ЖОБА
2015 жылға мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру
тапсырысын, жан басына
шаққандағы қаржыландыру
және ата-ананың ақы төлеу
мөлшерлерін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2015 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2015 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары А. Қаржаубаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Шамұратов
2
Қармақшы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «____» ________
№ ___ қаулысына 1- қосымша
2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысы
№
|
Аудан атауы
|
Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен
мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар саны
|
1
|
Қармақшы ауданы
|
967
|
3
Қармақшы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «_____»____________
№ ______ қаулысына 2-қосымша
2015 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері
№
|
Аудан атауы
|
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығын (теңге)
|
Балабақша (мемлекеттік/жеке меншік/шағын орталықтар)
|
1
|
Қармақшы ауданы
|
19 876
|
4
Қармақшы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «_____» _____________
№ ______ қаулысына 3-қосымша
2015 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№
|
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата- ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері
|
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері
|
1
|
Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес
|
Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес
|
Достарыңызбен бөлісу: |