Жоба Ұлан ауданының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы



Дата04.03.2016
өлшемі117.56 Kb.
#37742
Жоба

Ұлан ауданының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу Қағидасының 27-тармағын орындау үшін және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы «"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» № 86 бұйрығы негізінде, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ұлан ауданының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың қоса беріліп отырған әдістемесі бекітілсін.

2. Ұлан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы «Ұлан ауданының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 911 қаулысының күші жойылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Н. Абдыкаримовқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Ұлан ауданы әкімінің міндетін

атқарушы Д. Батырбаев

Ұлан ауданы әкімдігінің

2015 жылғы «__»_____ №___қаулысымен

бекітілген



Ұлан ауданының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі

1. Жалпы ережелер
1. Ұлан ауданының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығын іске асыру үшін және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы  «"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» № 86 бұйрығы негізінде  әзірленді және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.

2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.

3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.

4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:

қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;

айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).

      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.

5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.

6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.

Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.

7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.

9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.

10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссия төрағасы Ұлан ауданы әкімінің аппарат басшысы болып табылады.

Комиссия хатшысы персоналды басқару бөлімінің бас маманы болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2)-тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық
11. Персоналды басқару бөлімі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.

      Персоналды басқару бөлімі бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей толтыру үшін бағалау парағын жібереді.



3. Тікелей басшының бағалауы
12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын персоналды басқару бөліміне алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару бөліміне қайтарады.

Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару бөлімінің қызметкерi және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау
13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.

Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару бөлімі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды

14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің  2 қосымшасына сәйкес нысанда бағалау парағын толтырады.

      15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы персоналды басқару қызметіне оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару бөліміне жіберіледі.

16. Персоналды басқару бөлімі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауының орташа есебін жүргізеді.

17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауы жасырын түрде жүргізіледі.



5. Қызметшінің қорытынды бағасы
18. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

a = b + c

a – қызметшінің қорытынды бағасы,

b – тікелей басшының бағасы,

c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.

19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:

21 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»,

21 балдан 33 балға дейін – «қанағаттанарлық»,

33 балдан жоғары – «тиімді».

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
20. Персоналды басқару бөлімі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

Персоналды басқару бөлімі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:

1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;

2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;

3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;

4) осы Әдістеменің 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:

1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті қысқаша түсіндірмемен бағаны түзетеді. Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.

22. Персоналды басқару бөлімі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.

Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару бөлімінің қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

23. Осы Әдістеменің 21-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару бөлімінде сақталады.



7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

25. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

Ұлан ауданының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне 1 қосымша



Тікелей басшысының бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.: _______________________________


Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________

№ р/н

Өлшем

Көрсеткіштің мәні (саны)

Баға (балл)

1.

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейін

 

2.

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 8-ге дейін




3.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке дейін

 

4.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін

 

БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)

 







Таныстым:
Қызметші (Т.А.Ә.) _______________
күні ___________________________
қолы ___________________________

Тікелей басшы ( Т.А.Ә.)
________________________________

күні ____________________________


қолы ___________________________

Ұлан ауданының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне 2 қосымша



Айналмалы бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің  Т.А.Ә.: _________________


Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _________________


р/н

Өлшем

Көрсеткіштің мәні

Баға (балл)

Бағынышты адам

1

Жұмысты жоспарлай алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін

 

2

Жұмысқа ынталандыру қабілеті

2-ден 5-ке дейін

 

3

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін

 

 

Барлығы (барлық бағалардың бағасы)







Әріптесі

1

Топта жұмыс істей алу қабылеті

2-ден 5-ке дейін




2

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін




3

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 5-ке дейін




 

Барлығы (барлық бағалардың бағасы)






Ұлан ауданының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне 3 қосымша



Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
______________________________________________________
(мемлекеттік орган атауы)


р/р

Қызметшінің Т.А.Ә.

Тікелей басшының бағасы

Айналмалы баға

Қорытынды баға

1

 

 

 

 

...







 

 

Комиссия қорытындысы:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Тексерген:



Комиссия хатшысы:_______________ Күні: _____________________
                      (Т.А.Ә., қолы)
Комиссия төрағасы:______________ Күні: ____________________
                      (Т.А.Ә., қолы)
Комиссия мүшесі:  ______________ Күні: ____________________
                      (Т.А.Ә., қолы)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет