13. Токарлық-револьвер автомат жұдырықшалары – жасау. 14. Даяр үлгілі пышақ тәрізді тексеретін сызғыштар – тегістеуден кейін жетілдіріп толықтай слесарлық өңдеу. 15. Кесу құны 0,01 мм микрометрлер – микробұраманы, өкше, гайка жазықтықтарын шешу, жетілдіру, сондай-ақ жазық параллельді шыны, соңғы өлшемдер және интерференциялы шынылар бойынша құрастыру және тексеру. 16. Құрастырмалы күрделі жиектер – құрастыру. 17. Әмбебап және цагналы патрондар – жөндеу, құрастыру және реттеу. 18. Тексеру мөлшері 1000х1500 мм белгілеу, бақылау плиталары – қырып тегістеу және тексеру. 19. Цилиндр серіппелер – слесарлық өңдеу. 20. Барлық мөлшердегі жылжымалы ұңғымалар, рейсмустар – слесарлық өңдеу. 21. Жай шыңдалған кескіштер – шаблон бойынша жетілдіру. 22. Сейфтер мен жанбайтын шкафтар – ұсақ жөндеу, болт жасау. 23. Станоктық параллельді қысқыштар – жасау. 24. Периметрі 500 мм-ге дейін бақылау бұрыштықтар – бұрыштарды қатаң сақтай отырып дайындау. 25. Паздарды, ұзындықтарды, биіктіктерді, радиустарды, сатылы бөлшектерді бір уақытта өлшеуге арналған шаблондар – шыңдағаннан кейін дайындау және жетілдіру. 26. Тіс кескінін тексеруге арналған шаблондар – контршаблондардың көмегімен аралау және жетілдіру. 27. Ию штампылары, орташа күрделіктегі сығымдағыш қалыптар мен айлабұйымдар – слесарлық өңдеу, сығымдағышты құрастыру және орнату. 28. Штрихмассалар мен тегіс калибрлер – жетілдіру. § 82. СЛЕСАРЬ-АСПАПШЫ 4-разряд Жұмыс сипаттамасы. Дәл және күрделі аспаптар мен айлабұйымдар (копирлер, кесетін және созатын штампылар, пуансондар, кондукторлар) жасау және жөндеу. Арнайы технологиялық жарақтарды пайдалана отырып күрделі және дәлме-дәл аспаптар мен айлабұйымдар жасау. әшекейлі кескінді бөлшектерді бетін айналы етіп 7-10 квалитеттер бойынша жетілдіру, ысқылау және жасау. Білуге тиіс: негізгі геометриялық және тригонометриялық тәуелділіктер; түрлі үлгідегі жетілдіретін және аралайтын станоктардың құрылымы; жетілдіретін материалдардың құрамы, қызметі мен қасиеті, өңделетін бөлшектерді шыңдау және түзету сапасын айқындау тәсілдері; күрделі фигураларды белгілеу және сызу жолдары; шектеулер мен отырғызу жүйесі; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері; металлдың термоөңдеу кезіндегі ішкі кернеулігі мен құрылымының өзгеруі; оларды болдырмау және жою тәсілдері. Жұмыс үлгілері 1. Нөмірлі аппараттар - литерлерді дәнекерлеуге арналған қысқыштар, рычагтар, серіппелер, қалыптар және дөңбекшелер жасау. 2. Өзі ашылатын ойықты қалпақтар – құрастыру. 3. Калибрлер – қапсырмалар, биіктік өлшегіштер және т.б. – ысқылау, жетілдіру. 4. Бақылау сыналары – қырып тегістеу. 5. Түрлі жазықтықтарда бөлшектерді бұрғылауға арналған кондукторлар – жасау және құрастыру. 6. Күрделі қалыптағы копирлер – шаблон бойынша өңдеу, құрастыру, реттеу, жөндеу, жетілдіру. 7. Құрастырмалы даяр үлгілер – жасау. 8. Ұзындықтары 6 м-ге дейінгі бақылау және жұмыс сызғыштары, барлық мөлшердегі тексеретін даяр үлгідегі рамкалар – тараптардың параллельдігін сақтай отырып тексеру және қырып тегістеу. 9. Бөлу құны 0,002 мм рычагты микрометрлер – микро-бу және сағат механизмін жөндеу, дәлдігін тексеру. 10. Сығу арқылы волноводтарды ұзарту қондырғыштары – құрастыру. 11. Мөлшері 1000х1500 мм-ден жоғары таңбалаушы, бақылау, тексеруші тақтайшалар – қырып тегістеу. 12. Күрделі сығымдағыш қалыптар – слесарлық өңдеу, құрастыру, жасау. 13. Бақылау призмалары – кесу және қырып тегістеу. 14. Бос бөлшектердің эксцентриктілігін өлшеу, қабырғаларының қалыңдығын және тереңдігін өлшеу аспаптары – жасау және пісіру. 15. Құрастырмалы әмбебап айлабұйымдар – құрастыру. 16. Күрделі конфигурациялы барлық мүмкін фасондардың кескіштері және оларға шаблондар – жасау және жетілдіру. 17. Сейфтер, жанбайтын шкафтар – кілтке арналған бір және екі бородкалы болванкаларды жасау және дәнекерлеу, отандық өндіріс құлыптарына ерекше күрделі кескінді цугольдалар жасау. 18. Периметрі 500 мм-ден асатын бақылау бұрыштықтар – бұрыштарын қатаң сақтай отырып жасау. 19. Иілетін, кесілетін, үзілетін қалыптар – шыңдағаннан кейін жетілдіру. 20. Штангенциркульдер, штангенрейсмустар – күрделі жөндеу. 21. Радиусының саны үшке дейін кескінді шаблондар – шыңдағаннан кейін толықтай жасау және жетілдіру. § 83. СЛЕСАРЬ-АСПАПШЫ 5-разряд Жұмыс сипаттамасы. Өңдеуді талап ететін мөлшерлері өз арасында көп санмен байланысты шаблондарды, ірі күрделі және дәлме-дәл аспаптар мен айлабұйымдарды (арнайы және бөлетін қақпақтар, сығымдағыш қалыптар, штампылар, кондукторлар, пісіру құрылғылары, өлшеу айлабұйымдары және т.б.) 6-7 квалитеттер бойынша жасау, реттеу, жөндеу. 5 квалитет бойынша фигуралы келбетті және кедір-бұдырлық параметрі Rа 0,16-0,02 бөлшектерді жетілдіру, ысқылау және жасау. Айлабұйымдар мен штампыларды іске қосу жағдайында тексеру. Білуге тиіс: күрделі арнайы және әмбебап аспаптар мен айлабұйымдардың құрылымдық ерекшеліктері; күрделі аспаптар, бөлшектер мен тораптар жасау кезінде қажетті есептеулер мен геометриялық тізбектің барлық түрлері; дәлме-дәл бақылау аспабы мен қолданылатын материалдарды термоөңдеу тәсілдері; аспапты өлшеу көрсеткіштеріне температураның әсері. Жұмыс үлгілері 1. Нөмірлік (ротациялық емес үлгідегі) аппараттар – ішкі және сыртқы корпустар жасау. 2. Кесетін, жылтырататын және қашайтын қалпақтар – ақауларды белгілеу, шыңдағанға дейін және кейін қиыстыру, құрастыру, сынау және жою. 3. Бұрандалы ойықты қалпақтар – баптау және құрастыру. 4. Тарақшалар мен храповиктер – жасау. 5. Оптикалық тіс өлшегіштер – жөндеу және сынау. 6. Нөмірленген дөңгелектер – слесарлық өңдеу. 7. Ұзындығы 500 мм-ге дейінгі сыртқы және ішкі конустарды өлшеуге арналған конусты калибрлер – шыңдағаннан кейін толықтай жасау және жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |