Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау әдістемесін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ақша қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы



бет1/3
Дата17.07.2016
өлшемі309 Kb.
#204626
  1   2   3


Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау әдістемесін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ақша қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 9 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 қаңтарда № 7381 тіркелді


      «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау әдістемесі;
      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілсін (қызмет бабында пайдалану үшін).
      2. Мыналардың:
      1) «Мемлекеттік органның бюджет қаражатын тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 673 бұйрығының;
      2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің бюджеттік қаражатты басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 50 бұйрығының;
      3) «Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 645 бұйрығының күші жойылсын.
      3. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
      Министр                                    Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2012 жылғы 10 қаңтардағы
№ 9 бұйрығына   
1-қосымшасы    
Мемлекеттік органның бюджет қаражатын
басқарудың тиімділігін бағалау
әдістемесі
1. Жалпы ережелер
      1. Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді.
      2. Әдістеме бюджет қаражатының бекітілген немесе аз көлемін пайдалана отырып, ең жақсы тікелей нәтижеге қол жеткізу мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын пайдаланудың нәтижелігі мен тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың тиімділігін анықтауға арналған.
      3. Орталық мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқарудың тиімділігін бағалауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады (бұдан әрі – Тиімділікті бағалау).
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала және астана бюджетінен қаржыландырылатын бюджеттік даму бағдарламаларын, сондай-ақ ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қызметінің тиімділігін бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.
      5. Тиiмдiлiктi бағалау жүргiзу үшiн мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары 15 ақпаннан кешіктірмей ұсынымдар мен қаулылар негізінде бағаланатын кезеңдегі бақылау нәтижелері және олардың орындалуы туралы ақпаратты Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік жүйе деңгейлеріне қарай бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға береді.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
      6. Тиімділікті бағалау:
      1) орталық мемлекеттік органдардың төмен тұрған бюджеттеріне бөлінген субвенциялардан, бөлінетін бағдарламалардан, нысаналы трансферттерден және кредиттерден басқа, барлық бюджеттік бағдарламалар.
      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
      7. Орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері тиімділікті бағалауды жүргізу үшін ұсынылатын ақпараттың дұрыстығын және толықтығын қамтамасыз етеді.
      8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган барлық мемлекеттік органдар бойынша орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері ұсынған деректерді іріктеп қайта тексереді.
2. Бюджет қаражатын басқаруды бағалау жүргізу
      9. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне мынадай ақпаратты ұсынады:
      1) Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджет қаражатының игерілмеу себептері;
      2) Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу» критерийі бойынша талдау нәтижелері туралы ақпаратты;
      3) Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылыс және реконструкциялау объектілерінің құнының қымбаттауы туралы ақпаратты;
      4) түсіндірме жазбаны.
      Орталық мемлекеттік органдар, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органды қоспағанда және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мынадай ақпаратты:
      1) Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу» критерийі бойынша талдау нәтижелері туралы ақпаратты (орталық мемлекеттік органдардан басқа);
      2) Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылыс және реконструкциялау объектілері құнының қымбаттауы туралы ақпаратты;
      3) түсіндірме жазбаны береді.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
      10. Түсіндірме жазба орталық мемлекеттік/жергілікті атқарушы орган қызметінің тиімділігін жүргізілген талдау нәтижелерін алдыңғы жылмен салыстыра отырып, күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп, мына критерийлер бөлінісінде қамтуы тиіс:
      1) «Бюджетті жоспарлау және атқару сапасының деңгейі» критерийі бойынша:
      тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттік бағдарламалар/облыс, республикалық маңызы бар қала, астана жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламалары әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының атқарылу пайызы;
      қалыптасқан мемлекеттік сатып алу жоспарынан мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша есепті кезеңде қалыптасқан үнемдеу сомасы;
      бюджеттік бағдарламалар арасында қаражатты қайта бөлу үшін себептері мен негіздемелерін көрсете отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бюджетінің жалпы көлемінде бюджеттік бағдарламалар арасында бюджетті нақтылау кезінде қайта бөлінген қаражаттың ара қатынасының үлесі;
      бюджеттiк инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту фактiлерiнiң болуы және бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту себептерi;
      дебиторлық және кредиторлық берешектердің пайда болу себептерін және оны қысқарту жөнінде қабылданған шараларды көрсете отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалар/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламалары әкімшісінің ағымдағы жылды және өткен жылдарды бөле отырып, дебиторлық және кредиторлық берешектердің болмауы/болуы немесе өзгеруі көрсетіледі;
      2) «Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексеру қорытындылары бойынша бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы» критерийi бойынша:
      тексеру жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылау органы;
      есептi кезеңдегi тексерулер саны;
      бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі;
      есептi кезеңде анықталған бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтар, оның iшiнде:
      бюджетке қаражаттың түсуi кезiнде (кiрiс бөлiгi);
      бюджет қаражатын және мемлекеттiң активтерiн пайдалану кезiнде;
      бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде;
      бюджеттiк рәсiмдер мен мемлекеттік сатып алу туралы рәсімдерді орындаудың белгiленген мерзімін, тәртібін сақтамау көрсетіледі;
      Бұдан әрi есептi кезеңде бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемiнен бұзушылықтардың үлесi келтiрiледi.
      Мемлекеттiк органда анықталған бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтардың жалпы сомасы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған бұзушылықтарды қосу жолымен айқындалады.
      Бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының көлемi мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылаумен қамтыған қаражат көлемдерiн қосу жолымен айқындалады.
      Мемлекеттік органдар шығыстарының жалпы көлемінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тиімділік қағидатына сәйкес келмейтін шығыстар;
      3) «Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген нұсқамаларды және қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар» критерийі бойынша:
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасының көлемi;
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының енгізген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасының жалпы көлеміне белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемi;
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгізген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуда көрсету жолымен қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасы;
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуда көрсету жолымен бюджетке қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлген бұзушылықтар сомасының көлемi.
      «Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бағалау кезеңіндегі тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы» және «Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген ұсынымдар мен қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар» критерийлері бойынша талдамалы мақсатта пайдаланылатын ішкі бақылау қызметінің іс-әрекеті бойынша ақпарат жеке көрсетіледі.
      4) «Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу» критерийі бойынша:
      республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары бөлінісінде тікелей нәтижелерге қол жеткізу көрсеткіштері көрсетіледі, ал облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тікелей нәтижелердің көрсеткіштері бюджеттік инвестициялық жобалар бөлінісінде көрсетіледі. Сондай-ақ себептерін көрсете отырып, тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген бюджеттік бағдарламалар тізбеленеді;
      бағаланып отырған кезеңдегі мемлекеттік органның барлық бюджеттік бағдарламалары тікелей нәтижесінің іс жүзінде қалыптасқан орташа балын өткен жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстыру жүзеге асырылады;
      мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрамында бекітілген бюджеттік бағдарламалардың нәтижелік көрсеткіштерін олардың болуына немесе болмауына талдау жүзеге асырылады;
      объектiлердi белгiленген мерзiмде беру (iске қосу), объектілерді беру (енгізу) көзделген бюджеттік бағдарламалардың саны және есептi кезеңде пайдалануға беру жоспарланған объектiлердiң саны көрсетіледі. Уақтылы пайдалануға берiлмеген объектiлер бойынша объектiлердiң жалпы санына уақтылы пайдалануға берiлмеген объектiлердiң үлесi келтiрiледi, сондай-ақ пайдалануға берудiң кешiгу себептерi көрсетіледі;
      5) «Бюджеттік бағдарламаны орындау тиімділігі» критерийі бойынша бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігі бюджетттік бағдарламалар бойынша игерілу пайызымен бірге бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижесіне жеткізудің пайыз қатынасымен айқындалады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
      11. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган дайындаған мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындылар Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға беріледі.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға берілетін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы жалпы қорытындыда:
      жүргізілген бағалау туралы есеп;
      оң жақтары мен кемшіліктері көрсетіле отырып, бағалау критерийлері бойынша нәтижелерді талдау;
      тұрақты сипаттағы бюджетті орындау кезінде анықталған жүйелі кемшіліктер мен түйткілді мәселелер;
      мемлекеттік органдардың қызметін жақсарту бойынша қорытындылар мен ұсынымдар;
      республикалық бюджет бойынша бюджет қаражатын игеру жөніндегі және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бастапқы бекітілген, нақтыланған және түзетілген бюджеттерін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдар бойынша бөле отырып, бюджеттік бағдарламаларын игеру жөніндегі ақпарат;
      «Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бағалау кезеңіндегі тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы» және «Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген ұсынымдар мен қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар» критерийлері бойынша талдамалы мақсатта пайдаланылатын ішкі бақылау қызметінің іс-әрекеті бойынша ақпарат жеке көрсетіледі.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
      12. Қызмет тиімділігі Әдістемеге 7-қосымшаға сәйкес 100 баллдық шәкіл бойынша баллдар критерийлері және көрсеткіштер бойынша бағаланады.
3. «Бюджетті жоспарлау және атқару сапасының деңгейі» критерийі бойынша бағалау
      Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
      13. «Тиісті қаржы жылына бөлінген қаражатты игеру» көрсеткіші бойынша бағалау республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарламалары/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттiк даму бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының атқарылу пайызын көрсетедi.
      Осы көрсеткіш бойынша бағалау жүргізу кезінде мемлекеттік органның игерілмеген қаражат сомасынан мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу сомасы алынып тасталады.
      «Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражатты үнемдеу» көрсеткіші бойынша бағалау есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қалыптасқан үнемдеу үлесінің есептемесі қаржы жылына түзетілген бюджетке есебі болып табылады.
      «Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражатты үнемдеу» көрсеткіші бойынша бағалау бюджетік бағдарлама шеңберінде мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша іс жүзінде қол жеткізілген үнемдеудің есепті қаржы жылына түзетілген бюджет қатынасы жолымен жүзеге асырылады.
      Бір бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі тікелей нәтиженің балы Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес айқындалады.
      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бойынша барлық бюджеттiк бағдарламалар бойынша тиiстi балл берiлетiн тиiмдiлiктiң орташа баллы әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша баллдарды қосу және алынған соманы бюджеттік бағдарламаның жалпы санына бөлу жолымен айқындалады.
      Жергiлiктi атқарушы органдар бойынша осы көрсеткіш жөніндегі бағалау барлық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бойынша орташа балл түрiнде айқындалады.
      «Шығыстардың бекітілген көлеміне бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қайта бөлінген қаражатының көлемі» көрсеткіші бойынша бағалау бюджет қаражатының азаюы бөлігінде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бекітілген бюджетінің жалпы көлеміндегі бюджеттік бағдарламалар арасындағы бюджетті нақтылау кезінде қайта бөлінген қаражаттың ара қатынасының үлесін анықтауға негізделеді.
      Қайта бөлінген қаражаттың көлемі бекітілген жоспарлы тағайындаулар мен есепті кезеңнің аяғына түзетілген жоспар арасындағы айырма жолымен есептеледі. Бұл ретте азайтылған жоспарлы тағайындаулар сомасы есепке қабылданады.
      Осы көрсеткіш бойынша бағалау жүргізу кезінде мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) кезінде, Қазақстан Республикасы Шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер енгізу кезінде бюджеттік бағдарламалардың ақшасын қайта бөлу, бюджетті нақтылау және түзету кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қосымша ақша қаражатын бөлу жағдайлары ескерілмейді.
      Осы көрсеткіш бойынша бағалау жүргізу кезінде кросс-бағамдардың өзгерістерімен байланысты нақтылаулар есепке алынбайды.
      «Бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайту фактілерінің болмауы немесе болуы» көрсеткіші бойынша бағалау бюджеттік инвестициялық жобаның құнын ұлғайтуға ұшыратқан бюджеттік инвестициялық жобалардың жобалау-сметалық құжаттамасын түзету жағдайларының бар не жоқ екендігін көрсетеді.
      Бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту фактісі болған жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобасының қымбаттау пайызы есептеледі.
      Бұл ретте бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнының қымбаттау пайызы инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасында көзделген оның бастапқы құнына қатысты есептеледі.
      Егер бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жобалау-сметалық құжаттама негізінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды көздемеген жағдайда, осы өлшем бойынша 0 балл беріледі.
      Бұл ретте орталық мемлекеттік органдар мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес ақпарат береді.
      «Дебиторлық және кредиторлық берешектердің болмауы» көрсеткіші бойынша бағалау республикалық бюджеттік бағдарламалар/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламалары әкімшісінің дебиторлық/кредиторлық берешектерінің болмауын/болуын немесе өзгеруін көрсетеді.
      Дебиторлық берешекте келесі жылдың қаңтарында өтеуге жататын қызметтерді берушілердің растау құжаттарын уақтылы ұсынбауы себепті бағаланатын жылдың аяғында пайда болған көрсетілген коммуналдық қызметтер және байланыс қызметтері бойынша ағымдағы дебиторлық берешек ескерілмейді.
      Дебиторлық берешектің жалпы сомасында жалғастырылатын халықаралық және инвестициялық жобалар бойынша пайда болған дебиторлық берешек сомасы ескерілмейді.
      Кредиторлық берешекте мердігердің орындаған жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұсталған орындалған жұмыстар көлемінің 5% мөлшерінде кредиторлық берешек ескерілмейді.
      Дебиторлық/кредиторлық берешектің өзгеруін бағалау өткен және бағаланатын жылдың көрсеткіштерін салыстыру арқылы жүзеге асырылады және Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес қойылады.
      14. Есептi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi туралы мәслихаттың шешiмi, республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын және жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiн iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың қаулылары және бюджеттiк бағдарламалар әкімшісінің мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарлары, республикалық және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалы есеп, жылдың қорытындылары бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнің атқарылуы туралы есеп, есепті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің дебиторлық берешегі туралы есеп, есепті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кредиторлық берешегі туралы есеп ақпарат көзi болып табылады.
      15. Республикалық бюджеттік бағдарламалар/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламалары әкімшісінің тиісті қаржы жылына арналған бюджетті жоспарлау және атқару сапасының деңгейін талдау нәтижелері бойынша Әдістемеге 7-қосымшаға сәйкес тиісті балл беріледі.
4. «Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеріс
қорытындылары жөніндегі бюджеттік және өзге де заңнаманы
бұзушылықтардың болмауы» критерийі бойынша бағалау
      16. «Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бағалау кезеңіндегі тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы» критерийі бойынша бағалау жүргізу кезінде:
      тексеру жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылау органы;
      есептi кезеңдегi тексерулер саны;
      бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі;
      есептi кезеңде анықталған бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтар, оның iшiнде:
      бюджетке қаражаттың түсуi кезiнде (кiрiс бөлiгi);
      мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану кезінде, оның ішінде сатып алу қорытындысына ықпал ететін мемлекеттік сатып алу бойынша;
      бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде;
      бюджеттiк рәсiмдер мен мемлекеттік сатып алу туралы рәсімдерді орындаудың белгiленген мерзімін, тәртібін сақтамау көрсетіледі;
      мемлекеттік органдар шығыстарының жалпы көлемінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тиімділік қағидатына сәйкес келмейтін шығыстар;
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
      17. Бақылау объектісінің Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге заңнамасының талаптарына, шынайылығына, негізділігіне және қаржылық есептілікті уақтылы жасау және ұсынуға және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру барысында тікелей және түпкі нәтижеге қол жеткізу тиімділігіне сәйкестік мәніне өткізілген тиісті мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау материалдары ақпарат көзі болып табылады, сондай-ақ мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау актілеріне сот шешімдері болып табылады.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
      18. Баға Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес қойылады.
5. «Iшкi бақылау қызметтерi енгiзген ұсынымдары мен
қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған)
шаралар» критерийi бойынша бағалау
      Ескерту. 5-тарау жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2012.12.29 № 581 Бұйрығымен.
      19. «Бюджет қаражатының жалпы көлемiне iшкi бақылау қызметтерiмен тексерiлген бюджет қаражатының көлемi» критерийi бойынша бағалау:
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасының көлемiн;
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемiн;
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасының көлемiн;
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алу бойынша көрсету жолымен бюджетке қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасына қарағанда белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлген бұзушылықтар сомасының көлемiн.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.
      20. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулылары ақпарат көзi болып табылады.
      21. Баға Әдiстемеге 7-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес қойылады.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет