«Жоғары температуралық үрдістер мен қондырғылар» пәні Практикалық сабақ


Күйдіру қондырғылары реактордың құрылымы мен сипаттамалары бойынша бес типке бөлінген



бет3/3
Дата06.09.2022
өлшемі90.44 Kb.
#460347
түріСабақ
1   2   3
ЖТҮМҚ 1 практикалық сабақ

Күйдіру қондырғылары реактордың құрылымы мен сипаттамалары бойынша бес типке бөлінген:

1) камералы;

2) сақиналы;

3) конвейерлі;

4) шахталы;

5) құбыршалы (айналмалы).

Әкті күйдіруге арналған шахталы пештің биіктігі 8-10 м болатын цилиндр тәріздес шахтасы бар. Шахтаның төменгі бөлігі вертикаль осін айнала аяқталатын ұнтақтау-жүктеу торы немесе конусты ұнтақтағыш, немесе көпдестелеуіш ұнтақтағыш аппараттан тұрады. Шахтаның орташа бөлігі магнезитті немесе жоғарықышты кірпіш, төменгісі – отқатөзімді бетоннан жасалған сегментті плиталар немесе отқатөзімді шойыннан құйылған плиталармен футерленеді.

Отынның жануына қажетті бастапқы ауа пешке астынан, ұнтақтағыш-жүктеу қондырғысының торы немесе фурма арқылы енгізіледі. Қатты отынды жағу кезінде ауа қосымша үстіңгі жағынан, шахтаның конусты және цилиндрлік бөлігінің бойында орналасқан төрт-сегіз фурмадан беріледі.

Қарастырылатын оттытехникалық процестің технологиялық өнімі күйдірілген әк, өндірістің көптеген салаларында қолдануына сәйкес түрлі талаптар қойылады. Мысалы, сода өндірісінде, мартен өндірісінде және өзге де өндірісте азкүйдірілген әк пайдаланылады. Өзге тұтынушылар үшін (отқа төзімді өндіріс, кальций гипохлораты өндірісі және т.б.) бастапқы карбонат және гидроқышқыл жоқ әк қажет.

3) Отынның жануына шығындалатын ауамен күйдірілген әк суытылуы. Ірікесек сортталған әктасты күйдіру шахталы пештерде іске асырылады. Отын ретінде кокс, антрацит, мазут немесе табиғи газ қолданылады. Соңғысын кокс пен антрацит орнына қолдану келесі жағдайларды қамтамасыз етеді: а) өнімнің өзіндік құнының отындық құрамының жағылуы; б) таза өнімді алу; в) өндірістің технологиялық сүлбесін жеңілдету және өзге айырмашылықтар. Сондықтан, қатты отыннан табиғи газға ауысу кезінде пайда болатын жайсыз жағдайларға (химиялық жанбау мен қоршаған ортаға шығындардың өсуі, кетуші газдардағы СО кемуі) қарамастан, бұл ауысу экономикалық жағынан тиімді.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет