1. Градус торы бар алғашқы картаны жасаған ғалым



Дата17.07.2016
өлшемі38 Kb.
#205839

1.Градус торы бар алғашқы картаны жасаған ғалым;

а) К.Птоломей

ә) Эратосфен

б) Х.Колумб

в) Ф.Магеллан

2.«География » сөзі қандай мағына білдіреді?

а) Жерді өлшеп жазу

ә) Жерді сипаттап жазу

б) Жерді көріп жазу

в) Жер туралы айту

3.Жер радиусы қанша км?

а) 5260 км

ә) 7482 км

б) 8593 км

в) 6371 км

4.Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептейтерілетін биіктігі қалай аталады?

а) Салыстырмалы

ә) Абсолют

б) Горизонталь

в) Вертикаль

5.Нөлдік мередиан төмендегі қалалардың қайсы арқылы өтеді?

а) Мәскеу

ә) Алматы

б) Париж

в) Лондон

6.Ең үлкен масштабты көрсетіндер?

а) 1 : 2000

ә) 1 : 250

б) 1 : 200

в) 1 : 10

7.Жер астынан балқып шыққан заттардан пайда болған тау жыныстары қалай аталады?

а) Магмалық

ә) Шөгінді

б) Метаморфтық

в) Органикалық

8.Үгілу дегеніміз не?

а) Күшті жел

ә) Тау жыныстарының түрлі күштердің әсерінен бұзылуы

б) Жер бедері түрлерінің өзгеруі

в) Тау түзілу үрдістері

9.Жердің сыртынан қоршап жатқан ауа қабығы қалай аталады?

а) Литосфера

ә) Атмосфера

б) Гидросфера

в) Биосфера

10.Ауаның жер бетіне түсірген салмағын қалай атайды?

а) Ауа қысымы

ә) Ауа температурасы

б) Ауа райы

в) Климат

11.Ауаның жер бетіне жақын қабатындағы су булары су тамшыларына айналғанда не түзіледі?

а) Бұлт

ә) Жауын – шашын

б) Жел

в) Тұман

12.Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын не деп атайды?

а) Бұлт

ә) Жауын – шашын

б) Жел

в) Тұман

13.Ауа райының негізгі элементтері:

а) Температура, ылғалдылық, атмосфералық қысым

ә) Қар жамылғысы, жел, бұлттылық

б) Су буы, топырақ, қысым

в) Жел, күн радиациясы, бұлттылық

14.Көрсетілген климаттық белдеулердің қайсысы негізгі белдеуге жатады?

а) Экваторлық, субэкваторлық, тропикалық

ә) Арктикалық, субарктикалық, қоңыржай

б) Тропикалық, қоңыржай, экваторлық

в) Субэкваторлық, субтропикалық, субарктикалық

15.Д.ж. мұхиттағы ең терең шұңғыма:

а) Пуэрто–Рико

ә) Зонд

б) Мариан

в) Гренланд

16.Дүние жүзілік мұхиттың беткі суларының орташа температурасы қанша?

а) 17,5 ºС

ә) 18,7 ºС

б) 14,3 ºС

в) 15,6 ºС

17.Атлант мұхитындағы суық ағыс:

а) Гольфстрим

ә) Солтүстік Атлант

б) Куросио

в) Лабрадор

18.Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама:

а) Виктория

ә) Ниагара

б) Анхель

в) Кивач

19.Дүние жүзіндегі ең терең көл:

а) Балқаш

ә) Байкал

б) Каспий

в) Арал

20.Айсбергтер Жер шарының қай бөлігінде пайда болады?

а) Африка жағалауында

ә) Полярлық шеңберде

б) Экваторда

в) Антарктида және Гренландия жағалауында

21.Биоценоздардың географиялық таралу заңдылықтарын қандай ғылым зерттейді?

а) Биогеография

ә) биология

б) Биосфера

в) Медицина

22.Жер шарындағы ең үлкен табиғат кешені?

а) Мұхиттар

ә) Материктер

б) Географиялық қабық

в) Табиғи аумақ

23.Субтропиктік белдеудің шығысында қандай климат типі қалыптасқан?

а) Теңіздік

ә) Континенттік

б) Шұғыл континеттік

в) Муссондық

24.Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары туралы ғылым.

а) Демография

ә) Этнография

б) Этнология

в) География

25.Қазіргі кезде адам мекендейтін құрлықтың 1 км ² -не қанша адамнан келеді?

а) 50

ә) 40

б) 30

в) 20

26.Терісі қара, мұрны жалпақ, ерні қалың, шашы бұйра келетін қандай нәсіл түрі?

а) Негрлік

ә) Европалық

б) Моңғолдық

в) Аралас

27.Моңғолдық нәсілдер қай аймақта тараған?

а) Батыс Сібір мен Орта Азия

ә) Америка, Азияның көп жері

б) Еуропа, Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Азия

в) Африка және Аустралия

28.БҰҰ Бас Ассамблясы нәсілдік кемістушілікті түбірімен жою жөнінде қарарды қай жылы қабылдады?

а) 1965 ж.

ә) 1953 ж.

б) 1972 ж.

в) 1981 ж.

29.Даму дәрежесіне қарай мемлекеттер қанша топқа бөлінеді?

а) 4

ә) 3

б) 2

в) 1

30.Қазақстанның жер көлемі қанша?

а) 1,6 млн км ²

ә) 3,8 млн км²

б) 2,9 млн км²



в) 2,7 млн км²



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет