Жоба шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі



Дата14.07.2016
өлшемі84.5 Kb.
#198058
ЖОБА


«Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы

Катонқарағай ауылдық округі

әкімінің аппараты» мемлекеттік

мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

2.Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Қ.Байғонұсов

Катонқарағай ауданы әкімдігінің

2015 жылғы «___» ________

№ ___ қаулысымен бекітілді



«Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан былай – әкім аппараты) жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.


2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Әкім аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      4. Әкім аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.
      5. Әкім аппараты, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Әкім аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен әкім аппараты басшысының шешімдері, өкімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Әкім аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Әкім аппаратының орналасқан жері: 070908, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, Жампеисов көшесі, 19 үй.
      9. Әкім аппаратының жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына қарама-қайшы болмауы керек.
      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Аппарат акима Катон-Карагайского сельского округа Катон-Карагайского района Восточно-Казахстанской области".
      11. Мемлекет Катонқарағай ауданының әкімдігі тұлғасында "Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

       12. Осы Ереже әкім аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.


      13. Әкім аппараты қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      14. Әкім аппараты кәсіпкерлік субъектілері мен әкім аппараты функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер әкім аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Әкім аппаратының миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

15. Әкім аппаратының миссиясы: тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.


      16. Әкім аппаратының мақсаты ауылдық округ әкімінің ведомстволық қарамағындағы аумақта мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
      17. Әкім аппараты қызметінің мәні: ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

18.Міндеттері:


      1) ауылдық округ әкімінің норма шығармашылық қызметін қамтамасыз ету;
      2) ауылдық округ әкімінің шешімдерін және өкімдерін қабылдау, оларды тиісті ұйымдар мен азаматтарға уақытылы жеткізу;
    3) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
     4) ауылдық округ әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, азаматтардың өтініштерін қарастыру, келіп түскен құжаттарды талдау, мемлекеттік және басқа тілдердің қызметін қамтамасыз ету, азаматтар қабылдауын ұйымдастыру;
      5) ауылдық округ әкімінің қатысуымен өтетін отырыстарды, мәжілістерді, семинарларды өткізуді қамтамасыз ету;
      6) мемлекеттік мекеме әкімшісі болып табылатын аудандық бюджеттік бағдарламаларды бекіту үшін аудан әкімдігінің қарастыруына әзірлеу және енгізуді қамтамасыз ету.
      19. Функциялары:

1) заңнамаға сәйкес шарттар жасайды;


      2) өз құзыреті шегінде шешімдер мен өкімдер қабылдайды, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне нұсқаулар мен тапсырмалар береді;
      3) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
      4) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

      5) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;


      6) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы  Конституциясы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметі актілерінің, орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актілерiнің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
      7) өз құыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
      8) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдарының пайдаланылуы мен күтіп ұсталуын қамтамасыз етуге көмектеседі;
      9) шаруа немесе фермер қожалықтарын дамытуға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
      10) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
      12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
     14) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
      15) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
     16) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
      17) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
      18) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
      19) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
      20) ауылдық денсаулық сақтау ұйымын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
      21) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;
      22) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
      23) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
      24) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
      25) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
      26) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
      27) мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді және осы аталған заңды тұлғалардың мекемелеріне басқарушы орган болып табылады;
      28) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
      29) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      30) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
      31) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
      32) аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
      33) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолданады;
      34) учаскелік полиция инспекторларының ерікті көмекшілерінің жұмысын ұйымдастырады;
     35) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
      36) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді, коммуналдық меншікке төленетін жалдау ақысы, коммуналдық меншікті жекешелендіру ақысы жергілікті ауылдық округ әкімі аппаратының шотына төленеді;

37) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;


     38) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
      39) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
     40) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
      41) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
     42) кіріс көздерін қалыптастырады;
      43) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;

44) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;


      45) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;

46) елді мекеннің жерлерінде мал жайылымы орындарын белгілейді;


      47) елді мекендер аумағында санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастырады;
      48) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы індеттері туындаған жағдайда, бас ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік инспектордыңұсынысымен аймақта карантин немесе шектеу қоятын іс-шаралар белгілеу туралы шешім қабылдайды;
      49) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошағын жою бойынша ветеринарлық іс-шаралар кешенін өткізгеннен кейін бас ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік инспектордыңұсынысына қарай карантин немесе шектеу қоятын іс-шараларын алу туралы шешім қабылдайды;
      50) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ветеринарлық пункттерді қызмет бөлмелерімен қамтамасыз етеді;
      51) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауылдық округ әкімінің құзырына жатқызылған басқа да сұрақтарды шешеді.

20. Құқықтары мен міндеттері:

Осы ережемен қарастырылған өкілеттілікті іске асыру үшін әкім аппараты:
      1) тиісті аумақта басқарудың тиімділігін көтеру жөніндегі сұрақтар бойынша соттарда, мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарда әкімнің, әкім аппараты мүдделерін қорғауға;
      2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды лауазымды тұлғалардан сұратып алуға;
      3) Қазақстан Республикасының Президентi, Yкіметі және орталық органдары, облыс, аудан әкімшіліктерінің, әкімдерінің актілерi мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындауға;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын ұстануға.
      Әкім аппараты міндеттеріне:
      1) әкім аппаратының ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық, талдамалық қызметін жүзеге асыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын жүзеге асыру, ауданның мемлекеттік органдар жүйесінде кадрлар біліктілігін арттыру;
      4) мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау жөнінде уәкілетті органға тиісті ақпарат ұсыну жатады.

3. Әкім аппаратының қызметін ұйымдастыру

21. Әкім аппаратының басшылықты бірінші басшысы жүзеге асырады және әкім аппараты жүктелген міндеттерді атқару үшін дербес жауап береді.


      22. Әкім аппаратының бірінші басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Катонқарағай ауданының әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
      Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы лауазымы сайланбалы болып табылады.

23.Әкім аппараты бірінші басшысының өкілеттігі:


      1) Әкім аппараты Ережесін аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;
      2) Әкім аппараты қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
      3) Әкім аппараты қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттілігін белгілейді;
      4) Әкім аппараты қызметкерлерін мадақтайды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;
      5) Өз құзыреті шегінде әкім аппаратының барлық қызметкерлерге міндетті өкім шығарады және нұсқаулар береді;

6) Өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;


   7) ауылдық округ тұрғындарымен бөлек жиындар өткізеді;
      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет етеді және дербес жауап береді;
      9) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекемені ұсынады;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
     Әкім аппараты бірінші басшысының өкілеттіктерін, ол болмаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
      24. Әкім аппаратымен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
      25. Әкім аппараты мен үйлестіретін саласындағы уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
      26. Әкім аппаратының әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен және ұжымдық шартпен белгіленеді.

4. Әкім аппаратының мүлкі

27. Әкім аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.


      Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

28. Әкім аппаратына бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.


     29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, әкім аппаратының өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

30. Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


      31. Әкім аппараты қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

Әкім аппаратының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

32. Әкім аппаратының қарамағында мынадай ұйым бар:


      "Катонқарағай ауылындағы "Айгөлек" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет