Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет14/26
Дата14.06.2016
өлшемі1.98 Mb.
#134833
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
§ 48. ЭЛЕКТР ГАЗБЕН ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған, динамикалық және вибрациялы жүктемемен және қысыммен жұмыс істеуге арналған, күрделілігі әртүрлі аппараттарды, бөлшектерді, тораптар мен конструкцияларды, труба құбырларын қолмен доғалы, плазмалы, газбен пісіру. Күрделі жағдайларда жұмыс істетін күрделі құрылыс және технологиялық конструкцияларды қолмен доғалы және плазмалы пісіру. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған, күрделі бөлшектерді жиегін пісіруге дайындай отырып, оның ішінде әртүрлі болат пен балқымалардан жасалған арнаулы флюстерді пайдалана отырып, түзу сызықты және қисық сызықты оттегімен және плазмалы кесу. Металдарды су астында оттегімен кесу. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған, күрделі аппараттарды, бөлшектерді, тораптар мен конструкцияларды, труба құбырларын автоматты және механикалық пісіру. Динамикалық және вибрациялы жүктемемен және қысыммен жұмыс істеуге арналған құрылыс және технологиялық конструкцияларды автоматты пісіру. Ауыр жағдайларда жұмыс істейтін күрделі құрылыс және технологиялық конструкцияларды механикаландырылған пісіру. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған, күрделі бөлшектерді әртүрлі жағдайларда түзеу. Блоктап жасалған конструкцияларды пісірме жіктің әртүрлі кеңістік жағдайларында пісіру. Қабырғасы жұқа бұйымдардағы және пісіруге қол жетімділігі қиын жерлердегі раковиналарды пісіру және балқыма қаптау. Пісіргеннен кейін пісірме жіктерді газ оттығымен термоөңдеу. Күрделілігі әртүрлі кеңістікті пісірме метал конструкцияларының сызбаларын оқу.

Білуге тиіс: әртүрлі пісіру машиналарының, автоматтардың, жартылай автоматтар мен қоректендіру көздерінің электр сызбалары мен құрылымын; жоғары легирленген болатты, сондай-ақ балқытылған метал мен түзеуге тартылатын металды қоса, пісірілетін металдардың технологиялық қасиеттерін; пісірме жіктерді түсірудің технологиялық кезектілігін таңдауды; термиялық өңдеудің пісірме жік қасиетіне әсерін, металды су астында кесу ережесін.

Жұмыс үлгілері

1.Домна пештерінің амбразуралары – раковиналар мен жарықтарды балқыма қаптау.

2. Қысыммен жұмыс істейтін, және қысымсыз жұмыс істейтін легирленген болаттан жасалған аппаратура мен ыдыстар – пісіру.

3. Мартен пештерінің арматуралары – жұмыс істеп тұрған жабдықты жөндеу кезінде пісіру.

4. Көтергіш темірбетон конструкцияларының арматурасы (іргетастар, колонналар, жабындар және т.б.) – пісіру.

5. Қалайы қоладан және кремнийлі латуннан жасалған труба құбырдың арматурасы – 5 МПа (48,4 атм) сынама қысымда балқымамен қаптау.

6. Бірегей қуатты трансформаторлардың бактары – динамикалық жүктеме астында жұмыс істейтін көтеру ілмелерін, домкрат жақшаларды, таттанбайтын тақталарды қосып пісіруді қоса, пісіру.

7. Кран арбаларының балкалары мен траверстері, балансирлер – пісіру.

8. Жүк көтергіштігі 30 т. кем көпірлі крандардың аралық балкалары – пісіру.

9. Буферлі, шкворнялық балкалар, локомотивтер мен вагон арбаларының рамалары – пісіру.

10. Баллондар, колпактар, вакуумде жұмыс істейтін сфералар – пісіру.

11. Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) дейінгі қазандардың барабандары – пісіру.

12. Парақ металдан жасалған құрылыс және технологиялық конструкциялардың блоктары (ауа жылытқыштар, скрубберлер, домна пештерінің қаптаулары, сепараторлар, реакторлар, домна пештерінің газ жолдары және т.б.) – пісіру.

13. Бұйымдардың цилиндр блоктары мен су коллекторлары – пісіру.

14. Ірі иінбіліктер - – пісіру.

15. Қорғасын ванналар - – пісіру.

16. Мұнай өнімдеріне арналған көлемі 5000 куб.м. дейінгі газгольдерлер мен резервуарлар – цех жағдайында пісіру.

17. Газ, мұнай өнімдері құбырлары – стеллажда пісіру.

18. Газбен пісіру аппараттарының бөлшектері – күміс дәнекермен дәнекерлеу.

19. Күрделі конфигурациялы конструкциялардың бөлшектері – қосымша механикалық өңдеусіз жиектерін кесе отырып пісіру.

20. Соқпалы, штампыланған және құйма машиналардың, механизмдер мен конструкциялардың бөлшектері (есу винттері, турбина қалақтары, қозғағыш цилиндрлерінің блоктары және т.б.) – ақаулары балқыма қаптау.

21. Аса күрделі машиналар мен механизмдердің бөлшектері (домна пештерінің толтырма аппараттары, есу винттері, турбина қалақтары, прокат станоктарының валкалары және т.б.) ақауларын балқыма қаптау.

22. Шарлы және сфериялық түптер – кейіннен механикалық өңдеусіз жиектерін кесе отырып пісіру.

23. Қызыл мыстан жасалған иректемелер – пісіру.

24. Жоғары температурада жұмыс істейтін мартен пештерінің кессондары – пісіру.

25. Мартен пештерінің кессондары (ыстық жөндеу) – ішкі балқыма қаптау.

26. Таттанбайтын және ыстыққа төзімді болаттан макроқұрылымы мен ренгенографиясы тексеріле отырып жасалған 20 және одан да көп бөлшектерде тұратын күрделі конфигурациялы коллекторлар – пісіру.

27. Ұстындар, бункерлер, ілмектер мен ілмек асты фермалары, балкалар, эстакадалар және т.б. – пісіру.

28. Таттанбайтын сильфон типті болаттани жасалған компенсаторлар – дәнекерлеу.

29. Радиомачта, телемұнара және ЛЭП тірек конструкциялары - стационарлық жағдайда пісіру.

30. Кескі, тиеу машиналарының, көмір комбайндары мен шахта электровоздарының корпустары – пісіру.

31. Престер мен балғалардың корпустары, траверстері, и негіздемелері және басқа да күрделі тораптары – пісіру.

32. Шойын корпустар, қақпақтар, үштіктер, иіндер, цилиндрлер – ақауларын балқыма қаптау.

33. Диаметрі 3500 мм. жоғары ротор корпустары – пісіру.

34. Қуаты 25000 кВт турабина клапандарының стопор корпустары – пісіру.

35. Гидравликалық турбиналардың қақпақтары, статорлары мен қалақ қаптамалары – пісіру.

36. Мачталар, бұрғылау және пайдалану мұнаралары – монтаж кезінде пісіру.

37. Жоғары легирленген бұрғылау трубаларынан бұрғы мұнараларына жасалған негіздемелер мен үш дизельді жетектер – пісіру.

38. Күрделі және ірі алюминий және қола құймалар – раковиналар мен жарықтарды балқыма қаптау.

39. Адымдаушы экскаваторлардың тірек тақталары – пісіру.

40. Күрделі прес-қалыптар қол жетімділігі қиын жерлерді пісірмелеу.

41. Автомобильдер мен дизельдердің рамалары мен тораптары – пісіру.

42. Локомотивтердің шкворня және дизель асты рамалары – пісіру.

43. Мұнай өнімдеріне арналған көлемі 1000-нан 5000 куб.м. дейінгі резервуарлар – монтажда пісіру.

44. Электр машиналарының роторлары – қысқа тұйықталған сақиналарды, стерженьдерді пісіру, балқыма қаптау.

45. Күрделі станиналар, ірі токарь станоктарының фартуктері - пісіру, балқыма қаптау.

46. Көтерме құрастырмалы темірбетон конструкциялары элементтері арматурасының жіктері – пісіру.

47. КИП жүйесінің және автоматика импульстік трубкалары – пісіру.

48. Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) дейінгі қазандардың трубалық элементтері – пісіру.

49. Төмен қысымды газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – монтажда пісіру.

50. Орта және төмен қысымды газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – монтаж кезінде және цех жағдайларында пісіру.

51. ІІІ және ІҮ санаттағы (топтағы) технологиялық труба құбырлары, сондай-ақ ІІІ және ІҮ санаттағы бу және су құбырлары – пісіру.

52. Қорғасын трубалар – пісіру.

53. Мотор асты рамалары тораптары мен ұшақтардың шасси амортизаторларының цилиндрлері – пісіру.

54. Латунь тоңазытқыштар - 2,5 МПа (24,2 атм) дейінгі қысым кезінде гидросынамаға жіктерді пісіру.

55. Қозғағыш цилиндрлері – ішкі және сыртқы қабаттарына балқыма қаптау.

56. Шиналар, ленталар, олардың түсті металдан жасалған компенсаторлары – пісіру.
§ 49. ЭЛЕКТР ГАЗБЕН ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған, динамикалық және вибрациялы жүктемемен және қысыммен жұмыс істеуге арналған, ерекше күрделі аппараттарды, бөлшектерді, тораптар мен конструкцияларды, труба құбырларын қолмен доғалы, плазмалы, газбен пісіру. Күрделі жағдайларда жұмыс істетйін күрделі құрылыс және технологиялық конструкцияларды және күрделі конфигурациялы конструкцияларды қолмен доғалы және газбен, электрмен пісіру. Легирленген арнаулы болаттан, титан және басқа да балқымалардан әртүрлі конструкцияларды арнаулы құрылымды автоматтарда, көпдоғалы және көпэлектродты автоматтарда және теледидарлық, фотоэлектронды және басқа да арнаулы құрылғылармен жарақталған автоматтарда, автоматты манипуляторларда (роботтарда) автоматты пісіру. Динамикалық және вибрациялы жүктемемен жұмыс істейтін аппараттарды, тораптарды, труба құбырлары конструкцияларын, құрылыс және технологиялық конструкцияларды пісірме жіктерді төбедегі жағдайда және тік жазықтықта орындау кезінде механикаландырылған пісіру. Пісірімділігі шектеулі металдар мен балқымалардан, сондай-ақ титаннан және титан балқымасынан жасалған тәжірибелік конструкцияларды пісіру. Блоктап жасалған конструкцияларды пісірме жіктің әртүрлі кеңістік жағдайларында пісіру.

Білуге тиіс: титан балқымаларының түрлерін, олардың пісіру және механикалық қасиеттерін; автоматтар мен жартылай автоматтардың кинематикалық сызбаларын және электрондық басқару сызбаларының принципті құрылымын; роботтарды үйрету ережесін және роботтехникасы кешендерімен жұмыс істеу ережесін; Коррозия түрлерін және оларды туындататын факторларды; пісірілетін бұйымдарды арнаулы сынамалау әдістерін және олардың әрқайсысының нысанын; пісірме жіктерді термиялық өңдеудің негізгі түрлерін; пісірме жіктердің металлографиясы жөніндегі негіздерді.

Жұмыс үлгілері

1. Жүк көтергіштігі 30 т. және одан жоғары көпірлі крандардың аралық балкалары – пісіру.

2. Мартен цехтары жұмыс алаңдарының балкалары, металлургия кәсіпорындары бункерлік және жүк түсіру эстакадаларының конструкциялары, жұмыс режимі ауыр крандардың кран асты балкалары, адымдаушы экскаватор бұрмалары – пісіру.

3. Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) жоғары қазандардың барабандары – пісіру.

4. Оттегі цехтарының ауа бөлу блоктары Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) дейінгі қазандардың барабандары – түсті металдардан жасалған бөлшектерді пісіру.

5. Мұнай өнімдеріне арналған көлемі 5000 куб.м. және одан жоғары газгольдерлер мен резервуарлар – монтаж кезінде пісіру.

6. Газ, мұнай өнімдері магистарльдік құбырлары – монтажда пісіру.

7. Түсті металдардан жасалған, 4,0 МПа (38,7 атм) жоғары қысыммен жұмыс істейтін бөлшектер мен тораптар – пісіру.

8. Сфериялық және тамшы пішіндес сыйымдылықтар мен жабындар – пісіру.

9. Колпактар, сыйымдылықтар, сфералар мен вакуумды труба құбырлары – пісіру.

10. Бұрғы трубалары мен муфталарының құлыптары – қос жікпен пісіру.

11. Газ турбо компрессорлардың, бу турбиналарының, қуатты ауа үрлеуіштердің жұмыс доңғалақтары – қалақтар мен күректерді қосып пісіру.

12. Аммиак синтезі ұстындары – пісіру.

13. Жеңіл алюминий-магний балқымаларынан жасалған конструкциялар – пісіру.

14. Аз магнитті болаттан жасалған конструкциялар – пісіру.

15. Радиомачта, телемұнара және ЛЭП тіректерінің конструкциялары – монтаж кезінде пісіру.

16. Бу турбиналарының қораптары конструкциялар – пісіру және раковиналарды балқыма қаптау.

17. Сутекті және сутегі-сумен салқындатылатын ірі турбогенераторлардың статор корпусы – пісіру.

18. Ауыр лазер қозғағыштары мен престердің корпустары – пісіру.

19. Бу қазандары – түптерін түзеу, жауапты тораптарын бір жақты жікпен пісіру.

20. Бұрғы долоттарының табандары мен шорошкалары, бұрғы бу жеткізгіштері – пісіру.

21. Ротор күректері мен турбина статорлары – дәнекерлеу.

22. Мұнай-газ құбырлары жыртылған жерлерін жою кезінде пісіру.

23. Мұнай және газ ұңғымалары мен контур сыртын толтыру ұңғымаларын труба құбырлармен қаптамалау – пісіру.

24. Импульсті турбиналар мен қазандардың проводкалары – пісіру.

25. Қос қабатты болаттан және басқа да биметалдан жасалған резервуарлар мен конструкциялар – пісіру.

26. Ашпалы нысандағы темірбетон конструкциялары арматурасының стерженьдері – пісіру.

27. Метал және темірбетон көпірлердің аралық құрылыстары – пісіру.

28. Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) жоғары бу қазандардың трубалық элементтері – пісіру.

29. Қысымды труба құбырлары, спиральді камералар, гидроэлектр стансалары турбиналарының жұмыс доңғалағының камералары Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) дейінгі қазандардың трубалық элементтері – пісіру.

30. Орта және жоғары қысымды газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – монтаж кезінде пісіру.

31. І және ІІ санаттағы (топтағы) технологиялық труба құбырлары, сондай-ақ І және ІІ санаттағы бу және су құбырлары – пісіру.


§ 50. АВТОМАТТЫ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТЫ МАШИНАЛАРМЕН ЭЛЕКТР ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Көміртекті және конструкциондық болаттан жасалған қарапайым тораптарды, бөлектер мен конструкцияларды автоматты және механикаландырылған пісіру. Автоматты электр шлакты пісіруге арналған қондырғылар мен арнаулы конструкциядағы автоматтарға қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды біліктілігі анағұрлым жоғары электрмен пісірушінің басшылығымен орындау. Бөлшектерді, бұйымдар мен конструкцияларды жартылай автоматтармен барлық кеңістік жағдайларында қармап алу. Металды пісіруге дайындау. Бөлшектер мен құйма ақауларын балқымамен қаптау. Бөлшектер мен бұйымдарды автоматты және механикаландырылған пісіруге тазалау. Бөлшектер мен бұйымдарды айлабұйымдарға орнату. Электродты сымды әзірлеу. Қарапайым сызбаларды оқу.

Білуге тиіс: қолданылатын электрмен пісіретін автоматтар мен жартылай автоматтардың жұмыс қағидатын; қолданылатын қоректендіру көздерін; сызбалардағы пісірме жік белгілерінің типтерін; металды пісіруге дайындау ережесін; электродты сымды, флюстерді, қорғану газын, қолдану шарттарын және пісірілетін металлдар мен балқымалардың қасиеттерін; бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және қолдану шарттарын; автоматты және механикаландырылған пісіруді қолдану нысанын және ережесін; пісіру кезінде метал деформацияларының туындау себептерін және оның алдын алу тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері

Ж а р т ы л а й а в т о м а т т ы м а ш и н а л а р д а:

ПІСІРУ

1. Жүк вагондары тежегіш алаңының каркасы мен бөлшектері және жолаушы вагондары терезе каркастары.



2. Рульдің басқару каркасы.

3. Қоршау қаптауы және ауылшаруашылығы машиналарының жүктемесі төмен басқа да тораптары.

4. Жатка кронштейндері, тежегішті басқару валиктері.

5. Автосамосвал рама асты кронштейндері.

6. Салмалар мен рессор төсемдері.

7. Көлемі шағын метал опоктар.

8. Планкалар, скобалар, кеменің труба құбырларын, электр аппаратурасын, электр сымдарын бекітуге арналған қамыттар.

9. Трансформатор бактарының рамалары.

10. Іргетастар, ұсақ тораптар.

ҚОСА ПІСІРУ ЖӘНЕ ПІСІРМЕЛЕУ

1. Люлька балкалары, тұтас метал вагондар мен вагон секцияларының рессор асты мен рессор үстіндегі брустары - күшейткіш бұрыштарды, бағыттаушы және орталандырушы сақиналарды қосып пісіру.

2. Прокат балкалары - нүктелері мен қармаушы жолақтарды белгілер бойынша пісірмелеу.

3. Платформа рамалары мен метал жартылай вагондардың диафрагмалары – қабырғаларын қосып пісіру.
§ 51. АВТОМАТТЫ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТЫ МАШИНАЛАРМЕН ЭЛЕКТР ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Көміртекті және конструкциондық болаттан жасалған күрделілігі орташа аппараттарды, тораптарды, бөлшектер мен конструкциялар мен труба құбырларды барлық кеңістік жағдайларында, плазмотронды пайдалана отырып автоматты және механикаландырылған пісіру. Қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектер мен тораптарды балқыма қаптау. Автоматты микроплазмалы пісіру. Электр күшімен автоматты пісіруге арналған қондырғыларға және конструкцияларды пісіру кезінде автоматтарға қызмет көрсету.

Білуге тиіс: қолданылатын пісіру автоматтарының, жартылай автоматтардың, плазмотрондар мен қоректендіру көздерінің құрылымын; пісіру материалдарының қасиеттері мен нысанын; пісірме жіктерді бақылаудың негізгі түрлерін; пісірілетін бұйымдарда ішкі кернеулер мен деформациялардың пайда болу себептерін және олардың алдын алу шараларын; пісіру режимін берілген параметрлер бойынша белгілеу ережесін.

Жұмыс үлгілері

А в т о м а т т ы м а ш и н а л а р д а:

ПІСІРУ

1. Қысымсыз жұмыс істетін ыдыстар мен сыйымдылық аппараттары.



2. Автомобильдердің кардан валдары.

3. Артқы мостының жарты ось қаптамасы.

4. Автомобильдердің доңғалақтары.

5. Ұшақтың шасси подкостары, жарты осі мен стойкалары.

7. Аралық жиынтығының палубалардың, көміртегі аз және төмен легирленген болаттан жасалған қоршамалардың таврлы қосындылары.

8. Ірі станоктардың станиналары.

9. Аралық жиынтығының палубалардың, секциялардың, көміртегі аз және төмен легирленген болаттан жасалған қоршамалардың жіктері мен паздары.

10. Ү санаттағы технологиялық труба құбырлары.

11. Автомобиль цистерналары.

12. 2-санаттағы жіктер – микроплазмалы пісіру.

Ж а р т ы л а й а в т о м а т т ы м а ш и н а л а р д а:

ПІСІРУ


1. Битерлік және кесетін барабандар, трактор тіркемесінің алдыңғы және артқы осьтері, комбайнның оталғышы мен рамалары, хедерлер, шнектер. Жаткалар, граблина мен мотоайыр.

2. Вагондардың бүйірлері, өтпе алаңдары, басқыштары, каркасы мен қаптамалары.

3. Рейд буйлары мен бөшкелері, артщиттері мен понтондары.

4. Жүк вагондарының қрап каркасы бөлшектері.

5. Щиттердің және басқару пульттерінің каркастары.

6. Тірек катоктары.

7. Жиынтық қаптау, жылу қазандары.

8. Есіктердің, люктердің, мойын комингстері.

9. Артқондырғы конструкциялары, тораптары, бөлшектері.

10. Жарылыс қаупі бар, электр аппаратурасының корпустары.

11. Автосамосвал қораптары.

12. Шағын көлемді станок станиналары.

13. Стойкалар, бункер торлары, өтпе алаңдар, баспалдақтар, қоршау ұстауыштары, төсемдер, қазан қаптамалары.

14. Биіктігі 30м дейінгі түтін трубалары және көмірттекті болат парақтан жасалған желдеткіштер.

15. Қазандықтардағы түтін-ыс байланыс трубалары және бу жылытқыш трубалары.

16. Суға арналған қысымсыз труба құбырлары (магистральдіктен басқа).

17. сумен қамтамасыз ету және жылуландыру сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – стационарлық жағдайларда пісіру.

18. Электр муфталар.

ПІСІРМЕЛЕУ ЖӘНЕ БАЛҚЫМА ҚАПТАУ

1. Бу балғаларының бойкалары мен шаботтары – балқыма қаптау.

2. Электр машиналарының валдары – мойындарына балқыма қаптау.

3. Жүк автомобильдері тежегішінің колодкалары, қаптаулар, жартылай осьтер - пісірмелеу.

4. Жүк көтеру крандары – скаттарына балқыма қаптау.

5. Тепловоз рамалары - кондукторларды, төсем табақтарын, бөлшектерді пісірмелеу.

6. Шестернялар – тістерге балқыма қаптау.
§ 52. АВТОМАТТЫ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТЫ МАШИНАЛАРМЕН ЭЛЕКТР ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Көміртекті және конструкциондық болаттан, шойыннан, түсті металдардан және балқымалардан жасалған күрделі аппараттарды, тораптарды, конструкциялар мен труба құбырларын плазмотронды пайдалана отырып автоматты және механикаландырылған пісіру. Күрделі жағдайларда жұмыс істейтін күрделі құрылыс және технологиялық конструкцияларды автоматты пісіру. Түсті металдардан және балқымалардан жасалған ыстық қақталған жолақтарды біліктілігі анағұрлым жоғары электрмен пісірушінің басшылығымен қорғану газдары ортасында автоматты пісіру. Машиналардың, механизмдер мен конструкциялардың бөлшектері ақауларына балқыма қаптау. Күрделі тораптарды, бөлшектер мен құралдарды балқыма қаптау. Күрделі пісірме металл конструкциялардың сызбаларын оқу.

Білуге тиіс: әртүрлі пісіру автоматтарының, жартылай автоматтардың, плазмотрондар мен қоректендіру көздерінің құрылымын; электротехника негіздерін орындалатын жұмыс шегінде; пісірме жіктерді сынау тәсілдерін; пісіру материалдарының маркалары мен типтерін; пісірме жіктердегі ақау түрлерін және олардың алдын алу әрі жою жолдарын; пісіру режимінің пісірме жік геометриясына әсерін; пісірілетін металдардың механикалық қасиеттерін.

Жұмыс үлгілері

А в т о м а т т ы м а ш и н а л а р д а:

ПІСІРУ

1. Қуатты бірегей трансформаторлардың бактары.



2. Жүк көтергіштігі 30 т. кем аралық көпірлі крандардың балкалары.

3. Парақ металдан жасалған құрылыс және технологиялық конструкциялардың блоктары: ауа жылытқыштар, скрубберлер, домна пештерінің қаптаулары, сепараторлар, реакторлар, домна пештерінің газ жолдары және т.б.

4. Ұстындар, бункерлер, балкалар, эстакадалар.

5. Корпустар, траверстер, пресс және балға тұғырлары.

6. Жиынтық: шпангоуттар, стрингерлер, кильдер және т.б.

7. Алюминий-магний балқымаларынан жасалған рубка қондырмасы

8. Сыртқы қаптама, екінші түп төсемі, бас палуба - стеллажда пісіру.

9. Палублара, платформалар.

10. Адымдаушы экскаватор агрегаттарына арналған іргетас тақталары.

11. 1-санаттағы герметикалық жіктер – микроплазмалы пісіру.

ПІСІРМЕЛЕУ ЖӘНЕ БАЛҚЫМА ҚАПТАУ

1. Прокат стандарының валкалары, бандаждар – балқыма қаптау.

2. Кеме корпусы мықты переборкаларына арналған жиынтықтар – балқыма қаптау.

3. Торлар, колпактар, таратып бөлу қораптары – балқыма қаптау.

Ж а р т ы л а й а в т о м а т т ы м а ш и н а л а р д а:

ПІСІРУ


1. Қысымсыз жұмыс істейтін аппараттар, ыдыстар мен сыйымдылықтар.

2. Трансформатор бактары.

3.Қазандық оттықтарының гарнитурасы мен корпустары.

4. Шойыннан жасалған бөлшектер.

5. Турбина жұмыс доңғалақтарының камералары.

6. Өнеркәсіптік пештер мен қазандықтардың каркастары.

7. Газ шығарушы труба коллекторы.

8. Ұстындар, бункерлер, стропила және стропил асты фермалары, балкалар, эстакадалары.

9. Гидравликалық турбина реттеуші сақиналары.

10. Жатка жетекші доңғалақтарының корпусы мен мостылары.

11. Диаметрі 3500 мм дейінгі ротор корпустары.

12. Қуаты 25000 квт дейінгі турбина стопор клапандарының корпусы.

13. Труба құбырларына арналған бекітпелер мен тіректер.

14. Тепловоз тіркемесінің кронштейндері мен шкворнялық бекітпелері.

15. Қалыңдығы жоғары парақтар (броня).

16. Мачталар, бұрғылау және пайдалану мұнаралары – стационарлық жағдайда пісіру.

17. Екінші түп төсеміне және сыртқы қаптамаға көлемді секциялардағы бойлық және көлденең жиынтықтар.

18. Мотордың төменгі картерлері.

19. Палубалар мен платформалар.

20. Ірі электр машиналарының іргетас тақталары.

21. Шаң,газ, ауа құбырлары, жылу беру және электр сүзгі тораптары.

22. Транспортер рамалары.

23. Мұнай өнімдеріне арналған көлемі 1000 куб.м. дейінгі резервуарлар.

24. Метал қоныштар.

25. Жармалауыш станиналары.

26. Пісірілген-құймалы электр машиналарының станиналары мен корпустары.

27. Ірі шойын станоктардың станиналары.

28. Ауамен салқындатылатын турбогенераторлардың статорлары.

29. Сумен және жылумен газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – монтаж кезінде пісіру.

30. Төмен қысымды газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – стационарлық жағдайларда пісіру.

31. Ү санаттағы (топтағы) технологиялық труба құбырлары.

32. Автомобиль цистерналары.

ПІСІРМЕЛЕУ ЖӘНЕ БАЛҚЫМА ҚАПТАУ

1. Шойыннан жасалған бөлшектер, букс қақпақтары – балқыма қаптау.

2. Турбиналардың жұмыс доңғалақтарының камералары, буксасты стрункалар – балқыма қаптау.

3. Компрессор корпустары, ауа компрессорларының төменгі және жоғары қысымды цилиндрлері – жарықтарды балқыма қаптау.

4. Рельстер мен құрастырмалы крестовиналар – ұштарын балқыма қаптау.

5. Прокат стандарды жұмыс кілеттерінің станиналары– балқыма қаптау.

6. Автомашина блоктарының цилиндрлері – раковиналарды балқыма қаптау.
§ 53. АВТОМАТТЫ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТЫ МАШИНАЛАРМЕН ЭЛЕКТР ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі болаттан, шойыннан, түсті металдан және балқымалардан жасалған күрделі аппараттарды, тораптарды, бөлшектер мен конструкциялар мен труба құбырларды плазмотронды пайдалана отырып автоматты және механикаландырылған пісіру. Динамикалық және вибрациялы жүктемемен жұмыс істейтін және күрделі конфигурациялы әртүрлі күрделі құрылыс және технологиялық конструкцияларды автоматты пісіру. Күрделі жағдайларда жұмыс істейтін құрылыс және технологиялық конструкцияларды плазмотронды пайдалана отырып механикаландырылған пісіру. Күрделі құрылғылар мен кантовательдерде пісіру. Түсті металдар мен балқымалардан жасалған ыстық қақталған жолақтарды балқымайтын электродпен қорғану газымен автоматты пісіру. Машиналардың, механизмдер мен конструкциялардың ақауларын пісірмелеу. Күрделі бөлшектер мен тораптарды балқыма қаптау.

Білуге тиіс: пісіру автоматтарының, жартылай автоматтардың, плазмотрондар мен қоректендіру көздерінің электр сызбалары мен құрылымын; жоғары легирленген болатты қоса, пісірілетін металдардың механикалық және технологиялық қасиеттерін; балқыма қапталған металдың механикалық қасиеттерін; жік түсірудің технологиялық кезеңділігі мен пісіру режимін; пісірме жіктердегі ақау түрлерін оларды жою шараларын; жауапты пісірме жіктерді бақылау және сынау тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері

А в т о м а т т ы м а ш и н а л а р д а:

ПІСІРУ

1. Мартен цехтары жұмыс алаңдарының балкалары, металлургия кәсіпорындары бункерлік және жүк түсіру эстакадаларының конструкциялары, жұмыс режимі ауыр крандардың кран асты балкалары, адымдаушы экскаватор бұрмалары.



2. Иін және есу біліктері.

3. Мұнай өнімдеріне арналған көлемі 1000 куб.м. жоғары резервуарлар.

4. Сыйымдылықтар мен сфериялық және тамшы пішіндес жабындар.

5. Сыйымдылықтар, қалпақтар, сфералар мен вакуумды криогенді труба құбырлары.

6. Аммиак синтезі ұстындары.

7. Жеңіл алюминий-магний балқымаларынан жасалған конструкциялар.

8. Сутекті және сутегі-сумен салқындатылатын ірі турбо-генераторлардың статор корпусы.

9. Қос қабатты болаттан және басқа да биметалдан жасалған резервуарлар мен конструкциялар.

10. Сүңгуір қайықтардың рубкалары мен аз магнитті болаттан жасалған басқа да конструкциялар.

11. Станиналар, рамалар мен ұста-пресс жабдығының басқа да тораптары.

12. Ұшақ шассилдерінің стойкалары мен цилиндрлері.

13. Метал көпірлердің аралық құрылғылары.

14. Қысыммен жұмыс істейтін, арнаулы болаттан жасалған корпустық конструкциялардың жіктері.

15. Алюминий балқымаларынан жасалған монтаждық корпус жіктері.

16. Кеме жасаудағы таттанбайтын, титаннан және басқа да балқымалардан жасалған айналмайтын құбырлар мен арнаулы конструкциялардың жіктері.

17. І-ІҮ санаттағы (топтағы) технологиялық труба құбырлары, сондай-ақ І-ІҮ санаттағы бу және су құбырлары

18. Ірі габаритті шпангоуттар.

Ж а р т ы л а й а в т о м а т т ы м а ш и н а л а р д а:

ПІСІРУ

1. Қысыммен жұмыс істейтін, және қысымсыз жұмыс істейтін легирленген болаттан жасалған аппаратура мен ыдыстар.



2. Көтергіш темірбетон конструкцияларының арматурасы: іргетастар, ұстындар, аражабындар.

3. Қуатты бірегей трансформаторлардың бактары.

4. Кран тіркемелерінің балкалары мен траверстері және балансирлер.

5. Жүк көтергіштігі 30 т. кем көпірлі крандардың аралық балкалары.

6. Жалды, шкворнялы, буферлі балкалар, локомотив пен вагон тіркемелерінің рамалары.

7. Қысымы 4,0 ПМа (38,7 атм) қазандардың барабандары.

8. Парақ металдан жасалған құрылыс және технологиялық конструкциялардың блоктары: ауа жылытқыштар, скрубберлер, домна пештерінің қаптаулары, сепараторлар, реакторлар, домна пештерінің газ жолдары және т.б.

9. Цилиндр блоктары мен дизельдердің су коллекторлары.

10. Мұнай өнімдеріне арналған көлемі 1000 куб.м. және одан жоғары газгольдерлер мен резервуарлар – цех жағдайларында пісіру.

11. Газ, мұнай өнімдері құбырлары – стеллеаждарда пісіру,.

12. Жоғары температурада жұмыс істейтін мартен пештеріне арналған кессондар.

13. Ұстындар, бункерлер, стропилалар және стропила асты фермалар, балкалар мен эстакадалар.

14. Радиомачта, телемұнара және ЛЭП тіректері конструкциялары.

15. Кескі, тиеу машиналарының, көмір комбайндары мен шахта электровоздарының корпустары.

16. Престер мен балғалардың ұш корпустары, траверстері , негіздемелері мен басқа да күрделі тораптары.

17. Диаметрі 3500 мм. жоғары ротор корпустары.

18. Қуаты 25000 квт. Жоғары турбиналардың стопор клапаны корпустары.

19. Гидравликалық турбиналардың қақпақтары, статорлары мен қалақ қаптамалары.

20. Есу винттерінің қалақтары – ступицаға пісірмелеу.

21. Бұрғы және пайдалану мачталары, мұнаралары.

22. Бұрғы мұнаралары асты негіздемелері мен жоғары легирленген бұрғы трубаларынан жасалған үш дизельді жетектер.

23. Адымдаушы экскаваторға арналған іргетас тақталары.

24. Түсті металдар мен балқымалардан жасалған ыстық қақатаулы жолақтар.

25. Автомобильдердің, дизельдердің және ауыл шаруашылығы машиналарының рамалары мен тораптары.

26. Шкворня және локомотивтердің дизель асты рамалары.

27. Мұнай өнімдеріне арналған көлемі 1000 куб.м. жоғары және 5000 куб м. төмен резервуарлар.

28. Метал қоныштар.

29. Көтергіш темір бетон конструкциялары элементтерінің шықпа жіктері.

30. Қысымы 4,0 ПМа (38,7 атм) дейінгі бу қазандардың труба элементтері.

31. Төмен қысымды газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары.

32. От және жоғары қысымды газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – стационарлық жағдайларда пісіру.

33. ІІІ және ІҮ санаттағы (топтағы) технологиялық труба құбырлары, сондай-ақ, ІІІ және ІҮ санаттағы (топтағы) су мен бу труба құбырлары.

34. Шиналар, ленталар, соларға түсті металдан жасалған компенсаторлар.

ПІСІРМЕЛЕУ ЖӘНЕ БАЛҚЫМА ҚАПТАУ

1. Домна пештерінің толтыру аппараттары, прокат стандарының валкалары – балқыма қаптау.

2. Есу винттері, турбина қалақтары, қозғағыш цилиндрінің блоктары – ақауларына балқыма қаптау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет