Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігінің
Төтенше жағдайларды
және өнеркәсіптік қауіпсіздікті
мемлекеттік бақылау
комитетінің
2010 жылғы «22» қазандағы
№ 35 бұйрығымен келісілген
Бұрғылау сорғылар мен олардың орауларын пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар
1. Жалпы талаптар
1. Ұңғымаларды өткізу ұңғыманы өткізудің геолого-техникалық шарттарынан туындай өңделген техникалық жобаға (геолого-техникалық наряд) сәйкес жүзеге асырылады.
Осы деректерден бұрғылау қондырғысы мен бұрғылау сорғыларының түрі таңдалады.
2. Бұрғылау қондырғысы бақылау-өлшеу аспаптарымен, манометрлермен, салмақ индикаторымен, амперметрмен, вольтметрмен және басқалармен жарақталған.
3. Бұрғылау қондырғысы жиынтығына кіретін механизмдер мен жабдықтарға кіретін жер бос болады және қызмет көрсету мен жөндеуге ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.
4. Жабдық пен аспапты қарау мен тексеру кезінде табылған ақаулар түзетіледі.
Ақаулы жабдықтармен және аспаптармен жұмыс істеуге рұқсат берілмейді.
5. Бұрғылау қондырғысының жоғары қысымды компрессоры немесе бұрғылау сорғысының компенсаторы үшін ауамен толтырылған баллондары, сондай-ақ бақылау манометрі бар жоғары қысым құбыршегі болады.
6. Сорғылық жобаға сәйкес өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен жарақталады.
7. Сорғының жарықтандырылуы 25 лк, манометрлер, іске қосу тартпасы -50 лк.
8. Бұрғылаушы посты бұрғылау қондырғысына және ұңғыма қиындығына байланысты сорғылық дабылдамамен (дыбыстық, радио) байланысты.
9. Тегіс бөлікте қысқы уақытта өтпе жел болмайды, қақпа тығыз жабылады.
10. Слесарь шеберүстелі мен артық бөлшектерді саймандарды орналастыруға арналған стеллажды сорғы мен параллель қабырғада орналастыру керек.
11. Әр сорғыда жүккөтергіш механизм қарастырылған.
12. Сорғыны іске қосуды бұрғылаушының бірінші көмекшісі, ал отынды жетекте аға дизельші жүзеге асырады.
2. Бұрғылау сорғылары мен олардың орауларын пайдалану
13. Сорғы орауларында манометрлер орнатылған: біреуі айдалатын сұйықты бақылау үшін бағанда және біреуден кем емесі жүйеде қосарланған сорғылардың жұмыс кезінде әр сорғыны қосқанда қысымның өзгеруін бақылау үшін сорғылықта орнатылған.
14. Манометрлер оларға қызмет көрсетуші персоналға жақсы көрінетіндей орнатылған, бұл ретте циферблат тік жазықта және жұмыскер көзінің бұрышына перпендикуляр болады.
15. Манометр нұсқарының баяу бұрылуын қамтамасыз ету және оны айдалатын сұйықпен ластанудан қорғау үшін манометрді сақтандырғыш құрылғыда орнату ұсынылады.
16. Қысымның дұрыс есептелуін қамтамасыз ету үшін манометр жұмыс қысымында оның нұсқары шкаланың орташа үштен бірінде болатындай орнатылады. Манометрде рұқсат берілетін жұмыс қысымының белгісі көрсетілген.
17. Сорғы мен орау жұмысын бақылайтын аспаптарды барынша жақсы көрінетін және барынша аз дірілді аймақта орнату керек.
18. Айдау жүйесінің (бағана) тік телімі мұнараға сенімді бекітіледі, жоғары қысымның өту тартпасымен ажыратылады және қажеттілігі болған жағдайда цементтеу агрегатын қосу үшін МҚ (мұнара құрылысы) бұруы болады.
19. Орауда жапқан кезде жөндеу уақытында айдау құбыр өткізгішінен сол не басқа сорғыны бұрып әкету мүмкін болатын жоғары қысымның ажырататын өту тартпасы орнатылады.
20. Орауда орнатылған шпинделі бар өту тартпаларының «Ашық-Жабық» көрсеткіштері болады.
21. Ораудағы барлық өту тартпалары көлденең телімде тік қалыпта орналастырылған.
22. Өтетін және іске қосу тартпаларын орнату орындары оларға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
23. Өту тартпаларын жоғарыда немесе сорғының ашық қабылдау ыдысында орнату кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тығыз қоршаулы алаң орнатылады.
24. Айдау құбыр өткізгішін ұзындығы 11 м дейінгі жылдам ажыратылатын жалғастырғышты бөлек құбырлардан дайындау ұсынылады, олардың құрылымы өздігінен босатылуына және жұмыс процессінде түйістіргілердің герметикалығының бұзылуына жол бермейді.
25. Айдау құбыр өткізгішінің дірілін азайту үшін соңғысы іргетасқа, блокты негізге немесе аралық бағанаға сенімді бекітіледі.
26. Айдау құбыр өткізгіші бағанадан шеткі сорғының лақтырылуына дейін 3 0 артық емес еңістікпен, сорғы тоқтаған кезде одан айдалатын сұйықтың ағынын қамтамасыз ету үшін орналастырылады. Құбыр өткізгіштің ең төменгі бөлігінде жоғары қысымның төгу кептелісі қарастырылады.
27. Іске қосу тартпасы ораудың өту тартпалары арасында орналастырылады. Іске қосу тартпасынан құю құбыры қабылдау ыдысына бағыттылған.
Бұрғылау сорғыларының іске қосу тартпалары қашықтан басқарылады.
Сорғыға кіруге жабық іске қосу тартпаларында іске қосуға жол берілмейді. Сорғыларды іске қосу және іске қосу тарпаларын қайта қосу кезінде адамдардың тартпаға жақын болуына жол берілмейді. ДЗУ толық ашып-жабу, жалғастық саңылауының диаметрі 15 мм болған кезде кемінде 6-8 секундта жүргізіледі.
28. Әрбір бұрғылау сорғысында зауыттық дайындалған сақтандырғыш құрылғы номинальды жұмыс қысымына және пайдалану бойынша талапқа сәйкес және сорғыда орнатылған, бірақ номинальды қысымнан 3,5 % кем болмай асатын, бірақ осы цилиндрлі төлкелерде сорғымен дамитын барынша көп қысымнан артық емес цилиндрлі төлкеге байланысты жөнделеді.
29. Сақтандырғыш пластиналар пластинаның қисаюын болдырмайтын және оны тұрақты түрде жуатын сұйықпен жуылуын қамтамасыз ететін арнайы құрылғыда орнатылады.
Сақтандырғыш құрылғының түзу орнатылған және сенімді бекітілген құю құбыры болады.
30. Айдалатын сұйық қысымының жүріп-тұруын азайту үшін орауда орнын толтыратын құрылғы қарастырылады.
31. Ауалық қақпақ блогымен жабдықталған бұрғылау сорғысын пайдалануға тек қысыммен жұмыс істейтін қақпақтардың газды қабатында жұмыс агенті болған кезде рұқсат беріледі.
32. Пневматикалық компенсаторлардың:
сығымдау қысымын тексеруге арналған жабдығы;
ауаны айдау мен шығаруға арналған вентиль үстінде сақтандырғыш қақпағы болады.
33. Бұрғылау құбыршегінің майысу мүмкіндігін азайту үшін монтаждау кезінде оны абайлау, оны қабылдау мостында түзету және зәкір көмегімен көтеру керек.
34. Бұрғылау құбыршегі бұралған қалыпта болмауы тиіс.
35. Бұрғылау құбыршегі мұнараның металл құрылымдарына жанаспауы тиіс.
36. Бұрғылау құбыршегінің ұзындығы оны вертлюгтің (жоғарғы және төменгі) соңғы қалыптарында еркін ауыстыруды қамтамасыз етеді.
37. Бұрғылау құбыршегінің ол жарылған кезде құлауын болдырмау үшін ол барлық ұзындығы бойына диаметрі 12 мм жұмсақ болат арқанмен әр 1,0 – 1,5 м сайын ілмекпен бекітілген.
Арқанның бір ұшы мұнараға, екіншісі – вертлюгтың жоғарғы қақпағына бекітіледі.
38. Айдау жүйесі монтаждау мен жөндеуден кейін БТН (барлау-техникалық наряд) көзделген, бір жарым есе жұмыс қысымына сумен сыналады. Сығымдау цементтеу агрегатымен жүргізіледі.
39. Сығымдау алдында барлық жұмыскерлер айдау желісінен қауіпсіз орынға шығарылады.
40. Айдау жүйесі сынама қысым астында 10 минут бойына болады.
Қажеттілігіне қарай қысымның түсуіне манометр бойынша бақылау жүргізіледі. Дәнекерлеу тігістері мен айдау жүйесінің элементтерін қарау қысым атмосфералыққа дейін түсірілгеннен кейін жүргізіледі.
41. Дәнекерлеу тігісінің сулануы, ағуы және қысымның түсуі болмаған кезде бұрғылау мастері, механик, агрегат машинисінің қолы қойылған акт жасалады.
42. Сорғы компенсаторына ауаны айдауды машинист, слесарь жүргізеді.
43. Айдау алдында:
жабу крандарының ашылуына;
манометрлердің ақаусыздығына;
айдау желісінде ағулардың болмауына көз жеткізіледі.
44. Ауаны жұмыс процессінде және сорғы төлкесінде туындайтын жұмыс қысымын есепке алумен сорғыда көрсетілген кесте шамасында айдайды.
3. Сорғыны іске қосу алдындағы қауіпсіздік шаралары
45. Сорғыны іске қосуды бұрғылаушының бірінші көмекшісі аға дизельші келісімімен жүргізеді.
46. Іске қосу алдында:
клинді қайыс белдікті беріліс қоршауының ақаусыздығы мен сенімді бекітілуін тексеру, клинді қайыс белдіктің тартылуын тексеру;
құю құбырының сақтандырғыш құрылғысының жағдайын одан сорғы төлкесі даиметріне орнатылған диафрагмаға сәйкестігін қарау;
бұрандалардың, сомындардың, ауа компрессорларының, манифольдағы манометрдің іске қосу тартпасының бекітілуін тексеру;
сорғыны іске қосар алдында дабыл беру қажет.
47. Сорғыны іске қосуға:
клинді қайыс белдікті беріліс қоршауының болмауында немесе ақаулығында;
клинді қайыс белдіктің жеткіліксіз тартылуында;
манифольдағы манометрдің ақаулығында;
сақтандырғыш құрылғының ақаулылығында және сорғы төлкесінде орнатылған диафрагмаға сәйкессіздігіне;
компенсаторда ауа болмаған кезде;
манифольда, іске қосу тартпасында, сақтандырғыш құрылғыда және олардан шығатын құю желілерінде мұз болған кезде рұқсат берілмейді.
48. Ақауларды тексеру мен түзеткеннен кейін бұрғылаушының бірінші көмекшісі:
іске қосу тарпасы мен сору желісіндегі тартпаны ашуы, манифольд орауында өту тартпаларын ашуы немесе жабуы (іске қосу мен іске қосылатын сорғыға байланысты);
іске қосу тарпасы мен манифольд аймағынан адамдарды шығаруы;
дизельшіге трансмиссияны қосуға команда беруі және сорғыны іске қосу туралы дыбыстық белгі беруі, содан кейін сорғыны іске қосуы;
қысым кенет артқан кезде сорғыны бірден тоқтатуы және іске қосу тарпасын ашуы керек.
49. Минус температура кезінде мұздың пайда болуын болдырмау үшін айдау желісінде ерітінді кезеңді айдауды немесе сорғы тоқтағаннан кейін оны шығаруды жүргізуі керек.
50. Қысқы мерзімде сорғыларды, манифольды желілерді жылыту жағдайында бу пайдаланылады.
4. Сорғы жұмысы кезіндегі техникалық қауіпсіздік
51. Сорғы іске қосылғаннан кейін:
сорғы үй-жайының тазалығы;
клапандардың ырғақты жұмысы (ұстап көруде);
клапанды қораптың қадағалау саңылауына қақпақ тығыздығы бұзылған жағдайда қысым астында айдалатын сұйықпен жарақаттануды болдырмау үшін қол тигізудің қажеті жоқ;
шток, цилиндр қақпағы (бүйір, сондай-ақ басқа да гидравликалық жүйе түйіндерінің басқа қосылыстары. Тығыздау түйіндерінің сомындарын тартуға, бұл жұмыскердің жарақаттануына соқтыруы мүмкін болғандықтан рұқсат берілмейді) бақыланады.
52. Майлы сорғылардың жетекті қайыс белдіктерін штокты суыту үшін жұмыс кезінде кигізуге рұқсат берілмейді.
53. Электрлі жетек пайдаланылатын сорғыларда ерекше назар жерге тоғытылуға, барлық кәбілдердің, сымдардың ақаусыздығына аударылады.
54. Электр жетекті сорғылардың пульттерінде қорғаныстың диэлектрлі құралдары (тұғырлар, төсеніштер, қолғаптар) болады.
5. Бұрғылау сорғыларын жөндеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік
55. Қысым астындағы айдау құбыр өткізгішінің желілерін жөндеу жұмыстарының өндірісіне рұқсат берілмейді.
56. Жөндеу жұмыстары өндірісі орнына алдын ала сорғының ауыстыру бөлшектері мен жөндеу жұмысының түріне сәйкес аспап жеткізіледі.
57. Сорғыны жөндеу алдында оны жалпы айдау құбыр өткізгішінен лақтыруда өту тартпасын жабу арқылы ажырату және электр жетектегі сорғының іске қосу құрылғысында «Іске қоспа – адамдар жұмыс істеп жатыр!» плакаты ілінеді, ал дизельді жетекте – жалғастырғыш муфтаны ажырату, содан кейін пультке де сол плакатты ілу керек.
58. Жөндеу басталар алдында басқалар жұмыс істеп жатқан кезде, оның лақырылуында орнатылған сорғының біреуінің өту тартпасының ақаусыздығын тексеру керек:
барлық сорғыларды уақытша тоқтату;
айдау құбыр өткізгішінде іске қосу тартпасын ашу жолымен қысымды түсіру;
жөндеуге жататын сорғыда айдау клапанын алу;
жөндеуге жататын осы сорғының лақтыруында өту тартпасын толық жабу керек, жуу сұйығының құюлуы немесе шолпылдауының пайда болуы тексерілетін өту тартпасының ақаулы екендігін көрсетеді.
59. Ақаулы тартпаны жаңасымен ауыстыру, содан кейін жөндеуге кірісу керек.
60. Ауа қақпақтары блогының негізінен қақпақты алар алдында қақпақтың газ бетінен бекіту құрылғысын (вентильді) ашумен алдын ала қысымды шығару керек.
61. Ауа қақпақтары блогының негізінен қақпақты алу және оны өндіріс орнына жүккөтергіш механизм немесе арнайы жабдық (тарқыш) көмегімен орнату.
62. Қақпақтың газ бетін жұмыс агентімен толтыру қысым орнатылған цилиндр төлкелерге сәйкес болғанға дейін қажет.
63. Жұмыс агенті ретінде қақпақтың газ бетін толтыру үшін азот немесе ауа пайдалану керек.
64. Газ бетін толтырғаннан кейін жұмыс агентімен бекіту құрылғысында өтулердің болуын сабын ерітіндісін жағумен жұмыс агентінің ағуы мүмкін орындарын тексеру және оларды түзету қажет.
65. Қақпақтың газ бетін жұмыс агентімен толтырғаннан кейін бекіту құрылғысының сақтандырғыш қақпағын бұрап бекіту керек.
66. Цилиндрлі қорапты ашу үшін сомындарды бұрап алу қажет және цилиндр қақпақты алуды екі жұмыскер орындауы керек, алынған қақпақты жөндеу жұмыстарына бөгет жасамайтын орынға қою керек.
67. Қысатын стаканды (қаптаманы) алып тастау бойынша жұмысты арнайы жабдықпен орындау керек. Бұл мақсат үшін қысқа мерзімді іске қосуды пайдалануға рұқсат берілмейді.
68. Штоктан поршеньді алар алдында:
штокты кілтпен бекіту;
шток контрбұрамасын ажырату;
штоктың тығыздамасын босату;
шток жалғамасынан (контр штоктан) штокты ажырату керек;
штокпен поршенді итеру үшін сорғыны қысқа уақытқа іске қосуға рұқсат берілмейді.
69. Штоктан поршенді сығымдауды арнайы жабдықпен, шток бұрандасын алдын ала бұрап алып жүргізу керек.
Шток бұрандасын босатуды штоктың бұрылуын болдырмайтын арнайы кілтпен және құрылғымен жүргізу керек.
70. Поршенді штокқа сығымдау кезінде де сол жабдықты пайдалану керек. Бұрандамаларды бекіте түсуді штоктың бұрылуын болдырмайтын арнайы кілтпен және құрылғымен жүргізу керек.
71. Штоктың штокқа жалғауын сорғыны қысқа мерзімге қосу арқылы жүргізуге рұқсат берілмейді.
72. Цилиндр төлкені ажыратуды арнайы жабдықпен жүргізу керек, бұл мақсат үшін сорғыны қысқа мерзімге қосуға рұқсат берілмейді.
73. Ортасына дейін ажыратылған цилиндр төлкені дөңгелек строппен строптың бір ілмегін басқасы арқылы өткізіп және бос ілмекті жүккөтергіш механизмнің ілмегіне кіргізумен айналдыру керек. Цилиндрлік төлкенің тұрып қалуын болдырмау үшін гидравликалық қорапта строптың босауын таңдау керек. Алынған төлкені оның бүйірінен ұстап қызмет көрсетуші персоналдың қозғалысына бөгет жасамайтын орынға орналастыру керек.
Цилиндрлі төлкені орнату кері тәртіпте жүргізіледі.
Гидравликалық қорап бетін қалдықтардан тазартуды металл щетка көмегімен бетті сумен бір уақытта жуа отырып жүргізеді.
74. Сорғы клапаны ернеуін алып тастауды арнайы алғышпен жүргізу керек.
75. Шток штифті орнату алдында крейцкопф пен шток жалғамасы саңылауының қиысуын тексеру үшін:
76. Гидравликалық қорапты алу кезінде одан барлық алынатын бөлшектерін алу және айдау үштігін негізбен және ауалық қақпақ блогымен көрсету керек.
77. Негізді айдау үштігін және ауалық қақпақты блокты монтаждау үшін:
стропты ілмектерді кіргізу;
жүккөтергіш механизмдер строптарының босаңсуын таңдау;
айдау үштігін сорғының гидравликалық қорабынан ажырату;
айдау үштігін гидравликалық қораптан бөлу жүргізу (жүккөтергіш механизмі көмегімен көтеру);
негізді және ауалық қақпақты блокты қақпақты алынған айдау үштігін ол қызмет көрсетуші персоналдың өтуіне кедергі жасамайтындай орынға, сорғылық үй-жайда орналастыруы керек.
78. Гидравликалық қорапты алу үшін:
гидравликалық қорапты қабылдау қорабынан, тұғырдан және сорғы рамасынан ажырату;
жүккөтергіш механизмнің ілмегін айдау үштігінің ернемегіне қабылдау қорабы жағынан ілу;
гидравликалық қорапты дөңгелек тоқтату арқанымен ілмекті айдау үштігінің кері ернемегінің жақын орналасқан өзегіне ілумен, ал басқа ілмекті клапанды қораптың айдау беті астынан өтетін саңылау арқылы өткізіп, жүккөтергіш механизмі ілмегіне ілумен тоқтату.
79. Строптар жүккөтерімдік бойынша сәйкес болады.
80. Алынған гидравликалық қорапты қызмет көрсетуші персоналдың өтуіне кедергі жасамайтын орынға орналастырады.
81. Жөндеу жұмыстарын жүргізген соң жұмыскерлер:
аспаптарды, алғыштарды, жабдықтарды жинайды;
сорғының алмастырылған бөлшектерін арнайы бөлінген орынға шығарады;
сорғы айналасына тазалау жүргізеді.
________________________
Достарыңызбен бөлісу: |