Жосалы кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэфициенттерін бекіту туралы



Дата09.06.2016
өлшемі48.74 Kb.
#124031





Жоба


Жосалы кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэфициенттерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының Жер Кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 8 бабына, 11 бабының 1 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) мен бағалау аймақтарының шекаралары осы шешімнің 1, 2 - қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2. Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қармақшы аудандық мәслихатының кезекті

сессиясының төрағасы

_______________


Қармақшы аудандық

мәслихатының хатшысы


М.Наятұлы



3

2015 жылғы « » ____________



Қармақшы аудандық мәслихатының

шешіміне 2-қосымша


Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінің жерлерін бағалау

аймақтарының шекаралары




Аймақ

нөмірі


Жер-кадастрлық кварталдар шекараларымен аймақтардың қиылысу шекаралары

Аймақ ауданы, гектар

1

2

3

І

I аймақ (001, 002, 003 кварталдары)

277,0




Аймақтың шекарасы, солтүстік шығысы Наурыз көшесі және «Нұрай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кірме жолынан спорт алаңын толығымен қамтып, оңтүстігі Мұстафа Шоқай көшесінен Нұртай көшесіне жалғасып, солтүстігі және оңтүстігі Сүлейменов көшесі, Амангелді Иманов көшесін бойлай Көшербаев көшесінің солтүстігін толығымен қамтып, «Самара-Шымкент» автотрассасы және су құбыры жолын, Жосалы кентінің оңтүстік батыс бөлігін толығымен қамтып, солтүстік батысы Өміров көшесімен, шығысы Көмекбаев көшесімен Тұрмағамбет Ізтілеуов көшесін бойлай Железнодорожный көшесімен шектеседі.




ІІ

ІІ аймақ (001, 002, 003, 004 кварталдары)

356

ІІ-1

учаскесі


Аймақтың шекарасы, оңтүстігі Өміров көшесімен, Көмекбаев көшесін бойлай Тұрмағамбет Ізтілеуов көшесін, Железнодорожный көшесін қамтып, солтүстік батысы Тоғанас батыр көшесін, солтүстік шығысы Железнодорожный көшесімен шектеседі.

65,0


ІІ- 2 учаскесі

Аймақтың шекарасы, солтүстігі су құбырының жолы, «Самара-Шымкент» автотрассасын, Көшербаев, Амангелді Иманов, Сүлейменов көшелерінің бір-бірімен жалғасқан оңтүстік бойын, Нұртай көшесімен темір жол бойындағы Шығыс көшесінің батысын қамтыса, оңтүстігі Сырдария өзенінің жағалауы мен Жосалы кентінің оңтүстік батысын қамтиды.

102,0


ІІ-3 учаскесі

Аймақтың шекарасы, батысы Әуезов көшесімен, солтүстік шығысы «Жосалы-Жалағаш» автокөлік жолымен, шығысы Есқараев көшесінен «Жарма» каналы бойымен Мәншүк Мәметова, Байтереков көшелерін бойлай Мүсірбаев, Томанов, Қоскөл, Мұстафа Шоқай көшелерімен, батысынан Абыт көлін толығымен қамтып, «Нұрай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кірме жолының шығысымен шектеседі.

189,0


ІІІ

ІІІ аймақ (002, 003, 004 кварталдары)

3390,0




Аймақтың шекарасы, Жосалы кентінің батыс бөлігінен басталып, оңтүстігі Тоғанас батыр, Железнодорожный, Наурыз көшелерінің солтүстік шығысы Әуезов көшесімен, оңтүстік шығысы «Жосалы-Жалағаш» автокөлік жолымен, оңтүстік батысы Есқараев көшесін бойлай «Жарма» каналымен, оңтүстікке қарай Мәншүк Мәметова, Байтереков көшелерімен, Мүсірбаев көшесінің шығысын бойлай Томанов, Қоскөл көшелерімен жалғасып, Мұстафа Шоқай көшесімен шектесіп, батысы Шығыс көшесімен шекаралысып, шығысы «Қараөзек» каналының қорғаныш бөгетімен шектесіп, солтүстік шығысы мөлтек аудандары мен ескі аэропорт учаскесін қамтиды. Солтүстік батыс бөлігі «Ордазы» карьерінің далалық жолын бойлай солтүстік шығыс бөлігіндегі «Жосалы-2» кенішін және Жосалы кентінің батыс бөлігін толығымен ІІІ-аймақ қамтиды.



IV

IV аймақ (004 кварталы)

2847,0




Аймақтың шекарасы, солтүстігі «Жосалы-2» кенішін, шығысы толығымен Жосалы кенті шегінің шығыс бөлігімен, оңтүстігі Сырдария өзенінің бойын, батысы «Қараөзек» каналының бөгетін бойлап мөлтек аудандары мен ескі аэропорт учаскесінің солтүстігімен жалғасса, аймақтың батыс бөлігі «Ордазы» карьерінің далалық жолының шығыс бөлігін қамтиды.



4

2015 жылғы « » ____________

Қармақшы аудандық мәслихатының

шешіміне 3-қосымша




Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффиценттері

Аймақ нөмірі


Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффиценттері



I

2,0

II

1,5

III


1,0


IV



0,7



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет