Жақсыбай ауылдық кітапханасы



Дата08.07.2016
өлшемі11.37 Kb.
#184409
Жақсыбай ауылдық кітапханасы.

мәдениет үйі

Жақсыбай өңірі батысы Борсы ауылымен, шығысы Казталовка ауданы Еңбек елді мекенімен, солтүстігі Талов ауылымен, ал солтүстік шығысы Малыузен /Сары өзен/ Россиямен шектеседі. Аудан орталығынан солтүстікке қарай 145 км жерде орналасқан.

1928 жылы «Қызыл үй» құрылып, сонда кітапханашы болып алғаш Нұрсұлтан Машаев, Сүлейменова Злиха еңбек етті.

1948-53 жылдары кітапхананың орнықты орны да болған жоқ. Ихсанғали Даулетчин аға өзінің әдемі үйінің бір жағын кітапхана үшін пайдалануға берді. Колхозға кітапхана үйі 1955 жылы салынып, кітапхана алғаш құрылған жылдардан –ақ, көпшіліктің жиі баратын, суйікті орнына айналды. Сол жылы Батырғалиев Сабырғали деген кісі кітапханашы болып тағайындалды.

1958-1960 жылдары кітапханада Сабирова Нәсіп деген апай жұмыс істеді. Ол кезде кітап қоры 1500 дей болды.

1961 жылы Сведлов колхозы Талов совхозының № 5 фермасы болып біріккенде кітапханашы Ыдырысова Хабира апай жұмыс жасады. Міне, 50 шақты кітаппен ашылған «Қызыл үй» бүгінде заман үрдісімен дамып, қазіргі заманға сай кітапхана жүйесіне айналды деуге болады.


Әр жылдарда істеген кітапханашылар:
Сабирова Нәсіп 1958-60ж

Ыдырысова Кабира -1961ж

Шалабаева Анар 1967ж

Адмелиева Ұрқия 1968-70ж

Шарипова Үміт 1975-79ж

Юсупова Жақып 1981-83



Қуатова Гулжамал 1983-94ж

Айтуғанова Светлана Набиолла қызы

1994 жылы осы ауылдың кітапханасына кітапхана меңгерушісі болып жұмысқа кірісті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет