Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы Осы тұрғын үй көмегін көрсету Қағида (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата11.06.2016
өлшемі140.52 Kb.
#127792




ЖОБА

Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы

шешімімен бекітілсін

Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы

Осы тұрғын үй көмегін көрсету Қағида (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» №2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» №512 Қаулысына сәйкес әзірленген және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін анықтайды.




  1. Негізгі ережелер




  1. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

Жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп- ұстауға арналған шығыстарға;

тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;

жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына;

  байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне ақы төлеуге берiледi.

Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

2. Осы ережеде келесі ұғымдар қолданылады:

1) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алындағы тоқсанғда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

2) коммуналдық қызметтер – сумен қамтамасыз етуді, кәрізді, газбен қамтамасыз етуді, электрмен қамтамасыз етуді, жылумен қамтамасыз етуді (сонымен қатар қатты отын), қоқыс жоюды, қоса алғанда тұрғын үйге көрсетілетін қызметтер;

3) кондоминиум - үй-жай жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттiң бөлек (жеке) меншiгiнде болатын, ал ортақ мүлiк оларға ортақ үлестi меншiк құқығымен тиесiлi болатын жағдайда бiрыңғай мүлiктiк кешен (кондоминиум объектісі) ретiндегi жылжымайтын мүлiкке меншiктiң ерекше нысаны;

4) кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн күтiп ұстау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

5) кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу – қажет болған жағдайда құрылымдық элементтер мен инженерлік жабдықтау жүйелерін ауыстыра отырып, ғимараттың (объектінің) негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгерістерімен байланысты емес физикалық және сапалық тозуды жоюға қатысты құрылыс және ұйымдастыру-техникалық іс-шараларының кешені;

6) отбасы – бір мекенжайда бірге тұратын және тіркелген неке, туысқандық, балаларды асырап алу немесе тәрбиеге алудың басқа да түрлерінен шығатын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттермен байланысқан тұлғалар тобы;

7) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өз атынан немесе отбасы атынан өтініш берген тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);

8) телекоммуникация желілерінің абоненті - телекоммуникация желілерінің байланыс қызметтерін осы мақсаттар үшін абоненттік нөмір немесе сәйкестендіру коды бөлінген кезде осындай қызметтер көрсету туралы шарт негізінде пайдаланушы жеке тұлға;

9) телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы (бұдан әрі – телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы) – тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілу шығындарын өтеуге арналған ақшалай өтемақы;

10) шот - өтініш беруші тұрғын үй көмегі тағайындалған кезеңде қағаз жеткізгіште ұсынатын кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді (тұрғын үй-жайды) жалдауға, байланыс қызметтеріне, қатты отын алуға ақы төлеу құжаты.

11) уәкілетті орган – «Қарқаралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме;

12) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматтың) бiр айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы;

13) көмекті беру жөніндегі уәкілетті ұйым- екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар;

14) тұрғын үйді жалдау – тұрғын үйді немесе оның бөлігін жалға алушыға тұрақты немесе уақытша ақы төлеп жалдауға береді;

15) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын;

16) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.

3. Тұрғын үй көмегі тұрғылықты мекен-жайда тұрақты тұратын, белгілі бір тұрғын үйде тіркелген, оның меншік иесі немесе пайдаланушысы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) мынандай жағдайда, егер тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға мен коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шыққан шығын тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде болса, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі.

Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға аболненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне ақы төлеу отбасының шекті жол берілетін шығыстар үлесі жиынтық табысынан 10% мөлшерінде белгіленеді.

Шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің критерийі болып табылады.



  1. Көрсетілген тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау

4. Тұрғын үй көмегі өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органдарымен келесі мөлшерлер бойынша беріледі:

1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына баламалы, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызілікті азаматтар үшін-30 шаршы метр;

2) тұтынылған коммуналдық қызметтер мөлшері:

қызмет көрсетушінің ұсынған есеп-шотына қарай (квитанция, анықтама,чек) газ баллонын қолданудың нақты шығымы бір айға бір отбасына 10 килограмм аспау қажет;

қатты отын тұтыну нормасы:

1 шаршы метр алаңды жылытуға – 1985 жылға дейін салынған тұрғын үй ғимараттары үшін 1-2 қабатты салынған үйлері үшін 161 килограмм, 3-4 қабатты салынған үйлері үшін 98 килограмм; 1985 жылдан кейін салынған тұрғын үй ғимараттары үшін 1-2 қабатты салынған үйлері үшін 125 килограмм, 3-4 қабатты салынған үйлері үшін 72 килограмм (жылу беру маусымы 7 ай есебінде), бірақ үйге (пәтерге) 3 тонна көмірден артық емес.

Тұрғын үй көмегін есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы облыстың қалалары мен аудандарында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады.

электр қуатының мөлшері нақты шығыны бойынша есептеліп:

бір айға газ плитасы бар үйлерде- 150 киловаттан;

бір айға электр плитасы бар үйлерде- 250 киловаттан аспауы керек;

3) суық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындар мен тұрғын үйдің күрделі жөндеуіне шығындарды тұтыну нормалары тарифтер арқылы орнатылады, тарифтерді (пәтер меншіктерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комиттері және әрі қарай) басқару үлгісіне байланыссыз жергілікті атқарушы органдарымен немесе уәкілетті органымен бекітіледі;

4) тұрғын үй көмегін алушылар үшін кондоминиум объектісінің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге жұмсалатын шығындары алушының жеке меншік көлемінің кондоминиум объектісінің жалпы көлеміне арақатынас жолымен анықталады.

Кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудің жүргізу кезегі жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісіліп, пәтер иелері жалпы жиналысында анықталады.

5. Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, отбасы бюджетіндегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне ақы төлеу белгіленген мөлшерден жоғары шамада ақы төлеу жалпы негізде жүргізіледі.

6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері үшін абоненттік төлемақы тарифінің арттырылуының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте өтелуі тиіс.



3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі
7. Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын және үй иелері немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалпы алушы, жалдаушы) жеке тұлғаларға тағайындалады. Көп қабатты, көп пәтерлі үйлерде тұратын және пәтер иесі болып табылатын зейнеткерлерге тұрғын үй көмегі, басқа отбасы мүшелерін есепке алынбай, жалғызілікті адамдар ретінде тағайындалады.

8. Жеке меншігіндегі бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) немесе жалдайтын отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі көрсетілмейді.

9. Тұрғын үй көмегі келесі жағдайларда көрсетілмейді:

1) отбасында жұмыс істеуге қабілеті бар, жұмыс істемейтін, кәсіпкерлікпен және басқа да табыс түсіретін жұмыспен шұғылданбайтын, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскер қатарында қызмет өткермейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген адамдар тұрғанда;

2) 1 тізімі немесе 2 тізімі бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушылар жұмыс істемеген және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмегенде;

келесі тұлғаларды қоспағанда:

1) отбасында күтімді қажет етеді деп танылған мүгедектерге күтім жасайтын (оны дәлелдейтін құжаттар-дәрігерлік кеңестік немесе медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларының қорытындылары) адамдар болса;

2) отбасында 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу (бір немесе бірнешеу) және сондай-ақ 4 және одан да көп баланы- бірінші сыныпты ең кіші баланың аяқтауына дейін (бірақ 9 жастан жоғары емес) тәрбиелеумен айналысатын адамдар болса.

10. Дау-жанжал туған кезде немесе сәйкес келмейтін жағдайлар болған кезде тұрғын үй көмегін тағайындау туралы мәселе сот арқылы қаралады.

11. Тұрғын үй көмегі қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз беріледі. Қолма-қол ақысыз төлемінің үлгісі- бұл тұрғын үй жәрдемақысының тең соммасына тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді жеткізушіге аударылады.

Тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынның таратылуы, қайта үйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі, қатты отынға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне байланысты ақы төлеу), ол өтініш иесіне қызмет көрсететін басқа жеткізушілердің арасында үлестіріледі немесе ақшалай төленеді.

12. Қолма-қол үлесі - ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй көмегінің төлемі жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар бюджет қаражаты есебінен азаматтардың салымы бойынша есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

Тұрғын үй көмегін төлеу формасын таңдау құқығы (қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз) алушыға берілді.

13. Есеп шотқа тұрғын үй көмегінің сомаларын аудару кезінде уәкілетті орган салым салушыларының бір жолғы тапсырмалары негізінде тұрғын үй көмегінің сомалары салымынан аудару үшін банктік есеп-қисаптың формаларын толтыру жолымен бөлінген қаржыны мақсатты пайдалануларын тексеру қажет.

14. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу мына жағдайда тоқтатылады, егер алушы:

1) бөліммен белгіленген уақытқа сәйкес тиісті құжаттарды ұсынбаса;

2) алынатын тұрғын үй көмегін мақсатсыз пайдаланса және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу ақысын және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне төлемді өз уақытында төлемесе.

15. Тұрғын үй жәрдемақылары төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.



4. Тұрғын үй көмектерді беру мерзімдері
16. Тұрғын үй көмегі тоқсан сайын табыстар туралы мәліметтерді бере отырып, барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген айдан бастап бір жылға тағайындалады.

Тоқсан сайын табыстары туралы мәліметтерді ұсынған отбасылар құжаттарды нақты тапсырған күннен бастап емес, тұрғын үй көмегі бір тоқсанға алады.

Ағымдағы тоқсан бойы табыстары туралы мәліметтерді ұсынбаған отбасылар, себебіне қарамай, тұрғын үй көмегі есептеу құжаттар ұсынылған айдан бастап жүргізіледі.

Тұрғын үй көмегін алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған рәсіміне сәйкес болады.

17. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күннің ішінде тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті органдарға хабарлауы керек.

18. Тұрғын үйді және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі, коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап қайта тағайындалады.

19. Көмекке құқықтылары анықтау кезде уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген адамдар есепке алынбайды.


5. Тұрғын үй көмегін өтіну және есептеу тәртібі
20. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Мемлекеттік Мекемесіне келесі құжаттармен өтінеді:

1) тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш (осы Қағидаға 1 қосымша);

2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжаттардың көшірмесі (ордер, тұрғын үй жекешелендіргені туралы келісім-шарт, сату-сатып алу келісім шарты, сыйға беру келісім шарты, мұрагерлік құқығы жөніндегі куәлік, жалдау (жалға алу) келісім шарты, меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімі және басқалар);

4) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;

5) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжаттың (неке туралы немесе некені бұзу туралы куәлік, қайтыс болу туралы куәлік, азаматтық хал актілерін жазу бөлімшесінен № 4 үлгідегі анықтама, жалғызбасты 65 жастан асқан адамдарды қоспағанда) көшірмесі;

6) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтір-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

7) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері жөнінде шот;

8)коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

9) теллекомуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерінің көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

10) отбасының табысын растайтын құжаттар;

11) жұмыссыздар тұрғылықты жер бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады.

21. Құжаттың түпнұсқасымен және көшірмесі салыстырып тексеру үшін тапсырылады, одан соң түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.

22. Қажеттілігіне қарай уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар. Тексеру актісі тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісіне тіркеледі.

23. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесінде тұрғын үй көмегін алушының жеке ісі қалыптастырылады.

24. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алуға үміткер адамның табысы туралы мәліметтерді сұраныс жасауға құқылы.

25. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй көмегін алушының өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген нормалар шегінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне ақы төлеу мен жергілікті уәкілетті орган белгілеген отбасының  аталған мақсаттарға шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

26. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне іс жүзінде төленетін сомадан артпауы тиіс.


Тұрғын үй көмегін

көрсету Қағидасына 1 қосымша

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы

Өтініш
Өтініш берушіні қосқанда, ______ адамнан тұратын менің отбасыма, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтыну, оның ішіңде қатты отын, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына, сонымен қатар телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне ақы төлеуге тұрғын үй көмегін тағайындауыңызды өтінемін.

Мен, және менің отбасымның мүшелері, біздің отбасы мүшелерінің табыстары жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органдарға беруге біздің келісіміміздің нақтылануы ретінде, заңды және жеке тұлғаларға ұсынылуы мүмкін табыстар жөніндегі ақпаратты ашу үшін өз келісімімізді береміз.

Мен, көтеріңкі немесе заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға әкелген жалған мәліметтерді ұсыну көмек төлеуді тоқтататылатының, ал заңсыз алынған сома өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуға жататыны жөнінде хабарландым.

Қажетті құжаттарды қоса ұсынамын.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 325 бабының 3 тармағына және 177 бабының 1 тармағына сәйкес тапсырылған құжаттардың растығына жауапкершілік туралы таныстым.
Өтініш беруші туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты __________________________________________


Жеке куәлігінің мәліметтері_____________________________________

( өтініш берушінің туған күні, жеке куәлігінің № және берілген күні)


СТН ______________________________ ӘЖК _______________________

ЖСН________________________банктің,Казпоштаның есеп шоты_______________________

Мекен-жайы_________________ көшесі_______________________

үй, ________________________ пәтер ___________________телефон_______

тиесілі___________________________________ түрі _______________________

(пәтер меншіктерінің кооперативтері) (жеке меншік, мемлекеттік)

Жалпы аумағы____________ шаршы метр.

Бөлме саны ______________________________________________



Әлеуметтік мәртебесі _______________________отбасы жағдайы__________________
Жеке меншігімде тұрғын үйдің бір бірлігі бар.
Өтініш берушінің қолы _______________

Берілген күні ________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет