Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (23-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (23- шығарылым) (бұдан әрі бтба) «Кеме құрастыру және кеме


тетіктер мен түйіндерді орнату және монтаждау кезінде төменгі қалыпта көміртекті, төмен қоспалы немесе қоспаланған болаттан жасалған құрылымдарда жылумен кесу, электрлі ұстау, пневматикалық шабу



бет11/18
Дата09.06.2016
өлшемі1.66 Mb.
#124057
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

тетіктер мен түйіндерді орнату және монтаждау кезінде төменгі қалыпта көміртекті, төмен қоспалы немесе қоспаланған болаттан жасалған құрылымдарда жылумен кесу, электрлі ұстау, пневматикалық шабу;

біліктілігі анағұрлым жоғары кеме слесарь-монтажшысының басқаруымен орталықтандырылмайтын қосалқы механизмдер, электрлі жабдықтар, агрегаттар, жылу алмасу аппараттары, құбырлар, арматураларды бөлшектеу, жөндеу, жинақтау, монтаждау және кеме дизельдерін, турбиналарды, білікше жүргізгіштерді, құрылғыларды, арнайы жүйелер мен құбырларды бөлшектеу кезіндегі жұмыстарды орындау.


335. Білуге тиіс:

қосалқы механизмдер, құрылғылар, құбырлар, арматуралардың қызметі мен бөлшектеу, бөлшектеу және жинақтау тәртібін;

кедір-бұдыр квалитеттері мен параметрлерін;

пневматикалық және электрифицирлейтін құрал-саймандарды пайдалану ережелері мен әдістемелерін;

кеме салу және кемені жөндеуде қолданылатын болаттар мен түсті балқытпалардың негізгі түрлерін;

тетіктерді өңдеу мен қарапайым түйіндерді жинақтаудың слесарлық ережелерін;

құралдарды механизмдерден, цистерналардан, бөліктерден ажырату әдістері мен ережелерін;

тетіктер мен түйіндерді қайта іске қосу және консервациялау әдістері, консервіленетін материалдардың маркалары мен қызметін;

құралдар мен бақылау-өлшеу құрал-саймандарын қолдану ережелерін; күрделі емес сызбаларды оқу ережелерін.

336. Жұмыс үлгілері:

Қосалқы механизмдер:

1) палубалы қол механизмдері (шпильдер, жүк шығырлар, шлюпкалы кран-балкалар, вьюшкалар) – бөлшектеу;

2) май көрсеткіштері, мәжбүрлік майлау сымдары; майлы, плунжерлі, тістегершік сорғылары, орталық майлау май сауыттары, картер люктерінің қақпақшалары, бу машиналары мен механизмдерінің түбі – шығару, бөлшектеу;

3) қол сорғысы – монтаждау;

4) қосалқы және қайта өңдеу қазандары, механизмдер, жабдықтар мен құбырларды қаптау –бөлшектеу;

5) жерге тұйықтау маңдайшалары – орнату;

6) сығу құралдары (тетік қысқыштар, басқыштар, бұрандамалар, бұранды домкраттар) – шығару;.

7) тұщыландыру қондырғылары, қосалқы және қайта өңдеу қазандары мен құбырлар;

8) кеме дизельдері, бу машиналары, турбиналардың (цилиндр қақпақшалары, блоктар, коллекторлар, салқындату қуыстары) түйіндері мен тетіктері – жуу, салу, тот, сілтілеуден тазарту;

9) май, отын, ауа, су сүзгіштері, батпақ қорапшалары, отпен жылыту, компенсаторлар, санитарлық-техникалық жабдықтар –бөлшектеу, бөлшектеу;

10) көлденең және көлбеу шнектер, шкивалар, ленталы транспортерлар (редукторларсыз) –бөлшектеу, ажырату;

Құбырлар мен жүйелер:

1) арматуралар – маймен толтыру;

2) технологиялық бітеулер – орнату;

3) жалаң аспалар, сағалар, басқыштар, кронштейндер, планкалар – орнату;

4) қорғауыштар – бөлшектеу;

5) арнайы жүйелерден басқа химиялық өңдеуден кейінгі құбырлар – күш салу;

6) пластмассадан жасалған құбырлар – бөлшектеу;

Әртүрлі жұмыстар:

1) шығыс және отын бактары, резервуарлар –бөлшектеу, ажырату;

2) бұрандамалар, өзекшелер, гайкалар – кесу және бұранданы калибрлеу;

4) бонктар, түйреуіштер– белгіленуі бойынша дәнекерлеуге орнату;

5) механизмдер, агрегаттар, жылу алмасу аппараттары, арматуралар, аспаптар – жәшіктерді ашу;

6) маховиктер, арматураға арналған саптар – орнату;

7) уақытша желкелер – дайындау;

9) материал табақтарынан (резина, паронит, кенеп, фибралар) жасалған тік бұрышты және дөңгелек төсемдер – белгілеу, дайындау, тесіктерді кесу, орнату;

10) мата жеңдер – орнату,бөлшектеу.

Параграф 3. Кеменің слесарь-монтажшысы, 3-разряд


337. Жұмыс сипаттамасы:

орталықтандырылмайтын қосалқы және палубалы механизмдер (жетегі бар және жетегі жоқ), электрожабдықтар, жылу алмасу аппараттарын бөлшектеу, жөндеу, жинақтау және монтаждау кезінде слесарлық операцияларды орындау; пневматикалық және электрлі машиналар көмегімен іргетастардың, орындықтардың, дәлдігі 0,20 мм дейін приварыш, вварыштың тіреулі қаңылтырларын тазарту;

қолданылатын құрал-саймандарды қайрау;

диаметрі 108 мм дейін және қысымы 1,5 МПа (1,5 кгс/см2) дейін арматураларды, құбырлар мен жүйелерді (арнайы жүйелерден басқа: гидравлика, жоғары қысым ауасы, негізгі және қосалқы бу) дефектациялау, жөндеу, жинақтау, монтаждау;

цехта қысымы 1,5 МПа-10МПа дейін (15-100 кгс/см2 дейін) арматуралар, құбырлар, жабдықтарды гидравликалық сынақтан өткізу және қысымы 1,5 МПа (15 кгс/см2 дейін) пневматикалық сынақтан өткізу;кемеде қысымы 1,5 МПа (15 кгс/см2 дейін) арматуралар, құбырлар, жабдықтарды гидравликалық сынақтан өткізу және қысымы 1,0 МПа (10 кгс/см2 дейін) пневматикалық сынақтан өткізу;

қуаты 50-150 кВт электрлі жабдықтарды, қосалқы және қайта өңдеу қазандарын, білік жүргізгіштерді, подшипниктерді, білік жүргізгіштердің диаметрі 100 мм дейінгі есу бұрандаларын, қуаты 225 кВт (300 лошадинных сил) дейінгі мұздату қондырғыларының жабдықтарын, бу машиналарын, арнайы жүйелерден басқа кез келген диаметрлі арматуралар мен құбырларды бөлшектеу;

қуаты 50 кВт дейінгі электрлі жабдықтарды монтаждау;

швартты және қозғалту сынақтарына, қосалқы механизмдер, жылу алмасу аппараттары, жабдықтарды қосу және қызмет көрсетуге қатысу, қызмет көрсетілетін механизм жұмысындағы сынақ кезінде анықталған ақауларды жою;

тетіктер мен түйіндерді орнату және монтаждау кезінде барлық кеңістік қалыптарында көміртекті, қоспасы аз және қоспаланған болаттардан жасалған құрылымдарда жылумен кесу, электрлі ұстау және пневматикалық шабу.


338. Білуге тиіс:

күш қондырғыларының негізгі түйіндерінің қызметі мен құрылымын; қызмет көрсететін құбырлары, агрегаттары, электрлі жабдықтар мен электрлі аппаратуралары бар қосалқы механизмдерді монтаждау және тапсырудың негізгі техникалық шарттарын;

жабдықтар мен құбырларды бөлшектеу, ажырату, дефектациялау және жөндеу ережелері мен тәсілдерін;

механизмдердің күрделілігі орташа түйіндері мен тетіктерін шақтау және жинақтау тәсілдерін;

швартты және қозғалту сынақтары кезінде қосалқы механизмдерді қосу және қызмет көрсету бойынша нұсқаулықтарды, жұмыс тәртібін реттеу тәсілдерін;

пневматикалық машиналар, іргетастар мен тесіктерді өңдеуге арналған ауыспалы станоктарды;

нормалилер, ОСТ мен ГОСТ-ты;

жөндеу, сынау және монтаждау тәсілдерін;

рұқсатнаманы, орналастыруды, түсініксіздік квалитеттері мен параметрлерін;

әмбебап, арнайы құралдар мен бақылау-өлшеу құрал-саймандарын; күрделілігі орташа түйіндеу және жинақтау сызбаларын оқу ережелерін;

газ кесу және электрлі дәнекерлеу аппаратуралары мен жабдықтардың жұмыс принципі мен қызмет көрсету ережелерін.

339. Жұмыс үлгілері:

Негізгі механизмдер:

1) турбиналарды бағыттаушы және арналы аппараттар –бөлшектеу, ажырату;

2) блоктар, іргетас рамалары, қақпақтар, цилиндрдің диаметрі 175 мм кеме дизельдерінің бұлғақтары бар поршеньдері;

3) турбина корпусының диафрагмалары – бөлшектеу, ажырату;

4) турбина корпустары – тазарту, жуу, графитті қоспа жағу;

5) қарау люктерінің қақпақтары – орнату;

6) турбина подшипниктері мен электрлі қозғалтқыштың қақпақтары –ажырату;

7) жетектері бар шығару және кіргізу клапандары – демонтаждау, бөлшектеу.

8) компенсаторлары жоқ су коллекторлары (шығару, кіргізу) – дефектациялау, жөндеу, жинақтау, монтаждау; компенсаторлары бар – бөлшектеу, ажырату;

9) цилиндрлер мен мысқал қорапшалардың қақпақтары, қуаты 225 кВт жоғары (300 л.с. жоғары) бу машиналары параллельдігінің нащечиналары – шығару, орнату;

10) дизельдер мен турбиналардың аспа механизмдері –бөлшектеу, ажырату;

11) қол жетектері бар реверсивті муфталар – бөлшектеу, ажырату;

12) ылғалды ауа, жарлы аспалысорғылар, пародинамо –бөлшектеу, ажырату;

13) турбиналар, дизельдер, механизмдер мен редукторлардың корпустарындағы тесіктер – орнату және бітеулерді пломбалау;

14) турбиналардың арналы байпасты клапандары мен жетектері – бөлшектеу, ажырату;

15) турбина корпустарының қақпақтарын көтеруге арналған құралдар – орнату, шығару;

16) редукторлар, реверс-редукторлар, турбокомпрессорлар – бөлшектеу;

17) диаметрі 500 мм дейінгі эксцентриктер – орнату;

Білік жүргізгіштер:

1) кез келген диаметрлі есу біліктері – шыныматасыз эпоксидті қоспамен жағу;

2) білік диаметрі 100 мм дейін бұрама қадамының өзгеру механизмдері – бөлшектеу;

3) білік диаметрі 100 мм дейін болған кездегі дейдвудты, сұрыптау майлықтары – тығыздау, толтырманы ауыстыру;

Қосалқы механизмдер мен қазандар:

1) балық тұздайтын агрегаттар, ауды қозғайтын, ауды таңдайтын машиналар, редукторлар, күшті жіберулер, бұру құрылғылары, ауа, жетекті сорғылары– дефектациялау, жөндеу, жинақтау, монтаждау, тапсыру;

2) әмбебап, борттан тыс, тұмсықты және ішкі аппарелилер – бөлшектеу;

3) қосалқы механизмдерге арналған амортизаторлар – өңдеу;

4) жылу алмасу аппараттары – жөндеу, жинақтау, түтіктерін ауыстыру, ыдырату, гидравликалық сынақтар;

5) қосалқы және қайта өңдеу қазандарының арматуралары – бөлшектеу, дефектациялау, жөндеу, орнату, шығару;

6) брашпильдер, шпильдер, электрлі және бу шығырлары –бөлшектеу, тежеу құрылғыларын, қол жетектерін, жұлдызшаларды жөндеу;

7) деңгейдің су көрсеткіштері – шығару, жөндеу, орнату, сынау;

8) ауа салқындатқыштар, май салқындатқыштар, қысым релесі, үлестіргіштер –бөлшектеу, ажырату;

9) цилиндр диаметрі 300 мм дейін дизель-генераторлары – бөлшектеу;

10) аспа жолдар – бөлшектеу, дефектациялау, жөндеу;

11) тралды шығырлардың желпуіш салғыш арбалары – дефектациялау, жөндеу, жинақтау, орнату;

12) цистерна қылталарының қақпақтары, шпигаттар – орнату, бекіту;

13) ысырмалы құрылғылардың діңгектері, біліктер, штоктар, тартымдар, бұру машиналары, турбокомпрессорлар, шпильдер, брашпильдер –қайта іске қосу, консервациялау;

14) тұрмыстық бағыттағы кеме механизмдері (кір жуу машиналары, центрифугалар, картоп ашығыштар, қамыр араластырғыштар) – бөлшектеу, ажырату;

15) технологиялық жабдықтар (қалпақша шабушы, тері алу және жуу машиналары; балықұнды, балық консервті және май еріту қондырғылары; транспортерлар және трюмды элеваторлар) – бөлшектеу, ажырату;

16) санитарлық-техникалық жабдықтар; май, отын, ауа, су сүзгіштер; балшық қорапшалары, жылыту грелкалары, компенсаторлар – дефектациялау, жөндеу, монтаждау;

17) арматура немесе жабдықпен басқару жетектері (құбырлар, жол кронштейндері, втулкалар, шарнирді муфталар) – белгілеу, дайындау, монтаждау, іске тапсыру;

18) аспаптар, арматуралар – артқанға дейін механизмдерден шығару және артқаннан кейін орнату;

19) құбырлары бар тұщыландырушылар – монтаждау, сынақтан өткізу;

20) рульді құрылғы және қашықтықтан басқару – жолды белгілеу, орнату, пластмасса кемелерде бекіту;

21) көлденең және көлбеу шнектер, ленталы транспортерлар (редукторсыз) – жөндеу, монтаждау, тапсыру;

Құбырлар мен жүйелер:

1) арнайы жүйелер мен құбырлардың арматуралары –қайта іске қосу, консервациялау;

2) ауаны желдету және салқындату жүйесінің арматурасы – бөлшектеу;

3) тіректер – құбырларды бекіту кронштейндері, футштоктар – орнату;

4) шар сырғанау тіректері, серіппелі аспалар, шектеуіштер – бөлшектеу;

5) қатары көп аспалар, кез келген диаметрлі құбырларға арналған қабылдау торлары – қолмен немесе престе дайындау, аралау, орнату, жинақтау;

6) пластмассадан жасалған құбырлар (аккумуляторлы үңгірлердегі жөнделетіндерден басқа) – монтаждау, сынақтан өткізу;

7) арнайы жүйелердің құбырлары – күш салу, бұрандаларды кесу және калибрлеу;

Әртүрлі жұмыстар:

1) жоғары қысымды ауа, фреонды, қосу, көмірқышқыл баллондар – бөлшектеу;

2) аккумуляторлы батареялар – орнату;

3) вахта – кемелерді салу және жөндеу кезеңінде қызмет жасау;

4) люкті жапқыштар, көтергіштер, аппарельдер мен сұрыптау жапқыштарының жетектерінің гидроцилиндрлері –бөлшектеу, ажырату;

5) гидравликалық домкраттар, монтажды подшипниктер – орнату, шығару;

6) диаметрі 80 мм дейін тетіктер (подшипниктер, саусақтар, тіс тегершіктер, төлкелер, муфталар және басқа тетіктер) – құралдардың көмегімен немесе салқындату әдісімен гидравликалық, бұрандалы престе тығыздау;

7) клапанды қораптар, жазық шынылары бар сілтеу колонкалары, палубалы төлкелер, штуцерлі және сұрыптау стакандары, штуцерлер, қорғауыш бітеулер – орнатын орнын белгілеу, орнату;

8) механизмдер, агрегаттар, жылу алмасу аппараттары, арматуралар, аспаптар – жинақты тексеру, буу;

9) механизмдер, қазандар, жабдықтар мен құралдарды оқшаулауды қаптау – дефектация, жөндеу, монтаждау;

10) панельдер, түрлі бактар, сүзгіштер, балшық қораптар, жылу грелкалары, санитарлық-техникалық жабдықтар, ерекшелеу планкалары мен кестелері – орнатын орнын белгілеу, орнату, бекіту;

11) ағаш төсемдер – шақтау, орнату;

12) сопақ, фигуралы төсемдер – белгілеу, кез келген материалдан дайындау, тесіктерді ою, орнату;

13) сығу құралдары (тетік қысқыштар, басқыштар, мәткелер, бұранды домкраттар) – орнату;

14) диаметрі 600 мм дейін донды және борттан тыс арматуралардың қабылдау торлары – орнату;

15) май, отын, ауа, су сүзгіштері – жинақтау, орнату, монтаждау;

16) цистерналар, бактар, салмағы 300 кг дейінгі қамту бекітулері бар жабдықтар – булау, жуу, орнату, бекіту;

17) дәнекерлеу тігістері – калибрі бойынша тексеріп өңдеу, рентгенограммаграфирлеу және люминесцентті бақылау;

18) манометрлі сауыттар, орауыштар, сауыттарға арналған аспаптар – орнату, бекіту.

Параграф 4. Кеменің слесарь-монтажшысы, 4-разряд





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет