Жоба Проект Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты Южно-Казахстанский областной маслихат



бет1/4
Дата19.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#148592
  1   2   3   4


Жоба

Проект


Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты

Южно-Казахстанский областной маслихат
Облыстық мәслихаттың бесінші шақырылымындағы

отыз сегізінші сессиясында қаралатын мәселелер жөніндегі



ІС ҚАҒАЗДАРЫ

МАТЕРИАЛЫ

к вопросам, рассматриваемым на тридцать восьмой сессии областного

маслихата пятого созыва

Сессияның қосымша материалдары келіп түсуіне қарай интернетте облыстық

мәслихаттың сайтына орналастырылатын болады, мекен-жайы:

http://www.maslihat_uko.shym.kz

Мәслихаттың шешімі/Шешім жобалары бөлімінде
Дополнительные материалы сессии будут по мере поступления размещаться

в интернете на сайте областного маслихата по адресу:

http://www.maslihat_uko.shym.kz

в разделе Решения маслихата/ Проекты решений


Шымкент қ.,г.

25 маусым (июнь) 2015 ж.,г.

жоба
Бесінші шақырылған

Оңтүстік Қазақстан облыстық

мәслихатының отыз сегізінші

сессиясының күн тәртібі туралы

Облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Бесінші шақырылған Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының отыз сегізінші сессиясының күн тәртібіне келесі мәселелер енгізіліп, бекітілсін.

1. Жаппай спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде жүргізілген жұмыс туралы облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының есебі

2. Облыс әкімдігінің және тексеру комиссиясының 2014 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері

3. Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы

4. Оңтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы

5. Оңтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі Өңірлік кеңестің дербес құрамын бекіту туралы

6. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Оңтүстік Қазақстан облысына жеткізілетін бидайды мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету, әлеуметтік нанды өндіру үшін наубайхана және ұн тартатын кәсіпорындардың тізімін анықтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы

7. «Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңестің жеке құрамын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы № 26/282-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

8. «Облыстық ономастикалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/138-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

9. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы «ОҚО бизнесі» өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 31/240-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

10. Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы

11. «Оңтүстік Қазақстан облыстық кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 30 мамырдағы № 4/29-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

12. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппаратында «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы

13. «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі жайлы Ережені бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 43/423-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

14. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етудің 2015 жылға арналған шығыстар сметасы туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 34/271-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

15. «Оңтүстік Қазақстан облысының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/184-V шешімінің күші жойылды деп тану туралы

16. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті сессиясына төраға сайлау туралы

Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы О. Аяшев
Облыстық мәслихат

хатшысы Қ. Ержан

ЖОБА
Жаппай спортты дамыту және

саламатты өмір салтын қалыптастыру

жөнінде жүргізілген жұмыс туралы

облыстық дене шынықтыру және

спорт басқармасының есебі туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы А.Н.Нұртаевтың жаппай спортты дамыту және саламатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде жүргізілген жұмыс туралы есебі мәліметке алынсын.

2. Аталған бағыттағы жұмыс бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілгендігі атап айтылсын. 2014 жылы дене шынықтыру және спортты дамытуға облыстық және республикалық бюджеттерден 7,2 млрд.теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Қазіргі таңда облыста спорттық бағытта 80 мемлекеттік мекеме және кәсіпорын жұмыс жасайды. 53 мың бала спортпен айналысады, олармен 1565 жаттықтырушы жұмыс жасайды, соңғы жылы олардың саны 93 адамға ұлғайды. Жүйелі түрде спортпен айналысатын баланың саны жыл ішінде 4800 адамға ұлғайды. Облыста 5 мыңнан астам спорттық нысандар жұмыс жасайды. 2014 жылы Шымкент қаласында жоғары спорт шеберлігінің кешенді мектебінің ғимараты, Түркістан қаласында жүзу бассейні, Түлкібас ауданында спорттық құрылыс, Мақтаарал ауданындағы Атакент ауылында орталық стадион, Түлкібас ауданының Рысқұлов ауылында футбол алаңы, Түркістан қаласында спорттық-сауықтыру кешені, сондай-ақ бірқатар басқа да спорттық нысандар салынды.

Сонымен қатар, қолданыстағы спорттық база және жеткілікті түрде дамымаған балалар мен жасөспірімдер мектептер желісі халықтың, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасында спорт және дене шынықтырудың әр түрімен айналысу қажеттілігін толық көлемінде қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді. Көптеген спорт нысандарының сапасы қазіргі заман талаптарына сәйкес келмейді.

Білім жүйесінде дене шынықтыру және спортты дамытуға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Типтік спорт залдары жалпы білім беретін мектептерде түгел емес. Өскелең ұрпақтарды сауықтыру мәселелерінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының білім беру, денсаулық сақтау органдарымен тығыз байланысы жоқ.

Ауылдық жерлерде балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептер жүйесін, халықтың жергілікті жерлерінде балалар клубтарын, мүгедектер үшін арнайы топтарды, дәрігерлік-денешынықтыру диспансерлерін дамытуға, олардың материалдық-техникалық базаларын нығайтуға толық көлемінде көңіл бөлінбейді.

Спорттың және дене шынықтырудың көпшілік түрімен айналысу үшін сапалы мүліктер және құрылғылармен жарақтандырылған қазіргі заманғы спорттық нысандардың, қол жетімді орталықтар санының жеткіліксіздігінен саламатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде жүргізілген жұмыс мүмкіндігі төмендейді.

3. Облыс әкімдігіне Оңтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған Даму бағдарламасын әзірлеу кезінде облыста жаппай спортты одан әрі дамытуға және саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған қажетті мақсатты көрсеткіштер және оларға қол жеткізу үшін қаржы қарастыру ұсынылсын.

4. Оңтүстік Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына:

дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін материалдық базаны нығайтуға, спорт түрлері бойынша спорттық құрылғылардың құрылысына, оларды қазіргі заманғы жабдықтармен және спорттық мүліктермен жабдықтауға;

саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерін шешу бойынша білім беру және денсаулық сақтау органдарымен өзара қарым-қатынасты нығайтуға;

жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ аз қамтамасыз етілген отбасылар балаларының спортпен айналысуы үшін мүмкіндік пен жағдай жасауға;

оқу орындарында сабақтан тыс уақытта қолдарында бар спорт алаңдары мен құрылғыларын пайдаланумен спорттық-көпшілік және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізуге;

халықтың жергілікті жерлеріндегі шағын аудандарда тұрғын үй аулаларында салынған спорттық алаң базаларында дене шынықтырумен айналысуды және спорттың көпшілік түрлерін дамытуға назар аудара отырып, жаппай спортты дамыту және саламатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде қосымша шаралар қабылдау.

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік даму жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы О. Аяшев
Облыстық мәслихат

хатшысы Қ. Ержан

ЖОБА

Облыс әкімдігінің және тексеру

комиссиясының 2014 жылғы

облыстық бюджеттің атқарылуы

жөніндегі есептері туралы

Облыс әкімдігінің және тексеру комиссиясының 2014 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебін қарап, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі мынадай көлемде бекітілсін:


  1. кірістер – 399 168 238,5 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 10 441 315,4 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 2 494 395,7 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 11 045,5 мың теңге;

трансферттер түсімі – 386 221 482,0 мың теңге;



  1. шығындар – 396 420 113,7 мың теңге;

  2. таза бюджеттік кредиттеу – 4 275 019,6,0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 5 439 712,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 1 164 692,7 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 2 938 050,0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 3 000 000,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 61 950 мың теңге;


  1. бюджет тапшылығы - - 4 464 944,8 мың теңге;

  2. бюджет тапшылығын қаржыландыру – 4 464 944,8 мың теңге:

қарыздар түсімі – 5 439 712,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 1 191 049,2 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 216 281,9 мың

теңге.


2. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2014 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі бекітілсін.

3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігіне ұсынылсын:

бюджет қаражаттарын уақтылы және тиімді игеру, құрылыс нысандарын уақтылы пайдалануға беру бойынша тиісті шаралар қабылдау;

бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен қаржылық бұзушылыққа жол бермеуге, облыстық бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін жоспарлау сапасын жетілдіруге назар аудару;

қаржы-шаруашылық қызметтерінің нәтижесімен шығынмен жұмыс жасап отырған облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік ұйымдарды оңтайландыру бойынша шаралар қабылдау, сонымен қатар олардың таза табысының және дивиденттерінің бөлігін бюджетке уақтылы аударуын қамтамасыз ету.

4. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясына бақылау объектілерінің есепке алу және есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын, бюджет қаражатын пайдаланудың сәйкестігін, мемлекеттік сатып алу заңнамасының сақталуын бақылауды күшейту ұсынылсын.



Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы О. Аяшев


Облыстық мәслихат

хатшысы Қ. Ержан

Жоба

Оңтүстік Қазақстан облысы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қоғамдық келісім кеңесінің

құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1-тармағы 12) тармақшасына сәйкес, облыс әкімінің ұсынысын қарап, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің құрамы төмендегі құрамда бекітілсін:



Мырзахметов

Асқар Исабекұлы




-

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, Кеңестің төрағасы;

Қалмұратов

Мұратәлі Оразалыұлы




-

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – ассамблея хатшылығының меңгерушісі, Кеңестің хатшысы;


Абдуллаев

Арман Айдарұлы




-

Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы;


Айдарбекова

Күлия Смайылханқызы




-

Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы;


Аймұрзаев

Аманғали Түктібайұлы




-

Созақ ауданының әкімі;

Айтаханов

Ерлан Қуанышұлы




-

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;


Айтөреев

Қамытбек Нұржанұлы




-

Шардара ауданының әкімі;

Акбердиева

Саима Нажиповна




-

Оңтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша);


Асанов

Латипша Каймаханович




-

Оңтүстік Қазақстан облыстық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);


Асылбекова

Гүлнұр Нұрбекқызы




-

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының экономикалық талдау және бюджет мониторингі бөлімінің басшысы;


Атран

Эдуард Азикович




-

Оңтүстік Қазақстан облыстық еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);


Атыхаев

Сұлтанғали Құлбайұлы




-

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының қылмыспен, терроризммен күресті үйлестіру және мемлекеттік-құқық жұмысы жөніндегі бөлімінің басшысы;


Ахметов

Мұрат Жамбылұлы




-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы (келісім бойынша);


Аяшев

Оңалбай Аяшұлы




-

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры (келісім бойынша);

Әбдуәлиев

Қайрат Аманкелдіұлы




-

Түлкібас ауданының әкімі;

Әбдібеков

Уәлихан Сейдуллаұлы




-

Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры (келісім бойынша);


Әбубәкіров

Муратжон Әбдінәбиұлы



-

«Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы (келісім бойынша);


Байғұт

Мархабат




-

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің жанындағы «Ырыс алды - ынтымақ» облыстық қоғамдық форумының хатшысы (келісім бойынша);


Балажан

Абай Бекназарұлы




-

«Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы (келісім бойынша);

Барахова

Сайлаукүл Жапбарқызы




-

еңбек ардагері, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы (келісім бойынша);


Бахман

Иосиф Владимирович




-

Оңтүстік Қазақстан облыстық неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);


Бациев

Хасан Шаевич




-

Оңтүстік Қазақстан облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);


Белошицкая

Елена Евгеньевна




-

Оңтүстік Қазақстан облыстық поляк этномәдени бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша);


Бочоришвили

Заал Резоевич




-

Оңтүстік Қазақстан облыстық грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);


Дауылбаев

Ерлан Сламханұлы




-

Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментінің бастығы (келісім бойынша);

Досболов

Әбілқасым Үсіпбайұлы




-

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «Ел бірлігі» депутаттық тобының жетекшісі (келісім бойынша);


Елшиева

Альбина Балғабайқызы




-

Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының басшысы;



Ержан

Құдайберген Төлепұлы




-

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша);


Ертай

Сейіт Мырзақұлұлы



-

Арыс қаласының әкімі;

Есенқараева

Ханбибі Есенқарақызы




-

Оңтүстік Қазақстан облыстық қуғын-сүргін құрбандары мұражайының директоры (келісім бойынша);


Жамалбек

Шәріпбек




-

«Оңтүстік Қазақстан облысы Азаматтық альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысандағы бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);


Жанғазиева

Эльмира Ұласбекқызы




-

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы;


Жәукімова

Роза Түзелбайқызы




-

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әлеуметтік сала мониторингі бөлімінің басшысы;


Жылқышиев

Байділдә Жылқышыұлы




-

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы;

Иманов

Ибрахим Әлжанұлы




-

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры (келісім бойынша);

Капар-Пур

Нурсбек Курбанович




-

Оңтүстік Қазақстан облыстық иран этномәдени бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);

Керімбек

Ахметжан




-

Оңтүстік Қазақстан облысының бас имамы (келісім бойынша);

Кирюхин

Юрий Георгиевич




-

Оңтүстік Қазақстан облыстық славян этномәдени бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);


Көшербай

Батырбек




-

Бәйдібек ауданының әкімі;

Қайназаров

Уәлихан Анарбайұлы




-

Сайрам ауданының әкімі;

Қалыбекова

Асма Ахметқызы




-

облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының жетекшісі, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик (келісім бойынша);


Қаныбеков

Сәкен Әсембекұлы




-

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;


Қонысбеков

Байділдә





-

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Оңтүстік Қазақстан өңірлік филиалының төрағасы (келісім бойынша);


Құрманғали

Берік Уәлиұлы




-

Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы;


Қыдыр

Уәли



-

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры (келісім бойынша);


Қыстауов

Болатбек Дүйсенбекұлы




-

Қазығұрт ауданының әкімі;

Лимаренко

Марина Анатольевна




-

«Южный Казахстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы (келісім бойынша);

Магеррамов

Матлаб Ахмедоглы




-

Оңтүстік Қазақстан облыстық әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);


Мақұлбаев

Әбдібақыт Тілләбайұлы




-

Кентау қаласының әкімі;

Мамытбеков

Алмасбек Кеңесбекұлы




-

«Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша);


Мәуленқұлов

Жеңісбек




-

Оңтүстік Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);

Мовсисян

Наира Майтархановна




-

Оңтүстік Қазақстан облыстық армян этномәдени бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша);


Мыңбаев

Рашид Мамытұлы




-

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының қоғамдық қатынастар және ақпараттық технологиялар мониторингі бөлімінің басшысы;


Мырзалиев

Нұржан Кершайызұлы




-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы (келісім бойынша);


Мырхалыков

Жұмахан Үшкемпірұлы



-

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры (келісім бойынша);


Надиров

Азимбай Садыкович




-

Оңтүстік Қазақстан облыстық күрд этномәдени бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша);


Нұртаев

Әлібек Нұрбайұлы




-

Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы;


Оспанов

Берік Серікұлы




-

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары;


Оспанов

Асқар Шуашұлы




-

Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің бастығы (келісім бойынша);


Өсербаев

Әліпбек Шәріпбекұлы




-

Түркістан қаласының әкімі;

Пак

Роза Викторовна




-

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Шымкент қаласы №45 гимназия-мектебінің директоры (келісім бойынша);


Парманов

Бұхарбай Рысқұлұлы



-

Сарыағаш ауданының әкімі;

Полатов

Салыхан Сабырұлы




-

Отырар ауданының әкімі;

Рысбеков

Аблай Серикбаевич




-

Оңтүстік Қазақстан облыстық қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);


Садыр

Ербол Әбілхайырұлы




-

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

Салимов

Баходир Сативалдиевич




-

Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);


Сапарбаев Самат Айдарханұлы


-

Ордабасы ауданының әкімі;

Сатыбалды

Дархан Амангелдіұлы




-

Шымкент қаласының әкімі;

Сексенбаев

Бақытжан Дерібсәліұлы




-

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының ректоры (келісім бойынша);


Сидиропуло

Дмитрий Иванович




-

Оңтүстік Қазақстан облыстық грек этномәдени бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);


Темірбаева

Әсия Құралқызы




-

Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы;


Төлепова

Гаухар Уәлиханқызы




-

Оңтүстік Қазақстан облыстық «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша);


Тұрбеков

Серік Ордабекұлы




-

Мақтаарал ауданының әкімі;

Тұрғымбеков

Әуелхан Елтайұлы




-

Төлеби ауданының әкімі;

Тұяқбаев

Сапарбек Құрақбайұлы




-

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

Хашимжанов

Икрам Акрамович




-

Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);


Ходжиметова

Парахат



-

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі (келісім бойынша);


Худайкулов

Акабай



-

Оңтүстік Қазақстан облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);


Шерімқұлов

Досыбай Айтбайұлы




-

Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);


Югай

Юрий Борисович



-

Оңтүстік Қазақстан облыстық кәріс этномәдени бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет