2019 жылы Қазақстан Республикасының аумағында болған өндірістік және тұрмыстық өрттер
Ағымдағы жыл басынан 14452 өндірістік және тұрмыстық өрт болды (техногендік төтенше жағдайлардың жалпы санынан 96,3%). Одан 963 адам зардап шекті, оның ішінде 386 адам қаза болды. Материалдық нұқсан 3988,4 млн. теңгені құрады.
Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өрттің саны 0,2%-ға кеміді, зардап шеккендер саны 4,7%-ға кеміді, қаза болғандар 3,7%-ға кеміді, материалдық нұқсан 28,3%-ға өсті.
Есепті кезеңде Павлодар 345 оқиғаға, Қарағанды 148 оқиғаға, Маңғыстау 53 оқиғаға, Солтүстік Қазақстан 42 оқиғаға, Қызылорда 33 оқиғаға, Ақмола 17 оқиғаға облыстарында өрт санының азаюы байқалады.
Өрт санының: Қостанай 101 оқиғаға, Батыс Қазақстан 98 оқиғаға, Ақтөбе 73 оқиғаға, Оңтүстік Қазақстан 73 оқиғаға, Жамбыл 69 оқиғаға, Алматы 56 оқиғаға, Шығыс Қазақстан облыстарда 21 оқиғаға және Астана қаласында 63 оқиғаға, Алматы қаласында 27 оқиғаға өсуі байқалды.
Өрт кезінде адамдардың қаза болуы: Жамбыл 16 адамға, Ақмола 8 адамға, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан 7 адамға, Маңғыстау 5 адамға, Алматы 4 адамға, Оңтүстік Қазақстан облыстарда 3 адамға азайды.
Өрт кезінде адамдардың қаза болуы: Шығыс Қазақстан 33 адамға, Батыс Қазақстан 4 адамға, Атырау облыстарында 2 адамға, Астана қаласында 10 адамға көбеюі тіркелді.
Өрт кезінде адамдардың қаза болу себебінің бірі олардың мас күйде болуы болып табылады - есепті кезеңде 139 адам (35,6%).
Өрт туындайтын негізгі объект тұрғын секторы болып отыр, бұл барлық өрттердің 66%-ын құрайды, 15,4%-ы көлік құралдарында, 3,4%-ы сауда кәсіпорындары, 3%-ы ормандарға, 2,6%-ы өндірістік ғимараттар мен құрылыстарда болады.
2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мәдени сауық мекемелерінде 24%-ға, ормандарда 19%-ға, басқа ашық аумақтарда 16%-ға, білім беру мекемелерінде 13%-ға, қойма мекемелерінде 4%-ға, тұрғын секторы 2%-ға төмендеді.
Сонымен қатар өрт санының далаларда 2 есеге (76 оқиғаға), балалар мекемелерінде 54%-ға (7 оқиғаға), салынып жатқан объектілер мен алаңдарда 23%-ға (22 оқиғаға), ауыл шаруашылығы объектілерінде 14%-ға (22 оқиғаға), әкімшілік-қоғамдық мекемелерде 12%-ға (27 оқиғаға), монша-кір жуатын кешендерде 12% (10 оқиғаға), сауда кәсіпорындарында 10%-ға (47 оқиғаға), емдеу-профилактикалық мекемелерде 10%-ға (3 оқиғаға), өндірістік мақсаттағы мекемелер мен ғимараттарда 7%-ға (26 оқиғаға), көлік құралдарында 4%-ға (85 оқиғаға) өсті.
Жүргізілген талдауға сәйкес өрттің пайда болуының негізгі себептері: шамамен 38,8%-ы отты абайсыз қолдану, 23,4%-ы электр жабдықтарын техникалық пайдалану және монтаждау қағидаларын бұзуболып табылады, 11,4%-ы қасақана өртеу, 10,8%-ы пештерді пайдалану және орнату кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, 3,9%-ы балалардың тентектігінен болып табылады, 3,5%-ы тұрмыстық электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |