Мектеп:
|
№93 мектеп
|
Педагогтың есімі:
|
Тәжіхан Алтынай
|
Күні:
|
30.01.2023
|
Сынып: 6 «Ә»
|
Оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны:
|
Тәрбие сағатының тақырыбы:
|
«Көшбасшы болуға ұмтыламыз»
|
Мақсаты:
|
Оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту, көшбасшының ерекшелігі мен жауапкершілігін, оның этикалық нормаларды сақтауын қалыптастыру.
|
Міндеттері:
|
Өмір ағымынан қалмау;
Әрдайым білімге талпыну;
Әрқашан жақсылық жасау;
Биікке ұмтылу т.б.
|
Көрнекілігі:
|
Нақыл сөздер, суреттер, түрлі - түсті қағаздар, плакат, слайд интерактивті тақта, стикерлер, бояулар.
|
Өткізу тәсілдері:
|
Баяндау, түсіндіру, топпен жұмыс, ойын, пікірталас.
|
Тәрбие сағатының барысы:
«Көшбасшы өзін-өзі көрсетеді, көшбасшыны басқалар жиі тағайындайды. Көшбасшы ресми функцияларды орындайды, көшбасшы өз мақсатына жету үшін кез-келген..».
Марғұлан Сейсембай
ІІ. Негізі бөлім. Ақпарат беру.
Көшбасшы(ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді)- нақты формальды және формальды емес ұйымдағы бір адамның басқа адамға немесе топқа әсер ету арқылы басқарудың көрінісі.
Көшбасшы өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсат мүддесімен ерекшеленеді.Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам бойында біркелкі қалыптаспайды, себебі әр тұлғаның өзіне тән даму ерекшеліктері бар.
Біздің Ғасырымыз жаңа технологиялардың дәуірі болуымен қатар, өзін-өзі тану мен бойындағы қасиеттерді дамыту Ғасыры болып табылады. Заманымыз секунд сайын өзгеріп отырғандықтан, жемісті әрі бақытты өмір сүру үшін адам баласы өмір бойы түрлі дағдыларды үйренумен болады.
Топтық ойындар.
1 - ойын
«Өзін- өзі таныстыру» жаттығуы.
Мақсаты: Өз «менін» қалыптастыру, көпшілік алдында өзін еркін сезінуі үшін.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады.Әр оқушы өз есімдерін және өмірлік ұстанымдарын айтады.
Мысалы:
- Өмір ағымынан қалмау;
- Әрдайым білімге талпыну;
- Әрқашан жақсылық жасау;
- Биікке ұмтылу т.б.
2-ойын
Операциялық кезең
3-жаттығу
«Ой қозғау» жаттығуы.
Ең алдымен«Көшбасшы деген кім? Көшбасшы қандай қасиеттерге ие болуы керек? Қалай көшбасшы болуға болады?» деген сұрақтарға жауап іздеп, Күн сәулесінің шуағына жазайық.
Түйін: Көшбасшы Күндей айналасына жылу береді.
Ақпарат
«Талапқа сай көшбасшы».
Көшбасшының бойында көп қасиет бар десек те, ішінен ең негізгісін атап көрсетуге болады. Олар – табандылық, тәуекелге бару, ақыл, жылдамдық және т.б. Ең бірінші кезекте оның мінезі жақсы болуы тиіс.
Көшбасшының бойынан табылатын қасиеттер:
1. Салмақтылық. Өзін ұстай алмайтын, тез ашуланатын көшбасшы сыныптастарын тығырыққа тіреуі мүмкін. Сондықтан ол әрдайым сабырлы болуы тиіс.
2. Өзін көрсете білу. Алдына қойған мақсатына жетуге деген құштарлық. Ол алдына үлкен мақсаттар қойып, оған жетіп, өзгелерге үлгі бола білуі керек. Мысалы, мұғалім берген тапсырманы өзгелерден бұрын әрі дұрыс орындау.
3. Дұрыс шешім қабылдау. Ол ситуацияға жылдам баға беріп, қиын мәселенің шешімін дұрыс табады. Өзін де, сыныбын да табысқа жеткізетін мүмкіндіктерді қалт жібермейді.
4. Ынта. Көшбасшы барлық іске ынталы келеді. Ол өзінің мінезімен өзгелерге үлгі бола алады.
5. Табандылық. Көшбасшы үнемі қозғалыста болып, сұрақтың мәнін түсінеді. Сұрағына жауап алмайынша тынбайды. Ойға алған жоспарларын міндетті түрде жүзеге асырады.
6. Өзіне деген сенімділік. Көшбасшы жүрегі мен ақылын қатар тыңдап, аяғында нық тұрады. Мұнымен қатар эмоционалдық тұрақтылығы бар.
7. Психологиялық дайындық. Сыныптағы әрбір адамның пікірімен санасады. Өзгелерді тыңдау арқылы жаңа ақпараттар жинайды. Мәселелерді ортаға салып талқылайды.
8. Шынайы көзқарас. Оптимистер үнемі алға тартып, армандап жүрсе, пессимистер кейін жүреді. Ал реалистер барлығына дұрыс баға береді.
9. Білімге деген құштарлық. Өз бетінше ізденіп, жаңа технологияларды толығымен меңгереді. Сыныпты басқаруда өзінің білімділігін де пайдаланады.
10. Әділеттілік. Әділетті болған жағдайда ғана өзгелердің сеніміне ие бола алады.
11. Байсалды. Қандай жағдай болмасын байсалды. Ашу мен күлкінің тек уақытша эмоциялар екенін жақсы біледі.
12. Мінсіздікке ұмтылу. Барлық жерде үздік болуға тырысады. Бірорындатұрмай, өзбетіншедамуменболады.
13. Өзгешеойлау. Ойын да, жоспарларын да ситуацияғасәйкесөзгертіп, жаңашылдықты тез қабылдайды. Барлығының да ерекшеболғанынқалайды.
Олайболса, іскесәт!
Достарыңызбен бөлісу: |