Жоба
Қазақстан Республикасының білім беру және мәдениет
объектілерін атау мен қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Мына:
Қызылорда облысы Қызылорда қаласының № 264 мектеп-лицейіне Ұлы
Отан соғысының ардагері Тәкей Есетовтың;
Қызылорда облысы Қызылорда қаласының № 15 мектеп-гимназиясына белгілі жазушы, ғалым Мырзабек Дүйсеновтың;
Қызылорда облысы Қызылорда қаласының №101 орта мектебіне Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының халық ағарту ісінің үздігі Әли Мүсілімовтің;
Қызылорда облысы Қызылорда қаласының №112 орта мектебіне Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, белгілі педагог Нағима Ахмадееваның;
Қызылорда облысы Қызылорда қаласының №3 мектеп-лицейіне экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Серғали Толыбековтың;
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қожакент ауылының №168 орта мектебіне Социалистік Еңбек Ері Исатай Әбдікәрімовтің;
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің №131 орта мектебіне 2- ші дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Талғат Қозыбаевтың;
Қызылорда облысы Жалағаш ауданының мәдениет үйіне Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Кеңесінің депутаты Қонысбек Қазантаевтың;
-
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының жыраулар үйіне белгілі жыршы Көшеней Рүстембековтың;
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының мәдениет үйіне Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шәмшат Төлепованың;
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылдық клуб үйіне белгілі жыршы Қуандық Бүрлібаевтің;
Қызылорда облысы Қызылорда қаласындағы шығармашылық үйіне мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың есімдері берілсін.
-
Мынадай білім беру объектілері:
Қызылорда облысы Қызылорда қаласының К. Маркс атындағы № 6 орта мектебі – белгілі қоғам қайраткері Мұхамедғали Сужиков атындағы орта мектеп;
Қызылорда облысы Қызылорда қаласының «Мұрагер» мектебі - Абай атындағы орта мектеп болып қайта аталсын.
3. Осы қаулы ресми түрде алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер – Министрі К. Мәсімов
«Қазақстан Республикасының білім беру және мәдениет
объектілерін атау мен қайта атау туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Р/с
№
|
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі
|
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты
|
1.
|
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган
|
Қызылорда облысының әкімдігі
|
2.
|
Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысының 7- тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес
|
3.
|
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар
|
Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды
|
4.
|
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар
|
Қажет етеді
|
5.
|
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын
тиімділігі
|
Білім және мәдениет объектілеріне атаулар беріледі және қайта аталады
|
6.
|
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
|
Қабылданған жоқ
|
7.
|
Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі
|
Қажет етпейді
|
8.
|
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері.
|
Жүргізілген жоқ
|
9.
|
Өзге де мәліметтер
|
Жоқ
|
10.
|
Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру
|
Рұқсат етіледі
|
11.
|
Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы)
|
Рұқсат етіледі
|
Қызылорда облысының Қ. Көшербаев
әкімі
2014 жылғы «__» ________
Достарыңызбен бөлісу: |