Жоба Проект Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты Южно-Казахстанский областной маслихат



Дата04.07.2016
өлшемі187.19 Kb.
#178498


Жоба

Проект


Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты

Южно-Казахстанский областной маслихат
Облыстық мәслихаттың бесінші шақырылымындағы

қырық екінші сессиясында қаралатын мәселелер жөніндегі



ІС ҚАҒАЗДАРЫ

МАТЕРИАЛЫ

к вопросам, рассматриваемым на сорок второй сессии областного

маслихата пятого созыва

Сессияның қосымша материалдары келіп түсуіне қарай интернетте облыстық

мәслихаттың сайтына орналастырылатын болады, мекен-жайы:

http://www.maslihat_uko.shym.kz

Мәслихаттың шешімі/Шешім жобалары бөлімінде
Дополнительные материалы сессии будут по мере поступления размещаться

в интернете на сайте областного маслихата по адресу:

http://www.maslihat_uko.shym.kz

в разделе Решения маслихата/ Проекты решений


Шымкент қ.,г.

30 қыркүйек (сентября) 2015 ж.,г.

жоба

Бесінші шақырылған

Оңтүстік Қазақстан облыстық

мәслихатының қырық екінші

сессиясының күн тәртібі туралы

Облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Бесінші шақырылған Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының қырық екінші сессиясының күн тәртібіне келесі мәселелер енгізіліп, бекітілсін:

1. «Облыстағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жағдайы туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі №33/328-IV шешімінің орындалу барысы туралы

2. Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет Грамотасымен наградтау туралы

3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы

4. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің дербес құрамын бекіту туралы»Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы №14/126-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

5. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы №12/102-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

6. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі №31/243-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

7. «Облыстық ономастикалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы №14/138-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

8. Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан мемлекеттік заңды тұлғаларға атау беру және қайта атау жөнінде ұсыныс енгізу туралы

9. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 24 маусымдағы №18/222-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

10. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 23 ақпандағы №37/384-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

11. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 қыркүйектегі №18/150-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

12. Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы кейбір ауылдарды жою туралы

13. «Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидаларын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы №14/125-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

14. Бесінші шақырылған Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті сессиясына төраға сайлау туралы.
Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы М. Төлтебаев

Облыстық мәслихат

хатшысы Қ. Ержан


ЖОБА
Оңтүстік Қазақстан облыстық

мәслихатының 2010 жылғы

24 қыркүйектегі №33/328-IV

«Облыстағы жол қозғалысы

қауіпсіздігін қамтамасыз етудің

жағдайы туралы» шешімінің

орындалу барысы туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Облыстағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жағдайы туралы ақпарат мәліметке алынсын.

2. Облыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты жұмыстар жүргізілгендігі атап айтылсын.

2014 жылы облыстық бюджеттен автожолдар құрылыстарына, өңдеуге, жөндеуге 18 303,2 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға қашықтығы 267,7 шақырым 252 автожолға жұмыс жүргізілді. 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында осы мақсатқа облыстық бюджеттен 15 251,0 млн.теңге бөлінді.

2011-2015 жылдары жүк және жолаушылар тасымалдау бойынша 85 920 автомобиль тексерілді, тексеру барысында 12 113 құқық бұзушылық анықталды, сөйтіп 276 741 млн.теңге сомаға айыппұл салынды.

Сонымен қатар, аталған саланы қаржыландырудың өскеніне, басқа да шаралардың қабылдануына қарамастан, жол қозғалысы қауіпсіздігі жағдайы тұрақсыз күйінде қалып отыр.

Жыл сайын 1600-ден 3000-нан астам жағдайға дейін жол көлік оқиғасы, оның ішінде 500-ге жуығы кісі өлімімен болған оқиға тіркеледі.

Облыстық мәслихат шешіміндегі ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдарында құрылыс салу, өңдеу, жөндеу, жол қозғалысын реттеуге техникалық құралдар ендіру және ұстау жөніндегі ұсынымдар бөлігі қажетті көлемінде қамтамасыз етілмеді.

Жүйесіз тасымалдаушылармен қозғалыс кестелерінсіз және стихиялы орындардан жолаушылар тасымалдаудың көптеген фактілерінің орын алуы жалғасып келеді. Жүргізушілердің еңбек және демалыс тәртібі сақталмайды, медициналық және техникалық тексеру жүйелі түрде жүргізілмейді.

Полиция және басқа да бақылаушы органдар қызметкерлері арасында олармен коррупциялық құқық бұзушылыққа жол бермеуге бағытталған алдын алу жұмыстары ықыласты нәтижелерге қол жеткізбеді.

Депутаттардың және халықтың облыс жолдарында автомобильдік регистраторлар орнату туралы бірнеше қайта сұраған тілектері толық көлемінде орындалмады.

Облыстық атқарушы органдар, көліктік бақылау және жол полициясы органдары арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күшті бірлесе үйлестіру өз тиімділігіне қол жеткізбеді. Сөйтіп олармен жол-көлік оқиғасының алдын алу және болдырмау жөнінде облыстық мәслихатпен ұсынылған жүйе жасалмаған.

Облыстағы жол қозғалысы қауіпсіздігі жағдайы прокуратура органдары тарапынан қажетті бағалау алмады.

3. Облыс әкімдігіне, облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасына, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі істер департаментіне, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясына мыналарға назар аудара отырып, облыстағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайын талдау, аталған мәселені шешуде бірлескен іс-әрекеттерді үйлестіруге бағытталған жүйелі шаралар жасау және қабылдау ұсынылсын:

облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдарға сапалы құрылыс салу, өңдеу, жөндеу және күтіп-ұстауға;

облыс орталығынан шығар жолдағы 5 стационарлық бақылау бекетінің құрылыстарына, оларды бақылау және тексерудің қазіргі заманғы техникалық құралдармен қамтамасыз етуге, сонымен қатар экологиялық талаптарға сәйкестігіне;

облыс орталығының торапты көшелерін және қиылыстарын жол қозғалысын бақылаудың интеллектуальды жүйелерімен әрі қарай да жарақтандыруға;

жүргізушілер курстары (мектептері) түлектерінің білім сапасын бақылауға, емтихан алу комиссиясының құрамына қоғамдық бірлестіктер өкілдерін қосу мүмкіндігіне, құзырлы органдар алдына жүргізушілерді дайындау жөніндегі қызметке рұқсат беруді заң деңгейінде белгілеу туралы мәселе қоюға;

облыстық бюджеттен видеожазылатын құрылғысымен мобильді және стационарлық жылдамдық өлшеуіштер сатып алуға, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған насихаттау және алдын алу шараларын жүргізуге қосымша қаржы бөлуге.

4.Осы шешімді бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссияна жүктелсін.



Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы М. Төлтебаев
Облыстық мәслихат

хатшысы Қ. Ержан

Жоба


Оңтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің дербес құрамындағы

өзгерісті келісу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің облыс әкімдігінің дербес құрамын өзгерту жөніндегі ұсынымын қарап, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ Заңының 6-бабы негізінде облыстық мәслихат ШЕШ ҚАБЫЛДАДЫ:

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрамындағы мына өзгерістерге:

1) облыс әкімдігінің дербес құрамынан Б.С.Оспановты шығаруға;

2) облыс әкімдігінің дербес құрамына:

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдыны енгізуге келісім берілсін.




Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы М.Төлтебаев

Облыстық мәслихат

хатшысы Қ.Ержан

Жоба
«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі

жанындағы діни бірлестіктермен

байланыстар жөніндегі Кеңестің дербес

құрамын бекіту туралы» Оңтүстік

Қазақстан облысы мәслихатының

2013 жылғы 26 маусымдағы №14/126-V

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақастан Республикасындағы жергілікті мемлекуеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1-тармағы 12) тармақшасына сәйкес, облыс әкімінің ұсынысын қарап, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы №14/126-V «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген комиссияның құрамына:

Жүнісова Раушан Асылханқызы

-

Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасының діни ұйымдардың жұмысын талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, кеңес хатшысы;

Құлажанов Қуандық Салыбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі, комиссия мүшесі (келісім бойынша).

кеңестің құрамынан Байқонақов Ербол Сүлейменұлы шығарылсын.


Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы М. Төлтебаев

Облыстық мәслихат

хатшысы Қ. Ержан
Жоба
«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

жанындағы жастармен жұмыс жүргізу

жөніндегі кеңестің дербес құрамын

бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан

облыстық мәслихатының 2013 жылғы

28 наурыздағы №12/102-V шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1-тармағы 12) тармақшасына сәйкес, облыс әкімінің ұсынысын қарап, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы №12/102-V «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген комиссияның құрамына:



Есімхан Абдулла Мыңбасыұлы

-

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің ОҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысын, комиссия мүшесі (келісімі бойынша).



Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы М. Төлтебаев

Облыстық мәслихат

хатшысы Қ. Ержан


Жоба
«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі

жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен

өзара іс-қимыл және ынтымақтастық

жөніндегі кеңестің дербес құрамын

бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан

облыстық мәслихатының 2014 жылғы

30 қыркүйектегі №31/243-V шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1-тармағы 12) тармақшасына сәйкес, облыс әкімінің ұсынысын қарап, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі №31/243-V «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген комиссияның құрамына:



Мусабекова Гүлжан Есенқызы

-

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттандыру және қоғаммен өзара әрекеттесу бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);

Пакеев Сейтжамал Орынбасарович

-

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

кеңестің құрамынан Исмаилов Жұмағали Қазыбайұлы шығарылсын.


Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы М. Төлтебаев

Облыстық мәслихат

хатшысы Қ. Ержан
Жоба
«Облыстық ономастикалық

комиссияның дербес құрамын

бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан

облыстық мәслихатының 2013 жылғы

26 маусымдағы №14/138-V

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1-тармағы 12) тармақшасына сәйкес, облыс әкімінің ұсынысын қарап, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы №14/138-V «Облыстық ономастикалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген комиссияның құрамына:



Көмекбаева Балхия Әбдіманапқызы

-

техника ғылымының кандидаты, білім беру саласының құрметті қызметкері, аға оқытушы, зейнеткер, комиссия мүшесі (келісімі бойынша);

Тұрлыбек Қилыбек Арапбайұлы

-

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың депутаты, «Құрылыс» ЖШС-нің директоры, комиссия мүшесі(келісімі бойынша).


Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы М. Төлтебаев

Облыстық мәслихат

хатшысы Қ. Ержан

ЖОБА
Оңтүстік Қазақстан облысында

орналасқан мемлекеттік заңды тұлғаларға

атау беру және қайта атау туралы

ұсыныстарды Республикалық

ономастика комиссиясының

қарауына енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» №281 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан мынадай мемлекеттік заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру туралы ұсыныстар енгізілсін:

1) «Шымкент қаласы білім бөлімінің «№87 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне –Абдраш Назарбековтің;

2) Түркістан қаласының білім бөлімінің «№20 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Расул Исетовтің;

2. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан мынадай мемлекеттік заңды тұлғаларды қайта атау туралы:

1) «Отырар ауданы білім бөлімінің «Қарақоңыр шағын жинақты бастауыш мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесін – «Отырар ауданы білім бөлімінің Әжімұқан Қасымбеков атындағы шағын жинақты бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) «Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Құралай» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін – «Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің Байырбек Садықов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) Төлеби аудандық білім бөлімінің «Қарақия шағын жинақты бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін – «Төлеби аудандық білім бөлімінің Лашқар Тәжібаев атындағы шағын жинақты бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) Сарыағаш аудандық білім бөлімінің «№91 М.Горький атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін – «Сарыағаш аудандық білім бөлімінің №91 Рақымжан Қошқарбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп.





Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б. Атамқұлов                           


Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат сессиясының төрағасы М.Төлтебаев





Оңтүстік Қазақстан облыстық

мәслихаттың хатшысы

Қ. Ержан







Б.Жылқышиев


Е.Айтаханов
С.Қаныбеков
Е.Садыр
С.Тұяқбаев
А.Абдуллаев
Р.Исаева


ЖОБА
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі

жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы

күрес мәселелері жөніндегі комиссияның

дербес құрамы туралы» Оңтүстік Қазақстан

облыстық мәслихатының 2009 жылғы

24 маусымдағы №18/222-IV шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы бірқатар консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту және аталған мәселелер бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 24 маусымдағы №18/222-IV шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

Аталған шешіммен бекітілген 2 қосымшасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамына:

Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлын – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, аталған комиссияның төрағасы;

Сатыбалды Дархан Аманкелдіұлын - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, комиссия мүшесі ретінде енгізілсін;

Мырзахметов Асқар Исабекұлын, Оспанов Берік Серікұлын комиссия мүшелігінен шығарылсын.

Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы М. Төлтебаев
Облыстық мәслихат

хатшысы Қ. Ержан

ЖОБА


«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі

жанындағы құқық бұзушылық

профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық

комиссиясының дербес құрамы туралы»

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының

2011 жылғы 23 ақпандағы №37/384-IV

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 12) тармақшасына сәйкес, облыс әкімінің ұсынысын қарап, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 23 ақпандағы №37/384-IV «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамы туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған шешіммен бекітілген комиссия құрамына:

Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, комиссияның төрағасы;

Төлеген Болатбек Бақтиярұлы – Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы, комиссия мүшесі;

Пакеев Сейітжамал Орынбасарұлы - Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы, комиссия мүшесі;

Комиссия құрамынан А.Мырзахметов, Б.Құрманғали, Ж.Исмаилов шығарылсын.



Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы М.Төлтебаев
Облыстық мәслихат

хатшысы Қ. Ержан

ЖОБА

«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі

жанындағы терроризмге қарсы комиссияның

дербес құрамы туралы» Оңтүстік

Қазақстан облыстық мәслихатының

2013 жылғы 26 қыркүйектегі №18/150-V

шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 12) тармақшасына сәйкес, облыс әкімінің ұсынысын қарап, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 қыркүйектегі №18/150-V «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған шешіммен бекітілген комиссия құрамына мыналар енгізілсін:

Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлын – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, комиссияның төрағасы

Сатыбалды Дархан Амангелдіұлын – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, комиссия мүшесі

Әбдірахимов Ғабидулла Рахматуллаұлын – Шымкент қаласының әкімі, комиссия мүшесі

Күлбаев Жамбұл Жамалұлын – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінің командирі, комиссия мүшесі

Пакеев Сейітжамал Орынбасарұлын - Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы, комиссия мүшесі

Төлеген Болатбек Бақтиярұлын – Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы, комиссия мүшесі.

Комиссия құрамынан А.И.Мырзахметов, Б.С.Оспанов, М.Д.Аппазов, Б.У.Құрманғали, Ж.Қ.Исмаилов шығарылсын.


Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы М. Төлтебаев
Облыстық мәслихат

хатшысы Қ. Ержан

ЖОБА


Оңтүстік Қазақстан облысы

Созақ ауданындағы бірқатар

ауылдарды жою туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылға 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Жартытөбе ауылдық округінің Таскөмірсай ауылы, Шу ауылдық округінің Төретоған ауылы және Таукент кентінің Айгене ауылы жойылсын.

2.Осы бірлескен қауылы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




Облыс әкімі Б.Атамқұлов Облыстық мәслихаттың

сессияның төрағасы

М. Төлтебаев

Облыстық мәслихаттың

хатшысы

Қ. Ержан

ЖОБА

«Оңтүстік Қазақстан облысының

қалаларында және басқа да елді

мекендерінде иттер мен мысықтарды

асырау және серуендету Қағидаларын

бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық

мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы

14/125-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-2 тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:


  1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы №14/125-V «Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2351-нөмірмен тіркелген, 2013 жылғы 10 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидаларында  4-тарау «4. Қорытынды ережелер» мынадай редакцияда жазылсын:

      «4. Қорытынды ережелер

 Осы Қағидаларды бұзғаны үшін Иелері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.».

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы М. Төлтебаев
Облыстық мәслихат

хатшысы Қ. Ержан




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет