Жоба оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің



бет2/4
Дата24.04.2016
өлшемі0.54 Mb.
#78615
1   2   3   4

«Алтын белгіге» 608 түлек ие болып, өткен жылмен салыстырғанда 172 түлекке артты.Бұл республикадағы «Алтын белгі» иегерлерінің 30%-ын құрайды.

Соңғы төрт жылдың қорытындысы бойынша облыстың орта балы 11,8 балға жоғарылап, «Алтын белгі» саны 370-ке артты (2012-2015 ж.ж.).

Бұдан бөлек, 96 халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары ҰБТ-дан босатылып грант иегері атанып, 2014 ж. салыстырғанда 1,4 есеге артты (2013 ж. – 33, 2014 ж. – 68).

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 89 балаға жоғарғы оқу орындарына тегін оқуға грант жолдамасы берілді (2014 жылы 79 грант).

Облыс оқушылары: жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада 2012, 2013 ж.ж. ІІІ-орынды, 2014 жылы І-орынды, 2015 жылы екі бағыт бойынша бірдей жүлделі ІІІ-орынды, «Үздік олимпиадалық мектеп - 2015», «Үздік олимпиадалық команда - 2015» және «Ең үздік олимпиадалық команда-2015» атақтарын, Қазақстандық «Бастау» математикалық турнирінде ІІІ орынды, Жазғы математикалық ойындарда ІІ орынды, Болгарияда өткен Халықаралық математика олимпиадасында ІІ орынды, сондай-ақ Франция, Ресейдегі Халықаралық олимпиадалардан жүлделермен оралуда.

«Жарқын болашақ» республикалық КАТЕV қазақ тілі олимпиадасында үш жыл қатарынан (2013, 2014, 2015 жж) І-орынды, мектеп және колледж оқушылар арасындағы 2012, 2014 жылдардағы республикалық жазғы Спартакиадасында екі рет қатарынан І-орынды, Қазақстанның патриоттық клубтары мен бірлестіктерінің республикалық далалық-әскери жиынында І-орынды, Республикалық «Жас Ұлан» байқауында І орынды иеленді.

2015 жылы алғаш рет «Зерде» Х Республикалық конкурсында І-орынды, Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 2013 жылы V-Президенттік олимпиадасында ІІ, ІІІ орынды иемденген 2 оқушы физика пәнінен республикалық команданың құрамына енді. 2014 жылы жаратылыстану бағытындағы 4 бірдей пәннен өткен VІ-Президенттік олимпиадада 2 оқушы ІІ орынды иеленді. Математика және механика бағыттары бойынша 2014 жылы Халықаралық Ө.Жолдасбеков атындағы олимпиадасында 1 оқушы ІІІ орынды иеленді.

2015 жылдың басында 15 мемлекеттен 480 оқушы қатысқан 11-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасында 3 оқушымыз топ жарып, жүлдемен оралды.

Соңғы үш жыл қатарынан аудан, қала әкімдері, білім бөлімдерінің басшылары және облыстық басқарма арасында үш жақты түзілген міндеттеме нәтижесінде жоғарыда аталған жетістіктерге қол жеткізіліп келеді.

Сонымен бірге білім мекемелерін ынталандыру мақсатында биылғы жылы еңүздік мектепке 17 млн. теңге, үздік колледжге 10 млн. теңге, үздік балабақшаға 5 млн. теңге грант тағайындалған.

Облыс бойынша бейнебақылау камералары орнатылған мектептер саны 773-ке жетіп, ол 77 %-ды құрап отыр. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 342 мектепке немесе 35 %-ға артты.

Облыс бойынша 2014 жылы жазғы кезеңде 22 лагерге 37,6 мың бала қамтылса, 2015 жылы 24 лагерге 53 мыңға жуық бала қамтылып, 16 мың балаға артты.

Облыстағы 1022 жалпы білім беру мектептерінің (112 бастауыш мектепке инспектор қажет етілмейді) 307 мектебіне 214 мектеп полиция инспекторлары бекітілген. Қалған 603 мектептерде бұл қызметтер учаскелік полицияларға жүктелген. Инспекторлардың 98 бірлігі (46%) Шымкент қаласындағы мектептерге, қалған 116 мектп инспекторлары ауыл округтері орталықтарындағы мектептерге және криминогендік ахуалға қарай 2 немесе 4 мектепке 1 мектеп полиция инспекторы берілген.

Бүгінгі таңда бұл мектеп полиция инспекторларының жұмысы мен жауапкершілігін жетілдіру мақсатында рейтингтік бағалау ендіріліп, қатаң бақылау жүргізу қолға алынды.



Кәсіптік техникалық білім беру саласында мамандықтарды зерделеу нәтижесімен үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес қажетті техникалық мамандықтарға сұраныс айқындалып 20 жаңа мамандық ашылды.

Кәсіпорындармен өзара байланысты нығайтып, дуальді оқыту жүйесін жетілдіру мақсатында Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп техникалық, ауылшаруашылық және қызмет көрсету салалары бойынша 2014 жылы 8 колледж (оның 5-і мемлекеттік, 3-і жекеменшік колледждер) 9 мамандық бойынша 225 студент, ал 2015 жылы 36 мамандықпен 24 колледжде (оның ішінде 17 колледж мемлекеттік, 7 колледж жекеменшік) 1024 студент дуальді жүйесімен оқытылуда.

Сонымен қатар, кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында 6 сала уризм және қызмет көрсету, тігін және тоқыма өндірісі, транспорт, ауылшаруашылық, құрылыс, техникалық және энергетика саласы) бойынша базалық колледждерді құру жоспарлануда.

Соның ішінде, Шымкент аграрлық колледжіне студенттердің теория мен өндірістік тәжірибені ұштастырып ауыл шаруашылығының озық технологиялар пайдаланып оқыту мақсатында облыстық бюджеттен 441 млн. теңге бөлініп, оқу-өндірістік базасы салынып және 29 млн.теңгеге материалдық-техникалық базасы жабдықталып, пайдалануға берілді.



«Техникалық және кәсіптік білімді модернизациялау» жобасы аясында Дүниежүзілік банк есебінен 2015 жылы 2 колледж (Түркістан гуманитарлық-техникалық, Кентау көпсалалы колледждері) 92 млн. теңге көлемінде грантты иеленіп отыр.

Жаңа технологиялар колледжі екі мамандық бойынша, эксперимент ретінде Әлемдік стандарттар негізінде әлеуметтік әріптестермен бірлесіп мамандар даярлайтын республикадағы 10 колледждің қатарына енгізілуде.

WorldSkills Халықаралық ассоциациясына 2014 жылы Қазақстан 70-інші қатысушысы болып еніп, Астана қаласында өткен Ұлттық WorldSkills чемпионатында Шымкент қаласындағы №6 колледждің студенті 2-ші орынды иемденді.



Тілдерді дамыту саласына

Облыстағы құжат айналым 100% мемлекеттік тілде жүргізіліп, республика бойынша бірінші орындағы көрсеткішке ие.

Мемлекеттік тілді меңгерген өзге этнос ересек тұрғындарының үлесі 69%-ды құрайды.

Облыстағы 20 этномәдени орталықтар жанында 11 жексенбілік мектептер мен 51 филиалы жұмыс жасайды.



Жастар саясаты

Облыстық «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ жанындағы «Жас Отан» жастар қанатында 23 мыңға жуық жастар мүшелік етеді. Сонымен қатар жоғары және арнаулы орта оқу орындарының жанында өкілдіктері құрылған. «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері белсенділіктерін еліміздегі саяси науқандар мен түрлі мәдени іс-шараларда өздерін көрсетіп келеді.

«Жас Отандықтар» еліміздегі көптеген мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуына өз септігін тигізуімен қатар тың жобаларды да жүзеге асыруда. Атап айтар болсақ «Сәтті қадам» және «Жастар кадрлық резерві жобасы аясында 200-ге жуық оқуды үздік бітірушілердің құжаттары жинақталды. «Сәтті қадам» жобасы аясында 100-ге жуық жас тәжірибеден өтті, оның ішінде 10 жас жұмыспен қамтылса, «Жастар кадрлық резерві» жобасы бойынша 10 жас республикалық кадр резервіне енгізілді.

Солтүстік аймақтардағы бос жұмыс орындарына жұмыс істеуге ниетті 197 жастардың тізімі жасақталып, жұмыспен қамту орталықтарына есепке тіркелді.



«Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 2009 жылдан бері 5000-нан астам студент жастар, ал 2014 жылы 847 жас тартылды.

2015 жылы 1000 жасты жұмысмен қамту жоспарланып, бүгінгі күнге 650 жас қала көшелері мен саябақтарда, орман шаруашылықтарында көгалдандыру жұмыстарына тартылды.



Студенттік құрылыс жасақтарына 2014 жылы 9 құрылыс компаниясына 458 жас тартылса, 2015 жылы 500 жасты 12 құрылыс компанияларында жұмыспен қамтылды.

Облысымызда 2014 жылға дейін жетімдер үйінің тәрбиеленушілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып келсе, 2014 жылы аталған мәселе өз шешімін тауып, 132 жетімдер үйінің тәрбиеленушілері тұрғын үймен қамтылса, 84 жас отбасы пәтерлі болды. Ал, 2015 жылдың басынан бері 270 жас отбасы тұрғын үймен қамтылса, жыл соңына дейін қосымша 200-ден аса жас отбасы КИК (Қазақстандық ипотекалық компания) арқылы тұрғын үймен қамтылатын болады.

2014 жылы «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» әлеуметтік жобасы аясында  Солтүстік аймақтарда білім алу үшін Оңтүстік аймақтардың мектеп бітірушілеріне арналған 2050 гранттың 866 Оңтүстік жастары иеленді.

2015 жылы аталған бағдарлама бойынша педагогикалық мамандықтарға қосымша техникалық және ветеринария мен ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша 5 000 грант беріліп отыр. Биылғы жылы Оңтүстіктен аталған жобаға 3 000-нан астам жастарды оқуға түсіру жоспарланса, қазірдің өзінде тек жоғары оқу орындарына 5000-ға жуық жас түсуге ниет білдіріп отыр.



«Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы 518 жас ауылдық жерлерде жұмысқа орналасып, бюджеттен 71,8 млн.  теңге біржолғы көтерме жәрдемақы, 207 жас маманға тұрғын үй алуға 611,7 млн. теңге несие берілді.
Денсаулық сақтау

2015 жылы 25 денсаулық сақтау объектісін салуға және қайта жанғырту қарастырылып, жыл басынан 2 нысан пайдалануға берілді. 17 денсаулық сақтау объектісін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Медициналық ұйымдардың материалдық техникалық базасының жарақталу көрсеткіші 64,5%-ға жеткізіліп, республикалық орта көрсеткіштің деңгейінде.

Облыстық кардиохирургиялық орталық базасында ашық жүрекке 300 операция жасалынды, оның 154-і балаға. Бүгінгі күнге 1 399 коронарография және 583 стенттеу жасалды.

387 жүрек инфаркты және 15 ми инсультымен науқастарға тромболизис терапиясы жасалынды. 2015 жылдың 6 айында 252 науқасқа тромолитикалық ем жүргізді, оның 242 миокард инфарктісіне.

Педиатриялық қызметті орталықтандырудың арқасында жаңа технологияларды ендіруге мүмкіндік жасалды, атап айтқанда Израиль мемлекетінің мамандарымен бірлесе 7 кардиохирургиялық операция жасалынды.

Облыста бүйректі және бауырды алмастыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда. Ағымдағы жылдың 6 айында 16 науқасқа (барлығы 49) бүйрек алмастыру операциясы, Беларусия мамандарының қатысуымен бауыр алмастырудан 2-ші отасы жасалды. Ота жасалған барлық науқастардың жағдайы жақсы, қажетті дәрі- дәрмекпен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Шымкент қалалық жедел медициналық көмек ауруханасының қабылдау және жан сақтандыру бөлімдері, операциялық блогының құрылысы басталды.



Биылғы жылы алғаш рет бауырдың қатерлі ісік ауруларына шалдыққан науқастарына 9 ота жасалынды.

Оңалту саласын дамыту мақсатында инсульттан кейінгі науқастарға көмек көрсетуге Түлкібас аудандық орталық аурухана базасында 40 төсек-орындық, өкпе-тыныс ауруларына шалдыққан науқастарға «Балықшы» сүйек-құрт ауруына қарсы ауруханасы базасында 30 төсек-орындық және облыстық жоғарғы қысыммен емдеу орталығы базасында 40 төсек-орындық паллиативтік көмек көрсететін жаңа бөлімшелер ашылды.

Мамандардың біліктілігін арттыруға облыстық бюджеттен 309 млн. теңге бөлініп, ағымдағы жылдың 6 айында 5 623 маманы білімін жоғарылатты (жалпы санынан 26%), оның ішінде 16 республикалық ғылыми орталықтары мен институттарда 3 772 маман.

2014 жылдан бастап «Кризистерді зерттеу орталығының» (Каунас қ., Литва) қолдануымен 3 облыстық перинаталдық орталықтары (№1,2,3), көпбейінді ауруханаларда (Шымкент қ. жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы, облыстық балалар ауруханасы) және Шымкент қ. жедел жәрдем стансасы мен №6 емхана базасында жеті «гибридтік зертханалар» ашылды. Жаңадан ашылған жеті оқу-жаттықтыру орталықтары 1100 мамандарды қашықтықтан оқытуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, облыстағы 3 симуляциялық (№1,4 облыстық перинаталдық орталығы, балалар ауруханасы) орталықтарда 814 маман білімін жетілдірді.

Жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде жалпы өлім көрсеткіші бір деңгейде қалып, 2,3-і құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нәрестелер өлімі 8,1 пайызға, аналар өлімінің көрсеткіші 19,2 пайызға төмендеді.


Әлеуметтік сала

“Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы бойынша 2015 жылға 41 мыңға жуық адамды қамту жоспарланып бүгінгі таңға 22 мың адам қамтылып, 3,0 млрд. теңге көлемінде қаржы игерілді.

13450 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Кәсіби оқуға 886 адам жолданды, оқуды аяқтағандардың 88,8% тұрақты жұмыспен қамтылды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 1385 адам жолданды, оны аяқтағандардың 68% тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Жастар практикасы бойынша 1100 адам жолданды. 513 адамға 1 332,0 млн. теңге шағын несие берілді. Жыл соңына дейін 115 азамат қосымша шағын несиемен қамту жоспарлануда.

2015 жылдың 6 айында жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында облыста 17 бос жұмыс орындарының жәрменкесі ұйымдастырылып, нәтижесінде 1 235 азамат тұрақты жұмыспен, 173 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылса, 208 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 160 адам жастар практикасына жолданды.

Уақытша жұмыспен қамтамасыз етудің бірден бір жолы жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмысқа жолдау болып табылады. Жыл басынан бүгінгі күнге жергілікті бюджет есебінен 164,7 мың теңгеге 5 246 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды. Жыл соңына дейін 419,3 мың теңгеге 9 596 адамды тартылатын болады.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2015 жылдың 6 айында жұмыссыздық деңгейі 5,3%, жастар арасындағы жұмыссыздық 3,4%-ды құрады.

Әлеуметтік көмек және «Өрлеу» жобасы бойынша:

А.ж. кедейлік деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 6,1%-дан 5,8%-ға төмендеді.

Жергілікті бюджет есебінен 2,1 мың азамат атаулы әлеуметтік көмек алды, 18 жасқа дейінгі 298,6 мың балаға жәрдемақы төленді, 6,1 мың отбасыға тұрғын үй көмегі берілді.

Демеушілер тарапынан 984 азаматқа 6,9 млн.теңгеге әлеуметтік қолдаулар ұйымдастырылды.

2015 жылдың 1-ші шілдесінен бастап республиканың барлық өңірлерінде пилоттық ретінде «Өрлеу» жобасын ендіру жоспарлануда. «Өрлеу» жобасының негізгі мақсаты – еңбекке жарамды аз қамтамасыз етілген азаматтарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстырып, шартты ақшалай көмек көрсету арқылы өмір сүру деңгейін көтеру.

Облыста аталған пилоттық жобаға Төлеби, Сарыағаш аудандары мен Арыс қаласында енгізу туралы шешім қабылданды.

Облыс бойынша 2015 жылдың екінші жартыжылдығында «Өрлеу» жобасымен аталған өңірлерде 186 отбасы, оның ішінде 1027 адамды қамту жоспарланып отыр. Осыған орай, шартты ақшалай көмектің көлемі 22,0 млн.теңгені құрап отыр.

2016 жылдан бастап «Өрлеу» жобасы облыстың барлық өңірлерінде енгізіледі.



Жеңістің 70 жылдығы және ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды құрметтеу бойынша:

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу бойынша 431 Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 973 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендеріне, 21436 тыл еңбеккерлеріне материалдық көмекке республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттер есебінен барлығы 1,5 млрд теңге қаржы төленді (оның ішінде ҰОС ардагерлеріне әрқайсысына 1,0 млн.теңге, теңестірілгендерге орташа есеппен – 56,5 мың теңге, тыл ардагерлеріне – 45,9 мың теңге).

Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне орай 22 451 ардагерлер мерекелік медальдармен марапатталды.

Тұрғын үй кезегінде тұрған 27 соғыс ардагерінің 18-і тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, 9-ы жыл соңына дейін қамтылады.

Сонымен қатар, 267 ардагердің тұрғын үйі күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілді.

472-і соғыс ардагерлері жедел көмек көрсететін құрылғымен («дабыл кнопкасы») қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, бюджет есебінен 1 ардагер (Қ.Тулебеков) Мәскеу қаласында және 16 ардагер Астана қаласында өткен мерекелік шеруге қатысты.

70 жылдық мереке аясында «ерлік елге мұра» атты кітабы жарып көрді және «Ардағым-ардагерім" қайырымдылық акциясы өткізілді.

Шымкент қаласы Жеңіс саябағындағы Ерлік мұражайына қосымша ғимарат құрылысының ЖСҚ әзірленуде.

Аға ұрпақ өкілдерін сауықтыру жағдайы толық шешілген. Жыл сайын 8 мыңдай жекелеген санаттағы азаматтар демалып, емделеді.

Ағымдағы жылдың жарты жылдығында Ардагерлер үйінде – 1200, «Мейір» ардагерлер үйінде – 1140 зейнеткерлер мен мүгедектер, Батыр аналар емделді.

Сонымен қатар, облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарды түрлі әлеуметтік қолдаулармен қамтылуда.

Оның ішінде, 3 662-не гигиеналық заттар алынып берілді, 1 588-не жеке көмекші қызметі және 638-не ымдау тілі маманының қызметі көрсетілді. 1 043-і санаторлық-курорттық емделуге жіберілсе, 236-ы қоларбалармен қамтамасыз етілді.

Мүгедектердің қоларбалармен мініп-түсуіне арналған арнайы құрылғылармен жабдықталған 7 «Инватакси» және 25 әлеуметтік такси қызмет көрсетуде. Бұл қызмет түрімен 6 758 мүмкіндігі шектеулі азаматтар қамтылды.

18 750 ардагер, мүгедектер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарға коммуналдық қызметке ақы төлеуде, қоғамдық көлікте тегін жүруде, дәрі-дәрмек босатуда жеңілдік берілді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қол жетімді орта құру мақсатында облыстағы 4 083 әлеуметтік нысандар түгендеуден өтіп, оның 3 316-сы бейімдеуге жататыны анықталды.

2015 жылы 398 нысан бейімдеуден өткізу жоспарланған. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдық жоспарына сәйкес 69 нысан бейімдеуден өткізіліп, көрсеткіш 100 пайызға орындалды.

Медициналық-әлеуметтік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесіне аса көніл аударылуда.

Облыстық бюджет есебінен 177,3 млн. теңгеге Түркістан қаласында мүгедектерге арналған 110 орындық қосымша ғимараттың құрылысы басталды. Нысан 2016 жылы пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде, облыстағы созылмалы жүйке аурулары бар мүгедектерді арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Мейір» ардагерлер үйінде» 30,9 млн. теңгеге және «Жұмыспен қамту қартасы-2020» бағдарламасының шеңберінде 2 әлеуметтік нысанда 46,6 млн. теңгеге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде 1626 мұқтаж азамат арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды.

Балаларға арналған 5 оңалту орталықтарында мүмкіндігі шектеулі 426 бала, облыстық мүгедектерді оңалту орталығында 462 ересек азаматтар оңалту және бейімдеу шараларын қабылдады.

Күндізгі қатынау бөлімдерінде 66 мүгедек, оның ішінде 50 бала арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды.

ҚР еңбек заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында 502 тексеру жүргізіліп, 1438 заң бұзушылық анықталды. Анықталған бұзушылықтар негізінде 527 нұсқама беріліп, 188 еңбек заңнамасының бұзылушығы бойынша 9,2 млн.теңге сомасында айыппұл салынды.



11 адам еңбек заңнамасын бұзғаны үшін тәртіптік жазаға тартылып, құқық қорғау органдарына шара қолдану үшін 52 іс материалдары жолданды.

6 айда облыста 30 кәсіпорындар мен мекемелер бойынша 120,7 млн. теңге жалақы қарызы анықталып, оның 115,8 млн. теңгесі төленді. Қалған 5,2 млн.теңгені төлеу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Есепті кезеңде 64 ұжымдық шарт түзіліп, жалпы саны 5 430 жетті.

Еңбек заңдылықтары бойынша БАҚ 32 материал шығып, 33 кездесулер, семинар-кеңестер өткізілді.


Мәдениет саласы

2015 жылы бірінші жартыжылдығында облыста 13 710 іс-шара ұйымдастырылды. О.і.: 4 республикалық, 11 облыстық деңгейде және клуб мекемелерінде 6 225, кітапханаларда 7 150, мұражайларда 320 көпшілік іс-шаралар өткізілді.

Облыстық театрларда 6 айда 25 жаңа спектакль сахналанып, 1 127 спектакль қойылды, 31 гастрольдік іссапарлар ұйымдастырылып, 131 мың көрермен қамтылды.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 8 спектакльдің премьерасы өтті, жыл соңына дейін 3 спектакльдің премьерасы өткізілетін болады.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған 4 спектакльдің премьерасы өтті.

Биылғы жылы Эстонияда өткен I-ші халықаралық «Soprus» вокалистер фестиваль-байқауына облыстық опера және балет театрының әртістері, Астана қаласында өткен Республикалық «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» атты ардагерлер шығармашылығының байқау-фестивалінде, Прага қаласында өткен «Вива - созвездие талантов» байқауында, Ақтөбе қаласында Б.Оралұлының әндерін орындаушылар арасындағы халықаралық «Елім менің» байқауында және Алматы қаласында өткен Халықаралық «Бозторғай» байқауында оңтүстікқазақстандық өнерпаздар бірінші жүлделі орындарды иеленді.

2015 жылдың 6 айында облыстық кітапханалар 109,3 мың дана жаңа кітаптармен толықтырылып, жалпы кітап қоры 7,1 млн-ға жетті. Бүгінгі таңда 153 кітапхана компьютерлік техникамен қамтамасыз етіліп, 125-і интернет желісіне қосылды.

Облыстық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында «Сирек кітаптар» бөлімі ашылды. Бөлімнің кітап қоры – 3 340 дана. Бөлімнің ең көне кітабы – 1824 жылы Лондонда ағылшын тілінде жарық көрген В.Скоттың «Қызыл қолғап» романы. Сондай-ақ, оқырмандарымызды кітапханаға тарту мақсатында, балалар арасында ең көп оқитын оқырмандарды анықтау үшін «Әлемді кітап арқылы танимын» атты байқау ұйымдастырылған. Балалар арасында 2014 жылдың 6 айында 103 177 оқырман болса, 2015 жылдың 6 айында 106 102 оқырман болып отыр.

Облыстық мұражайлар 3072 дана жаңа экспонаттармен толықтырылып, 2014 жылдың 6 айымен салыстырғанда 552 данаға артып, бүгінде мұражайлар қоры 157 255 дана экспонатқа жетті.

Жаңадан ашылған Бейнелеу өнері мұражайында «Уақытқа бағынбайтын естелік» облыстық суретшілер мен фотосуретшілердің байқау-көрмесі өткізіліп, мұражай қорына 80-нен астам туындылар алынды.

Музей күніне арналған «Мұражай түні» іс-шарасына 24 мыңнан астам адам қатысты.

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында белгілі суретші Никас Сафроновтың жеке көрмесі өтіп, жергілікті тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылды.

Есепті мерзімде облысымыздың тарихи-мәдени мұраларына арналған «Қазыналы Оңтүстік» көптомдығының 21 томы жарық көріп жалпы саны 311 томға жетті.

Ағымдағы жылы облыстық орыс драма театры күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, бейнелеу өнері мұражайы халыққа қызмет көрсете бастады.

Облыстық мәдениет және өнер мекемелерінің ақылы қызмет көрсетуден түскен табыс көлемі жыл санап артып келеді. 2014 жылы – 144,3 млн. теңге табыс тапқан. 2015 жылы ақылы қызметтен түсетін табыс жоспары 163,9 млн. теңге. Ағымдағы жылдың 6 айында 75,8 млн. теңге табыс түскен. Өткен жылдың есепті мерзімен салыстырғанда 11,8% -ға жоғары.

А.ж. 13 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына 5 нысанның құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып, бүгінгі таңда 2 нысан тапсырылды.



17 мәдениет мекемесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыс орталығында Қазақ хандығының 550- жылдығына орай ескерткіш орнатылып, 74 га аумақта «Қазына» этнотарихи кешенінің құрылысы биылғы жылы қараша айында аяқталып, ел игілігіне беріледі.

Спорт

2015 жылы дене шынықтыру мен спортты дамытуға жалпы 8,1 млрд. теңге бөлініп, 880 млн.теңгеге өскен.

Сондай-ақ, 2015 жылдың жартыжылдығында облысымызда 5042 спорт нысандары тіркелген. Бұл көрсеткіш, 2014 жылдың 6 айымен салыстырғанда 92 спорт нысанға артқан.

А.ж. 10 спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына 8 нысан құрылысын пайдалануға беру жоспарланып, 3 нысан тапсырылды. Соның ішінде заманауи үлгідегі Бадам су қоймасындағы су және ескек есу спорт түрлері үшін оқу жаттығу базасымен көркем гимнастика кешені құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Ағымдағы жылы Бүкіләлемдік футбол қауымдастығының (ФИФА) талабына сәйкестендіру мақсатында Қажымұқан атындағы Орталық стадионның «Батыс» трибунасын жабуға жобалық-сметалық құжаттары мен техника-экономикалық негіздемесі жасалынып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы Орталық ипподромды қайта құру бойынша техника-экономикалық негіздемесі жасалынып, мемлекттік сараптама қорытындысын алу үшін құжаттары тапсырылды.

2015 жылдың бірінші жартыжылдығында облысымызда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 586741 адамды құрап, облыстағы барлық жастағы халықтың қамтылуы 21,0 % жетіп отыр.

Бұл көрсеткіш, 2014 жылдың 6 айымен салыстырғанда шұғылданушылар саны 63641 адамға көбейіп, 2,0 % артқан.

2015 жылдың 6 айында облыс спортшылары спорттың 59 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 365 – алтын, 317– күміс, 316 – қола медальге қол жеткізсе, жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында облыс спортшылары, 33 - алтын, 25 - күміс және 25 - қола медаль жеңіп алған. Осы уақыт арасында өткен Әлем чемпионаттарында облыс спортшылары, 18 - алтын, 7 - күміс және 8 - қола медальге ие болды.

Бұл көрсеткіш, 2014 жылдың 6 айымен салыстырғанда облыс спортшылары Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктерінде жалпы 329 медальге, Азия чемпионаттарында 34 медальге және Әлем чемпионаттарында 24 медальге артық қол жеткізіп отыр.

Сондай-ақ, 2016 жылы Бразилия елінде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға үміткер 120-дан астам облыс спортшылардың дайындығы мен жолдама берілетін лицензиялық жарыстарға қатысу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта облысымыздан 3 спортшы, оқ атудан Ю.Юрьков,Е.Лунина және былғары қолғап шебері Б.Жақыпов жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға жолдама жеңіп алып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет