Жоба «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері»



Дата25.02.2016
өлшемі25.41 Kb.
#25066


Жоба

«Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы

244 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


  1. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі туралы ереженің 14-тармағында:

  1. мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын

«16-1) халықтың дене шынықтыру дайындығының нормативтерін әзірлейді;»;

  1. 17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«17) спорт ғимараттарын пайдалану нормалары мен ережелерін әзірлейді және бекітеді;»;

  1. 20) тармақшадағы «нұскаушы» деген сөз «нұсқаушы-спортшы» деген сөздермен ауыстырылсын;

  2. 22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«22) Қазақстан Республикасы аумағында спорттық спорттық іс-шаралар және шет мемлекеттетерде халықаралық спорттық іс-шаралар және шет мемлекеттерде халықаралық спорттық іс-шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз етеді;»;

  1. мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:

«29-1) Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;»;

  1. 31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«31) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бағалау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн, жартыжылдық тексеру жоспарларын әзiрлейді және бекітеді;»;

  1. мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:

«31-1) Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасына сәйкес өмір бойы ай сайынғы төлемдерді алуға құқылары бар спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы төлемдерді қамтамасыз етеді;»;

8) мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:

«34-1) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;»;

9) 35) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:

«ойын бизнесі саласындағы қызметті, лотереяны ұйымдастыру және өткізуді лицензиялауды жүзеге асырады;»;


  1. 39) тармақша алып тасталсын;

  2. 40) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:

«40) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласында стандарттау аясындағы қызметті жүзеге асырады;»;

  1. 41) тармақша алып тасталсын.

  1. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.



Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрi                                   К. Мәсімов





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет