Жоо оқытушысының құзыреттіліктері Орындаған: Ихсанова Ботакоз – сиб 2302 «Құзырлық»



Дата02.10.2023
өлшемі0.85 Mb.
#479501
Ихсанова Ботакоз СИБ 23-02 ОМӨЖ 2


ЖОО оқытушысының құзыреттіліктері
Орындаған:
Ихсанова Ботакоз – СИБ 2302
«Құзырлық» сөзін «құзыр» сөзімен байланыстырсақ, ол қазақ тіліндегі терминдерде берілген тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе адамның белгілі бір әрекетті жасай алуы деп түсінуге болады.
Ал латын тілінен аударғанда «құзырлық» сөзі - өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады.
«Құзырлық» сөзінің мағынасы
Тағы бір әдебиеттерде, мысалы орыс ғалымы М.В. Рыжаков өз еңбегінде «Құзыреттілік – бұл білімді, іскерлікті қолдану қабілеті, оқу міндеттерін шешуде практикалық тәжірибе негізінде табысты жұмыс жасау» деп жазады.
Н.В.Кузьмина өз тұжырымдамасында «құзырлылық» педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің басқа факторларымен қатар қойылған фактор десе, А.К.Маркованың тұжырымдамасында кәсіби құзырлылық деген түсінік берілген.
Ал ғалым Дж.Равен «құзыреттілікке» жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктеріне байланысты оның меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктілігін, танымдық және тәжірибелік іскерлігін өмірде дұрыс пайдалану деп түсінік берген екен.
«Құзыреттілік» сөзі ғылыми әдебиеттерде
Білім беруде күтілетін нәтижелерге байланысты ЖОО оқытушыларына қажет құзыреттілік түрлері
1. Құндылықты – бағдарлы құзыреттілік - әдептілік құндылықтар негізінде қоғамдағы жағдайларға баға бере алу, патриоттық, азаматтық белсінділік және т.б. Сонымен қатар, әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білу, жеке және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қасиеттеріне ие оқытушы. Аталған құзіреттілікке ие оқытушы өз студенттеріне де жоғары да аталған қасиеттерді, құндылықтарды бере алады деп есептеймін.
2. Когнитивті немесе зерттеушілік құзыреттілік - оқытушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процессін қамтамасыз ететін кешенді құзыреттілік. Бұл құзыреттілікте оқытушының студенттерінің оқу-зерттеу дағдылары мен қабілеттерін дамытуға деген әрекеті анық көрініс табады. Сонымен қатар, оқытушы студенттерді болашақ оқытушылар ретінде қарастырып, оларға осы құзыреттілікті қалыптастыру қажет деп есептеймін.
Студенттерде аталған құзыреттілікті қалыптастыруды бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезеңді бағдарлау-зерттеу кезеңі деп атап, оны 1 курста жүргізу қажет деп есептеймін. Бұл жерде мотивацияны қалыптастыру, яғни студенттердің зерттеушілік қызметке дайындығы анықталуы қажет. Келесі кезеңде (2-3 курс) студенттердің ғылыми қоғамын құрып, оған студенттерді біріктіру (ғылыми әдебиеттерге талдау жасап, зерттеу әдістерін қолдануға үйренеді) қажет. Үшінші кезеңді ғылыми-зерттеу кезеңі деп атауға болады (4-курс), бұл жерде зерттеу қызметінің алынған нәтижелеріне талдау жүргізіледі. Бұл студенттердің зерттеушілік құзыреттілігінің деңгейінің көрсеткіші бола алады, болашақта кәсіби тұрғыда жетілуіне негіз болады.
Зерттеу құзыреттілігі (зерттеу қызметін жүзеге асыру қабілеті мен дайындығы) болашақ мұғалімнің дайындық сапасының көрсеткіші бола алады.
Білім беруде күтілетін нәтижелерге байланысты ЖОО оқытушыларына қажет құзыреттілік түрлері
3. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік – ақпаратты іздей білу, талдай білу, ақпараттарды жүйелеу, өңдеу және т.б. Сонымен қатар, цифрлық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен студенттерге білімді жеткізу. Білімді түсінікті жеткізу үшін әртүрлі жаңа технологиялар мен әдістерді пайдалану.
4. Коммуникативтік құзыреттілік – студенттермен өзара әрекет пен қарым-қатынас жасай білу, әртүрлі әлеуметтік топтарда жұмыс жасай білу дағдылары, қоғамда әр түрлі әлеуметтік рөлдерді орындау.
5. Тұлғалық өзін – өзі дамыту құзыреттілігі – бұл жерде оқытушының өзін жеке тұлға ретінде әрқашан дамыту процессінде болу қажеттігін білдіреді.
Білім беруде күтілетін нәтижелерге байланысты ЖОО оқытушыларына қажет құзыреттілік түрлері
Қорытындылай келе, жалпы тұлғаның «Құзыреттілігін» келесідей формула да жазуға болады.
Құзіреттілік = Білім + Тәжірибе + Іскерлік.
Егер оқытушыны жеке тұлға ретінде алсақ, жалпы білім, тәжірибе және іскерлікке ие тұлға жоғары да аталған барлық құзыреттіліктерге ие бола алады деп есептеймін.
Құзыреттілік формуласы
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет