кузовы бар төсеу машиналарын; шымтезек шығаратын машиналармен бір кешенде жұмыс істейтін механизмдер мен жетектерді, шымтезекті кесектерді жинау және шығару кезінде тасымалдағыш құралдарды басқару. Машиналарға, механизмдерге техникалық қызмет көрсету, оларды реттеу, жұмысқа дайындау, жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін машиналардың, механизмдердің, жетектердің, тасымалдағыш құралдардың конструкциясын, техникалық сипаттамасын, оларды пайдалану, техникалық қызмет көрсету, реттеу, жұмыстағы ақаулар мен бұзушылықтарды жою ережесін және нұсқаулығын; шымтезекті шығару, қайта өңдеу, төсеу, кептіру, жинау, тасымалдау жөніндегі жұмыстарды жүргізу ережесін; жанар-жағармай материалдарын шығындау нормаларын.
§ 8. Фрезер шымтезегін шығару және қайта өндіру жөніндегі машиналардың машинисі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тракторларды және тіркелгіш жабдықтарды: фрезер шымтезегін кептіру кезінде қармаушы ені 10 м дейі құлатқыштарды және қопсытқыштарда; берілген тереңдікке шымтезек қабаттарын фрезерлеу кезінде қармаушы ені 6 м дейін фрезбарабандарды; минералдық құрамдауыштарды тиеу және себу жөніндегі машиналарды басқару. Қызмет көрсететін машиналардың жұмыс механизмін реттеу, тіркегіш жабдықтарды тіркеу ағыту. Басқарылатын тракторларға және тіркелетін жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, олардың жүйелері мен тораптарының дұрыстығын тексеру, жанар-жағармай және басқа материалдар құю, жұмыста кездесетін ұсақ бұзушылықтарды жою, жоспарлы-ескерту жөндеу жұмыстарына қатысу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін тракторлардың, тіркегіш жабдықтардың құрылғысын және техникалық сипаттамасын, оларды пайдалану жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды; тракторларды және тіркегіш жабдықтарды басқару кезінде технологиялық жұмыстарды жүргізу ережесін; минералдық құрамдауыштарды себу нормасын; шымтезекті кептірудің, шымтезек қабаттарын фрезерлеудің технологиялық жүйесін; жанар-жағармай шығыстарының нормаларын; слесарлық іс.
§ 9. Фрезер шымтезегін шығару және қайта өндіру жөніндегі машиналардың машинисі
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. өздігінен жүретін және пневматикалық құлатқыштарды, өздігінен жүретін өздігінен түсіретін престерді, тіркелетін және аспалы жабдықтары бар тракторларды: қармаушы ені 18 м артық құлатқыштар мен қопсытқыштарды; сыйымдылығы 14 м3 дейін бункері бар жинағыш машиналарын; шымтезек төсемдерін бумаға престеу жөніндегі машинаны; тіркелген құлатқыштармен біріккен қармаушы ені 6-дан 9 м дейін фрезбарабандарды; қозғалтқыш қуаты 58,9 кВт (80 л. с.) трактордың көмегімен шымтезекті аммиакты сұйықтықпен байыту жөніндегі машиналарды; механикаландырылған іріктеу және үйілмелерден шымтезектің сынамаларын орташалау жабдықтарын басқару. Өздігінен жүретін керуенделген машиналарды басқару. Басқарылатын машиналарға, механизмдерге техникалық қызмет көрсету, оларды жұмысқа дайындау, берілген жұмыс режиміне сәйкес оларды жұмысқа дайындау, жұмыстағы бұзушылықтарды анықтау және жою, жоспарлау-ескерту жөндеу жұмыстарына қатысу.
Білуге тиіс: фрезер шымтезегін шығару және өңдеу жөнінде қызмет көрсететін машиналардың құрылғысы мен техникалық сипаттамасын және оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты, жұмыстың технологиялық тәсімін, жұмыстардың циклдық кестесін; орындалатын жұмыстың сипаттамасына сәйкес фрезер шымтезегін шығару және қайта өңдеу жөніндегі машиналарға қызмет көрсету ережесін; тіркелетін жабдықтардың шектен тыс жүктемесін; жиналатын шымтезектің ылғалдылық нормасын; шымтезектің циклдық жинауға байланысты аммиакты судың берілу нормаларын; орналастыру тәсімін, фрезер шымтезегінің қатарларының өлшемін және олардың арасындағы арақашықтықты.
§ 10. Фрезер шымтезегін шығару және қайта өндіру жөніндегі машиналардың машинисі
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өздігінен жүретін пневможинағыш комбайндарды, қайта тиейтін жинағыш машиналарды, қармаушы ені үлкейтілген фрезер барабаны немесе фрезер-құлатқышы бар құрамды жинағыш машиналарды, тіркелетін және аспалы жабдықтары бар тракторларды: пневматикалық жинағыш машиналарын, сыйымдылығы 14 м3 артық бункері бар жинағыш машиналарды; фрезер-құлатқыштарды, қармаушы ені 9 м және артық фрезбарабандарды; қозғалтқыш күші 58,9 кВт (80 л. с) артық трактордың көмегімен шымтезекті аммиак сұйықтықпен байыту машиналарын басқару. Технологиялық жұмыстарды орындау және орындалатын жұмыстарға сәйкес қызмет көрсететін машиналар мен механизмдерді реттеу.
Білуге тиіс: фрезер шымтезегін шығару және қайта өңдеу машиналарының конструктивтік ерекшеліктерін және олардың жұмысының технологиялық тәсімін; тіркелетін жабдықтардың шектен тыс жүктемелерін; шымтезекті шығару жөнінде технологиялық жұмыстарды орындау тәсілдерін; қызмет көрсететін машиналардың, механизмдердің және тіркелетін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою; трактордың тіркелетін жабдықпен орын ауыстыру ережесін.
Достарыңызбен бөлісу: |