24 апрель 2012 ж. Жоба 2012 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы



Дата25.02.2016
өлшемі47.55 Kb.
#25489
24 апрель 2012 ж.

Жоба

2012   жылға  мектепке  дейінгі  тәрбие

мен  оқытуға   мемлекеттік  білім  беру

тапсырысын,  жан басына шаққандағы

қаржыландыру және ата-ананың ақы

төлеу мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына,  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағы 5-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы,  жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының 1, 2, 3 - қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2. Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері осы қаулыдан туындайтын тиісті шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары      С.Қ. Нұрқатоваға жүктелсін.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Облыс  әкімі                                                                     А. Мұхамбетов

толық мәтінін жүктеу





Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы

425 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік кодексінің 62 - бабының 7 - тармағына, Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 - бабына сәйкес және облыстық маслихаттың                    2011 жылғы 7 желтоқсандағы сессиясының №  434 «2012 – 2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне 2012 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 1. Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсанындағы № 425 «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары туралы»  қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

жоспардың  «Бюджеттік бағдарламалар»  7 бөлімінде:

261-003-000 «Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру» бағдарламасын іске асыруға бюджет шығыстарының көлемі «978782,0» деген сандар «1004582,0» деген сандарға ауыстырылсын;

261-004-000 «облыстық мемлекеттік  Білім беру мекемелерінде білім беру жүйесін ақпараттандыру» бағдарламасын іске асыруға бюджет шығыстарының көлемі «22351,0» деген сандар «37688,0» деген сандарға ауыстырылсын;

261-007-000 «Облыстық ауқымда мектеп олимпиадаларын, мектептен тыс іс-шараларды және конкурстар өткізу» бюджеттік бағдарламаны іске асыруға бюджет шығыстарының көлемі «150140,0» деген сандар «162555,0» деген  сандарға ауыстырылсын;

261-024-000 «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау» бағдарламасын іске асыруға бюджет шығыстарының көлемі «1303281,0» деген сандар «1349281,0» деген сандарға ауыстырылсын;

261-025-000 «Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау» бағдарламасын іске асыруға бюджет шығыстарының көлемі «1477382,0» деген сандар «1527876,0» деген сандарға ауыстырылсын;

261-029-000 «Әдістемелік жұмыс» бағдарламасын іске асыруға бюджет шығыстарының көлемі «68195,0» деген сандар «52858,0» деген сандарға ауыстырылсын;

261-034-011 «Техникалық және  кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқу-өндірістік шеберханаларды, зертханаларды жаңарту және қайта жабдықтау» «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен» бағдарламасын іске асыруға бюджет шығыстарының көлемі «25000,0» деген сандар  «100000,0» деген сандарға ауыстырылсын;

261-033-000«Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына  ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдеріне аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасын іске асыруға бюджет шығыстарының көлемі «242388,0» деген сандар  «228628,0» деген сандарға ауыстырылсын;

261-045-000 «Республикалық бюджеттен аудандық бюджеттерге (облыстық маңызы бар қалаларға) мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының көлемін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасын іске асыруға бюджет шығыстарының көлемі «1185644,0» деген сандар  «437660,0» деген сандарға ауыстырылсын;

261-047-000 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  өндірістік оқыту шеберлеріне өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны үшін қосымша ақы белгілеу» бағдарламасын іске асыруға бюджет шығыстарының көлемі «89621,0» деген сандар  «87288,0» деген сандарға ауыстырылсын;

261-052-011«Жұмыспен қамту–2020 бағдарламасын іске асыру шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау» «Республикалықбюджеттен берілетін трансферттер есебiнен» бағдарламасын іске асыруға бюджет шығыстарының көлемі «452394,0» деген сандар  «455557,0» деген сандарға ауыстырылсын;

261-113-000 «Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы  трансферттер» бағдарламасын іске асыруға бюджет шығыстарының көлемі «883800,0» деген сандар «957539,0» деген сандарға ауыстырылсын;

261-114-000«Жергілікті бюджеттерден берілетін нысаналы даму трансферттері» бағдарламасын іске асыруға бюджет шығыстарының көлемі «190000,0» деген сандар «40000,0» деген сандарға ауыстырылсын;

осы қаулының 1,2 қосымшаларына сәйкес «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерді дамытуға берілетін ағымдағы нысаналытрансферттер» 261-062-000 және «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне моноқалаларды абаттандыру мәселелерін шешуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» 261-066-000 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын;

«Бюджеттік шығындар жиынтығы» осы қаулының  3 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы қаулы қазіргі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес ресми жариялануы тиіс.

 

 



Облыс әкімі                                                                                    А. Мұхамбетов

 

 



 

Жоба ұсынушы:

«Ақтөбе облысының

білім басқармасы» ММ бастығы                                                      Ж. Самұратова



Стратегиялық жоспарға 1 қосымша            Стратегиялық жоспарға 2 қосымша

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет