Лекция №1-3 Кіріспе. Мультимедиа және ақпараттық мәдениет ұғымдары. Интернеттегі білім беру платформалары. Білім берудің мультимедиа білім ресурстарына және оларды қолдану әдістемелері және әдіснамасы
Лекция №1-3 Кіріспе. Мультимедиа және ақпараттық мәдениет ұғымдары. Интернеттегі білім беру платформалары. Білім берудің мультимедиа білім ресурстарына және оларды қолдану әдістемелері және әдіснамасы
Қазіргі кезеңдегі еліміздегі өзгерістер, экономиканы дамытудағы стратегиялық жаңа бағдар, жедел ақпараттану мен әлеуметтік даму қарқыны білім беру жүйесіне, мамандар даярлауға зор талап қояды. Қоғам өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың күшеюіне байланысты өз ісін жетік білетін және кәсіби біліктілігі биік мамандарды қажет етеді.
Дамыған елдерлің жоғары мектебі қоғам талабын қанағаттандырудың бірнеше үрдістерін қарастырады: жоғары білімді демократизациялау; ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау түрі ретінде ғылыми-оқу-өндірістік кешендер құру; оқытуды және студент еңбегін дараландыру, білім беруді ізгілендіру; жоғары білімді компьютерлендіру; мектеп мұғалімдерінің кәсіби даярлығына жоғары талап қою, жоғары оқу орнында оқытушы кадрларды даярлау мен олардың кәсіби деңгейін көтеруде педагогика мен психологияның ролін көтеру және т.с.с.
Мұндай процесс әртүрлі елдерде өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне, экономикалық жағдайына, білім беру жүйесінің дәстүрлеріне қарай әртүрлі деңгейде көрініс тапқан. Біздің елімізді дамытудың қазіргі әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайлары және жоғары дамыған елдердің прогресшіл тәжірибесі білім берудің мазмұнын жаңарту және мамандар даярлаудың сапасын жетілдіру қажеттілігін тудырады. Бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жоғары оқу орнында және жоғары оқу орнынан кейін де білім беру саласында жоғары білікті мамандар даярлаудың жаңа тәсілдері ұсынылады. Жаңа тұрпатты мамандар даярлаудың үлгісі жүзеге асырылатын болады. Осы тұрғыдан келгенде заманауи білім берудің, яғни адамды жан-жақты дамытудың негізгі құраушылары оқыту, тәрбиелеу біртұтас болуы тиіс. Мұғалім өзінің кәсіби іс-әрекетінде бұл процестердің бөлінбейтіндігінің, олардың үйлесімді болуын қамтамасыз етудің кепілі болады және білім беру процесінің тиімділігін арттыруды көздейді. Ал білім берудің тиімділігі, табысты болуы, қоғам талаптарына сай нәтижелер алуы көбінесе оқытудың түрлерін, әдістерін және құралдарын жетілдіруге байланысты болады. Мұғалім өзінің пәнін ғана үйретіп қоймайды, ол өмірге бейімдейді, еңбекке, адамдарға қарым-қатынасқа үйретеді, адамның қоғамдағы өз орнын анықтауға – дүниеге көзқарасын тәрбиелейді.
Техниканың озық дамыған ғасырында білім саласында «ақпараттық мәдениет», «мультимедиа» ұғымдары жиі қолданылуда. Бұл «мультимедиа» сөзі ағылшынның «media» және «multiple» немесе «multy» сөздерінен шыққан. «Медиа» – латынша құрал, тәсіл деп аударылса, ал кейде орта (ағылшынша) болады. «Multy» – жинақталған бірнеше бөліктен тұратын (ағылшынша) немесе көп (латынша) деп аударылады. Қысқаша көптеген орталар дегенді білдіреді.
Мультимедиамен байланысқан көптеген салалар, пәндер бар. Мысалы: компьютерлік салада сайт құру, гипермәтіндік жүйелер, компьютерлік графика, компьютерлік анимация, т.б. Осы пәндердің бірі математика. Ал ақпарат алмасу құралдарында – журналистика, интернет – журналистика, сөздік және әлеуметтік коммуникация, т.б. Өнер саласында – желілік өнер, компьютерлік анимация, компьютерлік бейнемонтаж, дыбыс режиссурасы, т.б.жатады.
Интернет броузері кез келген ақпарат орналаса беретін универсал орта. Сондықтан онда мәтіндік, графикалық ақпараттармен қатар мультимедиалық ақпаратты да кірістіруге болады. Мультимедиалық ақпарат көбіне дыбыстық және анимациялық құбылыстар түрінде бейнеленеді.
HTML құжатқа дыбыс немес анимация құбылыстарын шығару үшін оларды ойнайтын программалық модульдің компьютерге алдын ала орнатылып қойылуы тиіс. Мұндай модульдерге MS MediaPayer, AppleQuickTime, RealPlayer G2 т.с.с. программалық өнімдер жатады.
HTML құжаты келесі типтегі мультимедиалық ақпаратты бейнелей алады:
.avi – дыбыс/бейне интерфейсі (Аudio/Video Interface). Windows жүйесінде дыбыспен және бейнеклиптермен жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін қолданылады. Бұл форматтағы файлдар өте шағын болып келеді және желі бойынша ұзақ жүктелмейді. Сондықтан пайдаланушылар көп жағдайда .avi форматтағы файлдарды қолданады;
.mp3 – бұл формат негізінен дыбыстық және бейне файлдарды сығымдау үшін қолданылады. Файлдарды кодек әдісімен (сығымдау және қалпына келтіру әдістері) сығымдағанда олардың көлемі өте шағын болғанмен, сапасы жоғары күйінде қалатындықтан Internet желісінде бұл формат пайдаланушылар арасында кеңінен танымал;
.mpeg – стандартталған бейнеформат. Сонымен қатар ол өте тиімді және оның сығымдау техникасы жоғары деңгейде, т.с.с.
Дыбыс және бейне файлдардың Web-бетте орналасуы екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылады: тәгін немесе