Жоғары мектеп оқытушысының педагогикалық іс-әрекет құрылымы



Дата22.04.2024
өлшемі355.34 Kb.
#499533
жоғары педагогика

Жоғары мектеп оқытушысының педагогикалық іс-әрекет құрылымы.


Н.Н.Никитина және Н.В.Кислинская ұстаздардың кәсіби даярлығының екі түрін ерекше атап көрсетеді:
теориялық даярлығы, яғни жалпы мәдени, ғылыми, арнайы, психологиялық, педагогикалық білім жүйелерін тиесілі меңгеру;
тәжірибелік даярлығы, яғни іскерлігі мен қабілеті мамандық сипаттамасындағы талаптарға сай болуы.
(1886-1950)
Д.Н.Узнадзе
«...даярлық – бұл субъекттің барлық мінез-құлықтық белсенділігінде анықталатын міндеттің белгісі болып табылады»
Оқытушы
Ғылыми ақиқатты іздеуші
Ғалым-зерттеуші
Болашақ маманды дайындаушы
Жоғары мектеп оқытушысы — арнайы даярлығы бар және педагогикалык ic-әрекетпен айналысатын кәсіпкер адам.

Жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар:

1

Мамандығы бойынша негізгі дайындығы болуы;

2

Адамдардың адамдарға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларды бiлyі;

3

Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып, жаңа білім алу, өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі;

4

Компьютерлік техниканы меңгеруі

5

Ғылыми, іскерлік, қоғамдық, саяси және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлесе білуі.

ХІХ ғ.аяғында П.Ф.Каптерев педагогикалық іс-әрекеттің жетістікке жету факторы ретінде педагогтың «жеке тұлғалық қасиеттерін» атап көрсеткен. Олар педагогтың бойында міндетті түрде болуға тиіс қасиеттер: мақсатқа жетуге ұмтылушылық, табандылық, еңбекқорлық, қарапайымдылық, байқағыштық, ақылдылықтың, шешендіктің, артистизмнің қажеттілігі. Педагог үшін эмпатияға, демек білім алушының психикалық күйін түсіне білуге даярлық пен әлеуметтік өзара қарым- қатынасқа деген қажеттілік те ерекше маңызды орында.
П.Ф.Каптерев
(1849-1922)
И.Ф.Харламов педагогтың жұмысында бір-бірімен тығыз байланысқан іс-әрекеттің мынадай түрлерін көрсеткен:
А) Диагностикалық іс-әрекет
Б) Бағдарлық-болжамдық
В) Конструктивті-жобалық
Г) Ұйымдастырушылық іс-әрекет
Д) Ақпараттық іс-әрекет
Е) Коммуникативтік-ынталандырушылық
Ж) Аналитикалық-бағалаушылық
З) Зерттеушілік-шығармашылық
Педагогикалық және инновациялық іс-әрекеттің өзара байланысты
Инновация - оқу-тәрбие ісін алдыға қарай жылжыту немесе өзгерту.
Инновациялық іс-әрекет – оқытушының жаңашыл идеяларды, жаңашыл әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие процесінде өз кәсіби тәжірибесіне, білім беру мекемесі жағдайына, оқушылардың білім дәрежесіне сәйкес енгізу.
Инновациялық іс-әрекет міндеттері: Жаңалықты тұтастай және жекелеген кезеңдерінің нәтижелерін болжау.
Инновациялық іс-әрекетті жүзеге асыру реті: жаңа білім беру бағдарламаларымен, әдіс-тәсілдермен танысу, талдау.
Инновациялық іс-әрекет өлшемдері: Инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігін сезінуі; т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет