Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Цилиндрлік және реттығынды паровоздардың төлкелері – сығымдау



бет86/108
Дата08.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#122400
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   108

7. Цилиндрлік және реттығынды паровоздардың төлкелері – сығымдау.

8. Дизель генераторлық орнату – шешу.

9. Тежегіш дискілер – дөңгелекті жұптардың осьтеріне құрастыру және отырғызу.

10. Жылжымалы құрам есіктерінің құлыптары - шешу, жөндеу және орнату.

11. Поршенді тығыздағыш сақиналар – шешу, орнату.

12. Жартылай вагондардың люк қақпақтары мен көлік вагондарының жылыту жүйесінің кеңейткіштері – жинақтау, бөлшектерді қиыстырып құрастыру.

13. Бу-ауа сорғыларының қақпақтары – орны бойынша ысқылау.

14. Цилиндр қақпақтары, су сорғылары, құбырлары, тепловоздың цилиндрлік төлкелері – гидравликалық сынау.

15. Су, май, жылу сорғылары, турбокомпрессорлар, ауа қысып толтырғыштар, ауа үрлегіш, форсункалар, дизель цилиндрлерінің қақпақтары – шешу, орнату.

16. Жылу торабына су жіберетін сорғылар – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

17. Бу-ауа сорғылары, компрессорлары – шешу, орнату.

18. Рычагты тежегіш жібергіштер – жөндеу, құрастыру.

19. Аспалы және рессорлық арбалар – жөндеу, құрастыру.

20. Оталғыш мойынтіркетері мен паровоз сырғымалары – қиыстыру.

21. Поршендер, реттығындар, паровоздардың көмір датчигі бу машинасының редукторлары, оталғыштар мен олардың мойынтіркетері – орнату.

22. Жолаушы вагондарының буферлік аспаптары – жөндеу.

23. Тежегіш және пневматикалық жабдықтардың аспаптары мен ауа өткізгіштері – құраманың тығыздығын сынау және ауаның шығуын жою.

24. Жетекті электр қозғалтқыштардың кардан жетектері – орнату.

25. Тарату біліктеріне жетектер, май сүзгілер, тоңазытқыш секциялары, май салқындатқыштар, жылу араластырғыштар, қыздыру қазандықтары – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

26. Құятын, жіберетін аспаптар және вагон цистерналарының қорғау клапандары – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

27. Реттегіштер, жұпты бөлшектеу колонкалары, цилиндрлерді сығымдағышта сынап және реттейтін қорғау клапандары, қазандықтардың бумен реттелетін қорғау клапандары, оттық білікшелері мен төлкелері, көмір датчиктерінің бу тарататын қорап вентильдері, бу қыздырғыш коллоекторлары, паровоз инжекторларының конустары –шешу, орнату.

28. Жетекті дизельдің иінді білігінің айналу жиілігін реттегіштер – шешу және орнату.

29. Жылдамдық өлшегіштердің редукторлары мен жетектері, желдеткіш жалюздері – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

30. Күл үрлегіштер, вентильдер, бу, су ағынды тендерлік бактың клапандары, паровоз қазандықтарының түсіретін крандары – жөндеу.

31. Паровоз арбалары – құрастыру.

32. Болат құятын арбалар – ағымдағы жөндеу.

33. Тепловоз, электровоз, мотор-вагондық жылжымалы құрамның арбалары – шығару, бөлшектеу, жылжыту.

34. Паровоздардың мұнай форсункалары – құрастыру, реттеу, орнату.

35. Жылу форсункалары – сығымдау.

36. Тежегіш цилиндрлер – ревизия.

37. Су және жылу сорғылары жетектерінің тісті дөңгелектері – қиыстыру.

38. Тежегіш цилиндрлердің штоктары - шығуын реттеу.

39. Паровоздың бумен қыздыру элементтері – шешу, жөндеу, орнату, коллектордағы және элементтегі орнын тексере отырып сығымдау.

§ 124. ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМДЫ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шиеленісте және тығыз отырғызу жағдайында жабдық тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. 7-10 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу. Тораптарды құрастырудың дұрыстығын тексеру. Үлкен қиыстыру алаңшаларымен бөлшектерді қырып тегістеу. Жиналған тораптар мен механизмдерді реттеу және сынау.

Білуге тиіс: жылжымалы құрамның жөнделетін нысандары тораптарының конструкциялық ерекшеліктері, қызметі және өзара іс-әрекеті; жылжымалы құрамды жөндеудің техникалық шарттары; негізгі тораптарды құрастыру процесі, тораптарды құрастыру және реттеуді бақылау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Тепловоз дизельдерінің қосымша агрегаттары – ортасын дәлдеу.

2. Антивибраторлар – шешу, конустарын ысқылау, орнату.

3. Дизель блоктары мен картер – отырғызу бургтарын блокта тексеру, қырып тегістеу, ысқылау.

4. Доңғалақ моторлы блоктар – жөндеу, ауыстыру.

5. Роликті мойынтіркетерде букстар, жетекті редукторлар – толықтай ревизия.

6. Сырғыма мойынтіркетерді жылдамдық өлшегіштер, букстар – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

7. Реверсивті жылдамдық өлшегіш құрылғысы бар жетекті біліктер – реттеу.

8. Электропневматикалық тежегіштердің вентильдері – жөндеу, құрастыру, сынау, реттеу.

9. Тербеліс мойынтіркетерінің төлкелері – сығымдау.

10. Блоктардың цилиндрлік, қондыру сақиналарының төлкелері, шатун төлкелері, дизел және жылу сорғылары клапандары жетектерінің, тарату біліктерінің төлкелік мойынтіркетері – сығып шығару, сығымдау.

11. Гидравликалық толқу басқыш – стендіде бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, сынау, реттеу.

12. Гидрожіберу – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

13. Поршенді оқтаудың қалпақтары, кулисалардың жұмыс беттері, кулисалық тастар, кері клапандар мен сығымдағыш май сауыттардың плунжерлері, реттегіш клапандары, ағындар бойынша поршенді және мысқал сақиналар - қиыстыру, ысқылау.

14. Жетекті қозғалтқыштар – шассиге орнату және троллейбустар коникалық мойынтіркетерді реттеу.

15. Дизель – генераторлық орнату – қою.

16. Бу-ауа сорғылары қалпақтарының реттығындары, бу таратқыш поршендері – қырып тегістеу, ысқылау.

17. Дизель цилиндрлеріндегі қысымдау камералары - саңылауларды тексеру, реттеу.

18. Компрессорлар мен бу-ауа сорғыларының клапандары – ысқылау.

19. Қос доңғалақтар – бандаждарын қайта қысу, көлденең және қиялай ажыраған жерлерін жою.

20. Инжектор конустары - калибрлер бойынша тексеру, инжекторларды буда сынау кезінде реттеу.

21. Цилиндр, реттығындардың, құрғақ парниктердің, жанынан кіретін люктердің, паровоздардың қақпақтары – ысқылау.

22. Тоңазыту машиналары мен вагон жабдықтары – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет