Жоба бір жолғы талондардың бағасы туралы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»



Дата05.07.2016
өлшемі53 Kb.
#180210
ЖОБА
Бір жолғы талондардың бағасы туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасынындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Зырян ауданының маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:


  1. 2013 жылдың 1–қаңтарына дейін Зырян ауданының аумағындағы базарлардағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй – жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін сату құқығын беретін бір жолғы талондардың құны бірінші қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  2. 2013 жылдың 1–қаңтарына дейін қызметі дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызмет атқаратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін сату құқығын беретін бір жолғы талондардың құны екінші қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  3. Зырян ауданы маслихатының 2009-жылғы 22-шілдедегі № 21/7-IV «Зырян ауданы бойынша бір жолғы талон бағасы жөніндегі» шешімінің (нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5-12-92, 2009-жылы 10-қыркүйекте «Заря Востока» газетінің 37-нөмірінде жарияланған),Зырян ауданы маслихатының 2010 – жылғы 16 – сәуірдегі № 28/8-IV «Зырян ауданы – Зырян қаласы бойынша бір жолғы талон бағасы жөніндегі» шешімінің (нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5-12-107, 2010 – жылғы 04 – маусымда «Зырян-Инфо» газетінің 016-нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

  4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Сессияның төрағасы ____________
Зырян ауданының

мәслихат хатшысы Г. Денисова
Зырян ауданы – Зырян қаласы

бойынша Салық басқармасының бастығы Б. Бабышев   

Зырян ауданы маслихатының "__"______2012ж №__________



шешіміне бірінші қосымша

Зырян ауданының аумағындағы базарлардағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй – жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға бір жолғы талондардың құны

(бір адамға бір күнге)


Сауда түрі

Ставка, теңге

Азық – түлік тауарларын сату




Ет сату

400

Жаңа ұсталған балық және балық тағамдары

300

Кептірілген жеміс

150

Жемістер, көкеністер (әкелінген)

250

Сүт 20 литрға дейін

50

Сүт 20 литрдан астам

100

Балмұздақ, сусындар

100

Көкөністер, жемістер ,гүлдер (аулалық телімдерден)

100

Азық-түлік тауарлары

300

Кауәп

500

Бал

200

Самса

300

Өсімдік майы

250

Өнеркәсіп тауарларын сату




Маталар

200

Жуу жабдықтары

250

Кеңсе тауарлары

150

Гүлдердің ,көкөністердің тұқымдары

100

Аң терісінен істелген бұйымдар

300

Гүлдер (әкелінген)

240

Газеттер, журналдар

100

Қосалқы бөлшектер

400

Ірі мал, жылқы сату

600

Басқа үй жануарларын сату

300

Қолдан сауда

100

Киім, аяқ киім сату

250

Үсақ өнеркәсіп тауарларын сату (шұлық, колготы ж.т.б.)

200

Шаруашылық тауарларын сату

250

Пима

200

Кілем және кілем бұйымдары, жастықтар

300

Жиһаз

200

Ыдыс

250

Көліктен сату





Жеңіл көліктен

500

Жүк көлігінен

800

Зырян ауданы маслихатының "__"______2012ж №__________

шешіміне екінші қосымша



Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызмет атқаратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін бір жолғы талондардың бағасы


Сауда түрі

Ставка, теңге

Газеттер, журналдар сату

100

Тұқым, отырғызылатын материалдарын сату (екпелер,көшеттер)

100

Базар шегінен тыс бақша дақылдарын сату

100

Саяжайларда, үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді сату

100

Қосалқы ауылшаруашылығы, бағбандық, бақшалық және саяжай учаскелерінің өнімдерін сату

100

Жануарлар мен құстардың жемдерін сату

100

Сыпыртқылар, сыпырғылар сату

100

Орман жидектерін, саңырауқұлақтарды сату

100

Бал сату

200

Балық сату

300

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметтері

200

Үй жануарларын, кұстарды бағу

200


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет