Шілікті аулдық округі бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар



Дата24.02.2016
өлшемі167.25 Kb.
#16329
Шілікті аулдық округі бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар
Шілікті ауылдық округінің әкімі өз жұмысын Қазақстан Республкасының «Қазақстан Республкасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы 23 қаңтар 2001 жылғы №148 ІІ Заңының 35 бабында көрсетілген құзіретті шегінде Қазақстан Республикасының басқа да Заңдарын, Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиясын, 2012 жылғы Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» және 14 желтоқсандағы «Қазақстан 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауларынан туындайтын міндеттерді және аудан әкімінің берген тапсырмаларын басшылыққа алып, оларды орындау бағытында біршама жұмыстар атқарды.

Ауылдық округке 5 елді мекен қарайды. 2363 тұрғынға 3 орта, 1 бастауыш мектеп, мәдениет үйі, почта, телеком, электр желісі, дәрігерлік емхана, 4 фельдшерлік пункт, 9 дүкен, 4 наубайхана, 1 ЖҚС, 1 дәріхана,1 мал сою алаңы, 1 мұсылмандар мешіті қызмет көрсетуде.

2012 жылдың 12 айында ірі қара 10050 басқа, қой-ешкі 22300 басқа, жылқы 2550 басқа жетті. Жоспар ірі қара 100,1%, қой-ешкі 100,1 %, жылқы 101,1 % ке орындалды.

Мал басын өз төлі есебінен өсіру бойынша әр 100 сиырдан 75,0 бұзау, 86,0 қозы-лақ, 68,9 құлын алынды.

Мал өнімдерін өндіру бойынша 26465 ц ет, 79210 ц сүт, 537 ц жүн өндірілді. Жоспар ет (2011-17410 ц) 152,4 %, сүт (2011-75900 ц) 104,4 % ц, жүн 490 ц (2011-441 ц) 111,1 орындалды.

Мал шаруашылығын өркендетуге Б. Тұрғынов, С.Пазылов, С. Чажаев, Ж.Алпиев,С.Сағатбеков,Б.Рахымжанова,Н.Ахатов,Б.Хамитов,А.Құлжабаев-тар зор үлес қосып келеді.Мал шаруашылығын өркендету үшін егін шаруашылығының мәні зор екені белгілі. Су тапшылығына байланысты егін егілмей отыр. Биылғы жылы 80 га картоп егілді. Бұл мәселе бойынша барлық шаруа қожалықтары басшыларымен әңгіме, жиналыстар өткізілді. Келешекте егін егу көлемін ұлғайтудың жолын қарастыру менің жұмысымның негізгі бағыттарының бірі болады. Бір сөзбен айтқанда бұл мәселе күн тәртібінен түспейді. Биылғы жылы Шағаноба өзеніне су тоспасын жасауға 6,0 млн. теңге қаржы бөлініп, жобалық құжаттары жасалуда.

Мал шаруашылығын өркендетуге , алынатын өнімді көбейтуге, сапасын арттыруға жер қатынастарын реттеудің мәні зор. Ауылдық округ бойынша 128090 га жер бар. Оның ішінде 125295(97,8 %) ауыл шаруашылығы жері. Оның ішінде 1954 ( 1,5%) суармалы егістік, 5223 (4,2 %) га суарылмайтын егістік, 8177 (6,5%) га шабындық, 109941 (87,7 %) га жайылымдық жерлер. Барлық жердің (708+2319) 3027 (42%), (8 +28 =36 адам) га егістігі, 2337 ( 28,6 %) га шабындығы, 39720 ( 36,1 %) га жайылымдығы шаруа қожалықтарының иелігінде. Пайдалану пайызы ( 3027+2337+39720=45084) 36,0 %

Округ бойынша 94 шаруа қожалығы жұмыс істейді.43 шаруа қожалығы қыстаулық жерлерде орналасқан. ( 45,7%).

Өткен жылы ауыл тұрғындары мал азығын дайындау науқанын ұйымшылдықпен өткізген болатын. Науқан барысында 7900 тонна табиғи шөп, 2200 тонна көп жылдық шөп, жиыны 10100 тонна , ірі мал азығы дайындалды, немесе (10200-9755) жоспар 104,6 пайызға артығымен орындалды. Мал азығының мол және сапалы дайындалуы қыстан қысылмай шығуға ықпал етті.

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыруға байланысты мынадай жұмыстар атқарылды. 2012 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша 3 адам 5,5 млн. теңге несие алды. Алған несиеге екі адам мал асыраумен бір адам автокөлік жөндеу шеберханасын кеңейту бағытында жұмыс атқаруда. Шілікті ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ жасалуда. «Ауылды дамытудың 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасы» бойынша нақты жұмыстар атқарылуда.

Мал тұқымын асылдандыру мақсатында «Нұрдана» шаруа қожалығы үш бас (С.Пазылов), «Дархан» (Б.Қабылбаев) шаруа қожалығы екі бас, «Арай» шаруа қожалығы бір бас, «Кеңсарай» шаруа қожалығы бір бас «Қазақтың ақ бас сиырының» асыл тұқымды бұқасын әкеліп өсіре бастады.

Қысқа дайындық бойынша штаб құрылған, 5 рет отырысы өтті. Штаб отырысында мекемелердің қыстамаға дайындық барысы туралы мекме басшыларының мәселелері қаралды. Шілікті ауылдық округі бойынша аса күрделі жұмыстарды қажет ететін нысандар жоқ. Шілікті орта мектебінің қазандығының түтін муржасы ауыстырылды. Келешекте төбенің шиферін ауыстыру қажет. Бүгінгі күні қаржы бөлінбеуіне байланысты жөнделген жоқ.

Ауылдық округте 3 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп, 3 фельдшерлік функт, мешіт үйі, почта, телеком бөлімшелері көмірмен жылытылады. Мәдениет үйі және дәрігерлік емхана электр қазандығымен жылытылады. Барлық жылу қазандықтары қыс маусымына дайындалған.

Көмірмен қамтамасыз етілуі төмендегідей.




Мекемелер атауы

Қажет көмір

Түскен көмір т

Орындалды

%


Қалған көмір т

%

1

Шілікті орта мектебі

576

400+86

84,4

86,0




2

Шекарашы орта мектебі

286

200+30

80,4

30,0




3

Тасбастау орта мектебі

278

218

78,4







4

Қарасай бастауыш мектебі

10

10

100







5

Фельдшерлік пунктер

15

15

100










Барлығы:

1165

959

82,3

116,0




1

Ауыл тұрғыны

1000

800

80






Азық-түлік бағасын қалыпты жағдайда ұстауға байланысты сауда дүкендері мен наубайхана иелерімен үш рет кездесу –әңгіме өткізілді. Нәтижесінде нан бағасы 45-50 теңгеден сатылуда. «Защита Элеваторынан» бөлінген 25 тонна ұн алынды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында 7360 мың теңгенің 42 мемарандумы жасалып, орындалды (9-кәсіпкер 400000 теңге, 21-шаруа қожалығы 990000 теңге, 9-құрылыс кәсіпорындары 5600000 теңге, 3-жеке адамдар 370000 теңге).


Жыл көлемінде 18 адам қоғамдық жұмысқа тартылып, 610365 теңге еңбек ақы төленді.

18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы бойынша :



Мерзімі

Отбасы саны

Бала саны

Төленген қаржы

1

2010 жыл

265

726

2 813 100

2

2011 жыл

70

194

2 320 100

3

2012 жыл

41.35.34.28.

109.92.84.78.

1 606 000

4

2313 жыл



























Атаулы әлеуметтік көмек.

1

2010 жыл

72/4=18

250/4=62,5

1 220 694

2

2011 жыл

19/4=5

76/4=19

2 240 700

3

2012 жыл

12.13.14.14.

43.53.54.54.

1 965 200

4

2013 жыл
























Ауыл тазалығын қалыпты жағдайда ұстау үнемі назарда. 2012 жылдың көктемінде жарияланған айлық барысында 8 рет сенбілік ұйымдастырылды. Тасбастау мектебі 600 түп, Шекарашы мектебі 500 түп, Шілікті мекетбі 500 түп, Комендатура 100 түп, Әкімшілік 400 түп жиыны 2100 түп көшет отырғызылды.



Ауыл шаруашылық малдарын жоспарлы егіп емдеуге байланысты 16450(4 рет) (2011 ж.11257) бас ірі қара, 35700 (4 рет) (2011 ж.16340) бас қой-ешкі бруцеллез ауруына қарсы тексерілді. 10 (2011 ж.110) бас ірі қара 0,06 (2011 ж.1,00 пайыз), 22 (2011 ж. 10) бас қой-ешкі 0,06 (2011 ж.0,06 пайыз) оң таңба берді. Оң таңба берген барлық мал жойылды.Бір мал соятын орын жұмыс істеп тұр. Мал төлдері сырғаланған, компьютер базасына енгізілген. Округте мал дәрігерлері жеткілікті. 5 мал дәрігерлері жұмыс істеиді.

Баспасөзге жазылу бойынша:




Басылымдар атауы

Тапсырма

Орын-далуы

%

1

Егемен Қазақстан

95

105

110,5

2

Дидар

140

162

115,7

3

Рудный Алтай

44

45

102,3

4

Каз Правда

15

15

100

5

Достық

435

435

100
















6

Даламен қала

49

49

100

7

Семей таңы

105

105

100

8

Шығыс үні

20

20

100

9

Достық

435

435

100



















ЖИЫНЫ

1289

1371

106,4

















Салық жинау бойынша:




Салық түрі

Жоспар

Орын-далуы

%

Ескерту

1

Мүлік салығы

38000

45990

121,0

2010

2

Жер салығы

212000

212280

100,1




3

Көлік салығы

495000

525746

106,2




4

Баж алымы

52000

43750

84,1







БАРЛЫҒЫ

797000

827166

103,9









Салық түрі

Жоспар

Орын-далуы

%

Ескерту

1

Мүлік салығы

43000

46000

107,0

2011

2

Жер салығы

215000

216200

100,6




3

Көлік салығы

525000

530000

101,0




4

Баж алымы

69000

70878

102,7



























Салық түрі

Жоспар

Орын-

далуы


%

Ескерту

1

Мүлік салығы

47881

47881

100,0

2012

2

Жер салығы

185567

185567

100,0




3

Көлік салығы

530000

560636

105,8




4

Баж алымы

67500

67500

100,0







БАРЛЫҒЫ

830948

861584

103,7



Ауылдық округ әкімшілігіне 12 ай ішінде 210 құжат келіп түсті, 259 құжат шығарылды, 59 өкім, 5 шешім қабылданды, 20 өтініш түсті,оның ішінде 4 өтініш заңды тұлғалардан, 16 өтініш жеке тұлғалардан, барлық өтініштерге мерзімінде жауап берілді. (5 өтініш жер сұраған, 6 өтініш жұмыс сұраған, 5 өтініш материалдық көмек сұраған, 4 өтініш әр түрлі мәселелер бойынша).

Өткен жылы барлығы 1934 дана анықтамалар берілді. Оның ішінде 469 адамға жанұя құрамы туралы, 632 адамға тұрғылықты жері туралы, 27 әр түрлі анықтамалар, 706 адамға жеке меншік малы туралы анықтамалар берілді. 157 (2011-112) нотариаттық іс тіркелді, бюджетке 30554

( 2011-23242) теңге қаржы түсті.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әкімшілік қызметкерлері арасында тәртіп бұзғандар жоқ.

2012 жылғы көктемгі әскеге шақыруға 86 шақырылушының 27-і шақырылды. 34-і студенттер. 2 адам денсаулығына байланысты билет алды,23 бала ауылдан тыс жерде тұруы себепті медициналық байқауға барған жоқ, 5 бала әскер қатарына алынды.

Ауылдық октугте 26 отбасы оралмандар бар, 130 адам есепте тұрады. Туылған бала саны 44, қайтыс болған адам саны 27.Табиғи өсу 162,9 пайызға тең. Көшіп келгендер саны 30, көшіп кеткендер саны 180. Механикалық өсу - кеткен адамдар келген адамдардан 150 адамға артық.

Ауыл мәдениеті мен спортын дамыту бағытында жоспар бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Ауылдық округтегі мәдениет үйі бүгінгі күн талабына сай жабдықталған. Мәдениет үйі қызметкерлері ауданда өтетін барлық мәдени көпшілік шараларға белсенді түрде қатысады.

«Жаңа жыл», «Халықаралық әйелдер күні», «Наурыз», «Жеңіс күні», «Балалар қорғау күні», Конситутция күні , «Тәуелсіздік» мерекелері өз мәнінде аталып өтілді.

Тәуелсіздіктің 20-жылдығына арналған «20-жарқын іс» бойынша 20 іс атқару жалғасуда. Олардың ішінен Тасбастау ауылынан саябақ ашу, Тасбастау, Шілікті мектептерінде ботаникалық бақтар ашу, 1992 жылы мекеп бітірген түлектер Жалши ауылындағы мектепке материалдық көмектер беруі, мәдени шаралар өткізуі, округтегі көп балалы аналарға 8-наурыз мерекесі қарсаңында марпаттаулар мен құттықтаулар ұйымдастыру, Жеңіс күні мерекесіне орай Еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету, Шілікті ауылының орталық көшесіне құм тас төгіп тегістеу, төрт баннер орнату, мектептер алдына гүлзарлер жасау,мүсіндер орнату, балалар күні мерекесіне байланысты мүгедек балаларға силықтар тарату жұмыстары орындалды. Барлығы осы шара бойынша 3415 мың теңгенің жұмысын атқару жоспарланып, жұмыс толығымен атқарылды.Бұның сыртында Өскемен қаласында тұратын жерлестеріміз Ж.Байырханов пен С.Тыштыбаевтардың ұйымдастыруымен және ауыл тұрғындарының көмегімен болейболдан облыстық «Алтын Адам» кубогі үшін жарыс ұйымдастырылды. Жеңмпаздарға ақшалай жүлде тігіліп , спортшылар екі күн ауыл тұрғындарының есебінен тамақтандырылды. Барлық жұмсалған қаржы көлемі 1250 мың теңгені құрады.Ауыл тазалығына мән беріліп, қоқыстар, аулалар тазаланды, үйлердің сырты әктелді, қоршаулары жөнделіп, жосаланды. Барлық мекемелердің қоршаулары сырланды. Әкімшілік кеңсесінің қоршауының сыртындағы бос жер қоршалып, ағаш отырғызылды.

Үстіміздегі жылдың 8-9 маусым күндері аудан әкімі Серік Зинабекұлының ұйымдастыруымен Жалши ауылының 2,8 шақырым ауылға кіре беріс жолы мен 1,0 шақырым ішкі көше жолы толық жөнделді. Осы атқарылған ауқымды істің басында болған барлық аудан басшыларына ауыл тұрғындары атынан рахмет айтамыз.

Баймырза өзенінен келетін суды ауылға дейін жеткізді үнемі бақылауда ұстап келеміз. Ауыл әкімшілігінің қызметкерлерінің көмегімен Шілікті ауылына дейін ағын су жеткізіліп отыр.

Мекен – жай тіркелімі бойынша біршама жұмыстар атқарылды.Біздің округ бойынша 785 нысан туралы толық мәліметтер жоқ болатын. Бүгінгі күні әкімшілік аумағында 523 тұрғын үй бар екені анықталды. Иесіз, бұзылған немесе екі-үш рет тіркелген нысандарды есептен шығыру туралы ұсыныстар берілді.

Ауыл спортшылары аудандық спартакиадада ІІІ орын алды. Мемелекеттік қызметкерлер арасында ұйымдастырылған аудандық спартакиадада әкімшілік командасы І-ші орын алды.Алдағы уақытта спорттың бұқаралығын арттыру бағытында жұмыс ұйымдастырылатын болады.

15 ақпанда өткен Парламенттің және жергілікті мәслихаттардың сайлауында ауыл тұрғындары ұйымшылдық танытып, дауыс беруге қатысу 100 пайыз болды. «Нұр-Отан» ХДП-на 100,0 пайыз, облыстық мәслихаттың депутатына 99,2 пайыз, аудандық мәслихаттың депутатына 94,0 пайыз дауыс берді. Сайлаушылардың басым көпшілігі Ел Президентінің ұстанған саясатын қолдайтындарын іспен дәлелдеді.

Ауылдық округке 2012 жылы ( 2011 жылы.11462,0 : 10633 – 2010 жылы) 12 572 мың теңге қаржы бөлінген, бөлінген қаржы толығымен игерілді.Оның ішінде көше жарықтандыруға 383 мың, автомобиль жолдарының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 300 мың, мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға 1679 мың теңге бөлініп 1600 мың теңгеге «Нива» автокөлігі, 79 мың теңгеге компьютер сатып алынды. Еңбек ақы, әлеуметтік аударымдар, салықтар, басқа мекемелерге тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін берешегіміз жоқ.



Аудан әкімі С.Зайнулдиннің Шілікті ауылдық

округінің тұрғындары алдында 2012 жылдың

17 ақпанындағы есеп беру кездесуінде

айтылған ұсыныс-пікірлер және

орындалуы туралы ақпарат.



р/с

Аты-жөні

Қызметі.

Тұрғылықты жері.



Ұсыныс-пікір мазмұны.

Орындалуы

1

Шырғайбаева Зинура

Шілікті ауылы. Зейнеткер.

1.Шілікті

аулында


су мәселесі шешілсе.

1.2012 жылы Шілікті ауылына сужүйесін тартуға құжаттар жасалуда.
2.Шағаноба өзенінен су тоспасын жасауға 6,0 млн. теңге қаржы бөлініп ЖСҚ жасалуда.

2

Сарышов Тұрсын

Шілікті ауылының тұрғыны.

Өз күшіммен ашылған автокөлік жөндеу шеберханасын кеңейтуге несие сұраған.


Маусым айында 1,5 млн. теңге несие алды.

3

Түсіпбаев Б.

Шілікті ауылының тұрғыны.

Шілікті ауылына су жүйесі тартылса..

2012 жылы Шілікті ауылына сужүйесін тартуға құжаттар жасалуда.



Шілікті ауылдық округінің келелі мәселелері.



  1. Таза сумен қамту. (Шілікті-2015жыл. Тасбастау-2017 жыл. Жоспарда тұр.

2012 жылы Шілікті ауылына су тартудың құжаттары әзірленуде.)

2. Жол.( Кеңсай-Шілікті автожолына 2010 жылы 18 млн теңге қаржы бөлініп жөндеуден өткізілді, Кеңсай-Какенталды жолын 2016 жылы жөндеу жоспарланған)

3. Егін салу үшін су келетін көмейлерді жөндеу немесе су қоймасын салу керек. ( 2012 жылы 6,0 млн. теңге қаржы бөлініп ЖСҚ жасалуда).

4. «Баймырза» өзенінен келетін су арнасының Шілікті ауылы тұсынан 1 су өткізгіш, 1 көпір салу керек.



5.Жалши ауылының орталық көшесін жөндеу, жарықтандыру. (2012 жылы көшені асармен жөнделді. Жарықтандыруға 2354 мың теңге қаржы қажет, жобалық сметалық құжаттары жасалынды).

6.Шілікті ауылындағы пошта үйінің жылуын дұрыстау немесе лайықты орынға көшіру керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет