Жоба ШЕШІМІ 2014 жыл 17 наурыз №18/176
Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы
12 желтоқсандағы № 16/152
«2014-2016 жылдарға арналған
қалалық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 27 ақпандағы №15/224 «Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №13/188 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 7 наурыздағы №2366 болып тіркелген) сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
-
Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №16/152 «2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2327 болып тіркелген, 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №208-209 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес, соның ішінде 2014 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
-
кірістер – 16 184 757,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 12 606 089,4 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 24 013 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 627 562 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 2 927 093 мың теңге;
-
шығындар – 16 719 011,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 4 290 500 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 4 290 500 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 67 000 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 67 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 4 891 753,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 4 891 753,7 мың теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімі – 3 537 500 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 354 253,7 мың теңге.
Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
-
2 тармақтағы:
2 абзацтағы «21,4» саны «20,8» санымен ауыстырылсын;
3 абзацтағы «20,4» саны «20,8» санымен ауыстырылсын;
3. 4 тармақ келесі мазмұндағы 11 абзацпен толықтырылсын:
«2 746 мың теңге - Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға».
4. Келесі мазмұндағы 5-1 тармағымен толықтырылсын:
«5-1. Облыстық бюджеттен тұрғын-үй құрылысына 3 537 500 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер 2014 жылға қалалық бюджетке қарастырылғаны ескерілсін».
5. 6 тармақтағы «151 575» саны «20 000» санымен ауыстырылсын.
6. 7 тармақтағы көрсетілген шешімнің 4 қосымшасы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
7. Қалалық мәслихаттың аппараты басшысы (Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.Кутепов) жүктелсін.
9. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
қалалық мәслихат хатшысы М. Молдағұлов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________А. Ким
2014 жыл «17» наурыз
Достарыңызбен бөлісу: |