Вейпсіз жастық шақ
Жастық шақ – адамның дүниетанымы қалыптасып, жаңа нәрселерді үйреніп, әлемді танып, келешек туралы ойлай бастайтын өмірдің ерекше кезеңі. Бұл энергияға, армандар мен еркіндікке толы уақыт. Бірақ технология мен тендециялары өз ережелерін белгілейтін бұл заманауи әлемде жастардың өміріне кері әсер ететін жағдайлар пайда болады. Осындай құбылыстардың бірі - жасөспірімдер мен жастар арасындағы өзекті болып келе жатқан қызығушылқ - вейпинг. Бірақ вейпсіз жастық шақ нені білдіреді және оның шын мәні неде?
Вейпинг темекігі тәуелді болғаннан қарағанда «қауіпсіз» балама ретінде саналдаы, бірақ бұл иллюзия екенін түсіну өте маңызды. Вейптерде темекіге қарағанда зиянды заттар аз болуы мүмкін, бірақ олардың денсаулыққа қауіпі айтарлықтай. Көптеген вейптердің негізгі құрамы болып табылатын никотин тәуелділік тудырады және оны қолдану жас және енді қалыптасып жатқан организм үшін қауіпті. Вейпинг өкпе мен жүрек-тамыр жүйесіне зақым келтіруі мүмкін, есте сақтау мен зейінді нашарлатады.
Бірақ бейпсіз жастық шақ - бұл жай ғана денсаулықты таңдау емес, еркіндік пайдасына таңдау. Көптеген жастар мұны достарының жасағаны үшін немесе «керемет» болып көрінгендіктен пайдаланады. Вейпсіз жастық шақ - бұл сыртқы жағдайлар мен қоғамға қарамастан тәуелсіз, өзің үшін саналы таңдау жасау.
Жастық шағыңызды вейпингсіз өткізудің не екенін елестетіп көрейік. Бұл никотинге тәуелділіксіз, денсаулыққа зиян келтірмей, салауатты өмір салтын ұстану кезеңі. Бұл спортқа, хоббиге, шығармашылыққа, саяхатқа, достыққа орын бар өмір - шын мәнінде маңызды және көптеген жылдар бойы бізбен бірге болатын маңызды элементтер жиынтығы.
Жастық шақ – жаңалық ашатын кезең, әрбір жас бұл кезеңнен жаман әдеттерді бойына сіңірмей өтуі керек. Вейпингтен бас тарту тек өзіңізге ғана емес, басқаларға да әсер етеді. Жастар көбінесе өскелең ұрпаққа үлгі бола алады. Ал зиянды әдеттерден бас тарту арқылы әрбір жасөспірім басқаларға үлгі бола алады, сау және еркін болу өткінші тенденцияларды ұстанудан әлдеқайда құнды екенін көрсетеді.
Қорытындылай келе, вейпингсіз жастық шақ - саналы, толыққанды өмірді таңдау деп айта аламыз. Бұл ұзақ мерзімді жақсы өмір үшін уақытша қызықтан бас тарту. Және әрбір жасөспірім өзіне нағыз еркіндік, мықты денсаулық және саналы ой-өрістің маңызы бар жарқын болашақа өмір сүру үшін бұл таңдауды жасай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |