Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасында Сотталғанның қылмысы жәбірленушіге пышақ қолданып бұзақылық жасағаны дәлелденбегендіктен сот үкімі өзгертілді



Дата25.02.2016
өлшемі46.97 Kb.
#25371
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасында
Сотталғанның қылмысы жәбірленушіге пышақ қолданып бұзақылық жасағаны дәлелденбегендіктен сот үкімі өзгертілді

( үзінді)

Бұрын сотталмаған А., Батыс Қазақстан облыстық сотының 2005 жылғы 7 қарашадағы үкімімен ҚР ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің "и" тармағымен 10 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚР ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚР ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігінің талабына сәйкес қылмысты, жазаларды ішінара қосу жолымен, түпкілікті өтеуге 11 жылға бас бостандығынан айыруға, түзеу колониясының қатаң режимінде жазаны өтеуге сотталған.

Ж., бұрын сотталмаған, ҚР ҚК-нің 257-бабы 2-бөлігінің "а" тармағымен 2 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚР ҚК-нің 63-бабын қолданып тағайындал-ған жазаны шартты деп есептеп 2 жыл сынақ мерзімі белгіленген.

Н. осы іс бойынша ҚР ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен сотталған, ол жөнінде апелляциялық шағым не наразылық келтірілмеген.

Сот үкімімен 2005 жылғы 28 мамырда Орал қаласында сағат 22.00 шамасында А., Н., Ж. және тергеумен анықталмаған алты адам, топтасқан түрде, алдын-ала келісілген бұзақылық ой ниетпен қимылдап, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, қоғамды анық құрметтемейтіндерін білдіріп, азаматтарға қарсы күш қолданып, жәбірленушілер М. мен Қ-ны топ болып, ұрып соққан.

Осыдан кейін, Театрдың жанында тұрған Б., У., Е. және С. таныстары А. мен Қ-ны белгісіз топ адамның ұрып жатқанын көріп, ол екеуіне көмекке келіп, екі топтың арасында төбелес бол-ған.

Сонда Н. бұзақылық әрекеттерін жалғастырып, пышақ қолданып М-ның сол жақ аяғының шабының тұсынан ұрып, жәбірленуші М-ның денсаулығына жеңіл түрде зиян келтірген.

Төбелес барысында А. бұзақылық әрекеттерін жалғастырып, пышақ қолданып, бұзақылығын аса ауыр қылмыс жасауға ұластырып, бұзақылық ниетпен кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру мақсатымен, өзімен төбелесіп жатқан Қ-ның өміріне маңызды сол жақ кеудесі, яғни жүрегі тұсынан пышақпен екі рет ұрып, жәбірленуші Қ-ның өміріне қауіпті ауыр дене жарақаттарын салғандықтан ол оқиға болған жерде қайтыс болған.

Бұдан басқа да алдын-ала сөз байласқан адамдар тобының бұзақылық әрекетерінен жәбірленуші Б-ның ден-саулығына жеңіл түрде зиян келтіргендері үшін айыпты деп танылған.

Сотталған А. бірнеше рет жазған аппеляциялық шағымдарында қыл-мыстық оқиғаның қалай дамығанын баяндай отырып, өзінің оқиға болған жерге адам өлтіремін деген оймен бармағанын, өзіне бір топ жігіттер жабылғасын жерде жатқан пышақты көтеріп, алдына қойып сермегенін, сотта оның ісін бір жақты айыптау бағытында қарап шешкендіктен, істің ақ-қарасын анықтап, өзінің қылмыстық әрекетін ҚР ҚК-нің 99-бабына қайта дәрежелеп, осы бап бойынша жаза тағайындауды сұраған.

Сотқа қатысқан мемлекеттік айыптаушы мен жәбірленушінің өкілі Ш. сотталған А-ның апелляциялық шағымымен келіспей, жазған қарсы пікірлерінде сот үкімін өзгеріссіз, шағымдарын қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының іс бойынша баяндамасын, прокурордың сот үкімін өзгеріссіз қалдырып, сотталған А-ның апелляциялық шағымдарын қанағатандырусыз қалдыруды сұраған пікірін тыңдап, іс құжаттарымен танысып, сот алқасы Батыс Қазақстан облыстық сотының үкімін төмендегі негіздемелерге байланысты ішінара өзгертілуге жатады деген тұжырымға келді.

Қылмыстық іс бойынша сотталған А-ның жәбірленуші Қ-ны, бұзақылық ниетпен, адамның құқығына қарсы қасақана өлтірген және Ж. мен Н. алдын-ала сөз байласып жәбірленушілер Б. мен М-ға бұзақылықпен дене жарақаттарын салған қылмыстық әрекеттері, сотта жан-жақты зерттелген, жәбірленушілер Б. мен М-ның, сотталған А., Н. және Ж-ның жасаған қылмыстарын баяндап алдын-ала тергеуде заң талаптарына сай алынған және бейне таспаға жазылған жауаптарынан, қылмыстық оқиғаның басы қасында болған куә И., У., С., Е-ның соттың үкімінде анықтаған мән-жайларды, қылмыстық оқиғаның қалай өрбігенін көрсеткен жауаптарымен, жәбірленушінің өкілі Ш-ның, іс бойынша сұралған басқа да куәлардың жауаптарымен, оқиға болған жерді қарау, іс бойынша өткізілген сараптамалардың қорытындыларымен, беттестіру хаттамаларымен және істегі жиналған бас-қада дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденген.

Атап айтқанда, А. алдын-ала тергеу-де сезікті ретінде берген жауабында; оқиға болған жерде жауабын тексергенде; қамауға аларда айыпкер ретінде жауап бергенде біркелкі жауаптар берген.

Бірінші сатыдағы сот сотталған А-ның алдын-ала тергеуде берген жауаптары 2005 жылғы 28 мамырда орын алған қылмыс оқиғасымен сәйкес келетін-діктен және де сотта зерттелген басқа да істегі құжаттармен бекітілінгендіктен үкімнің негізіне дәлелдеме ретінде дұрыс алған.

Сот-дәрігерлік сараптаманың № 01-07/799 қорытындысынан, Б-ның басы мен құлақ жарғағында да қанталаған және сыдырылған іздер, денсаулыққа жеңіл дәрежелі зақым келтірілген, айы-ғуына 3 аптаға жетпейтін уақыт қажет екені анықталады.

Істің мұндай тұрғысында бірінші сатыдағы сот сотталған А-ның "жәбірленуші Қ-ға пышақты бір рет сілтедім және ол сәтте мен қорғану жағдайында болдым, деген уәждері жоғарыда келтірген дәлелдемелердің негізінде теріске шығарылады деп дұрыс қорытындыға келген.

Бірінші сатыдағы сот сотталған А-ның қылмыстық әрекетін ҚР ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің "и" тармағымен дұрыс дәрежелеген.

Сонымен қатар, бірінші сатыдағы сот А-ның бұзақылық қылмыстық әрекетін ҚР ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен дұрыс дәрежелемеген, онда А-ның жәбірленуші Б-ға пышақ қолданып бұзақылық әрекеттер жасағаны іс бойынша жиналған құжаттармен бекітілмейді. Сонымен бірге А-ға айып таққанда да, оның тек жәбірленуші Қ-ға пышақ жұмсағаны ғана көрсетілген, сот үкімінің анықтама бөлігінде, қылмыс анықталмаған пышақ қолдану арқылы жасалғандығы көрсетілген, онда Б-ға кімнің қандай пышақ қолданып жасағаны жайлы, айып тағылғанда не үкімде де көрсетпей тек адамдар тобы болып денсаулығына жеңіл түрде зиян келтірілгені жалпылама айтылған.

Ал істегі сот-дәрігерлік сараптаманың 2005 жылғы 29 мамырдағы № 01-07/799 қорытындысынан Б-ның денсау-лығына жеңіл түрде дене жарақаты жұмыр доғал зат, жұдырықтан түсуі мүмкін екендігі ғана анықталған. Істің мұндай тұрғысында, сотта оның Б-ға пышақ қолданғаны дәлелденбегендіктен, А-ның қылмыстық әрекетін ҚР ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігінен, сол баптың 2-бөлігінің "а" тармағына қайта дәрежелеп, жаза тағайындалуы тиіс.

Сотталған А-ға жаза тағайындағанда, жасаған қылмыстарының ауырлығын, қоғамға қауіптілігін сот үкімінде және апелляциялық шағымында көрсетілген жеке басының деректерін қарап, оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды толық ескеріп, жазаны сотталған баптың көлемінде қайта тағайындаған.

Көрсетілгендердің негізінде ҚР ҚІЖК-нің 411-бабының 1, 3-тармағын және 423-бабын басшылыққа алып, алқа Батыс Қазақстан облыстық сотының 2005 жылғы 7 қарашадағы А. жөніндегі үкімді өзгертіп, оның ҚР ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен айыпталған қылмысын ҚР ҚК-нің 257-бабы 2-бөлігінің "а" тармағына қайта дәрежелеп, оны осы баппен 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, ҚР ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу жолымен, түпкілікті 11 жылға бас бостандығынан айырып, үкімнің өзге бөлігін өзгеріссіз қалдырды.



Сотталған А-ның апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет