Жоба бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын, коммуналдық меншіктің облыстық



Дата03.07.2016
өлшемі16.22 Kb.
#175696
ЖОБА


Бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын,

коммуналдық меншіктің облыстық

ұйымдарының тізімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. Қоса беріліп отырған бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын, коммуналдық меншіктің облыстық ұйымдарының қоса беріліп отырған тізімі бекітілсін.

  2. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.

  3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 173 «Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктің облыстық ұйымдарының тізімін бекіту туралы» қаулысы күші жойылды деп танылсын.

  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.С.Биахметовке жүктелсін.

  5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы «___» _______

№____ қаулысымен бекітілген

Бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын, коммуналдық



меншіктің облыстық ұйымдарының тізімі


  1. Ақтөбе облысының «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Намыс» кәсіпқой спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

  2. «Ақтөбе» облыстық футбол клубы» акционерлік қоғамы;

  3. «Шамшырақ-Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

  4. «Ақтөбе-агросервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет