«Жоғары температуралық үрдістер мен қондырғылар» пәні Практикалық сабақ Жылутехнология — белгіленген тауарлық өнімге бастапқы шикізат, материалдар, жартылай фабрикатты олардың заттарының жылулық күйінің өзгерісі негізінде түрлендіру әдістерінің жиынтығы. Жылутехнологиялық процесс — өндірістік циклдің жеке кезеңдерінде шикізатқа, материалға, жартылай фабрикатқа технологиялық реттелген жылулық, нақты әсерді қамтамасыз ететін қарапайым (жылуфизикалық, физикалық, химиялық, механикалық, т.б.) процесстердің жиынтығын қамтитын жылутехнология элементі. Жылутехнологиялық процестің сатысы (деңгейі) — өзінің іске асырылуы үшін өзгеше (жылутехнологиялық, технологиялық, ұйымдастырушылық) шарттарды қамтамасыз етуді талап ететін жылутехнологиялық процестің бөлігі; бір сатыданө згесіне ауысу температуралық режимнің, газ атмосферасы құрамының, энергия көзінің, т.б. өзгеруімен байланысты. Жылутехнологиялық жүйе — жылутехнологиялық қондырғылар және олармен байланысты технологиялық, жылутехнологиялық, энергетикалық, көліктік, қабылдау-үлестіру және белгіленген өнім немесе жартылай өнімге бастапқы материалдарды қайта өңдеудің белгіленген кәсіпорны шегін қамтамасыз ететін аталған жабдықтардың қондырғыларының жиынтығы. Технологиялық процесті іске асырудың жылутехнологиялық процесі — жылутехнологиялық реактордағы шикізаттық материалдарды, жартылай өнімдерді, бұйымдарды термиялық өңдеуді ұйымдастырудың жылулық, аэродинамикалық, механикалық және өзге шарттардың сипатты жиынтығы Өндірістің жылутехнологиялық сызбасы — сол немесе өзге өнімнің өндірісінің жылутехнологиялық және өзге технологиялық процестердің жүйелі жиынтығының көрнекі (графикалық) суреттемесі. Мысал ретінде 1.1-сызбасында мыс өндірісінің жылутехнологиялыө сызбасы келтірілген Термодинамикалық идеалды жылутехнологиялық қондырғы — жылутехнологиялық процесті жүргізуге отынның (жылудың) минималды шығынын теориялық қамтамасыз ететін кейбір шектік қасиеттермен бөлінген қондырғы.
Достарыңызбен бөлісу: |