Жобаның тақырыбы: Қазақ халқының ою-өрнек әлемі



бет1/2
Дата18.10.2023
өлшемі4 Mb.
#481062
  1   2
ba83d3147f47589306d151eb6a974ebf

ЖОБАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Қазақ халқының ою-өрнек әлемі



Ғылыми жобаның негізгі мақсаты:
- Қазақ халқының мәдениетіне тоқтала отырып, оның маңыздылығын ұғыну;
- Рухани мәдениеттің бөлшегі ретінде қазақ халқының салт дәстүрін зерттей отырып, тарих қойнауындағы ою өрнектердің түрлерін ажырату
- Мәдениетімізге деген қызығушылықты оята отырып, әлем сахнасында қазақ халқының ою өрнектерін таныту
- Күнделікті тұрмыста қажетті заман талабына сай заманауи тұрғыда жаңа ою өрнекті пайдалана отрып, бұйым жасап шығару.
Ғылыми жобаның гипотезасы: Сырмақтың қазіргі заман талабында сән үлгісінен қалмауы, қазақтың ою-өрнектерін пайдалану арқылы ұлттық салт-дәстүрді сақтау, жаңарту, жаңа үлгідегі ою өрнектің, сырмақтың қазақ халқы үшін маңыздылығмен таныстыру.
Ғылыми жобаның зерттеу кезеңдері:
1. Қазақ халқының мәдениетіне жалпы шолу жасай отырып, талдау
2. Сырмақтың әсем, әрі тұрмыстық салтта өте ыңғайлы екендігін дәлелдейтін мәліметтер жинастыру, сырмақтың түрлерімен танысу.
3. Оюдың алатын орны мен қазақ үшін маңыздылыңын түсіндіру, оның сән үлгісі ғана емес, өзіндік салт-дәстүрі бар екенін дәлелдеу.
4. Өзіндік пікір, тұжырым жасау.
Ғылыми жобаның зерттеу әдісі:
Тақырыпты ашу барысында тарих қойнауын зерттей отырып, қосымша ауыз әдебиеті үлгілеріне шолу жасау. Өзіндік тұжырым жасай отырып, салыстыру әдісін де қолдану.
Ғылыми жобаның жаңашылдығы:
Қазіргі заманғы ою-өрнектермен безендірілген төсеніштермен қатар заман ағымына сай жасалған дүниелерді орынды пайдалануда өзіндік пікірімді айтпақпын. Ұлттық салт-дәстүрімізден алшақтамауға, құрметтеуге, жаңартуға шақырамын.
Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:
Бұл жұмыстың нәтижесінде қазақ ою-өрнектерінің маңызды екеніне көз жеткіздім. Ою ойғанның ойының ұшқыр болатынымен қатар, қазақ қоғамы үшін оның маңыздылығын, мәдениетіміздің қасиеттілігін, ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем рухани қазына ретінде пайдалана білдім.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет